Материалдар / Түсінік хат 5-9 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түсінік хат 5-9 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Түсінік хат 5-9 сыныптар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Тамыз 2024
815
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат


«Қазақ тілі мен әдебиеті» Оқыту орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылады.ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген 5-9 сыныптарға арналған Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 , 17.08.200 бұйрықтар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары ( 25.10.17ж. №545 бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулар).

«2020-2021 оқу жылында ҚР Жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ҚР БҒМ әдістемелік нұсқау хаты.

5-9-сыныптарда оқу процесі жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту орыс тілінде) жүзеге асырылады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілген.

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  2. 6-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  3. 7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  4. 8-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  5. 9-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.

2. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» деңгейлерін (B1, B2) негізге ала отырып, айқындалған.

3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны 5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады.

4. Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.

5. Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды:

1) тыңдалым;

2) айтылым;

3) оқылым;

4) жазылым;

5) тілдік бағдар.

6. «Тыңдалым»бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) болжау;

2) назарын шоғырландырып тыңдау;

3) сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;

4) көркем шығармаларды тыңдау;

5) негізгі ойды анықтау;

6) тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.

7. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) мәтіндегі ақпаратты анықтау;

2) стильдік ерекшеліктерді анықтау;

3) көркем шығармаларды оқу;

4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;

5) қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу;

6) өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.

8. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру;

2) эссе жазу;

3) көркемдегіш құралдарды қолданып жазу;

4) мәліметтерді жинақтау;

5) орфография және пунктуация.

9. «Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) сөздік қорының алуандығы;

2) сөз мәнері мен сөйлеу этикеті;

3) орфоэпиялық нормаларды сақтау;

4) мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау;

5) сенімді және еркін жауап беру;

6) визуалды материалдар арқылы тілді дамыту.

10. «Тілдік бағдар» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) сөз таптары;

2) сөйлем.


Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 43-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) саны көрсетілген:


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен қазақ тілді емес мектептерде сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады:

22 наурыз – Наурыз мейрамы;

  • 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні;

  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

  • 9 мамыр Жеңіс күні;

  • 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.

6 шілде – Астана күні;

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;

1 қыркүйек – Білім күні;

22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні.

15 қыркүйек Қазақстан Республикасы Ұлттық валюта күні;

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

16-17 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.


Сонымен қатар келесі атаулы күндерді ескеру ұсынылады:

06.07 – Қазақстанның Тұңғыш Президенті, «Қазақстан жолы», «Тәуелсіздік толғауы» еңбектерінің авторы Н.Ә.Назарбаевтың туғанына 80 жыл (1940 ж.)

10.08 – қазақ ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл (1845-1904).

02.01. – жазушы, драматург, аудармашы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі Медеу Сәрсекенің туғанына 85 жыл (1936 ж.)

09.01 – қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931 – 1976)




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!