Материалдар / "Туған жерім тұғырым" ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Туған жерім тұғырым" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
98
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Бекітемін»

МКҚК «Гаухар»

Балабақшасының әдіскері

_______Г.Қуанышбаева.


39-40 ҰОҚ

Тақырыбы: «Туған жерім – тұғырым»

Балабақша: «Гаухар»

Күні: 30.01-2.02

Педагогтің аты-жөні: Нарешова Алтынай Жанбирбаевна

ТОП: Мектепалды даярлық

Қатысқан балалар саны:

Қатыспаған балалар саны:

ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты:

0.1.1.6. Музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттау.

0.2.1.2. Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу.

0.1.2.1. Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату.

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырата алады.

көпшілік балалар:

Музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттай алады.

кейбір балалар:

Музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынына, динамикасына, ырғақтық суретіне сәйкес ән сала алады.

Тілдік мақсат

Балалар:

Отаны, тұратын жері туралы әңгімелейді.

Туған жері, елі туралы тақпақ-өлеңдер айтады.

Көптілділік: салтанатты – торжественный – solemn.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Ашық-жарқын, мұңды, салтанатты.

Пікір алмасу сұрақтары:

Өз туған жеріңе деген қандай тілектерің бар?

Естіген әуенді қалай сипаттар едің?

Туған жеріңнің табиғатын суреттеп бер.

Өткен ҰОҚ-нен алған білім

Төмен-жоғары, қысқа-ұзын дыбыстарды ажыратады. Үйренген әндерді еркін орындайды, алған әсерлерін, толғаныстарын еркін сипаттайды, әңгімелейді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. дұрыс әсерлі көңіл күй

орнату 0-2 минут

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

Музыка залына көңілді әуенмен балаларды қарсы алу.

Балалар бүгін сабағымызға келген қонақтарымен, бір-бірімізбен амандасып алайық.

Қайырлы таң, алтын күн!

Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң, жер-Ана!

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң, достарым.

Достарымды көргенде қуана қарсы аламыз. Алақанды ұстасып жылулықты аламыз. Алақандарының жылуы арқылы балалар бір-біріне,  қонақтарға, туған жеріне жақсы тілектер айтып жақсылықтар тілейді.

Балалар көңілді әуенмен қуанышты жүріп келеді.


Шаттық шеңберінде балалар бір – біріне жылулық сыйлайды.

ҰОҚ-нің ортасы

III. Тақырып бойынша

жұмыс

6-27 минут

Ән тыңдау:

1.)«Менің елім» Н.Назарбаев, Б.Тілеуханов

2) «Туған жер» Б.Бейсенова

-Ән не туралы?

-Жарайсыңдар.

-Балалар біз қай Республикада тұрамыз?

-Біздің елбасымыз кім ?

-Қазақстан республикасының рәміздерін атаңдаршы?

- Қазақстан республикасының бас қаласы қай қала?

-Біз қай тілде сөйлейміз?

-Қазақстан Республикасының қандай қалаларын білесіндер?

Балалар жана біз елкен отанымыз туралы еске түсірдік. Ал енді өзіміздің туған өлкеміз Құрманғазы ауданы,Нұржау ауылы жайлы айтамыз.

Балалар біздің тұрып жатқан жеріміз, туған өлкеміз қалай аталады?

Есікті соғып саяхатшы келеді.

Саяхатшы: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен өмір бойы барлық жер шарын кезіп жүрмін ал бұл ауылда мүлде болған емеспін. Нұржау ауылының көрнекті жерлерімен танысқым келіп өз картамды ашайын десем ашылмайды, маған сіздердің көмектеріңіз қажет.

ндеше  қонағымызды Нұржау ауылының көрікті жерлерімен таныстырайық.

 Біздер жолға шығайық,

Нұржаудың әсем жерлерін,

Біліп біздер алайық

Оң жақта да, сол жақта да

Биік үйлер бар екен.

1-аялдама. Округ әкімшілігі

Мұнда әуылымыздың әкімі,мамандары қызмет жасайды.

2-аялдама.Байланыс бөлімі

Осы жерде ауыл тұрғындарына түрлі басылымдар таратады.

3-аялдама.Дәрігерлік амбулатория.Бұл жерде түрлі науқастарды емдейді.Ауырған адамдар осы жерге келіп дәрігерге көрінеді.


Сергіту сәті.


4-аялдама. Балабақша

-Біздің балабақшамыз қалай аталады?

-Балабақшаға кімдер келеді?

5-аялдама.Нұржау жалпы орта мектебі.

Мектепте мұғалімдер балаларға сабақ береді.

Ені әрі қарай жолға шығайық, әнімізді айтып жолды қысқартайық.

6-аялдама.Мәдениет үйі

Бұл жерде ертегілер, үлкендерге арналған қойылымдар сахналанады, мерекелер өткізіледі, өнер адамдары концерттер қояды.


7-аялдама.Обелиск

Мұнда Ұлы Отан соғысына қатысып еліне оралмаған аталарымызға арнап жасалған ескерткіш.


8-аялдама.Шарон өзені

Ауылымыздағы Шарон өзені,жаз кезінде салқындап суға шомылады,балық аулайды

-Ауылымыздағы өзен қалай аталады?

9-аялдама.Ойын алаңы

-Ойын алаңына не үшін келеді?

-Балалар біз Нұржау ауылында туғандықтан осында тұрамыз, білім аламыз, өскенде туған жерімізде жұмыс жасаймыз.

 -Жарайсыңдар, балалар. Сендерге туған өлкелерің ұнай ма?

 -Балалар бүгін біз саяхатшыға көмектестік, ауылымыздың әсем жерлерімен таныстырдық.

-Енді балабақшамызға келейік.


Топқа бөлу

Балабақша,мектеп,мәдениет үйі

Ән айту:

1) «Жас дәуірдің түлегіміз»Н.Нүсіпбаев

2) «Мен ауылға барамын»Б.Бейсенова


-Ән көңілді ме,көңілсіз бе?

Табличка көтеру арқылы көрсету


(Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-сабақ. айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: «Мен ауылға барамын» әнінің мазмұнын көрсететін суретті таңдап белгіле.

(Т) Музыкалық-дидактикалық ойын: «Үш көңіл күй» «Марш» (муз. В. Соловьев-Седой), «Полька» (муз. И. Штраус), «Вальс» (муз. Э. Григ); «Бесік жыры» (Б. Дәлденбай).

Музыка жанрларын ажыратуға ықпал ету, сәйкес карточкаларды көрсету.

Әр топқа 3 жанрдың музыкасын жіберіп қимылдарын көрсету

-Балалар сендерге үлкен рахмет,ауылдарынызда әсем жерлер көп екен.Менің сендерге берер сыйлығым бар.

Ендеше туған өлкеміз Нұржау туралы шағын бейне көріністі тамашалайық.



Қазақстан


Н.Ә.Назарбаев




Астана







Нұржау ауылы







Сәлеметсізбе!



Жарайды, саяхатқа бірге ала кетеміз.

















«Гаухар»

Балалар









Ойнау үшін,дем алу үшін


Шарон


















Әннің сөзін жаттап әуеніне ілесе айтуға талпынады.


Көңілді



Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар, бояулар

«Үш көңіл күй»

(«Марш», «Полька», «Вальс»), «Бесік жыры» әндері Үлестірмелі карточкалар


Ұнайды



Қызығушылықпен қарайды


IV. ҰОҚ-нің қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут

Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?

-Туған өлкеміз қалай аталады?

Саяхатшы балалардың сыйлығына өз ризашылығын білдіреді. Балаларды мадақтайды, саяхатшымен қоштасады.

(Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.

Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, шарға жасыл түсті смайликти,орташа болса сары түсті, ал қызықты болмаса, қызыл түсті смайликті жапсыр.

Сұрақтарға қызығушылықпен жауап береді


Сау болыңыз!

Риза болып марш әуеніне ілесе шығып кетеді




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!