Материалдар / Туған жерім-Қазыналы Қазалының тұнған тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған жерім-Қазыналы Қазалының тұнған тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тарихы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2024
94
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Туған жерімнің тұнған тарихы

Қазалы – Оғыздардың Отаны

болған Жанкент қаласының көмбесі іспетті


Мен дүниеге келген Сыр өңірі қаймағы бұзылмаған , бабалар дәстүріне адал, ата салты сақталған, ана тіліне дақ түсірмеген, қанында қаталдық пен қатыгездікке қаймықпай қарсы тұра білетін, жаны жомарт, жүрегі кең, еңбекқор ел.Қай өңірдің болмасын тарихы, дамуы һәм өсу кезеңдері бар.Ұлт тарихы, әсіресе Сыр бойы тарихы өздігінен қалыптаса қалған жоқ.Талай асу белестер мен ауыр күндерді , аштық пен көтерілістерді бастан өткізді.Бүгінде ғасырлар бойы сан алуан тарихи оқиғалардың сәулесін бойға сіңіріп, өзіндік үн, өзгеше бояу,бөлек болмыс , ұлттық сипат, елге тән руханияты мен мәдениеті, ділі мен ғылымы қалыптасты.

Қазалы – Сыр бойындағы ескі тарих пен рухани қазынаға бай өлке.Тарихшы ғалымдардың айтуы бойынша, орта ғасырда өмір сүрген түркі әлемінің данышпаны, көрген көсемі,ойшыл философы Қорқыт Атаның осы өңірде дүниеге келу де бұл топырақтың тегін еместігін сездірсе керек.Орта Азия мен қазақ халқының ортақ батыры,мемлекет және қоғам қайраткері Жалаңтөс Баһадүр мен қазақ халқының мемлекеттігін сақтауға орасан зор үлес қосқан Әйтеке бидің арғы аталарының,сондай-ақ,ұлт-азаттығы жолындағы күрестің ұлы қолбасшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлының да осы жерге өмір сүруі көп жайтты аңғартады.Қазалы кеңестік дәуірде де заман талабына сай уақыт көшінің алдыңғы сапында жүрді.Қоғамдық саяси жәнн әкімшілік өзгерістерге 1928 жылы бұрынғы Ояз орталығы болған Қазалы дербес ауданға айналды.

Қазіргі Қазалы ауданының "Өркендеу" ауылдық округінің орталығына іргелес жатқан биік төбе сияқты топырақ басқан қорғаннык орнында VII-XIV(7-14)ғасырларда Жанкент-Янгикент(Жаңакент)қаласы ірге тепкен.Тарихшы Абұлғазы баһадүрдің айтуынша,бұл-оғыз еліне бірнеше жүздеген жыл астана болып келген,Сыр өзенінің аяғында орналасқан-Жанкент қаласы.Оғыздар осы жерді ерте заманнан мекендер, патшалары астана қала-Жанкентте отырған.IX-X(9-10)ғасырдағы араб географы Ибн-Рустенің баяндауынша да,"Жанкент-оғыздардың ел басқарушылары тұратын қала"деп сипатталады.Араб жазушыларының айтуынша,оғыздардың мекені Хазар мен қыпшақтарлың арасы,қарлықтың жер шетіне бастап,Отырар арқылы Үргенішке дейін барған. Парсы географтары да осылай айтады.Махмұд Қашқаридің анықтауынша,Фараб оғыз қалаларының жалпы жиынтық аты секілді.Зертеушелердің пайымдауынша,Жанкент Ұлы Жібек жолында жатқан сауда-саттықтың үлкен қаласы.Мұнда хан сарайлары салынған.Сондақ-ақ шаһар әдемі кілем тоқудың,түскиіз басудың,ат сайманын,садақ-жебе жасаудың,көзе-сауыт шығарудың орталығы болған.

Жанкент қаласының орнын бірнеше рет қазып,зерттеген орыс ғылымы-П.И.Лерх(Пётр Иванович Лерх 1867ж)

Жанкент қаласынан көп ақындар,жыраулар,ғалымдар шықты.Солардың ішіндегі ең алабы-Әбу Насыр әл-Фараби.Жанкенттік ғалым Шахристани,Ғалым Якуттың баяндауынша,Жанкент қаласында Шахристани деген пәлсапалық кітап жазған атақты ғалым болған(XI-11ғ.с).Тарихшылардың айтуынша,ол ислам дінін жақтамаған,тек ғалымдығымен аты шыққан.Қорқыт сияқты елге нақыл сөздер таратып,олардың ой-санасын ашпақшы болған кісі.Қалай десек те,түркі әлемінің атақ-даңқын шығарған Қорқыт Ата мен Әл-Фараби баба - ежелгі Қазалы жерінің мақтанышы.

Сонымен бірге бұл жерде дүниеге келген талай батыр мен билер өмір сүрген. Қорқыт ата, Жалаңтөс Баһадүр, Әйтеке(Айтық)Байбекұлы, Жанқожа батыр,Көбек Би,Басықара батыр,Үмбет би,Жетес би(Жетес Қыстаубайұлы),Сартай батыр,Жылқыайдар батыр,Құлбарақ би(Құлбарақ Бекбауылұлы),Сырлыбай хан(Сырлыбай Шабақұлы),Құттыбай би(хан)(Құттыбай Ақболұлы),Бекетай би, Шалқошқар батыр, Бекмырза Әлдиұлы,Сауқым Бөлекейұлы,Текті туған Теке Батыр(Шақкөз Батыр),Бекрарыстан Амалдықұлы,Пұсырман Қожағұлұлы,Ағытай Мұратұлы, Жанғазы хан, Ерқосай батыр

Әруақты әулиелер мен көріпкел-көрегендер өмір сүрген мекен .Атап айтар болсам, Мүсірәлі Абыз, Қосым Қожа, Дәулет Әулие, Базар Қожа, Қуандық Әулие,Қарамолда әулие, Райымберді Ишан(Матай ахун), Алтай Ишан, Өтеш қожа,Қожаназар Ишан, Пахуадин әулие, Сары Нысан Ишан,Алпамыс әулие, Шоймағанбет Ишан, Жиеналы ахун және Сынықшы Қани ата т.б

Ескерткіштер-ел тарихы:Жанкент қорғаны,Адам ата,Арыстан баб қорымы,Бегім ана мұнарасы,Қосым қожа қорымы,Базар Қожа кесенесі,Құттыбай күмбезі,Сырлыбай кесенесі,Әзілхан Ишан мешіті,Күйікқала,Жалпақ,Ұзынтам белгісі,Шағырлы

1928сәуірде Қазақстан ОК-нің Пленументы сәйкес,Қазақстан жердегі әкімшілік аймақтық бөлініске байланысты Қызылорда және Қазалы уездері таратылып,бұрынғы екі уездің негізінде Қызылорда округі құрылды.Округтік комитеттің Қазалы және Қызылорда уездерін аудандастыру жөніндегі қаулысы бойынша 1928 жылы 12 мамырда Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Қазалы ауданы құрылды

«Қазалы» атауы жөнінде аңыздарға негізделген бірнеше болжам бар. Бұл атаудың этимология­сы, яғни, шығу тегі жөнінде бірқатар аңыздар бар:

1) Кеңес дәуіріндегі Т.Өте­баевтың зерттеуінде «Сыр­дарияның оң жақ жағасында дариядан бөлiнген бiр кішкене өзекше болады. Өзекшеден бiр шал балық аулап кәсiп етедi. Ол балықты жазда шанышқы, қыста қазамен аулаған. Бiрте-бiрте бұл өзекшеге қаза басушылар көбейедi. Осыдан келiп, қаза басқан өзекше «Қазалы» атанады. Түпкiлiктi қоныс көрiп жүрген Райым отрядына осы Қазалының қасы қолайлы болып, жұрт сол жерге қоныстана бастайды. Бұл жерге Бұқарадан, Хиуадан саудагер өзбектер, еврейлер, Орынбордан, Қарқаралыдан татар көпестерi келе бастайды. Сөйтiп, бұл жер сауданың үлкен пунктiне айналады. Қаланың тұрған жерiнiң төңiрегi егiн егуге, әсiресе бақша өнiмдерi үшiн қолайлы болады. Мұнда келген бұқаралық, хиуалық өзбектер бақшалықты өр­кендетiп, төңiрегiне ағаштар отырғызады. Сөйтiп, олар үйлер салып, кiшкене сауда пунктiн қалаға айналдырып, оның атын «Қазалы» деп атайды. (қараңыз: Өтебаев Т. Қазалы қаласы /қысқаша тарихы/// «Ленин жолы» газеті, 25 қазан, 1940ж.).

2) Бұл жерде әділ қазы­лығымен халыққа жаққан бір адамға байланысты «Қазы» атанып,  кейін «Қазалы» болып өзгерген… Ерте кезде осы өлкеде шалқыған көл болған, көл беті жүзген аққу мен қаздан көрінбеген, соған орай «Қаз елі» деп атаған дейді. (қараңыз: «Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы» кітабы.  Алматы, 2008ж.).

3) Шежіреші Өмірзақ Ахметов пен жорналшы Шайхыслам Серікбаевтардың айтуынша, он екі ата Байыұлының бірі – Алтынның Құсқұл, Қазалы, Шұңғыр және Жапалақ атты төрт баласы болыпты. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезіндегі ел босып кеткен жаугершілік заманда Алтынның бір баласы – Қазалы әулеттері бір рулы ел болып Сырдың жағасында, қазіргі Қазалы қаласының орнында отырған. Олар шағын сауда-саттық базарын ашып, қалашық салады. Қалашық сол ру атынан «Қазалы» атанып кеткен.

Ол көне Жанкент шаһарына қатысты. Бұл қала­ның тарихы жайлы айтылар әпсана аз емес. Солардың бірі – Бегім сұлу оқиғасы. Бегім – Жанкенттің билеушісі Санжардың әйелі. Көрікті жарын қызғанған Санжар оның бір қолы мен бұрымын кесіп тас­тайды. Бегім сұлудың ақтығы дәлелденіп, қолы мен бұрымы бұрынғы қалпына қайта келген екен. Қызының жазықсыз зәбір көргеніне көзі жеткен Қарабура әулие күйеу баласы Санжарға налиды. Жазықсыз жабылған жаладан әйеліне опасыздық жасаған ханның қаласына жыландар шабуыл жасайды. Қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандар көп болған екен. Сондықтан бұл аймақ Қазалы аталып кеткен» деген және бір  болжам келтіреді.

Ежелден «ел мен жер» деген егіз ұғым саналады. Сондықтан ел табан тіреген жерге атау беруде бабаларымыз барынша байыпты байлам жасаған. Осы жосықпен қарасақ, халықтық этимологияда өзен, көл, мал, құдық, қорым, ағаш, жылан, тарихи орындар, кейбір аңдар киелі саналады, яғни, тотемдер. Сондай-ақ, исламдағы құндылықтар жүйесін шариғат бойынша дін, ұрпақ жалғастыру мен тәрбиелеп өсіру, ақыл, өмір және жекеменшік сияқты 5 нәрсе құрайды. Көріп отыр­ға­нымыздай, өлім, ажал немесе қаза қасиетті емес, қасіретті нәрселер деп баға­ланған. Малға шабады деп атамыз қазақ қасқырды да тіке атамай «ит-құс» дегені белгілі. Олай болса, «Үкім Алланыкі, өлім пенденікі» болғанымен қазаны ұрпақ жадына сіңіріп, құрметтеуге ұмтылу қаншалықты қисынды? Сонымен бірге өлім-жітім тек қана осы аумақта көп болған деген тұжырым да орынсыз. Біріншіден, ондай статистикалық мәлімет жоқ. Болуы да мүмкін емес. Себебі, аталармыз өлімнен бұрын өмірді санаған, яғни, дүниеге келгендерді есепке алған. Сондай-ақ, Қазалы ауданынан басқа жерлерде өлі-жітім азырақ болды деп айтуға ешкімнің аузы бара қоймас. Қазақтың бар даласы қан сасыған қайғылы кезеңдер аз болған жоқ тағдыр-талайымызда…

Жоғарыда келтірілген болжамның бірінде аудан атауын Қаз елі дегеннен таратады. Анығында, Қаз елі деген ұғым жалпы қазақ атауының этимологиясына да қатысты жиі айтылады. Бұл жөнінде әйгілі ғұлама Әлкей Марғұлан «қазақтар арабтар келмей тұрып Арал, Каспий теңізінің төңірегінде хазарлармен байланыста болған. Н.Я.Мар мен Б.Грозный келтірген «қаз», «хаз» сөзі екеуіне бірдей…» деп тұжырымдайды. Одан әрі осы еңбектен «…Тарих осы замандарда Қазақия құрамында қазіргі қыпшақ тектес қарашай, балқар, құмықтардың арғы бабаларының да болғанын, бәрінің қазақ атауымен қауым­дасқанын ортаға тартады» деген деректі кездестіреміз. Қысқасы, «қаз елінен» басқа емес, «қазақия» деген этноним құралып тұр. (қараңыз: Қазақ шежіресі. Алматы, «Атамұра», 78-79 бет)

Осы сияқты бір рудың ата­уына орайластырып қойылды деген де жаңсақ пікір болса керек. Себебі, бір рудың ұранының өзі бірнеше рет өзгергені тарихтан белгілі. Егер аумаққа Алтын руының төрт баласының бірі – Қазалының есімі берілсе, онда соншалықты құрметке ие болған тұлға жөнінде ел ішінде неліктен деректер, аңыз-әпсаналар сақталмаған. Ныспысының өзі нақты емес. Кейбір шежіре нұсқасында әдепкі есімімен қатар Қазала деп те қоса айтылады. (қараңыз: З.Сәдібеков «Қазақ шежіресі», Ташкент, 1994ж., 114 бет)

Күні бүгінге дейін бұл атауға қатысты «қаза» деген балық аулайтын құралға негізделіп қойылған деген пікір үстем болып келгенін жоғарыда атап өттік.

Қазалы атауына қатысты кезінде өзі уездік басқармада жауапты қызмет атқарған және ел мен жер тарихына айрықша қызығушылық танытып, алғаш рет Жанқожа бабаның тұлғалық қасиеттері мен батырлығы жайлы «Қазақ батыры Жанқожа Нұр­мұхамедов» деген кітап (Қазан қаласы, 1894 жыл) жазып шығарған И.Аничковтің пікірі өте қисынды. Ол 1889 жылы Тәшкеннен басылып шыққан «Солтүстік Түркістан халқының өмірінен очерктер» деп аталатын жинағының «Ұмытылған өлке» («Забытый край») атты бөлімінде «Казалинск, основанный в 1850 году, в виде форпоста речки «Казалки», для наблюдения за двумя переправами хивинцев через Сыр-Дарью, у Джанкалы и Кара-тюбе, был в 1853 преобразован в форт №1, куда с упразднением Аральского укрепления на Раиме в 1855г. было перенесено все военное управление. А в 1867 году сделанный уездным городом Сыр-Дариньской области, стал маленьким центром обширного степного пространства, заключая в себе почти все Кара-кумы, часть Кызыл-кумов, низовья Сыр-Дарьи, сея истоками Куваном, Джаман и Яны-Дарьями вплоть до Аральского моря. Основанный, главным образом, чисто военными целями, он, впоследствии, с устройством Аральской флотилии и развитием торгового транзитного движения между Оренбургом и Средней Азией, играл в Туркестане очень значительную роль» деген нақты мәлімет береді. Осында автор қала атауының Казалка (қазақшасы – Қазыалқа болуы керек-Н.М.) деген шағын өзенге байланыс­ты қойылғанын бірінші кезекте тілге тиек етеді.  Ал, ХХғасыр адамзат тарихында асқан қатыгездігімен есте қалды .Әсіресе, Кеңес үкіметінің өктем саясаты қанаушылық пен қантөгіске әкеліп соқтырды.Ұлы Қазан көтерілісі, соғыс жылдарындағы қасіретке толы болды.Бұл уақыттарда ұлттың небір арыстары асыра сілтеудің құрбанарына айналды. Бұл - ұлттық трагедия.Соңғы уақыттардағы орыстандыру саясаты ұлттық рухымызды жоя алмағанымен , тіліміз бен дінімізді , ұлттық дәстүріміз бен салт - санамызды айтарлықтай шайқалтты.Халық қарап қалған жоқ, қарсыласты, намысты қолдан бермеді.Өкіметтің осындай өктем саясатына халық тағы да көтерілді.Бұл тарихта 1930жылы болып өткен «Асандар көтерілісі».

Көтеріліс Кеңес үкіметінің қазақ ауылын күштеп ұжымжастыруға қарсы халық наразылығынан туған қарсылық.Бұл бас көтерудің басшысы да, қозғаушы күші де - қазақтың шаруа Голощекин И.Сталинге қазақ ауылындағы шындықты жеткізбеді.Т.Рысқұловтардың жазған «Бесеудің хаттары» сынды жазбалар оқылмады, жетпеді.Керісінше, ел ішіндегі наразылықты , дүмпулерді күшпен басу қолға алынды.Қарусыз халыққа қарсы ашықтан – ашық қару қолданылды, әскери күш араласты, қан төгілді.

1920-30жж ел қасіреті , әсіресе ұжымдастыру зарддаптары еліміз тәуелсіздік алғанан кейін ғалымдармен саяси қайраткерлердің еңбектерінде асырмай да, мұрағат құжаттарына дәйекті деректермен баяндалып келеді.Бұл уақыттарда ел басына «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңінен де қткен қаралы күндер туды. Атамекенін тастап беті ауған жаққа қаша бастады. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» кезеңі еді бұл дәуір. Яғни, үш қазақ болса, біреуі тған жерін тастап шетелге, жат жерге кетіп отырды.Тағдыр тәлкегіне түскен халық тентіреп , тарыдай шашылды, аштан қырылды.Қазақ елінің бар байлығы таланды, бетке ұстар ерлер айдалды, зиялы қауым атылды, ата – қоныс сынақ алаңға айналды, мыңдаған бауырларым ауру тапты, мүгедек болды.

Осы елдегі «Асандар көтерілісін» әркім әртүрлі айтады,меніңше "Асандар көтерілісі" 1929жылғы тамыздың 27-де болған секілді.Олай дейтінім:мен сол кезде сексен түйе ұстаған байдың баласы едім.Наурыз айында теңіздегі мұздың үстінен өтіп,жазғы жайлауға жететінбіз.Тамыз айында шөпті уландыратын ала күлектің уының күші кетеді.Сол уақытта жауын жауады.Тамыздың жиырмасынан кейін Сыр бойындағы қыстауға көшіп келіп,егіндік орнына түйе жаямыз.Тамыз айының 26-да Қара арықтағы "Жабағалы"шүңгілінің басына онбір үй көшіп келіп қондық.Балалар жағы қауынның ортасына келгенімізге қуаныштымыз.Түйелерді шүңкілдеп суарып,сол төңіректегі алқапқа жібердік.Мен сол кезде 12-13-тегі баламын.Біз жазда Арал теңізінің жағалауындағы" Үлкен Қаратүп","Кіші Қараптүп","Бұзау өлген","Нар өлген","Сары шоқы"деген жерлерде болатынбыз.Бұл мекендердің батыс жағы теңіз де,шығысы құрлық болатын.Бәрі де құмды жер.Асан аталығының Матығұл әулеті сол жерлерді жайлайтын.Ұмытпасам,27-тамызда "Асандар көтерілісі" болды. Көтеріліске шығатын халықтың жиналған жері-Әбжәми мешітімен біз отырған жердің арасы пәлендей қашық емес.Көп болса,7-8шақырымнан аспайды.

Тарихқа сүйенсек, "Асандар көтерілісі" екі рет болды деу-қате пікір.Көтереліс бір-ақ рет,бір-ақ күн болды.Онда да түстен кейін,бесін намазын оқып болғасын басталған.Көтерілістің рухани басшысы болған Иманқасым жиналғандардың бәрінің тірідей жаназасын шығарып:"Халық ісі үшін өлесіңдер,о дүниеде шейіт боласыңдар"деп жариялаған.Менің әкем-Мәкен Сапыұлы сол кезде науқас еді.Кәдімгі өкпес ауруы.Тамызда жатқаннан айықпай,қазан айының аяғына таман қайтыс болды, 51жасында.Жылы-жылқы еді.

Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Шүкіршілік, содан бері де он жылға аяқ басыпты.Бұл тәуелсіздікті бабаларымыз өмір бойы аңсап өтті. Уысына түспеді.Алайда, қарап қалған жоқ.Жауымен шайқасты, дұшпанымен айқасты. Қаны төгіл де, қабырғасы сөгілсе де аянбадф. Әйтседе, тәуелсіз қоғамда өмір сүру бақыты бізге бүгінгі ұрпаққа бұйырыпты. Тәубе дейміз. ұзағанан сүйіндіргей. Енді осы бақыттың қадірін бағалап, жан-дүниемізбен аялап, қолымыздан түсіріп алмасақ, қанекей.Қазақ халқы бастан кешірген бодандық пен бостандықтың арасын шамалайтын өлшем-уақыт.Салмақтайын таразы-тарих. Жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылы аласұрған құйындай көтеріліп басылған "Асандар көтерілісі"де тарихымыздың бір бөлшегі.Жинақтағы деректі материалдарды зерделей отырып бабаларымыздың азап пен ақыретке толы өмірін оқырман қауым көз алдына елестетер.Байқасаңыз,олар көтереліске ойсыз,тектен-тек шықпапты.Жылдар бойы қордаланған қорлыққа,жергілікті атқамінерлердің бөрік ал десе,бас алатын басынушылығына,өкіметтің асыра сілтеген астамшылық саясатына қарсы тұрды.Наразылық халықтың қамтылуы жағынан жаппай сипат алмаса да,бас көтеруге қатысушылардың қанына патриоттық сезімнің оты алаулап тұрғаны байқалады.Арада жетпіс жыл өткенде,аңсаған егемендік сусынынп ерніміз тиіп, көңіліміз орнына түсіп,көзімізді ашқан соң,бабаларымыздың әрекеті қара бастың қамы еместігін аңғардық.Онда туған ел мен жерге,болашаққа деген асқақ рух,еркін өмірге деген құштарлық жатыр екен.Бүгінгі және келешек ұрпаққа аса қажетті өнеге осы.Олай болса,тектілеріміздің рухына тау етіп, әруағына бас ию-парыз.

Талай қиын – қыстау күндерді бастан өткерсе де, салт – дәстүрі мен ғүрпынан, тілі мен ділін бекем үстаған туған өлке тарихымен мақтанбау мүмкін емес!

Бүгінгі Қазалы ауданы — Қызылорда облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 37,4 мың км2. Орталығы – Әйтеке би кенті.

Ауданының жері Тұран ойпатында орналасқан. Солтүстігінде Арал қарақұмы, оңтүстігінде Қызылқұм жатыр. Ауданның ең биік жері Арал қарақұмында (Жуантөбе тауы, 136 м).

Туған жердің климаты болса, тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Ауаның орташа температурасы қаңтар айында – 9 – 13 0С, шілдеде 30–32 0С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100–150 мм. Сырдария өзені аудан жерінің орта тұсынан өтеді. Қазалы қаласының маңынан Қазалы каналдары (оң жақ, сол жақ каналдары) және Жаңаарық каналы бастау алады. Сырдария өзенінің Қуаңдария, Ескідариялық және Жаңадария атты ескі арналары бар. Топырағы негізінен, құмды сортаңды болып келеді. Кейбір жерлері (ауданның шығысы) тақыр. Аудан жерінде шөлге төзімді бозжусан, жүзгін, жиде, сексеуіл, қарасексеуіл, теріскен, Арал Қарақұмы маңында астық тұқымдас шөптесін аралас бозжусан, өзен, көл маңында қамыс, құрақ өседі. Пайдалы жабайы өсімдіктерден қызылмия, тәттітамыр, жұмыршақ, тұмаршөп, итсигек, ақши, Рихтер сораңы, кәдімгі адыраспан, т.б. дәрілік шөптер өседі. Аудан жерінде шөлді ландшафтың жануарлары – кіші саршұнақ, атжалман, шағыл мысығы, құмқояны, құлақты кірпі, құмтышқан, қарсақ, сасықкүзен, қасқыр, түлкі, күзен, ақбөкен, доңыз, ондатра, қырғауыл, т.б. мекендейді.

Халық аудан аумағында біркелкі қоныстанбаған. Тұрғындардың 90%-дан астамы Сырдария өзенінің аңғарында және оның тармақтары бойында қоныс тепкен. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 2 адамнан келеді. Тұрғындар саны – 77 185 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,55%, орыстар – 0,29%, басқа ұлт өкілдері – 0,17%.

Аудан 42 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік әкімдіктері мен 19 ауылдық округтерге біріктірілген: Ақжон ауылдық округі • Алға ауылдық округі • Аранды ауылдық округі • Арықбалық ауылдық округі • Әйтеке би кенттік әкімдігі • Басықара ауылдық округі • Бозкөл ауылдық округі • Көларық ауылдық округі • Қазалы қалалық әкімдігі • Қарашеңгел ауылдық округі • Құмжиек ауылдық округі • Қызылқұм ауылдық округі • Майдакөл ауылдық округі • Майлыбас ауылдық округі • Мұратбаев ауылдық округі • Сарыбұлақ ауылдық округі • Сарыкөл ауылдық округі • Өркендеу ауылдық округі • Тасарық ауылдық округі • Шәкен ауылдық округі

Шаруашылығының негізгі көзі балық өндіреді, мал өсіреді, егін егеді.

Білім саласында өңірдің жетістіктері мақтанарлықтай.Аудан аумағында 10 – 11 ғасырлардағы Оғыз қағандығының орталығы Жанкент қалашығыының орны бар. Мұнда Орақ батырға, Жанқожа батырға кесенелер, т.б. тарихи тұлғаларға ескерткіштер орнатылған. Аудан жерінде Жалаңтөс пен Әйтеке, Жанқожа мен Ақтан, Ашабай мен Сырлыбай, Жылқыайдар мен Жетес, Үмбет пен Ерімбет, т.б. әйгілі батырлар мен би-шешендер өмір сүрген.

Ертеден білім мен ғылымның ошағы болған Қазалы өлкесіне 95жыл . Ғасыр жасаған туған жерде небір әнші де, батыр да, ақын ғалым да, шебер де, жырау да, би мен шешен де дүниеге келген.

Қазалының бүгінгі тіршілік тынысы көңіл қуантады. Жергілікті жерде өндірілген кәмпиті мен күріші, сапалы сүт өнімдері тек аудан, қала халқына ғана емес, облыс, республикадан асып ТМД елдеріне де танымал. Атап айтсақ, Қазалы конфеті Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында сатылса, «СПК Қызылорда Балық» ЖШС-нің балық сүбелері мен өнімдері Еуропа елдеріне, ал «Сыр маржаны» ЖШС күріш өңдеу зауытындағы күріш ТМД елдеріне шығарылады. Қалада 7 мыңнан аса халық тұрады.Халықтың дені еңбекқор.

Қала тарихынан сыр шертетін аңыздарда Қазалы аталуының мәні әділ қазылығымен халыққа жаққан жанның атына байланысты қойылған десе,енді бірінде шалқыған көлдің бетіндегі аққу қаздың көптігінен «қаз елі» атаныпты десед

Бірлігінен айырылмаған Қазалы,

Қатар жүрген қызығы мен азабы.

Апатқа да қарсы тұрып қаймықпай

Маңдай ел тарихын жазады!- деген жыр жолдары арқылы егіншілік пен мал шаруашылығын дамытқан туған өлкемнің тарихы жаңарып, жаңғыра берері хақ!


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Тамыры терең, тарихы кенен Қазалы»кітабы № 1.2.3

2. Бес ғасыр жырлайды А. Жазушы, 1989 5-б

3. «Асандар көтерілісі» жинағы «PRINT- S» ЖШС баспаханаасы, Алматы, 2000

4. «Ортаймаған қазаны, Қасиетті Қазалы» Жетіскен Мәкеналы

5. «Қазалы»газеті №17(64)

6. Нұрлыбек Мыңжас, тарих ғылымдарының кандидаты «Сыр бойы» газеті .2000ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!