Материалдар / Туған өлкеде өсетің және бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған өлкеде өсетің және бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған өлкеде өсетін және бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
403
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туған өлкеде өсетің және бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттері.

Лечебные свойства комнатных растений и растений,

произрастающих в родном крае.

Medicinal properties of indoor plants growing in their native land.

Ғылыми жобаның авторы:

9-сынып оқушысы

Кицуль Алина Михайловна

Ғылыми жобаның жетекшісі:

Химия пәнінің мұғалімі

Тахиров Рифхат Ришатович

Мақсаты: Туған өлкеде өсетін және бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттерін тану, ажырата білу, олардың емдік қасиеттерін анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау.

Міндеттері: - Туған өлкеде өсетін және бөлме өсімдіктерін зерттей отырып, олардың адам , қоғам өміріндегі маңызын ашу;

  • Бұл өсімдіктердің таптырмайтын емдік қасиетін дәлелдеу;

  • Олардың өсетін жерлерін, өсу ерекшеліктерін анықтап, қоршаған ортаны таныту, олардың адам өмірінде манызды орын алатының жеткізіп , дәлелдеу ;

  • Оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, қаншалықты оқушылар емдік өсімдіктерді білетінің анықтау.

Зерттеудің әдістемесі: жергілікті өсімдіктердің дәрі-дәрмекте қолданатының анықтап, бөлме өсімдіктерін жергілікті тұрғындар не себепті өсіретінің анықтау.

Гипотезасы: Дәрілік өсімдіктер медицинада кең қолданылады.

Жұмыстың өзектілігі: Туған жерде өсетің дәрілік өсімдіктердің құпиясын ашып, зерттеу. Сауалнама жүргізіп қаншалықты емдік өсімдіктер қолданатының анықтап, адамзатты қоршаған ортаны қорғауға және оны аялай білуге шақыру. Табиғат әлемінің адамдарға берер нәрі мол екеніне көз жеткізу.

Кіріспе

«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті. Өзім кішкентайымнан бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған- түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы мол екенің түсіндім және де олардың қасиеттері қызықтыра бастады.

Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күман келтіре алмас.

Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген.

Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым.

Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.

Отбасымызда анам емдік мақсатта пайдалану үшін бөлме өсімдіктерің көп отырғызады.1-2 сыныптардан бастап «ана көрген тон пішер» демекші менде анамнан көргенімді ойға түйе отырып, бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттерін біле бастадым.

Атап айтсам, бөлме өсімдіктерінен емдік мақсатта алой (алоэ), орыс халқы оны «столетник» (жүзжылдық) деп те атайды, герань, фикус, золотой ус , кактус т.б. өсіріп ,қолданамыз.

Жаз айларында өзіміздің бақшамызда өсетін аскөкті, меруетгүлді, бақбақты, сонымен қатар даланың кез келген жерінде өсетін түймедақ, өгейшөп, жусан өсімдіктерін теріп, кептіріп емдік мақсатта пайдаланамын.

Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар.Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді.Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз.Егер әрбір саналы, сауатты

Қазақстан азаматы ,азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмаспа еді және ерінбей бар затты пайдалану керек деп ойлаймын .

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демейме атам қазақ.

Содықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін.

Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ, сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында.

Зерттеу барысы: Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан балаға жалғасып отырған.

Қазақстанның табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.

Әбу-Насыр-Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына үлкен үлес қосып ,дәрілік өсімдіктерді тауып, пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40-%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем-дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек.

Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағынада көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз.

Қазақ емшілерінің ауру-сырқаулармен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғаттағы өсімдіктер дүниесі. Олай болса, аяғымыздың астында өсіп жатқан дәрілік өсімдіктерді танып, біліп, зерттеп ауруымызға шипа етпуіміз керек . Біздің ауылымыздың маңындағы жерлерде көптеген дәрілік өсімдіктер өседі. Оларға түймедақты, итмұрынды, бақбақты, өгейшөпті, жусанды, аскөкті жатқызуға болады.

Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі ляззат мүмкіндігімен ғана (бұлардың шипалы күшіде осында) шектелмейді, бойындағы физиологиялық сергек заттардың арқасында (меруетгүл, шегіргүл, гүлшетен) олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады, өздерінің жер үстіне және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы, мәселен, бақбақ атам заманнан «өмір нәрі» аталған, ал қалақай – витаминдер қоймасы саналады. Өсімдіктерді өртеп тастауға асықпай, алдымен олардың пайдалы қасиеттерін біліп алуға тырысу керек.

Қазақ емшілерінің ауру-сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі.

Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі және тұқымынан дәрі-дәрмек жасалады. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі-өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі-дәрмек алуға болады.

Дәрілік өсімдіктерді жинап алғаннан кейін, жас күйінде пайдаланып ,қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады. Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақ, балшық секілді лас нәрселерден арылтып, кейін әрқайсысының ерекшелігіне қарай кептіру, көлеңкеде кептіру, самалдатып кептіру керек.

Қазіргі технологияның дамыған шағында түрлі химиялық заттардың әсерінен, ауаның таза болмауынан, түрлі мемлекеттермен қарым-қатынас нәтижесіндегі тауарлардан туындайтың аурулар көп деп айтуға болады. Мысалы хром рудасының әсерінен және судың таза болмауынан түрлі аурулар көп кездеседі. Айта кетсек, тері аурулары, шаштың түсуі, тістің қараюы, өкпе аурулары, өт қалталарында тастың жиналуы, асқазан жаралары, жоғары қан қысымы аурулары.

Қоғам бар жерде түрлі аурулар кездеспей тұрмайды. Бірақ сол мәселені шешу әр адамның саналы қорғанысында. Олай дейтініміз ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демейме атам қазақ. Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттеп білу, қолданысқа енгізу ,мен үшін алға қойған басты мақсат, міндет деп білемін.

Дәрілік түймедақ антик заманда-ақ әсемдіктен гөрі, көбіне дәрілік өсімдік ретінде белгілі болған. Ол үлкен Плинийдің, Гипократтың, Диоскоридтың еңбектерінде баяндалған.

Дәрілік түймедақтың шипалық қасиеті ондаған заттардың жиынтығына байланысты. Түймедағынан жасалған дәрілерді ішек түйілгенде, іш қатқанда, тер шығару үшін де ішеді.

Ішілу үшін сорғыш дәру дайындайды – 10 шайқасық түймедағына екі стақан салқын су құяды да 8 сағат тұндырады немесе тұндырма жасайды -15 г ұнтақталған гүлдерге бір стақан қайнаған су құяды да 45 мин. тұндырады,кейін сүзгіден өткізеді, тәулігіне 3-4 рет бір асқасықтан ішеді. Сыртқы аурулар үшін ыстық тұндырма жасайды 2-3 қасық өсімдікке ыстық су құйып, бір сағат тұндырады. Косметикалық мақсатта түймедағының қайнатпасымен шашты жуады (шаш алтындай сарғыш түске енеді) немесе бетті қою шырмен жуады (бет терісі барқыттай болады).

Түймедағының тұндырмасы қабақтың шаршағанын, қызарғанын басады, терінің босаңсығанын азайтады, оған икемлі жеңілдік береді. Жаз бойы бірнеше рет жинауға болады және оларды жинағаннан кейін дереу кептіру керек.






Зерттеу нәтижесі:


Сауалнама

Екібастұз ЖОББМ 2,8,9 – сынып оқушыларынан сауалнама сұрақтары.

Сұрақтар

«иә»

«жоқ»

1

Алой өсімдігін білесің бе?

+


2

Алой дәрілік өсімдік пе?

+


3

Өз үйіңе алой өсімдігін өсіресің бе?

+


4

Алойдың емдік қасиетін пайдаланып көрдің бе?


+

5

«Алоэ экстракт», «Алоэ Вера» дәрісін білесің бе?


+


Герань -280-ге жуық түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен, қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді. Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды микробтарды, стафилакокк бактерияларын жоюға пәрмені бар өсімдік. Қазтамақ тез өсетін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Мамыр айында аулаға шығарып, гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15см-дей биіктікте кесіп, жыл сайын өсімдікті жасартып, жаңартып отыру қажет.

Сансевиерия -бөлме гүлінің 66 түрі бар. Бұл гүл адам ағзасының белгілі бір климатқа бейімделуіне көмектеседі және иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ бөлмедегі ауа қысымын және ылғалдылықты реттеп отырады. Бөлмеде төселген линолеумнен бөлінетін улы заттарды жоятын қабілеті бар. Сансевиерия тұмау тиюден қорғайды. Бұл бөлме гүлі жарық таңдамайды. Күн көзінде де, көлеңкеде де өсе береді. Жылына 2-3 рет қайта отырғызуды ұмытпағайсыз. Жаз айларында жиі, қыс мезгілінде сирек суару қажет.

Фикус – ең көп таралған бөлме гүлі. Оның 1500-2000-ға жуық түрі бар. Бұл гүл бөлмедегі көмірқышқыл газын жұтып, оттегіні бөледі. Сондай-ақ бөлме ішін ылғалдандырып, улы заттардан тазартады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін

шаң-тозаңнан сақтайды. Оттегіні күндіз бөліп, түнде жұтатын қабілетке ие фикусты жатын және балалар бөлмесіне қоймағаныңыз абзал. Мамандар фикусты ас бөлмеге немесе терезесі тас жолға қарайтын бөлмелерге қоюға кеңес береді.

Сауалнама талдамасы

2,8,9 сынып оқушыларының арасында өткізілген сауалнаманың талдамасына сүйенсек, алой өсімдігін білгенімен оның емдік қасиеттерін әлі де болса біле бермейді екен .


























Қорытынды

Менің ойымша ,өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізері сөзсіз . Өсімдіктер өскен ортада тазалық болады. Өсімдіктерді тек бөлмеде ғана емес, сонымен қатар адам көп шоғырланатын жерлердің барлығына да өсіру керек.

Мысалы ,осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді.

Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз екені дәлелденген , себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір сүруге, нашақорлар мен шылым шегушілерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыру, экологиялық таза табиғат денсаулық негізі екендігі айқын дәлелденген. «2030-дың Қазақстаны ауасы таза , көркейген ел болады»- деп айтқан президенттің тілегіне қосыламын, осы тілек орындалса, нұр үстіне нұр болады .























Пайдаланған әдебиет

1. М.Қанапияұлы. «Қазақстан халық емі» №1,2,3,4. Алматы «Өнер» 1998 ж.

2. Ә.Іскендіров. «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері». Алматы «Қазақстан» 1982ж

3.Л.К.Сафина. Е.П.Петров «Жасыл аптека» Алматы «Қайнар» 1992 ж

4.«Қазақ емшілігі». Алматы 1995ж

5.Р.Ә.Әлімқұлова, М.А.Тартенова «Өсімдік табиғат қазынасы» Алматы 1984ж.

6.П.С.Массагетов «Өсімдік әлеміне саяхат». Алматы, 1998ж

7.Б.Қалиев «Өсімдік атаулары.Орысша- қазақша сөздік» Алматы, 1993ж

8.М.Қожабеков «Дәрілік өсімдіктер» Қазақстан, 1975ж

9.М.Оспанова, Ж.Лұқпанов . «Өсімдік- жанға шипа, дертке дауа» Қайнар, 1992ж

10. С.Х.Субханбердин «Дәрі – дертке дауа, жанға шипа» Алматы, 1994ж

11.Парасат журналы. 2006ж №2,5,7,8,9,11,12

2007ж №1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12

12.Денсаулық журналы. 2006ж №1,2,3,4,5,6,10,11

13.Қазақстан әйелдері журналы. 2007ж №4,6,7,10,11

14.Биология және салауаттылық негіздері. 2005ж №3.
























Аңдатпа

Ғылыми жұмысының тақырыбы «туған өлкеде өсетің және бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттері» деп аталады. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді.

Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз екені дәлелденген , себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Жұмыстың тәрбиелік мәні бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер пайдасы мол. Қойлардың түрлерін толығырақ жан-жақты зерттелінуде. Оқушы ғылыми жұмысты газет, журнал, кітап, интернет желісі көмекші әдебиеттер арқылы жинақтаған.

Алдағы уақытта оқушының бұл тақырыптағы зерттеуі жалғастырылып, оның түрлері суреттермен, материалдармен толыға түсеріне сенімім мол.


Жетекші: Тахиров Р.Р.

Химия және биология пәнінің мұғалімі


Аннотация

Тема его исследования - «Лечебные свойства местных и комнатных растений». Некоторые из лучших современных лекарств производятся из дикорастущих трав. Однако не все травы, которые используют люди, имеют одинаковую медицинскую ценность, и те, у кого они есть, используют их неправильно. Попробуйте изучить такие травы в вашем районе и выяснить, какие из них обладают целебными свойствами. Некоторые травы очень токсичны, если принимать их в избытке.

В то же время современные препараты оказались намного безопаснее, потому что их дозировку легко определить.

Воспитательное значение работы очень полезно для воспитания современных детей. Более подробно изучаются типы овец. Студент собрал научные работы через газеты, журналы, кн

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!