Түрлі түсті қарандаштар. Табиғат көрінісін салу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түрлі түсті қарандаштар. Табиғат көрінісін салу

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға түстер туралы қысқаша мәлімет беру. Бейнелеу өнерінің түрлері мен, жанырларымен таныстыру, осы жанырда сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрені.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 6

Күні: ______________________________

Тақырыбы: Түрлі түсті қарандаштар. Табиғат көрінісін салу.

Сабақтың мақсаты:

Б) оқушыларға түстер туралы қысқаша мәлімет беру. Бейнелеу өнерінің түрлері мен, жанырларымен таныстыру, осы жанырда сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрені.

Д) өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту, жанрлар ерекшелігін кеңейту, жанрлар ерекшелігін ажырата білу қабілетін дамыту.

Т) эстетикалық тәрбие беру, суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, журналдар.

Сабақтың қажетті құрал жабдықтары: карандаштар, сурет дәптерлер, түрлі - түсті бояулар, акварель, гуашь бояулары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа қажетті құралдарын түгендеу.

ІІ-Үй тапсырмасын тексеру

1.Натюрморт дегеніміз не?

2.Натюрморт сөзі қандай мағына береді.

3.Графика дегеніміз не?

4.Бояу түрлері қандай түстерге бөлінеді?

5.Белгілі суретті қағаз дұрыс орналастыру қалай аталады.

6.Натюрморт тақырыбында сурет салған суретшілерді атаңдар.

7.Қарапайым натюрмортқа неше зат жатады.

ІІІ-Жаңа сабақ

Табиғатта негізінен бес бояу түрі бар. Олар: ақ, сары, қызыл, көк және қара. Бірақ бір бояудың өзінде қаншама реңк бар десеңізші. Қалған бояулардың бәрі негізінен, осы түстердің қатысуымен жасалады. Кескіндеме бояулар жылы және суық түсті болып бөлінеді. Оны өткен сыныптарда оқыдыңдар. Кескіндеме жазуды үйрену үшін бастапқыда гуашь немесе акварель бояуын пайдаланған жөн. Біз өзімізге таныс акварелді таңдайық. Акварельмен сурет салу барысында суретшінің суды қалай пайдаланғаны да оның жұмысына, техникасына әсер етеді. Суды жеткілікті түрде пайдаланып, ірі және ұсақ дақтармен сурет салуға болады.

Ал кейінгі кезде суретшілер сумен араластырылған сұйық бояумен жазатын техниканы ойлап тапты. Осы техника арқылы қайталанбас бояу реңін көрсете алатын дәрежеге жетті.

Берілген натюрморттың нобайын қағазға түсіреміз. Мұнда композиция және құрылыс заңдарын бұлжытпай орындауымыз қажет. Қарындашпен натюрморттың жалпы нұсқасын салғаннан кейін, артық сызықтарды өшіреміз.

Осыдан кейін натюрмортты бояймыз. Керекті түсті алу үшін бояуларды араластыратын палитра шығару керек.

ІҮ-Сарамандық жұмыс

Пейзаж. Суретті 3- кезеңге бөліп саламыз.

1-кезең: аспан мен жердің қиылысқан сызығын анықтаймыз.

2-кезең: көзімізге жақын көрініп тұрған заттарды жай карандашпен белгілеп аламыз.

3-кезең: бейнеленген заттардың барлығының жарық жерлерін ашық түстермен бояп аламыз. Қалған боялмаған жерлерді палитраның көмегімен бояп жұмысты аяқтаймыз.

Ү-Сабақты қорытындылау

Біздің бүгінгі сабағымыз не туралы болды. Әр оқушы өз ойын айтады.

Бейнелеу өнерінің түрлерін атаңдар?

Табиғатты бейнелейтін қандай жанр ата?

Қазақтың кәсіби суретшісі кім?

Қазақтан шыққан тұңғыш әйел суретшісі кім?

Жылы түстерді атаңдар?

Суық түстерге қандай түстер жатады.

Ахроматикалық түстерді ата?

Қосымша түстерге қандай түстер жатады?


Ү-Үйге тапсырма

Суреттерді аяқтап келу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1711
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі