Түсті металдар өндірісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түсті металдар өндірісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Түсті металдар өндірісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

«Арнайы пәндер»

бірлестігінің жетекшісі

___________ Ш.Е.Назарова

«___» ________ 2020 ж.


Күні: 20.10.2020 ж

Оқу тобы: АНЖ-191

Сабақтың тақырыбы: Түсті металдар өндірісі

Сабақтың мақсаттары: Түсті металдар түрлерін түсіндіру.

Білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түсті металдар өндірісін таныстыру. Білімгер алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу қабілетін арттыру.

Дамытушылығы: Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жаңа сабақты түсіндіру .

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:. Болаттан жасалған автокөлік бөлшектері,видеоролик


Сабақ/оқу барысы

Реттік

Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Журналға белгі қою. Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау)

Құйма құрылымын, түрелеріне сипаттама.

3

Жаңа сабақты меңгерту (материалды) түсіндіру

Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түсті металдар өндірісін таныстыру. Білімгер алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу қабілетін арттыру.


4

Өтілген сабақты (материалды) бекіту

Білімгерлердің алған білімін қысқаша түсіндіру арқылы қорытындылау


5

Үйге тапсырма

Сабақпен танысу, жалпы сипаттама

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Жаңа сабақты пысықтау



Арнайы пәндер оқытушысы: А.Т.Таласбай





Сабақтың өту барысы

І Ұйымдастыру.

  1. Сабаққа дайындықтарын тексеру

  2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Маңызды сөздер(шарты: сөздердің мәнін ашу)


Сабақтың құрылымы мен мазмұны.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің сабаққа дайындығын тексеру


II .Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:

Үй тапсырмасын сұрап, білімдерін қосымша сұрақтар арқылы тексеру


III. Жаңа тақырыпты меңгерту.

1. Жаңа сабақты түсіндіре отырып, түсті металдар өндірісін таныстыру.

2.Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу қабілетін арттыру


Түсті металдар өндірісі


Түсті металдар мен олардың балқымалары төмен температураларда орта және жоғары агресивті орталармен жұмыс істеуші машина және аппарат даярлау үшін қолданады. Химиялық өнеркәсіпте конструкциялық материалдар ретінде алюминий, мыс, никель, қорғасын, титан, тантал және олардың балқымалары қолданылады.

Алюминий.. Органикалық қышқылдардың, концентрленген азот қышқылының, сұйытылған күкірт қышқылының әсеріне жоғары тұрақтылыққа ие, салыстырмалы түрде құрғақ хлор және тұз қышқылының әсеріне тұрақты. Металдың жоғары коррозиялық беріктігі оның бетінде онан арғы тотығудан қорғайтын қорғаныш тотық қабыршағының түзілуімен түсіндіріледі. Алюминийдің механикалық қасиеттері айтарлықтай дәрежеде температураға тәуелді болады. Мысалы, температура 30°С-ден 200°С-ге артқанда созылуға жіберілетін кернеу мәні 3 – 3,5 есе төмендейді, ал сығуға – 5 есе. Алюминийді қолданудың жоғарғы шекті температурасы 200°.

Алюминий сілтілердің әсеріне тұрақты емес.

Shape1

Мыс. Мыстың оттекпен әрекеттесуі бөлме температурасында басталады және қыздырғанда мыстың шала тотықты қабыршағы (қызыл түсті)түзіле отырып күрт өседі. Төмен температураларда мыс беріктігін және екпінді тұтқырлығын сақтайды және сондықтан өте суықта қолданылатын техникаларда кең қолданыс тапты. Мыс азот және ыстық күкірт қышқылының әсеріне тұрақты емес, ал органикалық қышқылдардың әсеріне салыстырмалы түрде тұрақты. Мыстың басқа компоненттермен: қалайымен, мырышпен, қорғасынмен, никельмен, алюминиймен, марганецпен, алтынмен және т.б. балқымалары кең таралған. Ең көп таралғандары мыс балқымалары мырышпен (жез), қалайымен (қола), никельмен (ЛАН), темір және марганецпен (ЛЖМ), мырышпен (10%-ға дейін мырыш – томпак; 20%-ға дейін мырыш – жартылайтомпак; 20%-дан жоғары – константаналар, манганиналар және т.б.).

Shape2

Қорғасын – оның бетінде күкірт қышқылды қорғасыннан қорғаныш қабыршағы түзілуі себептіқышқылға, әсіресе, күкірт қышқылына салыстырмалы түрде жоғары төзімділікке ие. Шамадан тыс жоғары жұмсақтық, жылдам балқығыштық және үлкен меншікті салмақ қорғасынның конструкциялық материал ретінде қолданылуын күрт шектейді. Бірақ, машина жасауда қорғасынды қоспалаушы компонент ретінде қолданатын балқымалар: қорғасын қоласы, қорғасын жезі, қорғасын баббиті (қорғасын, қалайы, мыс, сүрме) кең қолданыс тапты.

Никель – әр түрлі концентрациялар мен температураларда суда, тұздар мен сілтілердің ерітінділерінде жоғары коррозияға төзімділікке ие. Тұз және күкірт қышқылдарында баяу ериді, азот қышқылының әсеріне тұрақсыз. Техниканың әртүрлі салаларында кең, басым түрде ыстыққа төзімді балқымалар және ерекше физика-химиялық қасиеттері бар қорытпалар алуда қолданылады. Никель-мысты қорытпалар жақсартылған механикалық қасиеттерге және коррозияға жоғары төзімділікке ие болады.

Никель-медные сплавы с добавлением кремния стойкие в горячих растворах серной кислоты, а сплавы никеля с молибденом обладают повышенной стойкостью к действию соляной кислоты.

Никельхромқұрамды қызуға төзімді қорытпалар. Хроммен және вольфраммен қоспаланған никельді қорытпалар тотықтырғыш орталарда тұрақты болады. Мыс, молибден және темір қосылған никельді балқымалар тотықтырмайтын орталарда тұрақты келеді. Кремний қосылған никель-мысты балқымалар күкірт қышқылының ыстық ерітінділерінде тұрақты, ал никельдің молибденмен балқымалары тұз қышқылының әсеріне жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді.

Shape3

Титан және тантал. Титан қайнап тұрған азот қышқылының және патша сұйықтығының, барлық концентрациялы нитриттардың, нитраттардың, сульфидтардың, органикалық қышқылдардың, фосфор және хром қышқылдарының әсеріне химиялық тұрақты. Бірақ титаннан жасалған бұйымдар хромникельді болаттардан жасалған бұйымдардан 8-10 есе қымбат, сондықтан титанды конструкциялық материал ретінде қолдану шектеулі. Тантал қайнап тұрған тұз қышқылы, патша сұйықтығы, азот, күкірт, фосфор қышқылдарының әсеріне химиялық тұрақты. Бірақ сілтілердің әсеріне тұрақты емес.

Титан мен тантал механикалық қасиеттері жағынан жоғары қоспалы болаттардан қалыспайды, ал олардың химиялық беріктігі едәуір басым болады. Бұл бағалы металдар химиялық машина жасауда таза күйінде де, балқыма түрінде де кең қолданыс тапқан.

Shape4




Қорытындылау:


1.Жаңа сабақты пысықтау,бағалау


Үй тапсырмасы:

1. Сабақпен танысу, жалпы сипаттама.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
606
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі