Материалдар / Туған жер тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған жер тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған өлке табиғатын зерттеп, оның проблемаларын шешу жолдарына оқушыларды бағыттай отырып, олардың белсенділігін, ізденімпаздық қабілетін қалыптастыру, шығармашылық дағдыларын дамыту;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2023
146
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «А.Қоңқабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Мекен – жайы:

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылы



Автордың тегі, аты, әкесінің аты, қызметі:

Нурмуханбетова Гулбану Токтасыновна, тарих пәні мұғалімі


Санаты:

Педагог-сарапшы


Еңбек өтілі:

29 жыл


Білімі:

Жоғары


2012 жж. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты «Тарих бакалавры»

Авторлық бағдарламаның атауы:

Өлкетану таңдау курсы «Туған жер тарихы»


Сыныбы:

5-6 сыныптарға арналған






Авторлық бағдарламаны әзірлеген жылы:

2021 жыл







 Түсінік хат

Жалпы білім беретін мектептердің 5 сынып оқушыларына арналған

«Туған жер тарихы» таңдау курсы жергілікті өлке шежіресінің маңызын білуге, ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлік - еңбектегі ғажайып істерін, ауылымыздан шыққан белгілі азаматтар туралы, аулымыздың табиғи байлықтары, өсімдіктері, жан-жануарлары жайында ізденіс жұмыстарына баулу. Бағдарлама 36 сағат, аптасына 1 сағат (1 жыл) 5 сыныптар аралығына жоспарланған.

«Өлкетану» курсының негізгі тұжырымдамасы:

1. Мектепте оқушылармен тарихи-өлкетану жұмысын жүргізу,

2. Өлке тарихын білетін, меңгерген тарихи сананы қалыптастыру,

3. Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға, ізденімпаздыққа үйрету,

Өлкетану курсының бағыты: тарихи өлкетану

«Өлкетану» курсының өзектілігі: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, тарих пәні бойынша үлгермеушілердің болмауын қамтамасыз етеді және оқушыларды өлке эконмикасына қажетті мамандықтарға баулу.

Жаңалығы, педагогикалық мақсаттылығы: оқушылардың өлкетану және пәнге қарым – қатынастарының, білімдерінің деңгейі анықталды. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және оларды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар жасалынды.

Курстың мақсаты – оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, табиғи және басқа да факторлар туралы білімдерін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Туған өлке табиғатын зерттеп, оның проблемаларын шешу жолдарына оқушыларды бағыттай отырып, олардың белсенділігін, ізденімпаздық қабілетін қалыптастыру, шығармашылық дағдыларын дамыту;


2. Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік – эстетикалық тәрбие беру;

3. Оқущылардың өлке тарихына қызығушылығын арттыру, өлке тарихының беймәлім тұстарын зерделей білуге, ізденіс жұмыстарына баулу.

4. Туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту;


5. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.

Бұл бағдарламаның ерекшелігі: оқушылардың туған өлкеге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, өз бетінше мәліметтермен жұмыс жасай білу, жиналған мәліметтерді дұрыс сипаттай білуі. Курс барысында алған мәліметтер оқушылардың базалық оқу бағдарламасында кездеспейді. Қорытынды жұмыс ретінде оқушылар зерттеу жұмысы, тақырып бойынша ғылыми мақала жазып, оларды мультимедиялық презентация, суреттер, карта-нобайлар, графиктер, кестелер арқылы қорғап шығуы.

Өлкетану курстарында жергілікті жер материалдарын пайдалану кезінде күтілетін нәтиже:


-Оқушы бойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады.

-Оқушылардың туған өлкеге қадір құрметін оятып,сол арқылы туып өскен өлкеге сүйіспеншілігі оянады

-Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.

-Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, оларды күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.



Атқарылатын жұмыстар:

  1. Ақкөл ауылында тарихи атауы бар жер-су атаулары туралы материалдар жинақтау;

  2. Ауыл маңындағы тарихи жерлерге саяхаттар ұйымдастыру;

  3. Көнекөз қариялардың естеліктерін жинақтау;

  4. Мектептегі мұражай материалдарын толықтыру;

  5. Ауыл туралы тарихи кештер ұйымдастыру;

  6. Қабырға газеттерін шығару, стенттер дайындау;

  7. Ауылымыздың тарихы туралы жазбаларды жинақтап, ғылыми жоба қорғау, шағын кітапша шығару.





«Өлкетану курсының жалпы сипаттамасы»

Туған жер тарихын, аймақтың ақтаңдаққа толы кешегі тарихын, өткен ақиқатын білгіміз келсе, халық санасына, ғұламалар тұжырымдаларына, сондай - ақ сарытап болып сарғайған архив сөрелеріне, көне шежіре бетіне үңілеміз. Өткенді білу – өркениет белгісі, ұлт тарихы, ел болмысы, ұрпақ тәрбиесі. Туған жердің қадір – қасиетін ұғыну, туған жер тұлғаларына құрметпен қарап, туған ел тарихын тану. Ақкөл өңірі - ата тарихы әріден басталатын қасетті мекен. Қойлауынан небір, тарихи тұлғалармен қатар талантты ұл-қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол. Қазіргі жастардың өздері туған, қазір мекен етіп жатқан жері тұнып тұрған тарих екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Туған өлке тарихы ғылыми ізденіске жетелеп, өз жерімді, өз елімді, отанды сүюге тәрбиелейді. «Туған жер тарихы» таңдау курсы жұмысымды жергілікті өлке шежіресінің маңызын білуге, ұлы Отан соғысыны ардагерлерінің ерлік - еңбектегі ғажайып істерін, ауылымыздан шыққан белгілі азаматтар туралы, аулымыздың табиғи байлықтары, өсімдіктері, жан-жануарлары жайында ізденіс жұмыстарына баулу.

Туған жердің тарихын, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Өлкетану пәні арқылы мектепте мұражайлар ұйымдастыруға да болады.


Тақырып 1. Кіріспе.

Теориялық сабақ: қауіпсіздік техникасының нұсқаулығы. Курспен танысу. Курс мақсаттары мен міндеттері.

Тақырып 2-3. Жер тарихы-ел тарихы.

Теориялық сабақ: Жергілікті жер, өзендер, көлдер атауларының шығу тарихын білу.

Практикалық сабақ: Жер-су атаулары туралы мәліметтер жиақтау.

Тақырып 4. Туған өлке – тұнған шежіре.


Теориялық сабақ: Туған жер атаулары туралы аңыз-әңгімелердің мән-мағынасын түсіну және оларды талдау.


Практикалық сабақ: Өткен ұрпақтың тарихи және мәдени мұрасын сақтау мен толықтыру.

Тақырып 5. Ауылдың жалпы географиялық сипаттамасы

Теориялық сабақ: Туған өлкенің географиялық орнын, көлемін, маңызын білу.

Практикалық сабақ: Оқушылармен туған жер табиғатын зерттеу жұмыстарын жасау.


Тақырып 6-7. Туған өлкенің флорасы мен фаунасы.

Теориялық сабақ: Өлкенің өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесін танып-білу.

Практикалық сабақ: Өңірдің Қызыл кітапқа кірген жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы жиналған мәліметтерді жүйелеу.

Тақырып 8-9. «Тентексай» ыстық термальді суы.


Теориялық сабақ: «Тентексай» ыстық термальді суының пайда болу тарихымен танысу.


Практикалық сабақ: Оқушыларды ыстық судың емдік қасиетімен таныстыру және оны зерттеу.

Тақырып 10. Ақкөл өңіріндегі «Қаратұз» ас тұзы.


Теориялық сабақ: «Қаратұздың» пайдасы және оның қасиетін білу.

Практикалық сабақ: Жиналған мәліметтерді жүйелеу. Мәтіндер жазу, мультимедиялық презентациялар жасау.

Тақырып 11. Ауыл маңындағы тарихи жерлерге саяхат жасау.


Теориялық сабақ: Аңыз-әңгімелерге арқау болған тарихи жерлер туралы деректер.


Практикалық сабақ: Тарихи жерлерге саяхат жасап, аңыздарды жинақтау.


Тақырып 12. Табиғатты қорғау. Топсеруен.


Теориялық сабақ: Туған өлкенің табиғатын қорғау, табиғатты аялай білуге баулу.


Практикалық сабақ: Мектеп ауласында абаттандыру жұмыстарын жүргізу.


Тақырып 13-14. Мектеп тарихынан.


Теориялық сабақ: Оқушыларға 90 жылдық тарихы бар мектеп туралы баяндау.


Практикалық сабақ: Ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдаастыру.


Тақырып 15. Мектеп түлектері.


Теориялық сабақ: Мектеп түлектерінің жетістіктері, «Алтын белгі» иегерлері туралы оқушыларға толық мәліметтер беру.


Практикалық сабақ: Таныстырылым дайындау.


Тақырып 16-17. «Ақкөлдің ақиығы» атанған А.Қоңқабаев.


Теориялық сабақ: Оқушыларды А.Қоңқабаевтың өмір деректерімен таныстыру.


Практикалық сабақ: Ұрпақтарымен кездесу.

Тақырып 18-19. А.Байтұрсынұлы біздің жерлесіміз.


Теориялық сабақ: А.Байтұрсыновтың өмірі, қызметі жайлы деректер.


Практикалық сабақ: Оқушылар А.Байтұрсынұлы туралы реферат жазып келеді.


Тақырып 20. А.Байтұрсынұлы мұражай үйіне саяхат.


Теориялық сабақ: А.Байтұрсынұлы мұражай үйіндегі құнды деректермен оқушыларды таныстыру.


Практикалық сабақ: А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына ораай шығармаларынан үздік сурет көрмесін ұйымдастыру.


Тақырып 21-22. Туған жер тұлғалары К.Ә.Сағадиев, Т.Қ.Бөрібаев


Теориялық сабақ: К.Ә.Сағадиев, Т.Қ.Бөрібаевтардың өмірімен қызметі туралы оқушыларға баяндау.


Практикалық сабақ: К.Ә.Сағадиев, Т.Қ.Бөрібаевтар туралы таныстырылым дайындау.


Тақырып 23. Айтыскер ақын Ж.Мұқанов.


Теориялық сабақ: Оқушыларды айтыскер ақын Ж.Мұқановтың шығармашылығымен таныстру.


Практикалық сабақ: Оқушылар өз шығармашылығынан өлеңдер оқу сайысын ұйымдастыру.


Тақырып 24-25. Ауылдан шыққан еңбек ардагерлері.


Теориялық сабақ: Аулымыздан шыққан еңбек ардагерлерінің өмірімен оқушыларды таныстыру.


Практикалық сабақ: Еңбек ардагерлері туралы қосымша тың деректер жинақтау.


Тақырып 26. «Еңбек - ер атандырады» дөңгелек стол.


Теориялық сабақ: Еңбек жолы, өмірі, атқарған қызметі туралы деректер.


Практикалық сабақ: Еңбек ардагрелері туралы кітапша жасау.


Тақырып 27-28. «Ер есімі - ел есінде» Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер.


Теориялық сабақ: Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер ерлігі.


Практикалық сабақ: Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге арнап кітапшалар жасау.





Тақырып 29. Майдангерлер ұрпақтарымен кездесу.


Теориялық сабақ: Соғыс жылдары халық басына түскен ауыртпалықтарды баяндау.


Практикалық сабақ: Кездесу барысында мұражайлардан, мұрағаттардан, кітапханалардан, интернеттен жергілікті майдангерлерге қатысты қажетті ақпаратты табу.


Тақырып 30. Мектептегі «Даңқ» бөлмесі.


Теориялық сабақ: Оқушыларды мектептегі «Даңқ» бөлмесіндегі экспонаттармен таныстыру.


Практикалық сабақ: Қосымша мәліметтер, деректер жинақтау.


Тақырып 31. «Киелі Ақкөл мекенім» тарихи танымдық ойын.


Теориялық сабақ: «Киелі Ақкөл мекенім» тарихи танымдық ойынында оқушыларға қажетті ақпараттар беру.


Практикалық сабақ: «Киелі Ақкөл мекенім» тарихи танымдық ойын өткізу.


Тақырып 32. Cынақ тест.


Теориялық сабақ: Оқушлыардан «Туған жер тарихы» таңдау курсы бойынша алған білімдерінен сынау.


Практикалық сабақ: Сынақ тест алу.


Тақырып 33-34. Өлкетану курсы бойынша жұмыстарды қорытындылау.


Теориялық сабақ: Өлкетану курсы бойынша алған білімдерінің қорытындысы.


Практикалық сабақ: Өлке туралы негізгі анықтамалық мәліметтерді қамтитын презентация, зерттеу жобаларын әзірлеу.



«Туған өлке тарихы» таңдау курс бағдарламасының

мазмұны мен құрылымы: (Таңдау курсы 5 сыныптар)

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе

1

05.09.2022


І бөлім.

Ауыл табиғатын және жер-су атаулары зерттеу, табиғатқа саяхат, өлкетану жұмысы

12


2-3

Жер тарихы – ел тарихы

2

770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!