Материалдар / «Тұздың пайдасы мен зияны» атты ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тұздың пайдасы мен зияны» атты ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халық медицинасындағы ас тұзының ерекшелігін анықтап, емдік қасиеті бар екендігін дәлелдеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2020
3579
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



68 жалпы орта білім беретін мектебі

4 «В» сынып оқушысы

Туктамұрат Амина







Тақырыбы:«Тұздың пайдасы мен зияны»






Бағыты: Таза табиғат орта-адам дамуының негізі



Секция: Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау




Ғылыми жетекшісі: Достаева Канзат Амангельдиевна









Шымкент-2019 ж.


Мазмұны

 

Кіріспе

 

1. Ас тұзының химиялық қасиеттері

1.1.Тұздың шығу тарихы

1.3.Арал тұз кендері

 

2. Ас тұзының медициналық әлеуеті

 

2.1. Ас тұзының халық емінде қолданылуы

2.2. Тұз тұрмыс қажетінде

2.3. Ас тұзына байланысты ырым-тыйымдар мен

мақал-мәтелдер

 2.4. Адам ағзасына қанша тұз қажет

2.5. Тұздың денсаулыққа зияны

2.6. Ас тұзы дәстүрлі медицинада

2.7. Қазіргі кезде тұзбен емделуі жайлы сауалнама қорытындысы

Қорытынды

Менің ұсынысым

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 





















Зерттеудің мақсаты: Қазақ халық медицинасындағы ас тұзының ерекшелігін анықтап, емдік қасиеті бар екендігін дәлелдеу.

Болжам: Адамдар зиянды химиялық дәрілерден гөрі табиғи минералды дәрілермен, соның ішінде ас тұзымен емделсе, халқымыздың денсаулығы нығаяды.

Зерттеу кезеңдері:

·ас тұзы туралы мәлімет жинастыру;

·ас тұзының емдік қасиеттерін зерттеу;

·емдік қасиетін медицина тұрғыдан дәлелдеу.


Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, тәжірибе, жинақтау

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Шипагер ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиетті тұзбен емделудің маңызы. Ас тұзының ғажайып қасиеттері: емдік, тазалағыш, зарасыздандырғыш.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Ас тұзының емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға, тіл-көзден, үй ішін аластау үшін пайдалануы

Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: Халық медицинасының сан ғасырлық бай тәжірибесін көне көз қариялардан жазып алған мәліметтер сырқат кезінде қолданылып, ас тұзының емдік қасиеттері бар екені дәлелденді. Үй ішін аластауда, адамды тіл көзден аластауда, тұздың «тазалағыш», зарарсыздандырғыш қасиеттерінің барына көзім жетті.



















Кіріспе

Қазіргі таңда ғалымдар ізденіс үстінде, әлемді таңқалдыратын жаңалықтар ашуда. Алайда сондай ұлы ізденістердің арқасында, көз алдымызда тұрған, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды елемейміз. Мысалы: сіріңке, нан, тұз, сабын. Нан мен тұз! осы қасиетті екі сөзде алдымен нан аталғаны әрқайсымызға да түсінікті. Наннан соң неге тұз тұр? Неге қант емес?

Ас тұзсыз адамзаттың тіршілігін елестету қиын. Ас құрамында тұз жетімсіз болса, футболистің аяқ балтыры сыздап доп тебе алмас еді. Метрлік қашықтыққа қатысқан желаяқ мәреге жете алмай құлар еді. Адам организмінде тұздың жеткіліксіздігі жалпы денсаулық жағдайына әсер етеді. Тұзды қажетсінуіміз ауа мен суға зарығуымызбен бірдей. Ас тұзының қасиеттері мені өте қызықтырды. Қазір ас тұзы әр адамның дастарқанында, бірақ ол тағамға қосатын дәмдеуіш ретінде қолданылады. Ал мен тұздың басқа да қасиеттерін зерттедім. Ас тұзының алуан түрлі сырқатқа қарсы шипалық қасиетін тиімді пайдалану және насихаттау бұл зерттеу жұмысымның өзектілігін көрсетеді.





























1 бөлім. Ас тұзының химиялық қасиеттері

1.1. Тұздың шығу тарихы

Ежелгі адамдардың тұзды ең бірінші қай елде қай кезде пайдаланғаны белгісіз. Орталық Еуропада шамамен алғанда тұзды пайдалану біздің жыл санауымыздан 3000 жыл бұрын, Таяу Шығыста одан көп ерте - 8000 жыл шамасында басталса керек. Ежелгі дәуірде әр ел тұзды әр түрлі әдіспен өндірген. Мысалы, теңізге бөренені батырып, артынан суырып алып күнге қақтайтын. Сонан соң бөрененің үстінен тұздың «қаспағын» жонып алып асқа қосатын. Гректер мен римдіктерге осы «өмір эликсирін» өндіру қиынға соқпады, себебі олар дүниедегі ең мол тұз көзін пайдаланады. Олар теңіз жағасының суын ағызып бөгеп тұз бассейндерін жасады. Бассейндердегі теңіз суы күн сәулесінен буланып, сарқылып, шұқанақ түбінде тұз шөгетін. Ежелгі Мысырда тұз өте көп пайдаланды, себебі қайтыс болған фараондар мен жоғарғы билікті мырзалардың тәнін бальзамдайтын әдеп-ғұрпы болатын. Оған тұз керек. Мысырлықтар тұзды Ливия шөлінің көлдерінен өндірді. Тұз көл суының буланып, сарқылуынан түзілді. Ніл бойын мекендеген қайсыбір тайпалар денесіндегі тұз кемістігін толтыру үшін малдың сортаң қанын жұтқан [1,8б].

Атақты жиһанкез Марко Полоның жазуы бойынша Қытайда тұздан теңге жасалған. Қою тұздықты қайнатып, одан тиын-теңге құйып, бетін императордың мөрімен таңбалап, қызған кірпіш үстіне қойып кептірген. 80 тұз теңгеге 5г шамасындай алтын төлеген. Эфиопияда тұз теңге үстіміздегі 40-50 жылдарына дейін қолданылып келген. «Амалес» не «рей»деп аталған «теңге» ұзындығы 65 cм, қалыңдығы 5см, салмағы 640 г формасы сүйрік кірпіш тәрізді, қайрақ пішіндісі де болған. 20 aмалестің бағасы Мария Тереза ханымның бір талеріне тең болды. [1,10б]. Қала берсе, тұз теңгелер банктарда да сақталады. Ал, ақша өлшемі «таллер» атауы немістің «галль» (тұз) деген сөзінен шыққан.

Ас тұзы адам өміріне өте қажет болғандықтан қай елде болсын тұз шығатын көлдерге, бұлақтарға, тауларға, тұз кәсібі өркендеген қала, ел мекендеріне «тұз» деген сөзді түбіріне, не жалғауға қосып белгілеп отырған. Қазақстанда жер, тау, көл өзен атаулар көп: Тұзбайыр (Маңғыстау), Тұзтау (Каспий ойпаты), Тұзкен, Қайнатпатұз (Алматы облысы), Тұзтөбе, Бұралқы тұз (Шу бойында), Тұзмола, Жаңатұз, Сандықтұз, Теміртұз, Торатұз (Каспий маңы). Ресейде ертеден тұз өндіруді кәсіп еткен жер, қала атына «соль» міндетті түрде қосылып отырған: Солигалич, Соликамск, Соленоозерск, Солотва, Сольтвино, Сольвычегодск, Усолье, Соленое, Солец, Солянка, Солоничка, Белые соли деп аталады. Қырғызстанда: Құрмантұз, Малдыбайтұз, Ұлытұз, Чонтұз су көл аттары: Ащыкөл, Ащылы, Ащысу, Ащыбұлақ,Ащысай, Ақтұз [1,11б].

Сонымен, ас тұзы ежелден бері әр түрлі әдіспен өндіріліп келеді. Сол кезден-ақ оның құнды екенін байқаған елдер, оны алтыннан да бағалы деп санаған. Тұзды кендерін билеу үшін ауық-ауық қырғын жанжалдар, соғыс болып тұрған. Тұздың құрметіне ел мекендері аталған. Тұзға жарымаған халық оны қасиетті деп санап, ауруға ем, сауға қуат деп бағалаған.

1.2Арал тұз кендері 

Арал тұз кендері – Арал теңізі алабындағы түбіне тұздар шөккен көлдер.

Тұзкені,негізінен БолғасынтұзҚорғантұзЖақсықылышКішкенетұз,

 Бұғажайлы (Арыс көлі), Қаратұз ойпаттарындағы көлдерде орналасқан. Арал теңізін игеру көп қаржы, материал және еңбекті талап етпейді. Олардағы әр түрлі пішінді және өлшемді кен шоғырлары тұздардың бірнеше түрінен тұрады. Сондықтан мұндай көп құрамды шикізатты кешенді игеру өте тиімді.Мемлекеттік қолдау мен жаңа технолгияның арқасында Аралдағы тұз өндірісі жаңа сатыға көтерілді. Отандық нарықты ас тұзымен қамтушы бірден-бір кәсіпорынның қуаттылығы 2 есеге артты. Мұнан бөлек зауыт жанынан кальцилендірілген сода шығару қолға алынбақ. Бұл бастама аймақта салынып жатқан шыны зауыты үшін маңызды. 90 жыл түгесілмеген тұзды көл. Бұл – Жақсықылыш ауылы маңындағы ақ алтынның кеніші. Ғасырға жуық қазылса да, табиғи байлық қоры өздігінен толыға түсуде. Шикізат тәулік бойы тынбайтын үш цехта өңделеді. Соның екеуі ең озық дейтін испандық технологиямен жабдықталған. Жаһандық экономикадағы қиындықтар өндірістің өрлеуіне тұсау бола алмады. Зауыт былтыр полимер, биыл тұз өңдеу цехтарын іске қосты. Жұмысшылар саны артып, 1100-ге жетті. Өндірілген тұздың 65 пайызы Ресейге, 5 пайызы Қырғызстанға экспортталады. Қалғаны өз елімізде сатылады.Барлық өндірілетін ас тұзының 1/3 ғана тағамда пайдаланылады. Бір адамның тәуліктік нормасы 15г шамасында: 5 г тамақтың өз тұзы, 10 г дайындалатын асқа қосылған тұз. Әр адам бір жылда 5-6 кг тұз жейді екен . Медициналық тұрғыдан қарасақ, натрий мен хлордан түзілген ас тұзы ерітіндісі асқазанда сұйық тұз қышқылы мен натрийге бөлінеді. Тұз қышқылы ішкен жеген тамақты ыдыратып, оның денеге сіңуіне мүмкіндік береді де натрий бұлшық ет пен нервімізге сіңеді, сүйек пен шеміршек құрамына кіреді. Тұз ерітіндісі денедегі әрбір клеткадағы сұйықтың «ағысын» реттеп тұрады. Денедегі тұз мөлшерінің тапшылығынан бұлшық еттер тырысып, сіңір буын құрысып, қан кеуіп, нерв жүйесі тарылады, соңында адам дертке ұшырайды екен.

Тұз химия өнеркәсібінде аса маңызды шикізаттардың түріне жатады. Химияда хлорлы натрий, сода, хлорлы известі, спиртті, таза металдарды өндіруге пайдаланылады. Ауыл шаруашылығында малға жем, шөп сүрлегенде пайдаланылады. Тұз техникада да қолданылады. Тұз ерітінділерімен өңделген жолдар асфальт немесе бетон төселген жолдардан жақсы болатыны белгілі. Ондай жолдар ауа температурасының өзгеруінен бүлінбейді, жауын шашынды сіңірмейді, батпақтанбайды, не кеуіп шаңы шығып жатпайды, жарылып бұдырланбайды. Тұздан ұшақ ұшып қонатын жол да жасалғаны белгілі. Ас тұзы тұманды сейілту үшін де қолданылады.

Қорыта келетұздың 1/3 тамаққа пайдаланылады. Бір адамның тәуліктік нормасы 15г шамасында. Тұзды шамадан көп пайдалану ағзаға зиян келтіреді. Тұз 1500 түрлі өнеркәсіп өнімдері мен бұйымдарын жасауға пайдаланылады, себебі ол басты шикізат болып саналады.



2- бөлім. Ас тұзының медициналық әлеуеті

2.1. Ас тұзының халық емінде қолданылуы

Халық медицинасы дəстүрлі медицинасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасың тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол. 500 жыл бұрын қазақтың атақты шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» кітабында 728 түрлі дəрілік шөп, 318 түрлі дəрілік жануар, 52 түрлі минералды дəрі, 8 түрлі бағалы дəрі материалы жəне 4577 рецепт жазып қалдырған [6, 21б]. Қазіргі кезде үнемі ұшырайтын аурулардан сақтануда көп көмегі тиюде. Соның ішінде, ас тұзы кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы дəрі-дəрмектерінің негізі есептеліп, қазақ дəрігерлігінің дамуына өз үлесін қосып келеді.

Ас тұзының емдік қасиеті туралы білу үшін Сүлейменов  Нұрлан Мұсаұлымен сұхбаттастым .Ол кісінің білімі жоғары. Мамандығы – провизор. Халық емшісі, рухани сауықтырушы. Биоэнерготерапевт. 2009 жылдан Қазақстан халық емшілері қауымдастығының мүшесі және емшілер мектебін бітірген. Нұрланағайдың айтуы бойынша, тұзбен емдеу ежелгі кезінен қолданғандығы тарихтан белгілі. Орта ғасырларға дейінгі найза, қылышпен қанды қасапқа айналған майданнан соң жауынгерлер жарақаттарын тұз балшығына жатып емдеген, осылайша сауыққан деседі.

Тұз – қырық аурудың емі. Олардың ең азы мыналар: қышыма (экзема), тамақ ауруы, тіс ауруы, құлақ ауруы [9, 8б]..

Тұзды сырқатқа қарсы қолдану әдісі:

·Көзге шыққан теріскен тез жарылуы үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп, компресс жасау керек.

·Баспаныжазу үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп,тамақты шаю керек.

·Маса, кене, бүрге шаққан жерге тұз жақса, дуылы тез басылып, ісігі де қайтады.

·Тіс ауырған кезде алдымен тісті тазалап алу керек. Ауыз қуысын тұзас содасы қосылған жылы шумен шаю керек.

·Тіс ауырған кезде үккіштен пиязбен сарымсақты өткізіп, оны тұз және содамен араластыру керек. Содан кейін оны дәкеге орап алып, ауырған тіске басу керек. Бұл шараны күніне 2-3 мәрте әр 2 сағат сайын қайталауға болады.

·Мұрын қабынуға және гайморитке қарсы 0,9 % тұзды сумен шаю керек.

·Бастың тазына: 10 гр таза тұзды сірке суына араластырып жағу керек.

·Денетеміреткесіне: 10 гр таза тұздысіркесуынаараластырыпжағукерек.

·Тісқақсағанға: 1-2 гр таза тұзға аз мөлшердемеруертталқанынқосып, оны сіркесуғаараластырыпауыздышайқаукерек. Бұл тістің қан құртына, тістің босағанына, тістіңүгітілуіне де пайдалы.

·Масашаққанға: аз мөлшердегітұздыөсімдікмайына не балғаараластырыпмасашаққанжергежақса, мазалағанаурудан тез айығады.

·Шаян, көзілдіріктіжылан шаққанда да осы емдіқолдансауытынқайтарады.

·Ісіктіқайтаруға: жығылыпмертіккенде, шыққанұршықтықайтасалғаннанкейінгіісіккетүйеніңшудасын немесе мақтаны тұзғашылап, солісіктіжергетартсаісіктіқайтаруғакөмектеседі. Бұл ем қазақмедицинасындаұзақжылдарданберіжалғасыпкеледі. Өнімі жақсыболғандықтан «сормақта» депаталады.

·Соқырішек болғандааурудыбасуға: біркесетұздықуырыпалып, дорбағасалыпқұрсақ (іш) бөлімінебасыпауырғанжергеыстық өткізеді.

·Аяқтанқаттысуықтигенкездеадамныңқуығықабыныпауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» депатайды. Олүшінкішкене 1 қапшық тұздыыстықтабағасалып, қуырыпалады да мақта-матасынандорбатігіп, соғансалады. Сосынқызғантұздыңүстінеолсуығаншажалаңаяқтұрукерек. Осындайпроцедураны 6 ретжасаса, адамқұлан-тазаайығыпкетеді.

·Тырнақ қатпарланыпжиі сына берсе, қолдытұздысуғааптасына2 ретсалыпотырукерек. Сонда тырнақ қатаяды.

·Синусит— бұл бет қуысыныңнемесемұрынғатірелетінсүйектіңасқынғансозылмалыауруы. Мұрынарқылыаздаптұзды су сорыпнемесебумендемалукерек.

·Азғанатұзқосылғанжылысумен көзді жуса, қабақ пен көздіңісігікетіп, жанарыжалтырайды.

·Аяқтағысызаттардан тұзды ванна қабылдауарқылыарылуғаболады. Сондай-ақ, тұзды ванна шаршағанда, әлсізсезінгендежақсыкөмектеседі.

·Беттіқаранүктелердентазартуүшіншайқасық ас содасы, шайқасықтұз, кремменқоспадайындап, беттіысқылапжуукерек.

·Майдатұзды аяқтабанын жұмсартуғақолдансаболады. Легендісуғатолтырып, жарты стақан тұз қосып, қоспағааяқты батыру керек. Жібігенаяқтыңтабандарынбірнеше минут тұзбенысқылаукерек. Аяқты таза суменжуып, орамалменсүрткен жөн. Дауаданкейінаяққа крем жағукерек.

·Екіншіиекпайдаболудыңалдыналуүшіннемесе оны кетіруүшінкүнделіктімынадайәрекеттердіжасаукерек: 3-5 минуттай тұз қосылғансуғамалынғанорамалмен (1 стақансуға 1 шайқасықтұз) иек пен мойындыұрғылаукерек.

Сонымен, ас тұзыежелденберіқазақмедицинасындағыдəрі-дəрмектерініңнегізіесептеліп, кеңқолданылатынминералдыдәрілергежатады. Тұз – қырықаурудыңемі. Жинақталған емдердің көбі тұздыңзарарсыздандырғышқасиетінбілдіреді.









2.2.Тұз тұрмыс қажетінде.

1. Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.

2. Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.

3. Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді

4. Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.

5. Қол орамалда дақ сіңіп қалса жумас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.

6. Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.

7. Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы шығып кетпей, бірқалыпты піседі.

8. Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.



2.3. Ас тұзына байланысты ырым-тыйымдар мен мақал- мәтелдер

Қазақ тұзды бекер босқа себепсіз шашпайды. Себебі барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған – тұз. Сондықтан тұз жерге себепсіз төгілсе ырыс қашады, сол үйден ас қашады деген түсінік бар. Сондай-ақ сол тұз еріп жоғалғанша тұзды рәсуа еткен адам тұздай ащы тірлік кешеді деген сенім де бар екен.

40 күн толғанша сәбиді бір күн сабынды, бір күн тұзды сумен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылған бала, тұзға піскен бала шымыр болады, өскенде бір жері зақымданса, жарасы тез жазылып кетеді екен. Алайда оларды салу мақсаты әр түрлi. Мысалы: қазақтар тұзды терiсi пiссiн деп салса, өзбектер маса, шыбыннан қорғау, денесi бөртпеу үшiн салады.

Қазақ арасында кең тараған ұшықтау рәсімі де осы тұзбен байланысты. Бас айналып, жүректің айнуына немесе тоңып, дененің қызуы көтерілуіне байланысты ауруларды ұшыну деп түсініп, оған қолданылатын емдіұшықтаудеп атаған. Ұшықтау кезінде ауруға тұз, күл сияқтылар қосылған суық не ыстық суды"ұшық-ұшық”деп дүркін-дүркін бүркіген.

Балаға тіл-көз тисе есіктің тұтқасын тұзды сумен сүртіп, көз тиген баланың бетін, екі алақанын, екі табанын жуса, тәуір болып кетеді екен.

Үй иелері араздасып немесе үйдің берекесі кетіп жатса, үйді тұзбен тазартқан. Ол үшін үйдің төрт құбыласын тұзбен аластап, айна, терезелерді тұзды сумен жуған, себебі тұз өзіне жағымсыз энергияны сіңіріп алады.

Басқа елдерде де тұзды қасиетті деп санайды. Славян халқы осы күнге дейін қадірлі мейманын нан-тұзбен қарсы алып, жас жұбайларға нан – cаулыққа, тұз – байлыққа - деп нан – тұз береді.

Ежелгі римдіктер достық ықылас-пиғылын білдіру үшін қонағының алдына тұз тартқан.Тарих ғылымының атасы Геродот «Достықты бірге тартқан тұздан кейін сына» деген. Эфиопияда сапарға шыққан адам әрдайым тұзды қалатасына салып жүрген, қастық пилығы жоқтығынынң куәсі ретінде кездескен кісіге тұзын жалатқан.

Шығыс халықтары келісім-шартты жасағаннан кейін бір сауыттан тұз жалаған. Сауыттан тұз төгілсе, ол жай араздыққа-өшпенділікке айналады-деген ырым осыдан қалған.

Байқағанымыздай, әр елдің ырымдары алуан түрлі болғанымен, барлығы тұзды қасиетті деп санайды. Оны текке шашпаған, байлықтың белгісі деп бағалаған. Біздің халқымыз тұз өзіне жағымсыз энергияны өзіне тартып алады деп, балаларды ұшықтап, аластаған.

Тұзға қатысты мақал – мәтелдер

1.Ас тұзбен дәмді,

Ал адамзат салиқалы,саналы сөзімен мәнді.

2.Түйе «тұз» деп қартаяды,

Бойдақ «қыз» деп қартаяды.

3.Астың дәмі – тұз,

Тұзды уыстап жемес.

4.Нан мен тұздан үлкен тағам жоқ.

5.Ет сасысатұзсебер,

Тұзсасыса не себер? 

6.Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен,

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!