Материалдар / Түлкібасы – Құт мекені
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түлкібасы – Құт мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлкібас яғни Түркібасы киелі мекенінің қасиетті жерлері жайлы, олардың шығу барысы мен географиялық және тарихи мағлұматтары жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2022
570
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түлкібасы – Құт мекені

Момынқұл Н.М.- 129-18 тобының студенті

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университеті,Шымкент


Резюме


Бұл мақалада Түлкібас аймағының физико-географиялық сипаттамасы мен киелі мекендерінің шаруашылығы және қолданыстағы маңызы жайлы сипатталған.


Summary


This article describes the physical and geographical characteristics of the Tulkubas region, as well as the economics and modern significance of the sacred sites.


Түлкібас ауданы — Түркістан облысында орналасқан аудан. Жер аумағы 2,3 мың км². Тұрғыны 111, 250 мың адам (2018). Халқының орташа тығызд. 1 км²-ге 39,1 адамнан келеді. Ауданы орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы. Аудан 1928 ж. құрылған. 5-8 ғғ. мұнда Түркі ханының ордасы болған. Жаугершілік заманда түркілердің бас қолбасшысы мерт болып, төбенің басына жерленіп, Түлкібасы төбесі аталып кетті. Ауданның аты Түлкібасы сөзінен шыққан. Түлкібас (Түркібасы) ауданындағы 63 елді мекен 2 кенттік, 12 ауылдың округке біріктірілген. [1]

Аудан Алатау мен Қаратаудың қауышқан жерінде жатыр. Солтүстігін Қаратаудың Боралдай (1700-1800 м) жотасы, онтүстігін Талас Алатауының (1500-2500 м) Қарақұс, Алатау, Тасқара, Кіші Ақсу таулары, орталық бөлігін тау етегінде жазық алып жатыр. Ауданның жер қойнауында ванадий, темір рудасы, Састөбеде цемент, карбонат шикізаттары, әктас, мәрмәр кен орындары бар. [2]



Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының атын Түркібасы деп өзгерту туралы мәселе көптен бері көтеріліп жүр. Кейінгі жылдары аудан халқының арасында талқыланып, түрлі пікірлер айтылып, сайып келгенде, Түркібасы атауына басымдық беріліп жатқаны рас. Облыстағы, тіпті республика көлеміндегі зиялылар, әсіресе ақын-жазушылар мен ғалымдар, білім саласының өкілдері орталарында да жиі-жиі сөз болады. «Тәуелсіздігімізге ширек ғасырдан асты, енді алаңдайтын не бар? Тәңіртаудың таңғажайып жері, Қаратау мен Алатаудың түйіскен төрі Түлкібас күйінде қалмауы қажет, Түркібасы атын қайтару керек», – десетіндер өте көп. Қазіргі Түлкібас атауы туралы әртүрлі аңыздар бар. Біреуі былай. Есте жоқ ескі заманда түлкі басты әулие осы төбені мекен еткен екен, содан Түлкібасы әулие атаныпты деседі. Тағы бірінде түркінің дінбасы осында жерленгендіктен, Түркібасы атанып, бірте-бірте Түлкібасы, Түлкібас боп кеткен дейді. Жазба тарихта, архивтерде жазылғандай, бұл өңірді отаршылдар жеті рет жайпап өткен. Жер мен су, елді мекендер аттары да сан рет өзгерген. Құбылған. Түркеш қағанаты жайлы деректер көзі қытай архивтерінен табылды. Қағанат туралы тұңғыш рет диссертация қорғап, «Түркештер» деп аталатын ғылыми монография жариялаған көрнекті тарихшы ғалым Әлімғазы Дәулетхан болатын. Ол Қытайда туып-өскен. Кейін Қазақстанға келген, қытай тілін жетік білгендіктен, аса қиын тақырыпты игеріп, ғылыми олжа салды. Осы «Түркештер» еңбегі Түлкібасы жаңылыс ат, Түркібасы тарихи ат екеніне айқын негіз болып табылады. Түркеш қағанатының негізін 629 жылы салған Өжелі қаған кейіннен Сақал атанған. Ол 706 жылы бақилық болып, билік Сулуқ қағанның қолына өткен. Сулуқ қаған Түркеш елін 22 жыл билеген. Тұран жеріне жорық жасаған араб басқыншыларына талай рет күйрете соққы беріп, Сүзеген қаған атанған. Сол Сүзеген қаған (Сулуқ) ордасы Түркібасы төбесіне тігілген. Түркібасы төбесі қос өркешті. Екі өркешінде де бұлақ бар. Сондықтан, жаулар қаншама қоршаса да қорғанды, орданы ала алмаған. Түркі-Түркеш қағандары Арыс пен Құлан өзендері қосылған тұстағы осы төбеге орда тіккендіктен, Түркібасы атанған. Ресей отаршылдығы тұсында Түркібасы төбесіндегі тас қорғандар тоналып, қиратылып, құрылысқа жұмсалып кеткен. Тарих ғылымының корифейі атанған атақты академик Бартольд «Отчет от коммандировки в Среднюю Азию» (Москва, изд-во «Наука», 1986) деген еңбегінде Түлкібас жеріне іссапармен келіп, қос өркешті төбені аралап көріп: «Түлкібас – мүлде қате атау, дұрысы – Түркібасы. Бұған р-ға тілі келмейтін қытайлар да әсер еткен» деп жазған. [3] Тағы да бір дәлел бар. О баста күллі түркілерге ортақ болған тіліміздегі «баш» пен «мұрұн» сөздері жер бедерлеріне байланысты төбе, шоқы, тауларға да қолданылған. Осы тұрғыдан қарағанда да Түрк башы, Түркібасы – Түркі биігі деген ұғымды білдіреді. Қазақ көркемсөзінің көшбасшысы, қазақ көсемсөзінің қолбасшысы атанған халық жазушысы, ұлтының сүйікті суреткері Шерхан Мұртаза осы Түлкібас атауын Түркібасы деп өзгерту туралы Тәуелсіздікке қол жетпей тұрып-ақ талай рет жазған. Айтқан. Солардың бірінде бүй дейді: «Түлкібас десе, мен түлкінің басын көз алдыма елестете алмаймын. Түркібасы десе, көненің көне замандары көз алдыма келіп, көлбеңдей береді... Дәуірлі шақта қазір Түлкібас деп жүрген ауданда Түркі ханының ордасы тұрды...» Сонымен, Түлкібас атауын Түркібасыға өзгерту бүгінгі ұрпақтың тарихи парызына айналып отыр. Рухани жаңғыруға орайластыра аудан атын жаңғыртып, Түркібасы төбесіне ме, Арыс пен Құлан өзенінің қосылған тұсына ма, Сүзеген (Сулуқ) қағанға ерекше ескерткіш қойылса дер едік. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында халықтың тарихи жады хақында, байтағымыздың қасиетті, киелі жерлері жөнінде жан-жақты айтылған, өлкетануға өзгеше мән-мәніс беру турасында тебіреністі толғаныстар тұнып тұр. Түркібасы атын қайта қалпына келтіру Мемлекет басшысы мақаласындағы мақсат-міндеттер талаптарына һәм сай келеді деп санаймыз.Барлық құқықтар сақталған.

Түркібасы аймағының киелі жерлерінің аңыздары. Түркістан облысы Түлкібас ауданына келуші туристердің қатары көбейіп келеді, оған себеп - тарихы терең, табиғаты керемет Түлкібас өңірі киелі жерлерге бай өлке саналады. Бүгінгі жаңа заман ұрпағы, туған жер, елін сүйер жас буынды ұлтжан­дылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу, туған өлке тарихын, табиғатын танытуды мұна­ралы мұратымыз деп санағандықтан мен де өз өлкемнің киелі жерлерін зерттегім келді.

Түркібасы әулие. Түбінде тұнық суы бар Түркібасы әулие кесенесі 2004 жылы салынған тарихи ескерткіш, ол Қаратау мен Алатаудың қауышқан жерінде, Сыр бойы қалаларының жолын кесіп өткен Ұлы Жібек жолының бойында Азаттық ауылында орналасқан.Бұл өңір талай тарихи әңгімелерді басынан өткерген.

Сол бір аңыздардың бірі Түркібасы әулие бұлағына қатысты шыққан. Аңыз бойынша «Байырғының бай заманында, Иірсу мен Қаратаудың арасында барыс жортып, аю мекендеген күндері осы маңды ержүрек түркілер мекен етіпті. Күндердің бір күні жердің шетін жау басып, қалың қол қасиетті туған жерге дендеп ене бастайды. Қаратау асып келетін бауырлардан хабар жеткенше, осы маңдағы биік төбеге бекінген қолбасшы мен оның ержүрек жауынгерлері қасық қаны қалғанша күресіп, ел мен жерді жауға бермей, өздері де сол төбенің басында шейіт болған екен. Қасиетті бабаның қаны тамған төбеден суы тұп-тұнық, мөп-мөлдір бұлақ ағыпты». Басқа деректер бойынша ел арасындағы аңызға қарағанда, сондай соғыстың бірінде Ахмет Ясауидің бабасы Ифтихар шайық басқыншыларды қазіргі Азаттық ауылына дейін қуып барады. Сол жерге келгенде жаудың тығылып тұрған әскерлері екі жақтан бастырып келіп мұсылмандардың біразын қырады. Сол күні Ифтихар шайық шабуыл кезінде денесінің көп жерінен жарақат алған ата атынан түсіп, жерге жантаяды. Жарақаттан көп қан кетіп, денесі суына бастайды. Қасындағы серіктері жарақатын емдеуге әрекеттенеді, бірақ одан келер пайданың болмайтынын сезген Ифтихар шайық олардың әрекетін тоқтатыпты. Қасына сол маңайдағы жора-жолдасы мен туыстарын шақыртыпты.

Күнінің біткендігін, соңғы сәтте оларға бір өсиетін айту керектігін ойлап, қасына жиналғандарға: «Менің күнім бітіп барады. Өздерің қалған жауды қырып, елімізді аман сақтап қалыңдар. Сіздерді Құдайға тапсырдым. Мен өлсем әуреленбей мені мына қырға жерлеңдер. Қашанда болсын солтүстіктен келетін жауға қарсы түрік басы болып жатайын», - деген екен. Ифтихар шайық тау басына қойылған соң ол жерден бастау суы шыққан екен. Қоршауда қалған оның жауынгерлері сол судан ішіп, жаңа күш жетіп келгенше соғысты жалғастыра берген. Сол кезден бері таудың және бұл жердің аты «Түрікбасы» деп атала бастаған және зиярат қылатын орынға айналған. Содан бері қазіргі уақытта да ол бұлақ өз тарихын, мөлдірлігін, қасиетін жоғалтпаған.

Осы секілді тағы бір қасиетті, киелі жерлердің бірі «Ақтас әулие».

«Ақтас әулие» Керейт ауылының іргесінде, ауылдың солтүстігінде орналасқан. Ақтас әулие жерінің диаметрі шамамен 150 - 160 м алқапты алуда. Ақтас әулие бұлағының күншығыс жағы қатпарлы, тасты төбемен ұласады, оңтүстік - батысы егістік алқаппен, батысы ауылдың ескі қорымымен және ескі мешітпен, шығысы тегістеле келіп, ауыл басталатын маңында төбемен шектеледі. Ата - бабаларымыз осы бастауды қасиетті, киелі деп санаған және санайды. Ауыл тұрғындары осы бастаудың суын емдік су ретінде пайдаланып келген және қазіргі кезде де пайдаланып жүр. Үлкендердің айтуы бойынша ол жерде мынадай аңыз болғанға ұқсайды: Әулиелі бастау деп отырғанымыз, бұрынырақта бұл жерде бір долана ағашының түбінен қыз ұзатқандай сыңсылап жылаған дауыс ауылға естіліп тұрады екен. Көп кешікпей соғыс басталып, елдің қиыншылығы басталып кетіпті. Соғыстың зардабы аяқталып ел тыныштық тапқан кезде,осы бір сыңсылаған дауыс та басылыпты. Ол жердегі долана ағашы қазіргі кезде әулие ағашы болып тұр. Үлкендердің айтуы бойынша осы бастаудың жанынан бұрын Домалақ ана жүріп өткен екен. Бастаудың суынан дәм татып шөлін басқан. Бастаудың суының дәмі өте керемет және мөлдір. Қариялардың айтуы бойынша бұл бастаулар жанында үлкен көл болған екен, ол көлден қырық түйе шыққан деседі, суына адам түссе шыға алмайды. Бұрын ол суға ата-бабамыз ем ретінде шомылған екен. Кейін суда тартпа пайда болған. Ақтас әулие бастауы ертеден келе жатқан бастаулардың бірі. Ақтас әулиесі аңызға толы жер болып есептеледі.Төбешіктің флорасы Түркібас ауданындағы мұндай бай алуан түрлі болуын оның табиғи жағдайларының байлығымен түсіндіруге болады. Осы Азаттық ауылында орналасқан Түркібасы әулиенің маңында сәндік дала өсімдігі қанбақ, қарағаш, жиде өсімдіктері көптеп кездеседі. Бұлақ суының оңтүстігі мен шығысында қарағаш тамырларынан шыққан бірнеше түп бұта бар. Бұлақ көзінің шығыс жағында 17-20 м-дей жердегі беткейдің 4 жері көгеріп, онда қамыс, қоға өскен. Сол араның солтүстік - шығысында дәл сондай көгеріс орын бар, ол орын үлкендеу, қоршалған, ортада жиде мен қарағаш өсіп тұр, айналасын қамыс пен қоға басқан. Қанбақ өсімдігі негізінен Еуразияның далалық және жартылай шөлдерінен тұратын көп жылдықтар. Бұл өсімдіктің артықшылығы халық арасында да кең таралған, оның екінші бір атауы орыс тілінде “Перекати поле”деп аталады, ал олай аталуының себебі жапырақтары түбінен бастап жайқалып шар тәріздес формаға келеді. Өсімдік кеуіп тіршілігін тоқтатқаннан соң сабағы түбінен сынып желмен дәндерін шашып жүреді. Қанбақ құрғақ жерлерде яғни далаларда және құрғақ климатты шабындықтарда өседі. Бұл өсімдіктің биіктігі 60 - 100 см аралығында болады, жапырақтары ақ түсті, диаметрлері 2,5 - 3 см де келеді. Медицинада одан дәрілер жасауменен айналысады. Бірақ оның түпкі сабақтарында адам ағзасына зиян келтіретін уы бар десек те болады, яғни ол адам ағзасындағы эритроциттердің күрт азаюына, ал азаю есебінен түрлі ауруларға шалдығуға жеткізеді.

Қорытынды:

Түркібасы мекені өзінің физикалық, яғни құрамы мен құрылымы мен морфоструктурасы, климаты, табиғаты, флорасы, фаунасымен ерекшеленетін нысан. Ол байырғы кезден шөгінді жыныстардың жиналуынан, таудың эндогендік және экзогендік процестердің есебінен өзгеруге ұшырап қазіргі күйге жеткен. Бұл мекенді алдын таулы жер болғанын оның қазіргі күйіне қарап анықтап отырмыз, оған мысал қазіргі кезде бетін қоршап жатқан тастардың көптігі. Ал оған экзогендік процестердің әсер етуін тастың көрінісінен, бетіндегі мүк секілді өсімдіктердің болғанынан көре аламыз.

Ақтас әулие бастауы біздің ата бабаларымыздан бері бізге жеткен киелі бастау. Ақтаста бірнеше бастау бар екенін анықтадым.Әр бастаудың өзіне тән емдік қасиеті бар. Ол жерде Жара бастауы, Көз бастауы бар екенін көрдім. Бұл бастаудың сулары киелі болып есептеледі.

Киелі бастау суын іс - жүзінде талдап, дәлелдеп, зерттеп оның пайдасын анықтап, салт-санамызға, наным сенімге көз жеткізе алдым. Қазіргі медицинасы дамыған XXI ғасырда діни - наным сенімдерге тән жоралғылары қолданыстан шықпаған, оған дәлел әрбір отбасында ата дәстүрін де емге қолданып отырған. Келешекте киелі бастауларымызды мұра ретінде қадірлеп атадан балаға дәріптеуіміз керек, себебі ол қасиетті, киелі су болып саналады. Осы секілді географиялық маңызы бар нысандарды біз өз қамқорлығымызға алып ол жерлерді зерттеп, келешек ұрпаққа үйретіп білдіртуіміз керек.





Әдебиеттер:

  1. Оңтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005

  2. https://rgmedia.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=4513

  3. https://bigox.kz/tulkibas-audany/

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!