Материалдар / Түркістан облысының ерекше қорғауды қажет ететін нысандары (Қарақтау жоталары, Мұрынқарақ тауы, Мұңлық-Зарлық)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Түркістан облысының ерекше қорғауды қажет ететін нысандары (Қарақтау жоталары, Мұрынқарақ тауы, Мұңлық-Зарлық)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба ертеде өмірден өткен, қазірде аты аңызға айналған Мұңлық пен Зарлық туралы баяндайды. Өмір сүрген жерлері мен тарихи деректермен зерттеліп, дәлелдер ұсынылған, республикалық ғылыми жобалар байқауында қорғалып, әділ бағаланбаған жұмыс. қысқартылып беріліп тұр.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысының ерекше қорғауды қажет ететін нысандары

(Қарақтау жоталары, Мұрынқарақ тауы, Мұңлық-Зарлық)


Мешитбаева Аружан Айдаровна

aidarovna31@mail.ru

Алматы қаласы Алатау ауданы № 169 мектеп лицейінің

11 «В» сынып оқушысы

Ғылыми жетекшісі:

география пәні мұғалімі Каржауова Маншук Жолдасбаевна

Алматы Қазақстан


Ғылыми жұмыстың мақсаты:Түркістан облысының ерекше қорғауды қажет ететін нысандарын зерттеу. Осы зерттеу барысында жергілікті нысандардың тарихи оқиғаларын, аңыздарын, тарихи тұлғалармен байланысын ашу. Өмірде болғандығына нақты дәлелдер келтіру. Қарақтау, Мұрынқарақ жоталар маңындағы тарихи деректерді зерттей келе, Алатау батыр ерлігі мен аңыздағы Мұңлық пен Зарлық тарихи тұлғаларының нақты өмірден өткендігін анықтау.

Аннотация

Мешитбава Аружан Түркістан облысының ерекше қорғауды қажет ететін нысандары туралы тың мәліметтер келтіріп, оны өткен тарихпен байланыстыра білген. Өзінің ғылыми зерттеу жұмысы арқылы бұл нысандардың ерекше қорғауды қажет ететіндігін ұсынып, Қазақстанның орографиялық нысандары қатарында елеулі орын табуын, қазақ оронимдерінің тарихи мәні бар екендігін дәлелдеп отыр. Аңыз бен жер-су атауларын зерттей отырып, Мұңлық пен Зарлықтың Мұрынқарақ тауларында болғандығына деректер келтіріп зерттеу жүргізген. Аңыз деп келген тарихи тұлғалардың, өмірден өткендігін шынай баяндап береді. Өткенді дәріптеп, болашаққа бағдар жасауды жоспарлап отыр.

Аннотация

Мешитбаева Аружан привела сведения о особо охраняемых обьектах Туркестанской области, связав их историей прошлого. Своей исследовательской работой она доказала, что эти обьекты нуждаются в особой охране, что находит значительное место в ряду орографических обьектов Казахстана, что казахские оронимы имеют историческое значение. Изучая мифы и названия земли и воды, она привела данные о том, что Мунлык и Зарлык находились в горах Мурынкарак. История рассказывает, что считавшиеся легендой герои, оказались, жившими в то время историческими личностями . В планах популиризировать данные прошлого и передавать будущему поколению.

Annotation

Meshitbayeva Aruzhan provided new information about the the facilities of Turkestan region that need special protection, was able to connect it with the past. Through her research work, she suggested that these objects require special protection, proving that Kazakhstan occupies a significant place among the orographic objects, the historical significance of Kazakh oronyms. She studied the legends and place -names, citing the fact that Munlyk and Zarlyk were in the Murynkarak mountains. It tells the truth about the lives of historical figures who became legends. She plans to glorify the past and focus on the future.

Кіріспе

Түркістан облысы Қазақстан жеріндегі ерекше тарихи нысандары мен ескерткіштер орналасқан аймақтың бірі. Жалпы облыстың іргетасы 1932 жылы 10 наурыз айынан бастап қаланған. 1962-1992 жылдар аралығы Шымкент облысы, ал 2018 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі күні Түркістан облысы деп аталады. Жер аумағы 117,3 мың км2. Халқы 2 млн адамды құрайды. Облыс аумағынан Ұлы Жібек жолы өткен. Осы жолда көне тарихи қалалар орналасқан. (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар) Сонымен қатар 802 тарихи және мәдени ескерткіштер, оның 582-сі археологиялық, 42-сі тарихи, 11-і монументтік өнер көрсеткіштері бар. Атап айтар болсақ, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана, Қарабатыр, Арыстанбаб кесенелері, Қарабура әулие, Қарашаш ана күмбезі, Ибрахим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесімен мұражайы, Мұңлық пен Зарлық зираттары бар.

Менің зерттеуімде ерекше қорғауды қажет ететін нысандар: Мұрынқарақ тауы мен Мұңлық және Зарлық кесенелері болады. Ежелден тарихы бар, бүгінде аттары аңызға айналған нысандарды біреу білсе, біреу білмейді. Ұмытылып бара жатқан тарихымызды дәріптеу жас ұландардың парызы деп ойлаймын. Менің алға қойған мақсатым, осы нысандардың тек аңыз емес, шынайы өмірде болған жергілікті орындарын көрсетіп, тарихпен байланыстыра отырып жеткізу болып отыр. Жергілікті ақын Әлібек Шегебай ағамыз, өткен ғасырда өмір сүрген Жиембет жырау атамызда өз өлеңдеріне қосып жырлаған екен.

Байырқұм, «Мұрынқарақтың» бүйірі еді

«Ақтөбе», қоян қашар киік еді

Бетпақ далада «Созақтың» ізі қалған

«Байырқұм» Сенде Байрақты ту көтерген,

Шайбани Хан Орда құрып тұрып еді!

Берке Науан, Хан Тәуекел атанғанда,

Ескендір Мұңшы «Жеті жарғыны» көтеріп шығып еді!

Біржолата «Қанды кектің» ізі жойылған!

Әз Ғараб, Алатау атанып, Ұранға айналып,

Хан Тәуекел заманында «Қызылбасты» тыйып еді! (Жиембет жырау)

Өз заманында Жиембет жырау жырға қосқан Байрақты төбе, Байырғы құм қазіргі күнде Байырқұм ауылы аталып кетті. Байырқұм ежелгі қала орны. Ол туралы алғаш зерттеу жүргізген О.А.Руднев. 1948-1949 жылдары А.Н.Бернштамның жетекшілігімен Оңтүстік Қазақстанда археология экспедициясы қазба жұмысын жүргізген. Қала б.з.б І ғасыр мен б.з ҮІІІ ғасыр аралығында болған. Осы жердегі Байырқұм төбесінің айналасы құмшауыт болып келеді. Төбеде биіктікті 7 м ағаштан белгі қойылған. Оның да өзіндік сыры бар екен. Жаугершілік кезінде төбеде тұрған сақшылар, от жағып белгі беріп отырған. Бұл төбененің айналасында тарихтан сыр шертетін қалдықтар мен құмға толған қорғандар да кездеседі. Төбеден солтүстік жағына қарасақ, Мұрынқарақ тауы көрініп тұрады. Мұрынғарақ тауын танып білу үшін , тарихи терең деректерден түсінік алғанымыз дұрыс. Біз аңыздан оқып білетін Мұңлық пен Зарлық Байырқұм, Жиделі ауыл маңына жақын жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында өмір сүрген деп дәлелдегім келді. Аңыз туралы деректер аз емес екен. Бірақ, өзім көрген мола қорымдарына қарап, аңыздың өзі шындыққа жанасатынына сенемін. Менің зерттеу жұмысым –біз білетін Мұңлық пен Зарлық тек аңыз ретінде ғана қабылдамай, оның өмірде өткендігін дәлелдеуге арналған. Сонымен қатар, Қазақстанның орографиялық нысандары қатарында көп аталмай қалатын Мұрынқарақ тауының бар екендігі, ол тауды атағанда Алатаудай батырды қатар атап көрсетіп, жас ұрпаққа паш ету мен сипаттау болып отыр.

Негізгі бөлім

Берке Науан -Тәуекел ханның азан шақырып қойған аты. Тәуекел хан тұсында Жеті жарғы заңы қабылданады. Сол кезде, Әз Ғараб Тәуекел ханның кеңесші биі мен уәзірі болған екен. Хан сарайында қолбасылық қызметпен қоса, ерекше әскери шеберлігімен ел шекарасының беріктігін ұстаған. Хан Тәуекел Әз Ғарабты Иран елімен арадағы ел шекарасын тексеріп қайтуға аз ғана қолымен жібергенде, жау жансыздары арқылы қолға түсіп қалады. Енді қандай шара бар деп ойланып отырған батырдың иісін сезіп аты келеді. Батырды «Наршолақ» аты құтқарып алып шығады. Аяғына байланған қойтастарымен бірге, атының жалына жабысып, суылдап жөнелген батырға қызылбастардың өзі таңқалған деседі. Жау қолынан қашып келген Әз-Ғарап былай дейді:

Тектілермен тең басқан,

Тексіздер жолда адасқан!

Кім айтып жүр осал деп, қай жерімді?

Қазақ-қызылбас арасы тең бөлінді-дейді. Сонда бәрін түсінген Тәуекел хан «Басыңды мұнар шалса да шайқалмайтын» сен нағыз Алатаусың Алатау батыр деп атап, содан Әз-Ғарап Алатау батыр атанған екен. Тәуекел ханның Самарқанд, Бұқараға жасаған жорығында бас қолбасшы болып, кейін Есім ханның қалмақпен шайқасқан жорықтарында қазақ жасақтарының құрметті қарт ағасы атағына ие болған батыр. Батырдың өзбек, түркмен , қырғыз жасақтары арасында есімі танымал болып, Самарқанд шахарына қала-мемлекет статусын әперіп, оған Жалаңтөс бахадүрді әмір етіп қойған. Содан-ақ Бұқара, Хиуа хандары арасында беделді болғанын білуімізге болады. Алатау батыр 1560-1640жылдар аралығында өмір сүрген қолбасшы, саяси қайраткер. Осы Алатау батыр күмбезі Мұрынқарақ тауының төбесінде орналасқан. Мұрынқарақ Қарақ таудың ең биік нүктесі , теңіз деңгейінен 388 м.Таудың төбесінде ескі мола болғандықтан ресми құжаттарда Қарамола тауы аталғанымен, ескі ақын Майлықожа, Ергебек шығармаларында Мұрынқарақ деп аталады. Қарақтаудың Бала Қарақ, Жалаулы, Күлшоқы, Бесшоқы деп аталатын таулары мен жоталары бар. Ертеде Мұрынқарақ тауының етегіндегі «Ешкілі» деген көлдің маңын қазақтардың Қоңырат тайпасы мекендеген екен. Ешкілі көлдің орны әлі күнге дейін сақталынған.

Ескендір мұңшы Алатаудың әскери соғыс жүргізу айла тәсілдері туралы, бекінген жауды алу, жазық жерде және таулы жерде немесе су тоғандары ортасындағы жау әскерімен қалай соғысу жайлы жазылған «Жансебіл» атты кітабы бар. Жансебіл сөзінің мағынасы, түркілерге ортақ шағатай тілінен аударғанда, адамның он екі мүшесін соғыс жағдайына төзімдету деген түсінік беретін болған. «Жантәсіл» атты кітабы жау шапқанда қорғану тәсілдері туралы. Жантәсіл сөзінің мағынасы, он екі мүшеге қару сілтеу деген ұғымды білдіреді. Сол кездегі қазақ батырлары, оң иықтарына, ақ киізге алтын жіптермен Бүркіттің шеңгелі бейнеленген киімдер киетін болған. Осындай таңбамен киінген Алатау батыр ат үстінде еркін, ұршықша айналып, ойнап, қылыш пен найзаны бірдей меңгеріп, жекпе жекке шыққан жау қарсыласын састырып, басын бірақ қағып отырған деседі. Бұл жекпе-жекті Бозша ірілік деп атап, шәкірті Жалаңтөске үйреткен. Алатау батыр жекпе-жекке сауытсыз, басына сәлде орап, тек найза және қылышпен шығып отырған. Мұндай жекпе-жекті көрген орыс патшасының елшісі Тевкелев «Белый сокол» деп жазып алған екен. Алатау батыр өзінің меңгерген шеберлігімен Иран шахы қызылбастардың бас Бахадүрімен жекпе-жекке шығып жеңеді. Содан кейін қазақтар мен қызылбастар арасында келісімге келу жағдайы туады. Осы соғыс Қарақтау жоталарында, Мұрынқарақ тауы етегінде болған . Жергілікті қариялардың сөзіне құлақ ассақ, батырлар шайқасып жатқанда, Мұрынқарақ тауының төбесінде үлкен қарақұстар қонақтап отыратын көрінеді.

Арыс қаласы Байырқұм елді мекені мен Жиделі ауылынан 4,5-5 шақырым жерде Мұңлық және Зарлық мола мұнарасы орналасқан. Қазіргі күнде ескіріп, құлаған мұнара жаңартылып орнатылған. Біз білетін «Мұңлық-Зарлық» шығыс сюжетімен құрылған жыр, аңыз. Ел арасында ауызша нұсқаларымен қатар қолжазбалар Мәскеу, Санкт-Петербург ,Қазан, Алматы қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында сақталынғанын білеміз. Жырдың халық арасында кеңінен таралуына қиссашыл ақын Жүсіпбек Шайхысыламұлы көп еңбек еткен. Ол ауызша тараған үлгісі негізінде жырды қара сөзбен өлең аралас қайта жырлап , 1896-1916 жылдары Қазан қ-да «Хикаят Рисале-и Мұңлық-Зарлық» деген атпен 10 рет жариялаған. Жыр сюжеті қазақ ертегі, аңыздарымен сарындас, онда батырлық эпоста кездесетін сөз орамдары мен бейнелеу тәсілдері қолданылған. Ерте заманда Шаншар хан ел билеп, алпыс әйелі болса да бір балаға зар болған екен. Жасы алпысқа таяған сәтте балықшы Жәудір шалдың жалғыз қызы Ханшайымға үйленеді. Бір ұл, бір қыз дүниеге әкелгенде, алпыс тоқал ханды алдап, Ханшайымды дариядағы барса келмес аралына апарып тастайды. Екі баласын Шөгірлі тауына апарады. Ұлы ержетіп қалмақтың Күлмес ханының еліне барып, сынақтардан сүрінбей өтіп, қызын алып келеді. Келген соң қарындасы екеуі анасы мен әкесін табады. Осы оқиға Қарақтауы мен Сырдария бойында болған екен.

«Мұңлық пен Зарлық» туралы мынадай да аңыз бар. Ертеде қахарлы хан болады. Оның жалғыз қызы бір кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді. Мұны білген хан, жігітті дарға асады екен. Жігіті өлген соң, қызы мезгілі келіп, үйінде босанады. Хан елден, сөзден ұялып, мыстан кемпірге сәбилердің көзін жоюды тапсырады. Мыстан кемпір, сәбилерді биік ағашқа біреуін шығысқа, екіншісін батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелер жылап, олардың жасынан ағаш суалып, қурай бастайды. Сәбилердің жүрек соғысы тоқтаған сәтте, ағаш та өсуін тоқтатыпты. Ханшайым сәбилерін іздеп, бармаған жері қалмай, шаршап бір қураған ағаштың түбіне демалып отырып, ұйықтап кетеді. сазды әуен құлағына келіп оянады. Тыңдаса ән салып тұрған ағаш екен. Биік ағаштың төбесіне шығып, жан-жағын қараймын деген де қураған бұталары сынып, құлайды. Бірақ, ағаш сонда да ән салуын тоқтатпайды. Қыз ағаштың құпиясын білейін деп қараса, жіңішке басында екі бұтаққа керіліп тұрған ішектерді көреді. Бұл сәбилерінен қалған жұрнақ еді. Егізінің өлімінен хабары жоқ қыз, қуыс ағаш жасап, ішектерді соған керіп соған тағады. Шертіп көреді, жанына жағымды естіледі. Бостау жағы мұңды болғандықтан ұлым Мұңлық деп, зарлы шығатын жағын қызым Зарлық деп атап, күндіз-түні күй шығарып тастамай ел кезіп, сәбилерін іздеп кеткен екен дейді. Қай аңызымыз шындыққа жанасса да, Ханшайым мен Зарлықтың жер болып, тегістелген қабірін алғаш тапқан Асылхан молда деген кісі. 3-4 ғасыр бұрын қойылған сынатастағы жазуды, Ханшайым мен Зарлық есімдері жазылған жазуды оқып, елге түсіндіреді. Кесене ішінде бес адамның моласы болған. Қабірлер беті тегістеліп, кішкене төбешік қана көрініп тұрған. Қара мәрмәр тасқа «Мұңлық-Зарлық, анасы Ханшайым, әкесі Шаншархан патша. Дүниеден өткеніне 440 жыл 1996 жылы қойылды деп жазылған.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.- https://everything.kz/article/36594582-mly-zarly-ayz-ben-shyndy

2.- https://vk.com/wall-152452716_1261

3.- https://www.inform.kz/kz/munlyk-zarlyk-kesenesine-kyzygushylar-sany-artyp-keledi_a3036063

4.- http://zhubanov.edu.kz/media-files/kz/gylym-men-innovaciyalar/aomu-gylymi-basylymdary/isaev.pdf

5.- https://kk.wikipedia.org/wiki/Қарақтау

6.- https://vk.com/wall-69230091_574827

7.- https://everything.kz/article/14306323-ote-erte-zamanda-syr-irindegi-mrynara-tauy-eshkili-kli-maynday-oyrat

8.- https://bilim-all.kz/article/10205-Munlyq-—-Zarlyq

9.- https://www.inform.kz/kz/munlyk-zarlyk-kesenesine-kyzygushylar-sany-artyp-keledi_a3036063

10.- https://everything.kz/article/36594582-mly-zarly-ayz-ben-shyndy

11.-Қазақ ұлттық энцеклопедия

12.-Қазақ әдебиеті энцеклопедиялық анықтамасы

13.-Прозалық фольклорлық аңыздар

14.-Жер-су атауларының анықтамалығы Арыс Алматы

15.-Көксарай Мәдени танымдық этнографиялық кітап-альбом

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!