Материалдар / Түркістан облысы Отырар ауданы Ғани Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Түркістан облысы Отырар ауданы Ғани Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас жеткіншектерді отан сүйгіштікке тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2021
388
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туған жер ырысың

Қостерек елді мекенінің құрылуын белгілі күннен басталған деп айту қиын, дегенмен ХVIII ғасырдан бастау алатыны белгілі, қазіргі Қостерек елді мекені маңғытай руы ішіндегі Кенбай атасының ата қонысы. Бұрынғы атауы-Құмкөл. 1940 жылы Мырзашөлді игеру мақсатында бұл жердегі бұл жердегі тұрғылықты халық түгелімен Мырзашөлге көшірілген. Cодан Құмкөл атауын айтатын адам қалмаған. Құмкөл деп аталған аумағы 25-30 га болатын ойпат бір жағы құммен көмкерілген жағалау болып келген, cулы жерге жағалай халық қоныстанып, өркениеттің дамуына бастау болды. Cырдың суы азайып көлге су құйылмайтын тармағы, Маңғытайдың Кенбай аталарының ұрпақтары қатар қоныстанған. Маңғытайдың Кенбай тармағының, Сапақ атасынан тарайтын, Әуелбекұлы Әліпбек халыққа шаруашылықпен айналысуға бағыт- бағдар беріп, егін салуға ағаш отырғызуға бастамашыл болып, жер танитын адамдардың басын қосып арық қазуға ден қояды. Соның бірі Арғынбайұлы Әнепия Көксарай көлінен саға салған. Қырғы арықтан арық тартып елге жеткізген, ол арық сол кезде «Әнепия арық» деп аталып, игілігін ел пайдаланған бүгінде оның сілемдері ғана байқалады. Әуелбекұлы Әліпбек Шүңет деп аталатын су арнасының жағасына бірнеше Мырза терек егіп, диханшылықпен айналысып баптап өсірген адам еді. 1940 жылдары Мырзашөлдегі атақты Киров каналына Сырдың сол бетіндегі бытыраңқы ұйымдастырылған колхоз серіктестік халқы күштеп көшіру салдарынан ел қаңырап бос қалып, жер, су егесіз қалды, егілген ағаштар қурап тамыры тереңге кеткен екі терек қана көз жетер жерден қос мұнара секілді, өсіп жетіліп өте биік жуандығы адам құшағы жетпейтін ағаш болды. Қай жағынан қарасада ұзақтан көрінетін. Ол кезде бұл маңайда, Қостеректен басқа бірде-бір ағаш болмады. 1960 жылға дейін көрініп тұратын, екі-теректің бейнесіне байланысты халық елді мекенді «Қостерек» деп атап сол атау бүгінге дейін сақталып, Қазақстанның әкімшілік картасына еніп кетті. Қостерек елді мекені бос қалғаннан кейін Шәуілдірдің Қоғам, Отырар, Қарғалы колхоздарының «отгонь» ұзақ мал жайлымы болып халық қайта қоныстана бастады. 1957 жылы Маяқұм колхозы совхозға айналдырылғаннан кейін «Овцевод» совхозының №3 фермасының орталығы болды. Маяқұм ауыл округіне қарайтын Термез-Москва күре жолының бойындағы өзіне тән халқы инфрақұрлымы бар 750 жуық халық тұратын елді мекен болды. Ауыл халқы мал және егін шаруашылығы мен айналысады. Төңірегіндегі «Рабат төбе», «Төрткөл», «Соркөл», «Құмкөл», «Көкжиде», «Айыртал», «Өгіз» сайы атты тарихи орындар бұл елді мекеннің ежелден қалыптасқандығын көрсетеді. Пірімқұл құдығын ертеректе Қажы Пірімқұл деген кісі қазған екен. Ол «Өгіз» сайының батыс жағында орналасқан. Қазір ол кісінің ұрпақтары Мырзашөл ауданында тұрады деген деректер бар. Сондай-ақ бұл төңіректе Қортан құдық, Әмірбек құдық деген тарихи орындар белгілі. Әмірбек құдығын Әнетбектің әкесі Әмірбек деген кісі қаздырған. Әнетбекұлы Әкімнің ұл-қыздары қазір ауданымызда еңбек етіп жүр. Қостерек елді мекенінде Ғани Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп, фельдшерлік акушерлік пункт, ауыл кітапханасы жұмыс істейді. Киелі топырақ туған жер ата мекеннен халық ақыны Тәушен Абуова, ұлт мүдесін жоғары мінберлерде қорғап, абыройлы қызмет атқарған этнограф тарихшы, арынды қоғам және мемлекет қайраткері , Өзбекәлі Жәнібеков ұлы ойшыл ғұлама философ бүкіл әлемді білім нәрімен сусындатқан, Әбу-Насыр Әл-Фарабидай өмірге келген құтты мекен. Киелі мекен ата қоныс туған жерден, Алтын құрсақты аналарымыз аман болса кемеңгер даналар, елді биіктерге бастайтын кемеңгерлер, қол бастайтын батырлар туылады деп ойлаймын. Және де, айтарым елімізде түрлі салаларда еңбек етіп жүрген ауыл азаматтары ауылымызға түрлі салаларға демеушілік жасап қамқорлық көрсетуде, ауыл халқы ол азаматтарға ризашылығын білдіруде. Ауыл азаматы ауылымызға, Алланың үйі мешіт салып берген, Қарабаев Нұржау ағамызға қасиетті, Ораза айында ауыл атынан рахмет айтып кетуді жөн көрдім. Бабаларымыз туған жер киелі топырақта өмірге келіп, елге адал қызмет етіп жас ұрпақты, Отан сүйгіштік рухта тәрбиелеуден танбаған.Бабалар салған жолмен келе жатқан жас ұрпақ өздеріне берілген аманатқа берік болып, еліміздің өркендеу жолында адал қызмет атқарады деп сенемін. Қазағымның «Туған елдей ел-болмас, туған жердей жер-болмас»-деген нақыл өсиетті сөздері әр қазақтың жүрегінде болу керек деп ойлаймын. Озық ойлы білімді, қазақ жастары еліміздің өркендеуіне, аулымыздың көркейуіне атсалысады деп ойлаймын. Келген қасиетті Ораза айы елімізге тыныштық, дендеріңізге саулық,бақ-береке алып келсін! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Өсіп өркендеу тілеймін!







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!