Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Туған жердің экологиясы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Туған жердің
экологиясы
Мақсаты: Балаларды табиғат
әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға тәрбиелеу, экологиялық
білімділік, ойлау қабілетін, сауатты сөйлеу дағдысын дамыту.
Көрнекілігі: табиғат тақырыбына арналған нақыл сөздер,
интербелсенді тақта,
альбомдар,кітаптар.
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің
түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Халық
ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен
қатар тұрады. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды табиғат туралы
болмақ. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді
қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі
мәселелердің бірі. Көшпелі тұрмыс кешкен қазақтар өзінің барлық
ақыл ойын табиғатпен байланыстырған. Ал қазір сол көшпелі
қазақтардың ақыл ойын біз сақтап отырмыз ба? Міне бүгінгі
талқыланатын мәселеміз осы.
8 «А» сынып оқушыларының ашық
тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
І.Жүргізуші:
Ну орман, жасыл орман, мынау
орман,
Далаға қорған болып тұра қалған.
Барлығы баласындай бір-ақ
үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.
О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,
Бүгін менің жиі еңсем.
Осылай да ойланып қой, адамдар,
Жығылмайсың орманыңа жүгінсең
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен асып тұрғандай бар тынысын- дей отырып бүгінгі «Туған жердің
экологиясы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
ІІ.
Жүргізуші: Экология қазіргі дәуірде
адамзатты толғандырып отырған маңызды проблемаға айналды.
Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті
жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір
сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралдармен қаруланған кейбір
елдер мен адамзат баласының жер планетасын аз уақыттың ішінде
құртып жіберуі онша қиындыққа түспейді. Сондықтан бүкіл әлем
халқының ортақ үйі жер планетасын – адамзат баласы біріге отырып
экологиялық апатқа қарсы тұрып, жер анамызды сақтап қалу бүгінгі
таңдағы ең маңызды мәселе. Яғни біз келешек ұрпақтар табиғатымызды
қорғау керектігін айтудан еш қашан
жалықпаймыз.
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды біз сайыс сабақ ретінде өткізейін деп отырмыз. Ендеше ортадағы топтармен таныстырайық.
І.Жүргізуші: І топ «Табиғат сақшылары»
ІІ топ «Табиғат сыншылары»
Топ мүшелері жайғасып алыңыздар. Сіздер жайғасқанша ортаға сыныбымыздың мың бұралған бишісі: Тәжібай Лаураны шақырамыз.
Би «Бозінген»
ІІ. Жүргізуші: құрметті топ мүшелері сіздерді бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырайық:
І. Кезең: әр топ өз мүшелерін таныстырады ( эмблема, ұран)
ІІ.Кезең: топ мүшелеріне әріптер беріледі сол әріптерден табиғатқа байланысты мақал – мәтелдер құрастырады
ІІІ. Кезең: ойлан тап! (интерактивті тақтаға суреттер шығады сол суретті мазмұндап беру)
ІV. Кезең: сөз жұмбақ толтырылады әр топ сұраққа жауап бере отырып.
V. Көшбасшылар сайысы (топ мүшелерінің капитаны шығып сұрақтарға жауап береді). Ал топ мүшелері айтар тілектеріңіз бар ма?
ІІ. Жүргізуші: Топ мүшелері енді қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
Бірақ бұл сабақ сайыс болғанымен біз сыныбымыздың ұйымшылдығына бйланысты барлық іс-шараларды бірлесе ұйымдастырғамбыз.
І.Жүргізуші:
Табиғат алдында өздерін
жауапты санаған, барлық жан-жануарларды киелі санап, өзен, көл
жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан өз
әулеттеріне, балаларының санасына сіңіріп, бойларын үйреткен.
Табиғат арқылы адам бойына сұлулық пен әсемдік дамыту идеясы қазақ
ағартушылары мен жазушыларының, ақындарының еңбектері мен
өлеңдерінде толық көрсетілген. Мысалы Абай мен Шоқанның, Жамбыл мен
Ыбырайдың, Мағжан мен Сәкеннің, Ілияс пен Қасымның, Кәкімбектің
өлең-жырларынан көркем жазылған табиғат суреттерімен танысып жан
рухына бөленуге болады.
ІІ.
Жүргізуші: Қазақстан топырағы киелі, жер
бетінің шөбін тартсаң, шырыны шығатын көк майса, жасыл кілем
еді.Кеңбайтақ еліміздің барлық территориясында небары 30% ғана
шөлді-шөлейт аймақ болған, ал қазір ХХІ ғасырдың басында шөлді
аймақ 66%-ға жетіп отыр. Ол дегеніміз халқымыздың көпшілігі
табиғатты күтуге, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға әлі де
болса үйренбей жатқандығы. Кен орындары, жер асты байлықтарды
алғаннан кейін қалпына келтіріліп, көгалдандырылмады, қопарылған
жердің топырағы жел болса сол маңайдың барлығын шаңға айналдырып
басып жатады. әрбір өскен ағаш бүгінгі таңда алтыннан да ардақты,
оны қалада да, далада да кесіп жатырмыз, ағаш шабылған жер
тазаланбайды. Табиғат аясына – Қарқаралы, Баянауыл, Бурабай тәрізді
немесе өзен, көл маңына демалуға шыққан топ барлық қоқыс заттарды
шашқан бойы қалдырып, тіпті жаққан отты сөндірмейді.
Біздегі кемшіліктерді жібермеу, барлығымыздың да қолымыздан келеді,
бірақ көп нәрсені түсіне бермейміз. Адамзаттың жауапсыз кезеңі
бітіп, жауапкершілігі артатын кезеңі
жетті.
І. Жүргізуші: олай болса кезекті топ мүшелеріне берейік.
І топ «Табиғат сақшылары» топтарыңызды таныстырыңыздар.
ІІ. Жүргізуші: ІІ топ «Табиғат сыншылары» топтарыңызды таныстырыңыздар.
І. Жүргізуші: ІІ. Кезең бойынша мақал – мәтел құрастыру.
1.Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
2.Ата қоныс — алтын мекен.
3. Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен.
4. Атамекен туған жер:
кір-қоңыңды жуған жер,
кіндігіңді кескен жер,
кісі болып өскен жер.
5. Жалықтырса ұзақ сапар, жат
мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.
6.Туған елдің тезегі де
дәрі.
7.Туған елің болмаса,
Тумай-ақ қойсын күн мен ай.
8.Туған жерге туың тік.
9.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
10.Туған жердің күні де ыстық, күлі де
ыстық.
11.Туған жердің қадірін шетте жүрсең
білерсің.
12.Туған жердің тасы да
болысады.
І. Жүргізуші: Енді сыныбымыздың мақтанышы әдебиетке жаны құмар Қуанышова Інжу мен Серікбай Алтынайды ортаға шақырамыз. Табиғатқа ақындардың өлең шумақтарына кезек берейік.
ІІ.Жүргізуші: ІІІ. Кезең: ойлан тап! (интерактивті тақтаға суреттер шығады сол суретті мазмұндап беру) мазмұндарыңыз мәнді мағаналығына қазылар алқасы мән беріп отырыңыздар.
І. Жүргізуші: ІV. Кезең: сөз жұмбақ толтырылады әр топ сұраққа жауап бере отырып.
ІІ.Жүргізуші: «Табиғатты аялайқ» атты сахналық көрініске кезек береміз.
І.
Жүргізуші: Табиғат - әр беті терең
мағынаға толы бірден-бір кітап. Табиғат жарылысын, қоршаған орта
тынысын, барлық тіршілік болмысын жан дүниесімен түсінетін адамдар
тазалыққа, имандылыққа бас иген адамдар.
Соңғы кезде әлемде төмендегідей сұрақ туып отыр: «Экология мен
имандылықтың арасында қандай байланыс бар, оларды не
байланыстырады, экологиялық имандылық дегеніміз не?» Осы сұраққа
жауап берейік
І. Топ: Экологиялық имандылықтың негізін құрайтын арналар:
инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық, даналық,
ынтызарлық, лепірмеушілік, ықыластылық және қайраттылық. Бәрінің
бас әрпін қоссақ – имандылық деген сөз түзіледі.
ІІ. Топ: Бұл сұхбаттағы әңгімеміз адалдық жайында болмақ. Адалдық –
табиғат үйлесіміндегі қатынастардың шынайылығы мен табиғилығын
айқындайтын категория. Адалдық – абсолютті әділеттіліктің алғы
шарты. Адалдық – кез келген болмыстың болашаққа деген
перспективасын айқындайтын өлшем. Жалпы табиғаттың дамуы жаңғыруға,
жаңаруға негізделген. Жаңғыру негізінде жатқан заңдылықтар –
мәңгілік ақиқат ережелерінің өлшемімен жазылған код. Оны табиғаттың
миллиондаған жылдар бойы өткен «өмір мектептерінің» түйінді
аксиомасы десе де болады.
ІІ.
Жүргізуші: Табиғат қоршаған орта емес,
табиғат біздің өзіміз. Өзіңді өзің алдау, өз болмысың алдында арам
болу даму перспективасын жоғалтумен тең екендігін саралау парыз.
Адалдық ғылыми категориядан гөрі адами тіршіліктің қазығы екендігін
ұққан абзал. Адалдықтан бастау алмаған жерде адамзаттың мәуелі өмір
қияндарын айшықтауда кешірілмес өкінішке соқтыратынын ғасырлар
дәлелдеген шындық.
І.
Жүргізуші:Табиғат, сен тіршілік, тұнып
тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған
Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер — Ана, көл, теңіздер.
ІІ.
Жүргізуші:Сайып келгенде айтарымыз –
қандай жұмыс атқармасақ та қоршаған ортаға абайлап қарап, оны
қорғауға күш салу басты бағытымыз болып қала береді. Қашан да
болмасын табиғатты аялай білейік. Ол өктемдікті
көтермейді.
І. Жүргізуші: Ендігі кезекте хор «Туған елім».
ІІ.
Жүргізуші:Табиғат Бүгінгі «Туған жердің
табиғаты» атты кешімізді қорытындылау үшін мектеп директорының
орынбасары және мектеп мұғалімдеріне сөз беріледі.
Мұғалімдер өз ойларын айтады.