Материалдар / Тұрақты дамудың шарасы ретінде кедейлікті жою мәселесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұрақты дамудың шарасы ретінде кедейлікті жою мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал социалистік проблема туралы. Өзімнің ұсынған идеяларым, дамудың даңғыл жолы туралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2021
431
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тұрақты дамудың шарасы ретінде кедейлікті жою мәселесі

Кедейлік көптеген мемлекеттерде өте үлкен проблема екені анық. Бірақ, біз оны қалай түсіне аламыз? Кедейлік бұл қоғамда жалпы орташа табыстан төмен табыс табатын жеке тұлғаның немесе бүтіндей бір отбасының әлеуметтік жетіспеушілігі, материалдық жағынан таршылықта өмір сүруі болып табылады. Басты қиыншылық саяси,әлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздықтың өріс алуы және экономикалық дағдарыстан туындайды. Кедейліктің соңы аштыққа, демографиялық дағдарысқа, экономикалық артта қалуға, тіпті түрлі қылмысқа әкеледі. Себебі, кедейшілікте өмір сүретін халық қарапайым халыққа қарағанда жалақының ең аз мөлшерімен күн көреді, материалдық жоқщылық адамға әсер етпей қоймайды.Ол, біреудің дүкеніндегі тауарын ұрлауы мүмкін, затын алуы, бір ғана түсінік кедейшілікте өмір сүрген адамға оның жетіспеушілігі. Осылайша біз кедейшілікке анықтама жасадық.

Жалпы әлемде кедейшілік сонау жылдардан қалыптасқан жайт.Онымен әр уақытта әрқалай күресіп келседе, әлі күнге түйіні шешілмеді, неге? Себебі, көптеген демократиялық-буржуазиялық елдерде халықтың жағдайына көңіл бөлінгенімен, кедейленген халыққа келгенде маңызы жоғалып қалады. Бұл әлеуметтік топ қоғамға көбіне елеусіз болып жатады. Әлеуметтік теңдік жоқ болған кезде, үкімет тек көзге көрінген халыққа ғана көмектеседі, ал арғы жағындағы халық сол күйі байқалмай қалады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 1960 жылдары жер шарында яғни, дүниежүзі халықтар саны 3 миллиард болса жиырма бірінші ғасырда 6 миллиардты құрады. Халық саны артып, кедейленген халық шамасы азайды десекте, Оксфорд университетінің ғалымдары жасаған мәлімдемеге сүйенсек, планетамызда өмір мүретін 76 пайыз халық өмір сүретін 103 елде 1,45 миллиард халық әртүрлі кедейшілік түрімен қиналып жүрген боп есептеледі. Олардың барлығы делік күнделікті бір доллардан төмен ақымен күндерін әзер көріп жүр. Осының барлығы делік түрлі саяси дағдарыстан, түрлі қазіргідей індеттен, әлеуметтік көмек жоқтығынан туындады. Оларды қалай жеңсек болады, бұл мәселені қалай жойсақ болады, тұрақты даму жолына қалай түсеміз?

Кедейлікті жою әлемнің әр елінде әртүрлі жолмен шешілгені дұрыс деп ойлаймын. Мұның себебі деп айтар болсам, әр елдің даму қарқыны әртүрлі және ондағы проблемалардың өзі әртүрлі болып келеді. Бір елде ахуал өте шиеленіскен, енді бір елде ол енді қарқын алуда деген секілді. Мысалы, төменнен жоғарыға қарай көтерілсек. Төменнен есептегенде ахуал ең төмен болып келетін, өте кедейленген ел ол Африка елдері. Әлемнің 20 кедей елінің 18 ы осы аумақта болып есептеледі оның ішінде, Африка республикасы, Конго, Бурунди, Либерия секілді елдер. Африка елдері жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан кедейлік бойынша көш бастап тұрды. Бұл елдерде әлі күнге осы жағдайлар бар. Мәселені шешу үшін менің ойымша Африка елдеріне инвестиция көбірек бөліну қажет. Бұл мемлекеттерде ғасырлар бұрын қалыптасқан қайыршылықты жою үшін оларды жұмыспен қамту секілді шараларды жасау, сол жөніндегі акттер жасауды қолға алу керек секілді. Мұндай шараларды жасап жатқанымен ол жеткіліксіз деп ойлаймын, себебі жұмысты жасап қоясалғаннан гөрі нәтиженің болғанын көру маңыздырақ. Оларды дағдарыстан шығару жолында осы тәсіл тиімдірек болады деп ойлаймын.

Ал, өзіміздің Орталық Азия және жалпы Азияға келсек. Шығыс Азия елдері Қытай, Корея, Жапония сияқты мемлекеттер дамудың жоғарғы сатысында тұр. Бұл дегеніміз оларда айтарлық жұмыссыздық, кедейшлік проблемасы жоқ. Ал біз тұратын Орталық Азияда Тәжікстан елінде осы күнге дейін көп болды. Бірақ, бұл елге байланысты мәліметтерді қарап шыққанда елде 2003 – 2017 жылдар аралығында кедейлік, қайыршылық деңгейі 72 ден 29 пайызға түскенін аңғаруға болады.Бұл өте керемет көрсеткіш ретінде қарауға болады.

Біздің отанымыздағы бұл мәселе қалай қарқын алуда немесе жойылуда? 2002 жылдан бастап 2009 дейінгі аралықта, біздегі мәселе 28 пайыздан 2 пайызға төмендеген. Бұл мемлекетте кедейшілік басқаларға қарағанда аз екенін көрсетеді. Бірақ, кейбір мағлұматтарда елде әліде болсын кедейлік шарпып тұрғанын көрсетеді.

Мен бұл мәселелерге көзқарасымды және алып қосар ойларымды айта кетсем. Жалпы өз басым ондай жағдайлардың шиеленісуі әлемдік жағдайғада ықпалын тигізеді деп айтар едім. Егерде, бір үлкен мемлекет зия шексе онда онымен байланыстағы бүкіл мемлекет құлдырайды. Мемлекеттер арасында сондай үзілмес шынжыр болады, біреуі зардап шексе қалғаныда одан алыс кете алмайды. Егер, әр елдің басшылары мемлекеттің дағдарыссыз дамуын тұрақтылығын қаласа мемлекетте мынадай іс шаралар тізімін ұсынамын:

- Мемлекетте жұмыссыздықты жою үшін зауыт, фабрика, жеке кәсіпті дамыту. Айтылған пункт көп жерде қозғалғанымен жасалуын талап ету қажет.

- Кедейлікпен зейнеткерлер, еңбекке жарамсыз қариялар және мүмкіндігі шектеулі жандар зардап шекпес үшін, оларға берілетін әлеуметтік көмек және зейнатақы көбейту керек.

- Халықты үйсіз қаңғыбастыққа жеткізбей, оларға баспаналар қарастыру қажет

- Кедей отбасыларға жұмыспен қамтамасыз еткенге дейінгі уақытта қосымша жәрдемақы төлеп отыру қажет. Және оларда егерде жоғарғы білім болмаған жағдайда қосымша оқуды қарастыру.

- Үкімет басында депутаттық орындарды азайтып әр салаға тек бір адам сайлау яки, қою керек. Оларға берілетін жалақынының есебінен қарапайым халықтың орташа жалақысын көбейту үшін.

- Болашақта балаларда кедейшілікпен дамымауы үшін, оларға арналған арнайы жасауға боларлық жұмыс түрлерін ойластыру қажет. Жас балаларды еңбекке баулу керек.

Осындай шаралардың түрлерін ұсына алар едім, және қосымша еңбек полицияларын ұйымдастыру қажеттілігі бар. Олар халықтың қаншалықты қамтылғанын және қазіргі таңда жұмысы жоқпа немесе жәрдемақы уақытын асырмай жұмыс тапты ма сол секілді заттарды бақылаушы ретінде даярлау керек болады. Осындай жағдайларды орнатқан соң кіріс көзі бар, табысы молайған халықтан мемлекеттіңде салық жинауы бюджетті дамытуға көп септігін тигізеді. Жағдай жақсы қарастырылған елге халықта көшіп келуге асығады, демографиялық даму болады және туристтер келуі жиілейді. Даму сатысын осылай елестетемін. Бір нәрсе пайда болу үшін, оған басқа бір нәрсе себеп болуы тиіс емеспе? Сол себепті, елдің дамуына әрбір кішігірім болсада заттар әсер етеді. Кедейлер мәңгі кедей болмауы керек, себебі ондай жағдайға назар аудармайтын болса олар көбеймесе, азаймайды. Әрбір адам дамушы елде еркін әрі, таршылықсыз өмір сүруі қажет тіпті оның сауаты болмаса да, мемлекет тек қолдаушы болып көмек берсе адамдар өздері ақ мемлекетті дамытып, гүлдендіріп жібереді!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!