Материалдар / Тұтығу диагнозыды оқушыларды сөйлеу тілін түзете-дамыту фонетикалық-фонематикалық дағдарыстарын қалыптастыру.

Тұтығу диагнозыды оқушыларды сөйлеу тілін түзете-дамыту фонетикалық-фонематикалық дағдарыстарын қалыптастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың Дұрыс тыныс алыуын қадағалау. Ішкі тыныштық жағдайын қалыпты ұстау, есту, тілдік және қимыл үйлесімділігін дамыту. Коррекциялық диофрагмалық тыныс алуын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
556
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тұтығу диагнозы бойынша сабақ жоспар

Күні:_________________ _________________

Сабақтың тақырыбы: Ұстаз

тақырыбында сөйлеу тілін түзете-дамыту фонетикалық-фонематикалық дағдарыстарын қалыптастыру

Сабақтың мақсаты:

- Дұрыс тыныс алыуын қадағалау, мойын, бет, жақ, ерін, тіл бұлшық еттеріне массаж жасау. Ішкі тыныштық жағдайын қалыпты ұстау, есту, тілдік және қимыл үйлесімділігін дамыту.

Коррекциялық диофрагмалық тыныс алуын қалыптастыру

-Артикуляциялық жаттығулар

-тіл, бет, жақ бұлшық еттеріне арнайы жаттығулар жасау

- Логоритмика: Тоникалық тарауда бұлшық еттердің жиырылып, тырысуының салдарынан сөз басында немесе ортасында ұзақ тоқталып қалуына арнайы жаттығулар жасау. Тоникалық бұлшық еттін дамыту.

Көрнекілік: Тыныс алу жаттығулары көрсетілген суретер, жаттығуға арналған сурет.

Сабақтың   барысы :

Дұрыс тыныс алыуын қадағалау, мойын, бет, жақ, ерін, тіл бұлшық еттерін дамыту.

1.Диафрагмалық жаттығу: (Стрельниковой)

Жылдам-жылдам дем аласыз, аузыңыз ашық болсын. Тілі салақтаған иттің дем алғанын байқадыңыз ба? Уот, қарап көріңіз, сонда бұл жаттығудың «собачка» аталуын түсінерсіз. Ең дұрысы –  айнаның алдына орындық қойып, сүйене, иық, мойын дегендерді босата отырып жасау. Тек, иықтың көтерілмеуін қадағалаймыз.

2. Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс қалыптастыру үшін ерін, тіл қимылдарын, жаттықтыру. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.

«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. Бірнеше рет қайталау керек.

«Ине» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Төбешік немесе жота» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

«Сағат тілі» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

«Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.

4. Логоритмика әндетіп.

Музыкалық-ауызекі ойыны

(музыкасы мен сөзі Е. Макшанцеванікі)

Балалар әндетеді және мәтін бойынша қимылдарды орындайды.

Қолды алға созайық,

Одан артқа апарып,

Тағы алға әкеліп,

Сәл сілкілейміз бәріміз (қолды сілку).

Біз билейміз буги-вуги,

Айналамыз буги-вуги,

Шапалақтап қолымызбен

Осылай хлоп-хлоп (қол шапалақтау).

Аяқты алға созайық,

Одан артқа апарып,

Тағы алға әкеліп,

Сәл сілкілейміз бәріміз (аяқты сілку).

Біз билейміз буги-вуги

Айналамыз буги-вуги

Шапалақтап қолымызбен

Осылай хлоп-хлоп (қол шапалақтау).

Мұрынды алға созайық,

Одан артқа апарып,

Тағы алға әкеліп,

Сәл сілкілейміз бәріміз.

Біз билейміз буги-вуги,

Айналамыз буги-вуги,

Шапалақтап қолымызбен

Осылай хлоп-хлоп (қол шапалақтау).

Ұстаз сурет бойынша тіл дамыту.


Қорытынды:

-Коррекциялық диофрагмалық тыныс алуын, артикуляциялық жаттығулар, тіл, бет, жақ бұлшық еттеріне арнайы жаттығулар жасалып, логоритмика, тоникалық тарауда бұлшық еттеріне арнай жаттығулар, сурет бойынша сөйлеу тілін дамытылып, тоникалық бұлшық етті дамытылды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!