400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұқымқуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері. Моногибридті будандастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: «Тұқымқуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері.
Моногибридті будандастыру.

Бөлім:

9.3D Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Педагогтің аты-жөні:

Наван Г.Ж.

Күні:

9.02.2022ж

Сыныбы: 9б

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тұқымқуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері. Моногибридті будандастыру.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.4.2 - моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар тұқымқуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздерінбіледі

Көпшілік оқушылар үшін:

Басымдылық заңын сипаттай алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Өткен тақырыпқа шолу жасау және

жаңа сабаққа кіріспе


«Сиқырлы ұяшықтар» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен .таныстырады.

1.Генетика дегеніміз не?

2.Генетиканың негізін салған ғалым кім?

3.Мендель зерттеу нысаны ретінде қандай өсімдікті алды?

4.Бұршақта зерттеу нысаны ретінде қандай артықшылықтар бар?

5.Доминантты және рецессивті деген қандай белгілер?

6.Таза сорттармақ дегеніміз не?

7.Мендельдің бірінші заңы қалай аталады?

8.Мендельдің екінші заңының аталуы неге негізделген?

9.Гаметалардың тазалық заңы дегеніміз не?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.Жаңа сабаққа байланысты видеоролик көрсетеді.



1. Мендель тәжірибелерінің барысын және сызбасын түсінеді.



2. Бірінші ұрпақбудандары-сары гетерозигтадан ұрпақта қайтадан жасыл дара пайда болатынын түсінеді.

3. Жасуша мен ағза ішіндегі «басымдылық заңы» және «аллельді гендердің жұмысы» арасындағы байланысты анықтайды.

4. «Біркелкілік» заңы мен «ажырау» заңының цитологиялық негіздерін салыстырады.





1. Пеннет торын қолданылуын және пайда болу тарихын сипаттайды.

2. Будан ұрпақ ішіндегі аллельді гендер әрекетін, олардың гаметаға түсуін сызба түрінде бейнелейді. Кейін ұрықтану үдерісінде зиготаның қалыптасуына және әрі қарай түзілген ағзаларда қызмет етуін көрсетеді.

3. Ажырау заңының өзінің цитологиялық негіздері бар екенін мысалдар келтіріп дәлелдейді.

4. Тышқанның сұр түсі ақ түсінен басым болатын жағдайды талқылайды. Келесі шағылыстыруларда қандай ұрпақ күтуге болады:

1) гетерозиготалы сұр аналық пен гомозиготалы ақ ататлық;

2) ақ ата-ана;

3) сұр ата-ана, олардың біреуі-гомозигота, ал басқасы-гетерозигота.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Басымдылық заңын сипаттайды.

Видеоролик


Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
















Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

«Сәйкестендіру тесті» әдісі

























Тапсырмалар айдарындағы 3-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

«Кесте толтыру» әдісі

































Тапсырмалар айдарындағы 4-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



























Тапсырмалар айдарындағы 5-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.






































Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары.


Терминдер

Анықтамалар

Генетика

Белгілердің тұқым қуалау заңдылығын және өзгергіштігін зерттейді

Ген

ДНҚ молекуласының кесіндісі немесе бөлігі

Геном

Жасушадағы ДНҚ-ның жалпы мөлшері

Генотип

Ағза гендерінің жиынтығы

Фенотип

Генетикалық белгілердің сырттай көрінуі

Гомозигота

Құрамында ата-анасынан бірдей аллельді гендер,екі доминантты АА немесе рецессивті аа алған зигота

Гетерозигоа

Құрамында әртүрлі гендер бар зигота

«Сәйкестендіру тесті» әдісі

Берілген ұғымдарды анықтамасымен сәйкестендіріңдер.


Ұғымдар

Анықтамасы, сипаттамасы

А.Тұқымқуалаушылық

1.Организмнің өз ата-аналарынан гаметалар

арқылы қабылдаған гендерінің жиынтығы

В .Өзгергіштік

2.Организмдердің өз белгілері мен қасиетін

ұрпақтарына беру қасиеті

С .Генотип

3.Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті

зерттейтін ғылым

Д .Фенотип

4.Гомологтік хромосомадағы аллельді гендерәртүрлі

Е . Аллельді гендер

5.Организмнің ішкі және сыртқы белгілерініңжиынтығы

Н . Гомозигота

6.Организмнің жаңа белгілерге ие болу қасиеті

К .Гетерозигота

7.Гомологтік хромосомадағы аллельді гендер біркелкі

М. . Генетика

8. Гомологтік хромосомалардың бірдей үлескілерінде орналасып, нақты бір белгіні

анқтайтын жұп гендер



«Кесте толтыру» әдісі
Берілген
анықтамаларға сәйкес генетикалық символдар мен белгілерді кестеге жазыңдар.


Генетикалықсимволдар мен белгілер

Анықтамасы


Будандастыруға алынған ата-аналық даралар


Гаметалар


Алынған ұрпақ, жанына қойылатын индекс ұрпақтың реттік санын көрсетеді


Будандастыру белгісі


Аталық дараның жыныстық белгісі


Аналық дараның жыныстық белгісі


Доминантты ген


Рецессивті ген


Доминантты гомозигота


Рецессивті гомозигота


Гетерозиго

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27.05.2024
294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі