Материалдар / Тұрақты тоқ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тұрақты тоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманғы өркениеттің дамуын электр тогынсыз елестету өте қиын.Электр тогы үй жайларды, өндіріс ғимараттарын жарықтандырады; барлық электронды есептеуіш машиналарды қозғалысқа келтіреді, радиотолқындарды шығарады. Міне осының бәрі электр тогына байланысты. Сонда электр тогы дегеніміз – еркін электр зарядтарын тасмалдаушылардың реттелген қозғаласын айтамыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2022
288
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу сабағының жоспары


Сабақ тақырыбы: Тұрақты тоқ

Модуль /пән атауы: КМ – 01. Электр жабдықтарының негізгі тораптары мен механизмдерін құрастыру, монтаждау, реттеу және жөндеу.

Құрастыру процессінде күрделілігі әртүрлі бөлшектермен тораптарды слесарлық өңдеу.

Дайындаған педагог: Жолаева Айдана Жайлыбайқызы

2022 жылғы "__" ____________  

Курс, оқу жылы, топ:

Сабақ мақсаты:

Білімділігі: Тұрақты ток тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету, электр тізбегін құрып, электрлік құралдармен жұмыс жасау қабілеттерін анықтау. Алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылығы: Тұрақты ток заңдылықтарын , формулаларды дұрыс қорытып, сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге пайдалану.

Тәрбиелілігі: Құралдар мен жұмысын жасау кезінде ұқыптылыққа, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың типі: іздену

Сабақтың көрнекілігі: Электр есептегіш, амперметр, вольтметр, кілт, ток көзі, сымдар, электр шамы, кедергілер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Еске түсіру стратегиясы.

1.Электр тогының әсерлерін атаңдар

2. Кернеудің өлшем бірлігі қандай?

3. Параллель қосқанда тұрақты болатын физикалық шама қандай ?

4. Джоуль-Ленц заңы дегенміз не ?

5. Тұрақты ток бағыты қалай бағытталады ?

6. Электр энергиясын есептейтін құралды ата ?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы.

Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді. Тұрақты токтың негізгі заңдарына ток күші мен кернеудің байланысын сипаттайтын Ом заңы, өткізгішпен ток жүрген кезде бөлініп шығатын жылуды анықтайтын Джоуль-Ленц заңы және тармақталған тізбек үшін жазылатын Киргхоф ережелері жатады. Тұрақты ток көздеріне электр машиналарының генераторы, гальвани элементтері, термоэлементтер, батареяларға топтастырылған фотоэлементтер, күн көзінің батареялары, алдын ала зарядталған аккумуляторлар және — пайдалы әсер коэффициенті жоғары магниттік гидродинамика генераторлары жатады. Тұрақты токты жартылай өткізгіштердің және басқа түзеткіштердің көмегімен, айнымалы токты түзету арқылы өндіруге болады.

Қазіргі заманғы өркениеттің дамуын электр тогынсыз елестету өте қиын.Электр тогы үй жайларды, өндіріс ғимараттарын жарықтандырады; барлық электронды есептеуіш машиналарды қозғалысқа келтіреді, радиотолқындарды шығарады. Міне осының бәрі электр тогына байланысты. Сонда электр тогы дегеніміз – еркін электр зарядтарын тасмалдаушылардың реттелген қозғаласын айтамыз.

Қозғалмайтын электр зарядтары практикада сирек қолданылады. Электр зарядтары бізге қызмет істеу үшін оларды қозғалысқа келтіру керек – электр тоғын туғызу керек.

Біз зарядталған бөлшектер қозғалысының орташа қарапайым түрінен – тұрақты электр тоғын бастаймыз.

Сан жағынана ток қандай шамамен сипатталатындығын еске түсірейік. Зарядталған

бөлшектер қозғалғанда электр заряды бір орынана екінші орынға тасымалданады. Бірақ арядталған бөлшектер реттсіз жылулық қозғалыста болса, мысалы, металдардағы еркін электрондар сияқты, онда зарядтардың тасымалдануы болмайды. Егер электрондар бейберекет қозғалыспен қатар реттелген қозғалысқа қаттысса ғана, өткізгіштердің қимасы арқылы электр заряды орын ауыстырады.

Зарядталған бөлшектердің реттелген (бағытталған) қозғалысы электр тоғы деп аталады. Электр тоғы еркін электрондардың немесе иондардың реттелген орнын ауыстыруы кезінде ғана пайда болады.

Дегенмен, егер бейтарап тұтас дене орнын ауыстырылса, ондағы қисапсыз көп электрондар мен атом ядроларының реттелген қозғалысына қарамастан, электр тоғы пайда болмайды. Бұл жағдайда өткізгіштің кез келген қимасы орын ауыстыратын толық заряд нөлге тең, өйткені таңбалары әр түрлі зарядтар бірдей орташа жылдамдықпен орын ауыстырады.

Электр тогының белгілі бір бағыты болады. Тоқтың бағытына оң зарядталған бөлшектердің қозғалыс бағыты болады. Егер ток теріс зарядталған бөлшкетердің қозғалысынан пайда болса, онда ток бағыты бөлшектер қозғалысының бағытына қарама – қарсы деп саналады.

Токтың әсері. Өткізгіштегі бөлшектердің қозғалысын біз тікелей бақылай алмаймыз. Бірақ тоқтың бар екенін ток жүргенде қабаттасатын әсер немесе құбылыстарға орай байқап білуге болады.

Біріншіден – бойымен ток жүрген өткізгіштің химиялық құрамымен өзгерте алады, мысалы, оның химиялық құрамды бөлігін бөліп шығарады. Бұл тектес процестер өткізгіштердердің барлығында байқала бермейді, тек электролиттердің ертінділерінде ғана байқалады.

Екіншіден – ток жақын тұрған көрші токқа және магниттелген денелерге күшпен әсер етеді. Токтың бұл әсері магниттік әсер деп аталады. Тогы бар өткізгіштің жанына қойылған магнит тілі бұрылды. Токтың магниттік әсері, оның химиялық және жылулық әсерлеріне қарағанда негізгі болып саналады, өйткені ол өткізгіштің барлық түрінде байқалады. Токтың химиялық әсері тек электролиттердің ертінділерінде не балқымаларында ғана байқалады, ал жылулық әсері асқын өткізгіштерде болмайды.

Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізілді. Ток күшін алғаш ғылымға француз ғалымы Андре Ампер енгізді.

Егер тізбекте электр тогы бар екені анықталса, онда бұл өткізгіштің көлденең қимасы арқылы үнемі электр заряды тасымалданып жатқанын білдіреді. Уақыт бірлігінде тасымалданатын заряд ток күші деп аталады да, токтың негізгі сандық сипаттамасы болады. Егер уақытта өткізгіштің көлденең қимасынан заряд тасымалданса, онда ток күші мынаған тең:

ІV. Ой дамыту стратегиясы.

1. 10 см қашықтықтағы 2, 7*10 - 6 Кл нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. Заряд суда орналасқан.

2. Бетінің электр өрісінің кернеулігі 4*10 - 6 Н/Кл болса, радиусы 3 см металл шарға қандай заряд берілген?

3. Кернеулігі 3*105 Н/Кл біртекті электр өрісінде тепе – теңдік қалыпта болатын массасы 10 - 9 г мырыш тозаңының заряды неге тең?

V. Еркін ізденіс стратегиясы.

1. Үріліп жіпке байланған 2 шарды газетке үйкеп – үйкеп бір – біріне жақындатыңыз. Олар бірін – бірі тебеді, неліктен?

2. Бір шарды газетпен үйкеп, екіншісін жүнмен үйкеп, бір – біріне жақындатыңыз. Олар бірін – бірі тартады. Неліктен?

3. Шарды газетпен үйкеп бөлме төбесіне апарып жіберіп қал. Шар төбеде біраз тұрып қалады. Неліктен?

VІ. Байланыс стратегиясы.

Тест сұрақтары.

1. Екі дененің үйкелісінен үнемі...

а) Екі дене де оң заряд алады.

в) Екі дене де теріс заряд алады.

с) Біреуі оң, біреуі теріс заряд алады.

д) Нейтрал болып қала береді.

е) Денелер кезек – кезек белгілерін синхронды өзгертіп отырады.

2. СИ жүйесінде зарядтың өлшем бірлігі

а) Кл в) Дж с) В д) Н е) В/м

3. Атом құрамына кіретін элементар бөлшектің заряды о - ге тең.

а) электрон

в) протон

с) нейтрон

д) ион

е) кварк

4. Екі нүктелік зарядтың арақашықтығын 4 есе кемітсе, олардың өзара әсерлесу күші қалай өзгереді?

а) 16 есе кемиді.

в) 16 есе артады.

с) 4 есе кемиді

д) 4 есе артады

е) өзгермейді

5. Атомның ядролық моделін ұсынған ғалым.

а) Д. Томсон

в) Э. Резерфорд.

с) И. Ньютон

д) Н. Бор.

е) А. Беккерель

6. Екі шар жібек жіпке ілінген. Сурет бойынша аттас зарядталған шарлар.

а) 2 в) 3 с) 2 және 3 д) 1 және 2 е) 1

7. Кернеулігі 2000 Н/Кл біртекті электр өрісі 5*10 - 6 Кл зарядқа әсер ететін күштің мәні.

а) 4*10 - 4Н;

в) 4*104Н;

с) 0, 001 Н;

д) 2, 5 Н;

е) 102Н.

8. Электр өрісінің кернеулігінің өлшем бірлігі.

а) Н/м; в) Н/Кл; с) Кл; д) Н; е) В.

9. Электр өрісінің күш сызықтары

а) оң зарядтан басталып теріс зарядтан аяқтады;

в) теріс зарядтан басталып оң зарядтан аяқталады;

с) эл. өрісі күш сызығы болмайды.

10. Электр өрісі ұғымын енгізген ғалымдар

а) М. Фарадей мен Дж Максвелл

в) Э. Резерфорд.

с) Ш. Кулон

д) А. Иоффе мен Р. Милликен

е) И. Ньютон

VІІ. Қорытынды, бағалау

Үйге тапсырма: конспект жазып, оқып келу,тұрақты тоқ кестемен жұмыс



 

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!