Материалдар / Тұңғыш президент-Нұрсұлтан ата
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұңғыш президент-Нұрсұлтан ата

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
367
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы : «Тұңғыш президент – Нұрсұлтан ата»

Мақсаты :

Білімділігі: еліміздің бас қаласы Астана, туған ел, Отан туралы балалардың түсінігін кеңейту.

Дамытушылығы: ұсақ қол қимылдарын жапсыру арқылы дамыту, тақпақ, сөйлем құрастыру арқылы балалардың сөздік қорын, тіл байлығын, есте сақтау белсенділіктерін арттырып, қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелігі: балаларға Президент туралы жалпы түсінік беріп, патриоттық сезімдерін оятып, туған жеріне, еліне, Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік : Президент портреті, ҚР рәміздері,суреттер.

Ұйымдастыру және психологиялық сәттен басталады.

(залға әуенмен ту ұстап кіреді.) Атамекен әні.

Шаттық шеңбері.

Бір шаңырақ астында,

Тату тәтті тұармыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

(балалар орындарына отырады.)

-Дұрыс айтасыңдар балалар, біз татумыз. Болашағымыз – бірлікте!

-Бүгін балалар ерекше күн.Бүгін мейрам.

-Балалар бүгін қандай мейрам?

-Президент күні.

-Балалар біздің президентіміздің аты кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Нұрсұлтан ата қай қалада тұрады?

-Астанада.

-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Дұрыс айтасыңдар балалар!Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

-Балалар біздің ұлтымыз қандай?

-Біз қазақпыз!

-Балалар ал, туып өскен жерімізді біз бір сөзбен қалай атаймыз?

-«Отан»деп атаймыз

-Дұрыс айтасыңдар.

-Біз отанымызды жақсы көреміз бе?

-Иә, жақсы көреміз.

-Дұрыс айтасыңдар балалар.Ал, Қ Р рәміздеріне нелер жатады?

-Ту,Елтаңба,Әнұран.

-Олай болса, Отан, Президент туралы тақпақтарымызды айтайық.

Айару Қ:

Ән ұраным, жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім, сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады.

Республика - әнұраным.

Республика Гимні шырқалады.



Нұртас:

Сөзбен өрнек өрейін,

Бақытты боп жүргенім.

Сенің арқаң ұлы Отан,

Басқарған ата – Нұрсұлтан.

Ғалым:

Елбасы елді қорғайды,

Халқы оны қолдайды.

Ару:

Қазақ елі байтақ ел,

Қайтпайтын ел қайсар ел.

Туған елім, туған жерім,

Сүйемін мен қазақ елін.

Ерсін:

Нұр ата бүгін менің мақтанышым,

Біз үшін орындалып жатқан ісің.

Болашақ елімнің мен боламын,

Сіздердей аталардан бақ дарысын.

Айару Е:

Отаным Қазақстан,

Желбіреген туы бар.

Отаным Қазақстан,

Егеменді елі бар.

Санжар:

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өзінде.

Ту ұстаған Астанам,

Әсем қалам, бас қалам.

Сезім:

Биіктей бер Нұр ата,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын.

Саят:

Елімнің атын айтсам, Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам, Қазақстан.

Айару С:

Гүлдене бер отаным,

Көтерген туын Нұр атам.

Көбейткен достық қатарын,

Нұр ата біздің ұлы адам.

Айжүрек:

Отан – туған еліміз,

Отан – туған жеріміз



Ақжүрек:

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.


-Жарайсыңдар балалар!

-Балар ҚР бас қаласы қалай аталады?

-Астана қаласы.

-Астана ең көрікті әсем қала.

-Балалар сендерге көп рахмет.Сендер біздің отанымыз туралы көп біледі екенсіңдер.

-Ал енді балалар сабағымызды әрі қарай жалғастырайық.

-Еліміздің рәміздеріне нелер жатады?

-Гимн,елтаңба,ту.

Ұжымдық жұмыс, туды жапсырмалау. Әуен ойнап тұрады. (Күй)

-Тудың түсі қандай?

-Көгілдір.

-Пішіні қандай?

-Тіктөртбұрыш.

Сергіту сәті:

Күн,күн,күн,

Бізге қарап күледі.

Бұлттан қашып домалап,

Жасырынып қалады.

Күн, күн, күн,

Шуақтарын шашады.

Күндей жайнап қуанып,

Алақанды қағамыз.

Жасаған жұмыстарын бағалау.Гүл үлестіру.

Ойын.

Отан ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

«Туған жерді гүлдендір»,

Қолдарындағы түрлі-түсті гүлдерді әуен ырғағымен жүріп, Қазақстан картасына апарып орналастырады.

-Балалар, туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне сендерсіңдер. Еліміздің келешек тағдыры өз қолдарыңда.

Хор: «Көк тудың желбірегені.»

-Ал балалар, сабағымыздың соңында Нұртастың батасын қабыл алайық.

Бата:

Елбасымыз алысты көрсін!

Ел-жұртымыз табысты болсын!

Қыздарымыз сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын!

Балаларымыздың бағы жансын!

Қалаған білімін алсын!

Бәрін айт та, бірін айт,

Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

-Әумин!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!