Материалдар / Тұрғынбаева Б.Ш. Коррекциялық педагогика Коррекциялық педагогика пәні және оның міндеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұрғынбаева Б.Ш. Коррекциялық педагогика Коррекциялық педагогика пәні және оның міндеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту мәселесіндегі коррекциялық педагогиканың тұжырымдамалық негіздері мен тарихы. 1.2 В.П. Кащенко – коррекциялық педагогиканың негізін салушы. 1.3 Бала дамуындағы бұзылудың түрлері және ауытқушылықтарды түзету, тексеру жұмыстарының қағидалары мен әдістері. 1.4 Психикалық дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты және есту қабілеті бұзылған балаларды түзете отырып жүргізілетін дамыту жұмыстарының ерекшеліктері. 1.1 Оқыту мәселесіндегі коррекциялық педагогиканың тұжырымдамалық негіздері мен тарихы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
4014
16 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тұрғынбаева Б.Ш. Коррекциялық педагогика

Коррекциялық педагогика пәні және оның міндеттері

1.1 Оқыту мәселесіндегі коррекциялық педагогиканың тұжырымдамалық негіздері мен тарихы.

1.2 В.П. Кащенко – коррекциялық педагогиканың негізін салушы.

1.3 Бала дамуындағы бұзылудың түрлері және ауытқушылықтарды түзету, тексеру жұмыстарының қағидалары мен әдістері.

1.4 Психикалық дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты және есту қабілеті бұзылған балаларды түзете отырып жүргізілетін дамыту жұмыстарының ерекшеліктері.


1.1 Оқыту мәселесіндегі коррекциялық педагогиканың тұжырымдамалық негіздері мен тарихы

Коррекциялық педагогика – психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың арнайы бір саласы. Сонда, коррекциялық педагогика мінез-құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеу және оларға психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарын қарастырады. Ауытқушылығы бар балалар категориясына оқу бағдарламаларын жалпыға бірдей талаппен меңгеруі күрделі мәселе болатын балалар жатады. Бұған олардың ақыл-ойында (интеллектісінде), естуінде, көру қабілетінде және жүріп-тұруында биологиялық, әлеуметтік түрлі себептерге байланысты кейбір кемістіктер, бұзылулар мүмкіндік бермейді. Бұл категорияға кейбір балалардың орталық жүйке жүйесінің қызметінде шамалы ғана ауытқушылығы бар болса да, сондай-ақ, кейбірінің мектепке және әлеуметтік ортаға бейімделу мүмкіндігі төмен болса да жатады. Сондықтан, осындай категориядағы балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту барынша жекелендіруді, саралауды қажет етеді. Сонымен қатар, дер кезінде балалардың мінез-құлқындағы және дамуындағы бұзылуларды анықтайтын, алдын алатын және осы бұзылуларды түзетіп, қалыпты жағдайға жеткізетін тиімділігі жоғары арнайы педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдер мен құралдарды ойластырып, түзетуші педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру керек.

Коррекциялық педагогиканың пәні тәрбиеленушілердің (мүмкіндігі шектеулі және девиантты мінез-құлық танытатын балалардың) білім алуына қатысты ата-аналар мен педагогтардың мақсат-бағдарлы түзетуші, дамытушы педагогикалық іс-әрекеттері болып табылады.

Коррекциялық педагогиканың төмендегідей атқаратын міндеттері бар:

Балалар мен жасөспірімдердің дамуындағы кемшіліктерді, мінез-құлықтарындағы түрлі ауытқушылықтарды, сондай-ақ, олардың пайда болу себептері мен шарттарын анықтау.

Коррекциялық педагогикалық іс-әрекет ықпалын үздіксіз бақылауда ұстау.

Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқында, дамуында көрінетін ауытқушылықтар мен бұзылуларды түзетуге және алдын-алуға арналған бағдарламалар жасау.

Баланың психофизикалық дамуына әсер ететін әлеуметтік педагогикалық факторларды айқындау.

Ауытқуы бар баланың тұлғалық дамуына коррекциялық-педагогикалық ықпалы пәрменді болатын түрлі әдіс-тәсілдер мен құралдар жасау.

Ауытқуы бар балаларды оқытып, тәрбиелейтін педагогтарға арнайы коррекциялық- педагогикалық жұмыс бойынша оқыту әдістемесін құру.

Балалардың психикалық, психосоматикалық, психологиялық жағдайларына жүйелі бақылау жүргізіп отыру.

Балалардың жеке тұлғасын және мінез-құлқын зерттеуге арналған арнайы әдістемелердің кешенін құру.

Балалардың мінез-құлқындағы, жүріс-тұрысындағы тұйық, «қиын», агрессивті болудың себептерін анықтап, олардың ішкі жан-дүниесін түсініп, қабылдай алу.

Психикалық, психологиялық ауытқушылық бойынша баланың алғашқы жағдайы мен оған коррекциялық педагогикалық жұмыс жүргізгеннен кейінгі нәтижені салыстырып, қорытынды жасау.

Коррекциялық педагогика арнайы психология мен дефектологияның қиылысында пайда болған. Коррекциялық педагогиканың пайда болу және даму тарихын төрт негізгі

кезеңге бөліп қарастыруға болады:

Алғашқы кезең — сипаттаушы кезең. Бұл кезеңде дамудағы ауытқушылықтар мен бұзылуларды түзетудің педагогикалық мәселелері осы орайдағы медицина ғылымындағы жетістіктермен байланыста болды. Э. Сеген ақыл-ойы кем қалған балаларды тәрбиелеуде жүйелі жұмыс істеуді ұсынған. Балалардың ақыл-ойы және перцептивті дамуына диагностика жасап, тексеруде және түзетуде айрықша әдістерді ұсынған әдістемесі «Cеген тақтасы» деп аталады. Ал, танымдық, перцептивті, мнемикалық үрдістерді зерттеуге бағытталған психодиагностикалық және психокоррекциялық айрықша әдістерді П. Трошин

ұсынған.

Екінші кезең — коррекциялық педагогиканың теориясы мен тәжірибесінің пайда болуы. Бұл сатыда коррекциялық педагогика психологиялық зерттеу және психокоррекциялық жұмыс әдістерінің пайда болуына қатысты дамыды. Бұл бағыт М. Монтессоридің есімімен тығыз байланысты. Ол баланың танымдық, сенсомоторикалық үдерістерінің дамуына бағытталған коррекциялық материалдарды ұсынады. М. Монтессоридің теориясында «бала дамуындағы сензитивті кезең концепциясы» негізгі орын алады. А.Н. Граборов қозғалыстың ырықтылығын, еске сақтауды дамытуды көздеген коррекциялық сабақ жүйесін жасаған. В.П. Кащенко - балалардың бойындағы қиын мінез

құлықты коррекциялауға бағытталған педагогикалық коррекция әдістерін құрған.

Үшінші кезең - Л.С. Выготскийдің есімімен байланысты. Ол психиканың аномальді дамуының біртұтас концепциясын жасап, коррекцияның негізгі бағыттарын көрсетіп ерді. Сонымен қатар, ол психиканың ауытқуын түзетудің әдіснамалық-әдістемелік негіздерін жеке бағыт ретінде дәйектеуге жол салды. Жалпы, осы кезең сөйлеу, көру және есту ауытқушылықтары бар балаларға арналған психокоррекциялық және психодиагностикалық жұмыстардың жолға қойылып, осы орайдағы тиімді іс-шаралардың ұйымдастырылуымен ерекшеленеді.

Төртінші кезең-практикалық психологияның қарқынды дамуымен қатар жүрді. Бұл кезеңде нақты бір кемістіктерге байланысты балаларға арнайы психологиялық көмек жүйесі қалыптасты. Арнайы және оқу мекемелерінде педагог-психолог қызметі енгізілді.

1.2. В.П. Кащенко – коррекциялық педагогиканың негізін салушы Дәрігер әрі педагог В.П. Кащенко – кеңестік дефектологияның негізін салушылардың бірі. Ол 1870 жылдың 21 жұлдызында Ейск қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Әкесі әскери дәрігер қызметін атқарған. В.П. Кащенко 1897 жылы Киевтегі университетті жақсы оқып, бітіреді. Дәрігерлік жұмыспен қатар Ол А.Н. Бернштейн мен Г.И. Россолимоның жеткшілігімен психология саласында жан-жақты білім меңгереді. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары В.П. Кащенко жеке адамның даму барысындағы кемшіліктердің коррекциясын маңызы зор әлеуметтік мәселе ретінде анықтап, оны мемлекеттік саясат деңгейінде қарастыру керектігін айтқан. Бұл ұстаным бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. В.П. Кащенко 1909 жылы Мәскеуде жалға алынған үйде дамуында кемістігі бар балаларға арнап мектеп-санаторий ашады. Бұл мектеп-санаторий педагогикалық, емдеу және зерттеу қызметтерін атқарған еді. Әлеуметтік маңызы аса зор мақсат-міндеттерді шешу үшін жарымжан балаларға арналған мұндай мекеме тек Ресейде ғана емес, бүкіл әлемде алғашқы болды. Бұл мекемеде орталық жүйке жүйесінде бұзылуы бар және дамуы артта қалған балалар оқып, тәрбиеленген. В.П. Кащенко өзінің тәжірибесінде және ғылыми жұмысында оқыту-тәрбиелеу үрдісінің әдістемелік жағына көп көңіл бөлген. Ол тәрбиелеу жүйесіне және оқыту бағдарламасына баланың бейімделуін емес, керісінше, осы оқыту-тәрбиелеудің балаға лайықталып құрылу қажеттігін негіздеген. Осыған орай, мектептегі білім беру мүмкіндігінше оқушының жеке-дара ерекшеліктерін ескеру талаптары қойылды. Мұндай талаптар орындалмаса, мектептегі білім беру оқушының шама-шарқына сәйкес келмей қалады да, оның қабілеттері мен мүмкіншіліктерінің толық ашылуына, дамуына мүмкіндіктің болмауы ықтимал. Сондықтан, әрбір оқушының жеке-дара ерекшеліктерін барынша толық зерттеу көкейтесті мәселе болды. 1918 жылы В.П. Кащенконың мектеп-санаториы Халық ағарту Комитетінің жүйесіне енді. Енді бұл мекеме оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін кешенді зерттеу үйіне айналды. Зерттеумен қатар, жарымжан балаларды оқытып, тәрбиелеуге байланысты медициналық-педагогикалық кеңес беруге арналған педагогикалық клиника дамыды. Бұл дамуында ауытқушылығы бар балаларды жан-жақты зерттеп, дамытатын, тәрбиелейтін, медициналық кеңес беретін әлемдегі алғашқы педагогикалық клиника еді. 1920 жылы балалар кемістігіне арналған І Бүкілресейлік съезд өтті. Сол жылы В.П. Кащенко бала дефектологиясы бойынша педагогикалық институт ашты. Одан кейін әр жерде бала дамуындағы кемістікті түзету, жарымжан балаларды тәрбиелеп, білім беру мәселесін шешуге арналған жоғары оқу орындары, арнайы бөлімдер, ғылыми зерттеу ұйымдары құрыла бастады. Атап айтқанда, 1924 жылдан бастап Мәскеу мемлекеттік университетінің педагогика факультетінде дефектология бөлімі ашылды. Бұл жоғары оқу орындарымен бір уақытта Петроград қаласында «қалыпты» және «дамуы кем» бала педагогикалық институты ашылды. Бұл жоғары оқу орындары арнайы білімі бар, педагог-дефектолог мамандарын даярлауға негіз болды. 1928-1932 жылдары В.П. Кащенко мен Н.А. Семашко профессор Каннабихпен бірге «Ашуланшақ бала – жалғыз бала» тақырыбында клубтар мен радио желісі бойынша топтық формадағы, көпшілікке арналған дәрістер өткізді. Ал, 1928 жылдан бастап «Дефектологиядағы сұрақтар» журналы жарық көре бастады. В.П. Кащенконың мектеп-санаториы, оның ұстанымы мен идеялары кеңестік дефектология ғылымының жеке психологиялық-педагогикалық бағыты ретінде көптеген түзетуші, тәрбиелеуші, дамытушы іс-шаралардың мемлекет деңгейінде мақсат-бағдарлы ұйымдастырылуына көптеп септігін

тигізді.

1.3. Бала дамуындағы бұзылудың түрлері және ауытқушылықтарды түзету, тексеру жұмыстарының қағидалары мен әдістері Даму – үздіксіз процесс. Басқаша айтқанда, адамның даму үрдісі оның бүкіл өмір бойына тән құбылыс. Әсіресе, ол балалық шағында қарқынды дамиды. Балалық шақ қоғамның рухани құндылықтары арқылы сипатталады. Әрі, балалық шаққа әр түрлі ғылым саласындағы мамандар көп көңіл бөледі. Бала кезінде адамның қоршаған ортаны тануға деген ұмтылысы белсенді болады. Бала кезде адам айналасын танып, ерте есейгісі келеді. Бірақ, даму әрқашанда біртекті немесе біртіндеп, баяулап жүрмейді. Ол жедел қарқынмен, мақсатқа жетуге ұмтылумен ерекше мазмұнда болуы мүмкін. И.П. Павлов «Даму – ішкі жүйке үрдістерінің және қоршаған шындық өмірдің адамға үздіксіз көрсетіп отырған сыртқы ықпалдарының өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал етуі», – деп санаған. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, белгіліден белгісізге, ескіден жаңаға қарай бағыт ұстайды. Жалпы, даму – адамның дене және рухани күшінің сандық және сапалық өзгерістерінің объективті процесі. Мұндай дамудың бірнеше түрлері бар.

Дененің дамуы – бойдың, салмақтың, күштің, дене пропорциясының өзгерістері.

Физиологиялық даму – жүрек-қан айналымындағы, жүйке жүйесіндегі, ас қорыту қызметіндегі өзгерістер.

Психикалық даму – адамның ақиқатты бейнелеу үдерістерінің, яғни, түйсіктің, қабылдаудың, ойлаудың, естің, сезімнің, қиялдың, сондай-ақ, психиканың жоғары қызметінің күрделенуіндегі, қажеттіліктің, әрекет мотивтерінің, қабілеттіліктің, қызығушылықтың, құндылық-бағыттылықтың өзгерістері.

Әлеуметтік даму – қоғамдық, идеологиялық, экономикалық, өндірістік, құқықтық т.б. қатынастар жүйесіне қамтылу.

Рухани даму – адам баласының өмірде өз орнын сезінудегі, қазіргі және болашақ ұрпақ алдында жауапкершілік сезіміндегі, әлем табиғатының күрделілігін түсінудегі, адами жетілу деңгейіне ұмтылудағы өзгерістер.

Л.С. Выготский бала дамуындағы жас ерекшелікке байланысты дағдарыстарды анықтаған және сол дағдарыс салдары ретіндегі даму үрдісін сипаттаған (1-кесте).

Әлбетте, әдебиетте бала дамуындағы қалыпты жағдайдан ауытқулардың түрлері былайша топтастырылады.

Құлағы естімейтін, көзі көрмейтін, сөйлей алмайтын, тірек-қимыл аппаратында ауытқуы бар балалар.

Психикалық дамуы тежелген балалар.

Астеникалық жағдайдағы және уайым-қайғысы бар балалар.

Психопатиялық мінез-құлықпен сипатталатын балалар.

Ақыл-ойында ауытқушылығы бар балалар (дебильдік, имбецильдік, идиотия дәрежелеріндегі олигофрендер).

Түрлі психикалық аурлардың бастапқы сатысындағы балалар.

О.Н. Усанова дамудағы ауытқушылықтың жіктемесін ықшамдап ұсынады:

Түрлі ағзалардың қызметіндегі бұзылуларға байланысты бала дамуындағы ауытқулар.

Балалардың дене бітісіндегі, ішкі ағзаларындағы жетілмеушіліктің салдарынан дамудағы ауытқулардың болуы.

Психикалық ауруларға шалдыққан бала дамуындағы ауытқулар.

Ал, В.А. Лапшин және Б.П. Пузанов дамуындағы ауытқуларға байланысты балалар тобын төмендегідей бөліп көрсетеді:

Сенсорлық дамудағы кемістігі бар (есту және көру қабілеттері кем) балалар.

Ақыл-ой дамуы кем балалар (ақыл-есі кем және психикалық дамуы кеш қалған балалар).

Тілінде мүкістігі бар балалар.

Тірек-қимыл аппаратының қызметі қалыпты деңгейде жетілмеген балалар.

Дамуындағы кемістік кешенді сипаттағы балалар.

Анатомиялық-физиологиялық, психо-физиологиялық жағынан дамуында үйлесімсіздік орын алған балалар.

В.П. Кащенко балалардың мінез бітістеріндегі ауытқуларға байланысты екі топты ажыратып, қарастырды (2-кесте)


1.4 Психикалық дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты және есту қабілеті бұзылған балаларды түзете отырып жүргізілетін дамыту жұмыстарының ерекшеліктері

Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп «жаңа қоғам мектебi», «болашақ мектебi», яғни, жалпы адамзаттық мәдениетке және ұлттық руханиятқа бағытталған; баланың әлеуметтенуіне және тұлға болып қалыптасуына оңтайлы жағдай жасайтын; бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы Заңында: «бiлiм бағдарламаларын

меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» – деп, отандық бiлiм беру жүйесiнiң болашағы зор, жалпыға ортақ, келелі мiндеттерi анықталған.

Осыған байланысты қоғам оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мәселелерді оңтайлы шешуі тиіс. Себебі, әр баланы жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы оны дамыту ең жауапты iс болып табылады.

Жалпы орта бiлiм беретiн мектепте үлгерiмi төмен оқушылардың шамамен елу пайызын психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар құрайды. Психикалық дамудың тежелуi зияткерлік қабiлеттің бала жасына сәйкес келмеуімен анықталады.

Психикалық дамудың негiзгi бұзылыстары, яғни зияткерлік даму

деңгейiнің төмендігі баланың зейiн, есте сақтау, ойлау, кеңiстiктi бағдарлау үдерістеріндегі ауытқулармен сипатталады. Осыған орай психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Мұндай балалардың оқу әрекетіндегі мәселелер олардың жетi-сегiз жасында-ақ анық байқалады.

Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерімінің төмендігі бірқатар белгiлерден анық көрінеді:

оқу әрекетін ұйымдастыруға белсендiлiктің болмауы;

ересектер тарапынан көмек болмаса, берiлген тапсырмаларды дұрыс орындай алмау;

сыныптастарымен өзара қарым-қатынас жасауға қабілеттің жетілмеуі, өз ойын ашық айта алмау;

оқу мен жазу, есептеулерде көптеген қателіктер жiберу;

тез шаршап қалу;

зейiннің тұрақсыз болуы; және т.с.с.

Сонымен қатар, психикалық дамуы тежелген балалардың сөздік қоры дамуы қалыпты балаларға қарағанда 20-30% төмен болады. Сондықтан, көптеген психологиялық және педагогикалық еңбектерден психикалық дамуы тежелген балаларға ойлау, сөйлеу және мәтіннің мазмұнын баяндау қиын тиетіні белгілі. Оған қоса, психикалық дамуы тежелген балалардың есте сақтау қабiлетi төмен болады. Сондықтан психикалық дамуы тежелген баланың оқу әрекеті көптеген қиындықтармен сипатталады.

Ғылым мен тәжірибеде психикасының дамуы тежелген, тірек-қимыл қозғалыстары бұзылған және есту қабілеті төмен балалармен жүргiзiлетiн психологиялық түзету, психологиялық дамыту жұмыстарының түрлерi көп.

Осы орайда дамуында ауытқуы бар балалармен психологиялық түзету жұмыстарын жүргiзудiң талаптары мен қағидалары тұжырымдалған:

Баланың тұлғалық жеке-дара ерекшеліктерiн анықтау керек.

Баланың шаршап, қажуына жол бермей, қадағалау қажет.

Оқу әрекетiн көбінесе ойын түрiнде ұйымдастыру, балалардың кеңiстiктi бағдарлауын дамыту керек.

Баланың сыныптан тыс тәрбие сағаттарына белсенді қатысуына жағдай жасау қажет.

Ойын дағдыларын біртіндеп баланың оқу әрекетiне алмастыру керек.

Оқыту үрдісінде арнайы әдiстемелерді қолдану қажет.

Психодиагностикалық зерттеу мәліметтері бойынша бір баланың дамуын басқалардың даму деңгейімен емес, баланың өткен шақ пен осы шақтағы даму деңгейiн салыстыру керек.

Дегенмен, педагогикалық, психологиялық концепциялар, әдістемелер арқылы амандардың оқыту, түзету үрдісін ғылыми тұрғыдан дәлме-дәл ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балалардың дамуын қалыпты даму деңгейiне дейін көтеруге болады. Психикалық дамуы тежелген балалар бiлiм беру мекемесiнде үздіксіз қадағалауда болуы тиіс. Жалпы, психолог, сынып жетекшiсi, ата-ана тығыз байланыста болған жағдайда ғана баламен жүргiзiлетiн жұмыс нәтижелi болады. Сонымен қатар, баланың өз-өзiне деген сенiмдiлiгiн арттыру арқылы түзете отырып дамыту жұмыстарының тиiмдiлігі талай зерттеулерде дәлелденген.

Психикалық дамуы тежелген балалармен түзету және дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда төмендегi бірқатар мәселелер басты назарда болып, қатаң ескерілуі тиіс:

Баланың қоршаған ортаға бейiмделуге қабілеті.

Баланың мiнез-құлқындағы, жүріс-тұрысындағы ерекшелiктері.

Баланың өзін-өзi бағалау деңгейі.

Баланың қоршаған ортаға сеніммен немесе сенбеушiлiкпен қарауы.

Баланың өз күшiне деген сенімділігі немесе сенiмсiздiгi.

Баланың белсендiлiк деңгейі.

Жалпы, сабақтың бастапқы кезеңінде баланы оқу үрдісіне қызықтырып, тарту және оның танымдық, тұлғалық жақтарын дамыту мақсатында психологиялық ойындар, жаттығулар өткiзу керек. Әдетте, мұндай жаттығулар, ойындар балалардың ашықтық, сенiмдiлiк деңгейлерін, эмоциялық саласын дамытуға, топта ынтымақтастық орнатуға бағытталады.

Адамдардың арасындағы қарым-қатынас өте күрделi процесс болып табылады. Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасаудағы қиналатын балалардың ұжымға бейiмделуі де, бiлiм меңгеруі де аса күрделі болады.

Сондықтан, білім беру мекемелерінде танысу, қарым-қатынас орнатуға арналған түрлі тренингтерді балалар үшін ұйымдастырудың тиімділігі көптеген Х. Хэдьюсон, Ч. Шеффер, В.Г. Ромек, Т.А. Куликовская, С. Ларшин, т.с.с. шетелдік және Х.Т. Шерьязданова, А.Р. Ерментаева, Ж.Қ. Аубакирова сияқты отандық психолог-зерттеушілердің еңбектерінде негізделген.

Қорыта келгенде, психикалық дамуы тежелген, тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған, есту қабілеті төмен балалармен түзету жұмыс нәтижелi болуы үшiн әр баланың физиологиялық жағдайын, психологиялық жас ерекшiлiктерiн ескере отырып, оның даму үрдісін дәлме-дәл ұйымдастыру керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Коррекциялық педагогиканың пәні.

2. Коррекциялық педагогиканың міндеттері.

3. Коррекциялық педагогиканың дамуына В.П. Кащенконың қосқан үлесі.

4. Ғылымдағы «қиын» оқушылар жіктемелері.

5. О.Н. Усанованың ауытқуы бар балаларды топтастырып, жіктеуі.

6. Бала дамуындағы ауытқуға себепкер болатын факторлар.

7. Дамуында ауытқуы бар балаларға арналған психологиялық, педагогикалық әдістер мен құралдар





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!