Материалдар / "Түрлі-түсті бояулар арқылы бала қиялын дамыту жолдары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Түрлі-түсті бояулар арқылы бала қиялын дамыту жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Түрлі-түсті бояулар арқылы бала қиялын дамыту жолдары" балабақша тәрбиешілеріне арналған шығармашылық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2024
581
5 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сайрам ауданы Көлкент ауылы

«Salim-bi» балабақша жеке мекемесі







Айым тобының

Шығармашылық жұмыс

«Түрлі-түсті бояулар арқылы бала қиялын дамыту жолдары»






Тәрбиеші: Т.С.Абдикаримова










Көлкент

2023-2024 жыл









Түрлі-түсті бояулар арқылы бала қиялын дамыту жолдары.

Қазіргі уақытта еліміздің білім саласында бала бойында шығармашылық, икемділік, ерекше ойлау, шексіз қиялдау және күтпеген ерекше шешімдер қабылдау сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге негізгі көңіл бөлініп отыр. Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа бейне жасау процесі –қиял деп аталынады. Қиялдың     алғашқы  көріністері  үш  жасар  бөбектерде  байқалады.  Мұны бөбектердің     қызық    ертектерді  шын  ықыласымен  тыңдауынан,  

ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен  берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала  қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс  жатады.Себебі  бала  санасында  кез-келген  нәрсенің  бейнесі  оңай  тоғысады  да, бұдан  керемет  қиял  көріністері  құралады.  Баланың  өмір  тәжірибесі  өсе  келе,  қиялы  да  шындыққа  біртабан  жақындап  отырады.  Мәселен,  бала   шимайлап  бір  нәрсенің  суретін  салады,  оны  шындықта  бар  нәрсеге

 ұқсайды  деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да). Сонымен қиял    дегеніміз— сыртқы     дүние    заттары  мен  құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек  адамға ғана  тән психикалық процесс. Қиял процесінің  адам  әрекетінің қандай  саласында болмасын зор маңызы бар. Қиял  арқылы  бала ондағы жанды  бейнелерді көз алдына   елестеткендей,

қолымен  ұстағандай,  құлағымен  «еститіндей»  күйге  түседі.

Балабақша  - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын  сабақтардың   мәніне  түсіну  қиялсыз мүмкін емес. Мәселен,     табиғатты  суреттейтін,  немесе  қандай  да  болсын  оқиғаны         баяндайтын  бір  материалды  түсіндіргенде тәрбиеші арнаулы тәсілдер арқылы оқушылардың қиялын оятады. Шығармашылық - бұл адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеуі, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана балабақшадан өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Баланы балабақшадан бастап шығармашылдықпен ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Баланың қиялдан туған шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтаутпсихология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.Сол себепті балабақша табалдырығын жаңа атаған баланың нәзік саусақтары бірден икемге көніп кетпейді, қылқаламмен дәл, нақты сызықты бірден түсіре алмайды. Сурет салудағы алғашқы сәтсіздік баланың көңілін түсіреді. Сондықтан баланың іс-әрекеті сәтті болуы үшін жағдай жасау керек. Баланың өз күшіне сенімін арттырып, кішкентай суретшілер болып қағазда түрлі туындылар салатынына сендірудің бірден бір жолы бейнелеудің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері. Бала дәстүрден тыс әдіспен сурет салған 1-2 сабақтан соң келесі сабаққа келгенде «Бүгін немен сурет саламыз?»-деген сұрақпен, қызығушылықпен келеді.

Бала кез келген әрекет барысында ғана емес, тек дамытушы әрекет барысында дамиды. Егер бала үлкендердің көрсеткенін қайталап қана отырса, мұндай әрекет репродуктивті қалыпта болғандықтан нәтижесі төмен болады. Керсінше, егер бала әр түрлі, ылғи өзгеріп отыратын жағдайларға белсенділікпен шығармашылықпен, қызығушылықпен қатысса, ол үнемі дамиды. Мысалы, алақан, саусақ, табандарымен, әртүрлі таяқшалар, жіптер, мәсуек, далаппен сурет салуды қызық көреді. Қарапайым нәрсенің жаңаша қызметін ойлап шығарып, оларды бейнелеу өнеріне жаратып, таңқаларлық сурет салуға қолдану-бұл сондай тамаша! Кішкентай суретшімен бірге, оның әдемі шыққан жұмыстарына ерекше көңіл бөлуге болады.

Портфолио жинау,түрлі-түсті бояулар арқылы салынған суреттер қабырғасы,арнайы көрме жасау дәл осылар баланың шабытын асыра түседі.

Баламен бірге суретке байланысты қысқа әңгімелер мен ертегілер құрастыру,баланың қол жеткізген табысы туралы ата-анасына мақтаныш, сүйіспеншілікпен айту.Осының бәрі бала бойында табыстылық, жетістік сезімінің, өз-өзіне сенімділік пен сезімталдықтың дамуына әсер етеді және көркемдік-шығармашылық әрекетінің маңыздылығын айқындайды.

Бейнелеу өнері сабақтарында жұмыс екі негізгі бағытпен жүргізіледі.

1.Бірінші бағыт балаларды бейнелеу өнерінің құралдарымен жұмыс істеудің жаңа әдістерін үйретуге байланысты.

2.Екінші бағыт балалардың қиялын, елестетуін, тілін дамытуға байланысты.

Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдістеріне байланысты әрекет екі бағыттың мазмұнын өз ішіне қамтиды.

Біріншіден, мұндай сабақтардағы көркем шығармашылық іс-әрекет қуанышты көтеріңкі көңіл-күй тудырады, жағымды эмоциялық жағдайды қамтамасыз етеді. «Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім.» - Әбілхан Қастеев қазақтың әйгілі кескіндемешісі,суретшісі.Яғни баланың тұлға болып қалыптасуына,қиялының жетік болуына табығаттың таң ғажайып құбылыстарымен ондағы түстердің әр-алуандығы сапасы, көлемі, пішімі әсер етеді. Ал соны сабақпен байланыстырып, баланы жетелейтін тәрбиешіге әдіс-тәсілдер қолданған сабақ баланың қиялын арттыра түседі. Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымның қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.Оқу іс-әрекеттерін дәстүрден тыс үрдісімен өткізу балалардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытады.Сондай үрдістің бірі балаларды дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы бейнелеуге үйрету. Түрлі-түсті бояулар арқылы бала қиялын дамыту.

Нүктелер арқылы сурет салу

Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет) дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекелеген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады.

Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері әр түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты болады. Бұл әдісті қолдануда суреттің сыртқы сызығын бормен, ал соңынан ішін түрлі-түсті нүктелермен толықтыруға болады. Педагаг контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады.

Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.

Shape1





























«Көкөністер» бастырмасы

Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе, көкөніс қалдығынан балалдың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі.

Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан түрлі пішіндер:

  • Шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;

  • Штампты гуашьқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояқ жағу;

  • Қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру.

Штамптар көмегімен мата, кілем үлгілерінің эскизін жасауға немесе ұлттық ою-өрнектерден сәндік композициялар құрастыруға болады.

Жұмысқа ұлттық нақыш беру үшін жеке суреттер мен ұжымдық жұмыстарды әшекейлеуде ұлттық ою-өрнектерді жүйелі қолдану өте маңызды. Балалар ою-өрнекті бейнелеу арқылы қеңістікті бағдарлауға үйренеді және олардың аттарын есінде сақтайды.







Саусақпен сурет салу

Саусақпен сурет салу – алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі.

Бұл әді гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі.

Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, порролонды қолдануға болады. Қолдану ережесі:

  • Бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;

  • Әр саусақты бір түсті бояуға батыру, қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен сүрту.

Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады.

Үлкен ақ қағазда (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз алақандарын бастыру арқылы түсірсе өте әдемі сурет шығады.

«Саусақ кескіндемесі(живопись)» көмегімен орамалды әшекейлеу, аңдардың іздері, пейзаж суреттерін тамаша етіп бейнелеуге болады.











«Дақ» графикасы

Бұл әдіс түспен эксперимент жасауға, суретті өз қалауы бойынша аяқтауға мүмкіндік тудыратындықтан бала үшін өте қызықты болып табылады.

Бұл үшін:

  • Қағазды екіге бүктеу;

  • Оның бір бөлігіне субояқтан ашық түсті дақ түсіру;

  • Қайтадан қағазды бүктеп, үстінен қолмен сипау (субояқ кеппей тұрғанда) керек.

Ашып қарағанда симметриялық бейне пайда болады. Енді тек қандай затқа ұқсайтынын тауып, жетпеген бөлшегін толықтырсақ болғаны.

Мұндай суретті целлофан көмегімен де түсіруге болады:

  • Дымқыл қағазға субояқ дағын түсіру (түстерді бір-біріне араластыра түсіруге болады);

  • Субояққа гүл, жапырақ, шөптер қоюға болады;

  • Полиэтилен қапшықпен жабу (оның көлемі қағаздан үлкен болуы керек және ауа көпіршігін қалдыруға болады).

Целлофан кепкен соң бейнені жеке сурет ретінда қолданады немесе ұжымдық жұмыс етіп біріктіреді.

Балалар «сиқырлы дақтарды» (пайда болған бейнені) атайды және түрлі оқиғалар ойлап табады.

Мұндай сабақтар баланың қиялын, тілін дамытады.











Салют

Балалар «салют» деген жалғыз ауыз сөздің өзін естігенде қуаныш сезімін бастан кешіреді, ал оны қағазға бейнелеуге деген ұсынысты бірден қабыл алатыны сөзсіз. Бұл үшін:

  • Майлы бояуға (акварель) жуан қылқаламды батыру;

  • Оны қағазбен параллель бағытта ұстау;

  • Қылқаламды қағаз үстінде ары-бері жылжыта отырып, қарындаш немесе таяқшамен ақырын қағу.

Қағазға «түрлі-түсті от» тамшылайды. Бояу түсуін ауыстырып отыруға болады.Күндізгі «салюттің» әдемі бейнесі пайда болады.Түнгі «салютті» бейнелеу үшін:

  • Қағазға майлы пастельмен түрлі-түсті отты бейнелеу;

  • Бетті қара майлы бояумен бояу керек.

Пастельдің үстінен бояу жұқпайды, сондықтан бұл түрлі-түсті тамшының «сиқырлы» бейнесі балаға қатты ұнайды.

Өсімдіктермен бастыру әдісі

Гүлдер, шөптер, бұтақшалар, ағаштардың жапырақтары аталмыш әдіске қолдануға жарамды болып табылады.Әсіресе, жазғы уықытта табиғаттан бастыру құралдарын көптеп жинастыруға болады.

Бұл ретте реңді таңдап алу үлкен маңызға ие, себебі, түсті қағазда жапырақтар,өсімдіктер, олардың шеттері, өзек сызықтары анық көрінеді.

Гүлдер, шөптер, жапырақтар қыздырылған үтік арқылы немесе кітаптың арасына салынып кептіріледі (ең бастысы, қатты үгітіліп кетпеуі керек).

Өсімдікті:

  • Ескі газет бетіне орналастыру;

  • Оны гуашьпен бояу;

  • Бояуы бар жағымен даярланған реңге орналастыру;

  • Үстінде парақ қойып, қолмен жеке бастыру керек, бояу кеуіп кетпес үшін жұмыстың тез орындалғаны жөн.

Бастыру әдісі арқылы балалар ғажайып суреттер салады, гербарий жасап үлкендердің көмегімен әр өсімдіктің атын үлкен етіп баспа әріптермен жазады.

Жеке үлпілдек бұтақшалармен де суреттер салуға болады. Бұл, әсіресе, аңдарды бейнелеуде қолдануға ыңғайлы, олардың жүндері суретте ерекше қопсып көрінеді.Бұл әдісте бояу сұйықтау болғаны дұрыс.

Балалар таныс заттың өздері білмейтін қыры мен сырын ашқандарына және сурет салудың нәтижелі болғанына ерекше шаттанады.

Түрлі-түсті бояулар арқылы бала қиялын дамыту жолдарын сабақта әдіс-тәсілдер қолдана отырып ,өз мақсатымызға қол жеткіземіз.Шығармашылық жұмысымды атақты Пабло Пикассоның сөзімен аяқтағым келді... «Егер шындық біреу болғанда, мен бір тақырып төңірегінде жүздеген сурет сала алмас едім.»

Қорыта айтқанда, көркем-шығармашылық әрекеті, бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс түрлері сурет салу мүмкіндігін арттырумен бірге баланың шығармашылық қабілеттілігін, қиялдауы мен ойлауын, жауапкершілігін, өз пікірін ашық айтуын, дербестігін –барлық қасиеттерінің ашылуы мен дамуына септігін тигізеді. Дәл осы қасиеттер бүлдірішін балалардың өмірдегі жетістік формуласының негізі болып табылады. Бала қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Тәрбиеші де, баланың ата-анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Балалардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатпен түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т. б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!