Материалдар / Түзеу педагогикасындағы әлеуметтік педагогтың жұмысы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Түзеу педагогикасындағы әлеуметтік педагогтың жұмысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкерлерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2020
252
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түзету педагогикасында әлеуметтік педагогтың жұмысы

Әлеуметтік педагог педагогика мен психология саласындағы жоғары білікті маман, ол балалар мен ересектердің профилактикалық, әлеуметтік мәндегі әрекетін ұйымдастырумен айналысады.

Баланың даму ауытқушылықтарымен тууы көбінесе отбасын күйзеліске ұшыратады. Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу мен дамыту проблемасы барлық отбасы мүшелерінің ұзақ та терең әлеуметтік бейімсізденуінің себебіне айналады.

Психологтар ерекше күтімді қажет етіп туған балалардың ата-аналарының психологиялық жағдайының төрт фазасын бөліп қарастырады.

1-ші фаза – есеңгіреу, абыржу, шарасыздық, қорқыныш, өзіндік олқылықты сезінудің туындауы.

2-ші фаза – баланың кемшілігіне қойылған диагнозды жоққа шығару және жағымсыз сипаттағы ақылға қонымсыз қатынаспен қарау, бұл өзіндік қорғаныс реакциясы болып табылады.

3-ші фаза – «баланың өз кемшілігін ішінара сезінуі», оның «ұзақ қайғыру» сезімімен қоса жүруі, күйзелістегі жай-күй, бұл ата-аналардың баланың қажеттілігіне үнемі байланыстылығының, оның дамуында оң өзгерістердің болмауының салдары болып табылады.

4-ші фаза – отбасының барлық мүшелерінің туындаған кемшілікті қабылдауға әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің, мамандармен адекватты қарым-қатынас орнатып, олардың ұсыныстарына ден қоюдың басталуы.

Ерекше күтімді қажет ететін балалары бар отбасылар ұзақ уақыт бойы қорқыныш, сенімсіздік, баланың болашағына деген уайымшылдық көзқараспен қарау сияқты жайттарды бастан кешеді. Мүгедек баласы бар отбасыларының ұзақ уақытқа созылған психикалық тұрғыдағы жағдайлардан шығуы үшін мамандардың арнайы көмегі, көбінесе, әлеуметтік педагогтың көмегі, туысқандарының, жақындарының және айналасындағы адамдардың қолдауы қажет.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды кең түрдегі саналы байланыссыз, әртүрлі адамдармен үнемі қарым-қатынас жасамай дамыту мүмкін емес. Ол барлық сау балалар сияқты қарым-қатынасқа зәру. Мүгедек баланың кәдімгі балалармен қарым-қатынас жасай алмайтынынан, баланы олардың ренжітіп қою қаупінен қорқып, ата-аналар олардың қарым-қатынас ортасын тарылтуға тырысады. Бұның өзі болашақта баланың күйзеліске түсуіне себеп болуы мүмкін, өйткені айналасындағылар оны түсінбейді, одан қашады, ол басқалармен қалай байланыс орнату керектігін, достық қатынасты қалай құруды білмейді.

Отбасын социуммен өзара әрекет жасау алаңына енгізу – негізгі тұрақтандырушы фактор. Мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасы балаға сауықтырудың техникалық құралдарын, медициналық, әлеуметтік, кәсіби, психологиялық-педагогикалық сауықтыру жөніндегі қызметтерді ұсынуды міндеттейді.

Мүгедекті сауықтырудың жеке бағдарламасын ұсыну мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беретін мектепке қабылдаудың міндетті талабы болып табылмайды, алайда көп жағдайда бұл қажет болып табылады, өйткені онда бұл үшін неғұрлым тиімді жағдай жасау мен оқыту бойынша ұсыныстар берілуі мүмкін.

Жалпы білім беретін мектепте оқытудың күндізгі нысанынан басқа, мүгедек балаға білім беру күндізгі-сырттай, сырттай, үйде оқыту нысанында іске асырылуы ықтимал.

Баланы интернатта немесе түзету мектептерінде оқытуға болады. Ол үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы мен ата-аналардың келісімі керек.

Бұл проблемалардың табысты шешілуі осындай сипаттағы отбасыларына көмек берудің ұзақмерзімді шараларының кең шоғырын қамтитын мақсатты әлеуметтік-педагогикалық жұмыспен тікелей байланысты.

Әлеуметтік педагог жұмысының міндеті – күйзеліс жағдайларын шешу, баланың тұлғалық дамуы үшін қолайлы жағдай жасау (физикалық, әлеуметтік, рухани-адамгершілік, интеллектуалдық), оған кешенді әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оның өмірлік кеңістігін қорғау.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!