Материалдар / Туған жерім Атамекенім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған жерім Атамекенім

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жерім Атамекенім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
504
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы

Туған жерім Атамекенім

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиелілік

Оқушыларды өз елін, жерін қорғай білетін ұлтжанды, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушыларға туған жер тарихын ұғындыра отырып, елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету.

Сабақ көрнекіліктері

Плакаттар, слайдтар

Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру

2. Кіріспе

3. Негізгі кезең

4. Қорытындылау

Оқушыларға туған өлкенің тау-даласы,өзен-көлдері,орман-тоғайлары туралы түсінік беріп, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту-әрбір ұстаздың парызы. Өзім кештің ашылу сәтінде кіріспе сөз сөйлеп, кейінгі кезекті тек оқушыларға бердім.

1-оқушы.Алыстан мұнарлатып көз тартатын ,биік – биік таулары, Тарбағатай тауынан бастау алатын сарқырап аққан Қарғыба, Тебіске, Базар, Боғастай өзендері, тамылжыған табиғаты, жұпар иісті шөбі, тербелген биші қайыңдары, тау басындағы көлдері мен хош иісті аршалары, құйқылжыған құстары, құлжасы мен тау ешкісі, бұғысы мен аюы, жаныңа сая, дертіңе дауа таза ауасы, сай-сайдан жамырап аққан бастаулардың тұнық сулары, көнеден есімі кең жайылған Ақсуат аймағының құтты жер,ұлы мекен екенін мегзейді. Топырағында дертіңізге шипа боларлық жайқалған түрлі жасыл өсімдігі бар, ата-бабаларымыздың қасиетті де киелі аруағымен , аты алты алашқа белгілі қазақы салт-дәстүрімен танымал аймақ.

2- оқушы. Қадыр Мырза Әли
Ақсуат
Көріп жүрген далаңыз — Ақсуаттың даласы,
Көріп жүрген ауаңыз — Ақсуаттың ауасы.
Көріп жүрген таңыңыз — Ақсуаттың таңы да,
Көріп жүрген шаңыңыз — Ақсуаттың шаңы да.

Алайда мен таң қалдым, Ақсуатқа бардым да,
Не керемет! Білмеймін, бір керемет бар мұнда
Жігітінің көңілі - мөлдіреген ақ суат,
Жырдың атын суардым сол суаттан жақсылап.

Қыздарының қалжыңы — қиып түсер ақ алмас,
Ақ алмастың алдында жігіт айла таба алмас.
Қарттарының құшағы — көктемдегі күншуақ,
Сол шуаққа қызынбай ақын қалай тыншымақ?!

Шеттерінен атымтай көп беретін, аз алып,
Жүздер толған жылылық, көздер толған тазалық.
Шеттерінен бәрі ақын, әдеп сақтап әрең жүр,
Саусақ толған өнер де, көмей толған өлең - жыр.

Тауларымен бастырып қойған кілем - жазықты
Білек толған күш - қуат, құшақ толған нәзіктік.
Кірер жолы жалпақ та, шығар жолы жіңішке,
Ақсуаттың қонағы мас болады түк ішпей.

Таусылмайды бұл жерде сый түні мен сый күні,
Ақсуаттың қонағы білмеу керек ұйқыны.
Ақсуаттың қонағы — баласы да, қарты да,—
Аттанады амалсыз, қарай - қарай артына!
Сенбегендер сөзіме барып көрсін, байқасын!

Тумасаң да бұл жерде.
Перзенті боп қайтасың.
Менің жұртым осындай деп мақтанып айтасың,
Өз еліңе он есе жақын болып қайтасың.
Тарбағатай тауының еске сақтап әр тасын,
Түк алмай - ақ туысқа қарыздар боп қайтасың!

3- оқушы. Есімі өз елінің есінде мәңгі сақталып қалған жерлес ақын атамыз Сапарғали Әлімбетов Қарғыба,Базар өзендерін былай суреттепті:

Шаңырақ ,Хабар асу кезеңдері,

Қарғыба, Базар оның өзендері.

Базардан неше тарау тоғам алып,

Жетіскен осы ауданның көп елдері.

Бұл Базар аққан өзен шыңнан құлап,

Таусылмас қанша алсаң да суын байлап.

Өзенге неше тарау ана болып,

Сыртында Тарбағатай жатыр сұлап.

Сарытау мен Қызылкесік, Жағалбайлы

Жалпы тауға жан кінә таға алмайды.

Базардай тұнық өзен аға алмайды,-депті

4- оқушы. Ақсуат сол сияқты ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет ететін «Бөрітостаған» сияқты тауымен, Қоскөл ,Жасыл көл, Сабынды көл сияқты көлдерімен де танымал.

5-оқушы.Тарбағатай тауының ең ғажайып көлдері- теңіз деңгейінен есептегенде 2000-2700м биіктікте тау басында орналасқан Иттің көлі, Жасыл көл, Айбақ көлі.Бұлардан төмен деңгейде орналасқан «Елеке сазы» деген де көл бар.

Тарбағатай тауының маң төбесі мидай жазық болып келеді.Дәл ортасында Колчак пен Деникиннің Әскері кесіп өткен «Ақтың жолы» жатыр.

6- оқушы. Тарбағатай тауының ең биігінде орналасқан қос жасыл көл ерекше көрінеді.Екі көлдің ара қашықтығы бір жарым шақырым.Екеуінен екі өзен бастау алып , Олар Қара китат өзеніне құяды.Ол Қытай еліне қарай бет түзейді.Жоғарғы көлінің басында Қөкшетаудағы жұмбақ тасқа ұқсас орналасқан.Төбесіне шықсаңыз, астыңғы жағынан күмбірлеген дауыс шығарып тұратын сияқты көрінеді.Табиғаттағы құбылмалы көлдің маңында аяқ басқысыз аппақ гүлдер өседі, суы мөп-мөлдір, тұнық.Басқа малды айтпағанда,жылқы малының өзі көлден аққан суды ішеді де,көлге айдасаңыз аяғын баспай қашады.Сол заңғар тау басында орналасқан Иттің көлі одан төменгі жағында Айбақ, Елеке сазы көлдерінің ерекшеліктерімен сұлу табиғаты адамды таңдандырып, тәнті етеді.

7-оқушы. Өкпеті тауының оңтүстік беткейі тік, құз болып келеді. Тау етегінен Талды Базар өзені басталады. Терістікте Қызылтаспен жалғасып жатады. Бұл таулар жартастардан жарып ағатын бұлақтарға бай келеді.

8 -оқушы. Доланқара, Үштөбе елді мекенінде Долан атты тау бар. Кезінде бұл таудың аты қалай қойылған дегенде, көнекөз қариялар былай дейтін:

-”Бұл таудың табиғаты ерекше, қыс болмайды десе де болады. Халықта мынандай мәтел бар. ”Доланқара, ерте тұрып, атыңның жалын қара” деген, осыған қарағанда табиғаты ерекше, шөбі жұғымды таудың бірі. Бұл тау жөнінде ел арасына тараған дастан бар.” Сол дастанда:

Қалмақтың батырына Долан атты,

Қабанбайдан басқа ешкім жоламапты.

Алай-дүлей соғыста сол Доланды,

Қабанбай түсіріпті қолға нақты.

Қабекең қатты ұйықтап кеткенде одан,

Байлаған арқан босап, қашқан Долан.

Әскеріне қосылып, соғысуды,

Қайтадан қарастырып жоспарлаған.

Жекпе-жектің кезінде маңайлаған.

Долан қаза табады Қабанбайдан, - деген жолдар бар.

9-оқушы. Кіндікті өңірі Сабынды көлімен ерекшеленеді. Бұлай аталу себебі – оның суы кір киімдерді сабынсыз-ақ ашатындығында. Бұл көл суы тері, буын ауруларына шипалы екендігі ертеден белгілі.

Ақсуат – кен байлықтарынан алтын, әктас сияқты кендер кездесетін, бірақ әлі толық зерттелмеген аймақ. Жеміс ағаштарына да, құстарға да, шипалы өсімдіктерге де бай өлке.

10-оқушы. Жапан далада тау жыныстарынан тұратын, алыстан мұнартып көрінетін Бөртостаған тауын көне аңыз әңгімелерде былай деп жырлапты.

Қазақтың жері толған жыр, ән екен.

Тау, дала сырды шертіп тұрады екен.

Сондай бір аңызға ие Бөртостаған,

Айтылған әңгімесі мынау екен.

Ертеде бір апамыз қой бағыпты,

Бұл іске болса керек, ол да мықты.

Отарын өрістетіп күн-күн сайын,

Жонына Тарбағатай жайланыпты.

Туған жер шөбі шүйгін, қыры құтты,

Күміс күй бұлағынан құйылыпты.

Қой бағып отырғанда сол апамыз,

Ермек қып ұршығын да иіріпті.

Біледі өзіне сай сенім, әлін,

Малының өріп жатқан жайы мәлім.

Тынбастан жортатұғын қанды ауызды,

Ол кезде болады екен бөрі қалың.

Бір күні жалпақ жатқан ойындағы

Тигенін қойға қасқыр пайымдады.

Айғайлап ақырғанда қаһарланып,

Ұршықты лақтырыпты қолындағы.

Сол ұршық кең далаға түскен екен,

Демейсің аумағы оның кішкене екен.

Аңызға осылайша айналыпты

Үлгісі апамыздың іске-бекем.

11 -оқушы. XVII – XVIII ғасырларда ата жау жоңғар қалмақтары жер қайысқан қалың қолмен Тарбағатай жоталарындағы асулардан асып,қазақ жеріне баса көктеп кіреді.Қазақтың еңбектенген баласынан еңкейген кәрісіне дейін қалдырмай қыррады,мал-мүлкін талан-таражға салады.Ел тағдыры қыл үстінде тұрған ауыр кезеңде Тарбағатай сілеміндегі Хабар асу,Ақшоқы,Орта асу(Покровка),Су асу,Теке асу,Сіргелі,Әлемді асуларынан асырып қуған Қабанбай мен Боранбай, Қосай, Көкжал Барақ , Қойбағар , Кешу , Араб , Байбарақ , Қожай, Елқонды, Дәулетбай, Айдар, Тама, Шүршіт, Анар, Нарбота батыр, Хабар, Дора, Қараш, Есентай батыр бабаларымыз екен

Мұғалім. Ақсуат аумағының ұлан-байтақ даласы мен асқар таулары- біздің басты байлығымыз. Табиғат –қоғамның қорғаны, заманның зердесі.

Ел болашағы сендердің қолдарыңда. Сондықтан ел үмітін ақтау үшін жақсы оқып, еңбектеніп, Отанын адал сүйген азамат бола біліңдер!


Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Ақсуат ауылы

К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің мұғалімі

Нургалиева Токжан Толеугазиновна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!