Материалдар / түрлі жастағы балалармен жұмыс жасаудың түрлері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

түрлі жастағы балалармен жұмыс жасаудың түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге әдістемелік көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Наурыз 2018
1882
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түрлі жастағы балалармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жалпы мәдениетті қалыптастыруға, дене,зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық және жеке қасиеттерін дамытуға, оқу әрекетінің алғы шартын қалыптастыруға, мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулықтарын нығайтуға және сақтауға бағытталған.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты міндеті Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту негізінде мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын жетілдіру және білім беру үрдісіне инновациялық әдістер мен технологияларды ендіру.Біріншіден балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру салаларын кіріктіруЕкіншіден мектепке дейінгі білім беру мектептің сабақтастық ұстанымын іске асыруҮшіншіден мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша педагогтарға әдістемелік көмек көрсету және ата-аналарға кеңес беру.Бағдарламаның мазмұны әдістемелік қолдауды және мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.Әр түрлі жастағы балалар тобымен оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс жүргізу педогогтар мен әдіскерлерге қатысты болады. Мұндай топтағы оқыту мен тәрбиенің өзіндік қиындықтары бар, себебі ұстаздардың білім, біліктілері әр түрлі жастағы балалармен жұмыс жүргізе алу шеберлігін талап етеді.Баланың психологиялық жас ерекшелігімен қатар, олардың жыныстық ерекшелігін ескерген жөн. Әр түрлі жыныстағы жас нәрестенің де даму үрдісі әр түрлі болады. Қыз балаларға қарағанда ер балалардың ми дамуы жедел болады, ал қыз балаларда виртуалды қабілеттері жетік дамиды. Сондықтан да қыз бала мен ер баланы оқытуды 4 жастан бастап қолға алған дұрыс.Сол себепті тәрбиеші күнделікті сабаққа дайындалғанда балалардың интеллектуалды – психологиялық қабілеттерін ескере отырып дайындалуы керек. Мектепке дейінгі шағын орталықтарда ғылыми әдістемелік негіздегі үрдіс әртүрлі жастағы әр топтағы тәрбиенің нақты шарттарының дұрыс болуын талап етеді. Кез келген жағдайда тәрбиеші топтың құрамын нақты анықтап соның ішінен 2-3 топқа бөліп, соған сәйкес оқу-тәрбие шараларын ұйымдастыруы керек.Оқу –тәрбие шараларында мақсатқа жетудің тиімді тәсілі жас ерекшеліктері сәйкестеу келетін балаларды топтастыру болып табылады. Мұндай жағдайда баланың максималды қабілеттерін ескерген дұрыс. Әр топтағы балалардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне жауап беретін ортақ тәртіп орнатылады, жеке жұмыстармен сабақтар өткізуге қолайлы жағдай жасалады.Әр түрлі жастағы топтарда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың тиімді жақтары болады. Біздің байқауымызша әртүрлі топтағы жасы кіші балалар өздерінен үлкен балалардың айтқан кеңестері мен ескртулерін тыңдап, бірлесе жұмыс жасағанда олардың жетекшілігін қабылдап, бірлесіп жұмыс жасауға талпынады.Жасы кішілердің ересектермен үздіксіз қатынаста болуы, олардың достық қатынасы мен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Кіші жастағы балаларға ересектер ерекше үлгі бола алады. Балалардың тек бақылаушы болуын қамтамасыз ету тәрбиешіге жүктеледі. Әртүрлі жастағы топтармен жұмыс жүргізудің екі түрлі формасы бар; оқу және ойын, олардың негізгі мақсаты тәрбие және әр тәрбиеленушінің жеке дамуы. Қорытындысында мен мынадай ұсыныс жасаймын:1.Әр жастағы топпен жұмыс істейтін тәрбиеші оқытудың мақсат, міндет мазмұнның анықтап алу керек.2.Әр жастағы топтық жұмыстың негізі оқу іс-әрекеті болып қала береді,топтарды біріктіре оқытқан кезде бір топтың жұмысы екінші топтың жұмысына кедергі келтірмеуі керек.Оқу іс-әрекетінде бірдей және жақын тақырыпты таңдап алған дұрыс.3.Оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырғанда мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің жас ерекшелігі мен жыныстық ерекшелігін ескерген жөн.







































































































































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!