Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ТУҒАН ӨЛКЕ – ИГІЛІГІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«ТУҒАН ӨЛКЕ – ИГІЛІГІ»
Алматы облысы, Балқаш ауданы
«Бақанас аграрлы – индустриалдық колледжі» МКҚК
тарих пәнінің оқытушысы
Мусапирова Камажай Муратовна
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Егеменді ел, тәуелсіз жұрт болғалы туған жерге деген іңкәр көңіліміз, сүйіспеншілік сезіміміз жарқын істерге жалғасып жатыр.
Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен өткенімен және болашақпен байланыстырады. Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін «Туған жер» қадірі дүниедегі «ең ұлы» деген нәрсемен пара-пар. Туған ел, туған жер дегеніміз ол сенің елің, жерің және сенің жүрегің.
Менің туып өскен туған өлкем Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы.
Балқаш ауданы - Алматы облысының солтүстік - батысындағы әкімшілік бөлініс 1932 жылы құрылған. Жер аумағы 37,4мың км2 . Тұрғыны 30,2 мың адам, орташа тығыздығы 1км2 - 0,9 адамнан келеді. Ауданда 38 елді мекен, 15 ауылдық әкімшілік бар. Аудан орталығы – Бақанас ауылы. Бақанас ауылының 8,9 мың адам (2015) тұрғыны бар. Балқаш ауданының табиғи байлығы өте мол және қазынаға бай, табиғаты өте сұлу қасиетті мекен. Бұл өлкеде түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі, сонымен қатар аңдар мен құстар түрлі жануарлар мекендейді. Мен жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкемді оның осындай игілігін әр қашанда мақтан тұтамын.
Бүгінгі күні Балқаш ауданы әлеуметтік-экономикалық даму жағынан жоғары көрсеткіштерге ие. Балқаш ауданында құрылыс, агроөндірістік мекемелер, бірнеше өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары және серіктестіктер жұмыс істейді. Ботаника және интродукция институтының Іле ботаникалық бағы, мәдениет үйлері, 20 орта мектеп, аудандық аурухана, санитариялық-эпидемиологиялық станция, аудандық тарихи - өлкетану мұражайы, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы саябақ, мешіттер, спорт кешені т.б. мәдени нысандар ел игілігі үшін қызмет атқаруда. Ел экономикасын өркендеуіне үлес қосып жатқан бұл туған өлкемде көптеген ауыл шаруашылық салалары қарқынды дамыған. Мал шаруашылығы ауданымыздың басты шаруашылығы болып табылады. Өлкеде төрт түлік малдын барлығы дерлік өсіріліп бағылады. Сонымен қатар дәнді-дақылдар өсіретін бірнеше кәсіпкерлер жұмыс жасайды. Міне, менің туған өлкем бірте-бірте көркейіп дамуда. Соған үлес қосып еңбек сіңіріп жатқан бірден бір адам ол аудан әкімі Тоқпейісов Ғалым ағамыз. Сол кісінің бастауымен ауданда түрлі жобалар қолға алынып жатыр. Жұмыстардың сапасы артып, өз нәтижесін беруде. Айта кетер болсам ауылымызда Ғалым ағамыздың бастауымен жолдар қайта жөндеуден өтіп, бүлдіршіндерімізге арналған балабақшалар пайдаланылуда.
Бұл өлкенің атап көрсетер ерекшеліктері көп. Соның бірі жылдың төрт мезгілі. Әр мезгіл айқын байқалып, өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. Мен сол ерекшеліктерді қаламмен суреттеп көрдім:
Күзде дала қоңырқай түске боялып, адам жанын ерекше күйге бөлейді. Күзде жауған күз жаңбырлары дала үшін де айтарлықтай пайдалы болып саналады. Жаз бойы сайран салатын құстар жылы мекенге бағыт алып, кең даламен қимастықпен шулай қоштасады. Адамдармен қатар басқа да тіршілік иелері қыстық қамын жасаумен әлек болады. Қысы қыңыр мінезді болғанымен,кең дала төсіне қарап қыңырлықты ұмытасың. Айналаға ақ кілем төселіп,жаның кіршіксіз тазалықты,пәктікті сезеді. Ақ мамыққа із түсіре жүгірген дала аңдарының ізі бейне бір кілем үстіне сырылған оюдай болып табиғатқа ерекше өң беріп тұрады. Боран дыбысы табиғат күйімен үндесіп, жаз құстарының орнын алмастырып тұрғандай күй кешеді.
Қыстан кейін келетін көктем мезгілі бұл мекенде ерекше байқалады. Табиғатпен бірге адам жаны жаңарып, табиғаттың әсем көрінісіне қарап ерекше күйге бөленесің. Қайта келіп жеткен құстар әні құлақ құрышын қандырып, айналаны әсем әуенмен жандандыра түседі. Осы сәтте күн де кең даланы жылуымен жылытып, нұрымен нұрландыра түседі. Көктемнің алғашқы жауыны жерге сіңіп жер бетін құлпырта түседі. Жайқала өскен дала гүлдеріне қарап еркіндікті, шексіз сұлулықты байқайсың. Көктеммен бірге келетін жақсылықтың, байлықтың,берекенің мерекесі-наурыз мейрамы бұл мекенде жоғары деңгейде аталып өтіледі. Ат шаптырып, дастархан жаю, ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлерімізді өткізу біздің ауыл үшін жыл сайын атқарылатын істер. Осы арқылы біз салт дәстүрлерімізді дәріптеп, насихаттаймыз. Бұл игі іс салт-дәстүрлеріміздің тасада қалмауы, ұлттық санамыздың сөнбеуі үшін өте қажет. Бұл мезгілдің тағы бір ерекшелігі төрт-түліктің төлдейтін уақыты. Ел ішін береке мен мерекеге толтыратын бұл мезгілді асыға күтеміз.
Адам жанын сергітер тағы бір мезгіл-жаз мезгілі. Жаз мезгілі өзге мезгілдерден күннің ыстықтығымен ерекшеленеді. Бұл мезгілде балалар суға шомылып, қуанышқа бөленеді. Күннің жылуы ерекше таралатын бұл мезгілде ауылдың әрбір адамы көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. Балалар доп қуысып мәз-мейрам болып жүреді. Алаңсыз балалық шақтың дәлелі айқын байқалады. Маған бұл мезгілдің кешкі уақыттары қатты ұнайды. Қызарып батқан күн көрінісі адамға шабыт сыйлап, адам бойында ерекше бір сезім қалдырады. Әрбір шаңырақ қыстық қам жасап, азық дайындайды. Бұл мезгіл кез-келген іс жасауға өте қолайлы кезең болып табылады.
Табиғатымыздың тағы бір байлығы- өзені. Бойына құс қонып, жағасын құрақ жапқан бұл өзен - Іле деп аталады. Бұл өзен үлкен аумақта созылып жатыр. Ауылдың жанында орналасқан бұл өзенге жаз бойы балалар шомылып, балық аулап қызықтайды. Өзенде балықтың көптеген түрлері кездеседі. Жалпы айтқанда бұл өзеннің күллі тіршілік атаулына тигізер пайдасы орасан.
Сонымен қатар ауыл ортасында 1200 ге жуық баланы біліммен сусындадып отырған екі бірдей білім ордасы жұмыс жасайды. Бүгінде бұл білім ордасы болашақ ұрпақтың сауатты, білімді болуы үшін қызу жұмыс үстінде. Мектептегі білім беретін ұстаздар өте мейірімді, ақкөңіл және білімді. Олар барлық еңбек күшін болашақ азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеуге, оларға білім беруге жұмсайды.Себебі, олар өз шәкірттеріне үлкен сеніммен қарайды.
Мектеп оқушылары өнерден де кенде емес, әрбір оқушы өзіндік қабілетімен, талантымен ерекшеленеді. Түрлі өнерге бейімделген бүлдіршіндер мен жасөспірімдер мектеп абыройымен қатар ауылымыздың атын асқақтатып жүр. Білім ордасы спорттан да қол үзбеген. Түрлі спорттық жарыстарда топ жарып, белсенділік танытады. Әрбір оқушы бойындағы қабілетті ашудағы ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше.
Мектептен басқа ауылымызда бірнеше ірі ғимарат бой көтерген. Олар әр сала бойынша қызмет етеді. Соның бірі қасиетті орын саналатын - Мешіт ғимараты. Бұл ғимарат халық игілігі үшін жұмыс жасап жатыр. Ауыл тұрғындары әр жұма сайын осы мешітте бас қосып, мұсылмандық парыздарын атқарып жатады. Бұл ғимарат біздің өлкенің сәні болып табылады. Ал қасиетті Рамазан айы келіп жеткенде ораза тұтқан барлық адамдар осы орында бас қосады.
Ауылымыздың тағы бір ерекше ғимараты - мәдениет үйі. Бұл өнер ордасы-талайдың талантын ұштап үлкен өмірге өнермен бірге қанат қақтырған. Өнер ордасында әр мереке сайын мерекелік іс-шаралар жүргізіледі. Іс-шараларға ауыл тұрғындарымен қатар, мектеп оқушылары ұйымдаса атсалысады. Сонымен қатар мәдениет үйінде ауылдық кітапхана орналасқан. Тұрғындарға, жеткіншектерге рухани тәрбие беретін бұл кітапхананың берер пайдасы көп.
Ауыл халқына қызмет ететін тағы бір мекеме - аурухана. Осыдан 30 жыл бұрын бой көтерген бұл мекеме халықтың көңілінен шығатындай қызмет көрсетіп жатыр. Бұл мекемеде ақ халатты абзал жандар халық денсаулығының жақсы болуы үшін талмай қызмет етіп келеді.
Осындай өнерлі, рухани бай адамдар мекендеген киелі мекенде қаншама ақын-жазушылар туып өсіп, қаншама ақын-жазушылар киелі өлкені ән-жырына қосып, шығармаларында тілге тиек еткен. Жергілікті ақын-жазушылар өз шығармаларында туған жерінің табиғатының әсемдігін, жұртының шексіз мейірімділігін, түрлі байлықтарын жан-жақты баяндап, суреттей білген. Олар дала төсінен шабыт ала отырып көркем шығармаларын дүниеге әкелді. Көркемдігі шексіз табиғат сыйлаған шабыт олардың өзіндік дара жолын салуына ықпал етті.
Туған жер жайлы сөз қозғағанда айтуға сөз жетпес. Оның әдемілігін,әсемдігін сөзбен айтып жеткізу әсте мүмкін емес. Туған жердің кереметтілігі шексіз. Туған жерге деген махаббатта өзге сезімнен бөлектеніп, ерекшеленеді. Жырақ кетіп сәл алыстасаң жүрегің туған жерді аңсап,туған жерім деп тулайды. Мен осындай керемет өлкеде туғанымды, кең далада еркін өскенімді, осындай ғажап мекенде өмір сүретінімді мақтан етемін. Мен туған жерімді шексіз махаббатпен сүйемін. Мен осындай туған өлкеммен мақтанамын!!!
Тағыда айтар болсақ, ауылымызда орта буын жұмысшы мамандарын дайындайтын «Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі» - аудан жастарына кәсіптік білім беру бағытында іргелі де, өзіндік тарихы бар, ауылшаруашылығы мамандарын даярлап келеді. Осы мамандар ауданымыздың және облысымыздың әртүрлі қызмет салаларында жұмыс атқаруда.
Қазіргі еліміздің жастарымен бірге Балқаш ауданының жастары да үнемі өсіп, жетіліп, нақты да нәтижелі реформалар негізінде алға басып келеді. Ботанов Нариман - Қазақстан Республикасының бюджетінің бас эксперт - бас мемлекеттік ревизоры, Бұқпантаев Жандос - Қазақстан Республикасы сыртқы істер министірлігінің бөлім бастығы. Шымырбаев Қайсар - Алматы темір жол кеден бекеті басқармасы бастығының орынбасары, Иманбеков Төлеген - Алматы қаласы KAZCOTRANS директоры, Ербаев Күмісбек Балқаш аудандық «Балқаш өңірі газеті» бас редакторы және тағы басқа басқа да көптеген балқаштық жастар туған жер игілігі үшін қажырлы еңбек етуде.
Туған жеріміздің табиғи байлығы тұрғындарының белсенділігіне, ізденісіне, тапқырлығына кең жол ашып, зор мүмкіндіктер туғызып келеді. Адамзат еңбегінің қоғамға пайдалы барлық түрлерін дамытып, жетілдіруге жол ашық. Туған жерге деген махаббат, сыйластықпен ұласса ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Біз жастар егемен елдің жас ұрпағымыз. Еліміздің гүлденуі, өсуі, дамуы мына біздің қолымызда. Сондықтан туған ел, туған жерімізді барынша құрметтеп өтейік. Сол кезде туған жеріміз көркейіп, гүлденіп өсе береді. Мен осы «Туған өлке игілігі» атты шығармамды Салтанат Маратқызының өлеңімен аяқтағым келеді.
Өмірге келдім, сені көрдім, туған жер,
Алғаш рет кіндік қаным тамған жер.
Өтті сенде қуанышты әр күнім,
Топырағыңда асыр салып шалқыдым.
Ыстық маған жусаның да, жерің де,
Тең келер саған жоқ қой ауыл мына елімде.
Ыстық маған жерде жатқан әр тасың,
Туған жерім менің панам болғансың.
Туған жерім шер тарқасар сырласым,
Туған жерім қайғымды айтар мұңдасым.
Керек кезде тасыменде сөйлесер,
Туған жерім менің мәңгі жолдасым.
Қызық маған сенде өткен бар күнім,
Айта берсен көп қой оның барлығын.
Шегіне жетпес жер секілді боласын,
Сездірмейсің туған жердің тарлығын.
Сенде ана, ал біз сенің перзентің,
Сенің, міне, топырағында бой жеттім.