Материалдар / «Тұрмыстық зомбылықтың алдын алу туралы» тәрбие сабағы 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тұрмыстық зомбылықтың алдын алу туралы» тәрбие сабағы 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2021
582
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тұрмыстық зомбылықтың алдын алу туралы»Заң

Мақсаты :

Балалармен ата-аналарды және ересектерді қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты зорлық - зомбылық пен қатыгездіктің зияны мен салдары туралы түсінік беру, талқылау.

Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттыру. Заң сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру.


Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.

Жалпы жер жүзінде балалардың құқықтарын қорғау тарихы аз-ақ уақытты құрайды деп айта алмайсыз. Бұл жөніндегі алғашқы ұйым әлемде 1919 жылы пайда болыпты. 1924 жылы – Ұлттар лигасының Женева Бала құқықтары туралы декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының Бала құқықтары декларациясы қабылданса, 1979 жыл Халықаралық Бала жылы болып жарияланды және тек он жыл өткеннен кейін ғана Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды. Яғни 1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау жөніндегі маңызды конвенцияларға қосылды. Бұл конвенция бала құқықтарын айқын белгілеген басты құжат болды. Бүгінгі күні аталған Конвенция әлемнің барлық елдері қол қойған халықаралық құжат болып табылады. Бұл халықаралық құжатты Қазақстан Үкіметі 1994 жылы ратификациялады. Осы кезден бастап біздің мемлекетіміз миллиондаған қазақстандық балалардың құқықтарын қамтамасыз етуде айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Ең бастысы - 2004 жылы тамызда «Бала құқықтары туралы» Заң қабылданды.

Балалар құқықтары туралы халықаралық конвенциядан ( слайд арқылы көрсетіледі )

Мемлекет әрбір баланың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.

Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.

Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.

Әрбір баланың ой-пікірі, ар-ождан және дін еркіндігене құқығы бар. Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.

Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы.

Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Сіздің түсінігіңізше «Зорлық – зомбылық» түсінігіне не жатады және оның түрлері қандай?

Физикалық: итеру, жұлмалау, алақанмен жұдырықпен немесе басқа да заттармен ұру;

Сексуалды: күштеп жыныстық қатынасқа итермелеу, қорқыту, бопсалау, зорлау;

Психологиялық: ауызша тіл тигізу; бопсалау; өзіне қатысты немесе басқалардың тарапынан қоқан лоқы күш көрсету, қорқыту; бақылауға алу;

Эмоционалдық: оның намысына тие отырып, орындауына мәжбүрлеу;

Экономикалық: балаларды тәрбиелеуден бас тарту;

Балалар еңбегін қанау: еңбек етуге мәжбүрлеу, құлдық, бопсалаушылық.















Сараптама

Тақырыбы: «Тұрмыстық зомбылықтың алдын алу туралы»

Мақсаты :

Балалармен ата-аналарды және ересектерді қоғамда кездесіп отырған балаларға қатысты зорлық - зомбылық пен қатыгездіктің зияны мен салдары туралы түсінік бердік, талқыладық.

Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйреттік және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттырдық. Заң сыйлайтын тұлғаны қалыптастырдық.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!