Материалдар / Туған өлкем - тұнған шежірем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған өлкем - тұнған шежірем

Материал туралы қысқаша түсінік
Аймақтық компонетке арналған тәрбие сағатына керек. Бұл материал Зайсан ауданының мектептегі сынып жетекшілеріне, тәрбиешілеріне септігі мол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2018
753
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сөз мерген
Сабақтың тақырыбы:Туған өлке- тұнған шежіре

Сабақтыңмақсаты: 
Туған жер, Шығыстың шырайлы өлкесі Зайсан жері туралы білім беру;
Табиғи ескерткіштермен таныстыра отырып дүниетанымын дамыту,
Рухани жаңғыру: Туған жер бағдарламасының мәнін түсіндіру,туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, 
Құндылықтар: Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының құндылықтары (6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы)
Сабақтың түрі: саяхат сабақКөрнекі құралдар:слайд, сурет көрмесі,бейнеролик.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Сәлеметсіздер ме!Бүгінгі Туған өлкем- тұнған шежіре атты сағатымызды бастайық. 
1-оқушы:Сұлу дала!

Менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің.

Тасып жатқан өзендер жағасынан,

Сары белдер сағымдар арасынан.

Тарайды дән жұпары бар әлемге,

Қазақтың қасиетті даласынан.
2-оқушы

Таныс өлке,Таныс аймақ,Таныс маң:

Анау жерде-құрбылармен алысқам,

Анау жерде құрбы жанмен табысқам,

АйналайынАтамекен, Ақ мекен!

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Ән Н.Тілендиев Саржайлау

Туған өлке тәтті екен ғой,Тәтті екен!
І.Қызығушылығын ояту слайд (Зайсанның кереметтері) 
Слайдта не көріп тұрсыңдар?

Видеоролик: Р.Нұржігіт «О , нұр Зайсан» киелі»

2.
Мұғалім: Туған жер деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне Туған жер бағдарламасын ұсынды. Ал бағдарламаның мәні неде? Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді. 
Зайсан» деген жер ежелден дүние жүзі ғалымдарының, саясаткерлерлерінің, елбасыларының назарын аударған екен. Орыстың ұлы патшасы Петр I бұдан 280 жыл бұрын Зайсан жағынан бекініс салуды міндеттеп, әскери экспедиция жіберген. Оның бұл мақсаты 140 жылдан кейін жүзеге асты, 1860 жылдарда Зайсан қаласының іргесі қаланды. Содан бері, ел - мемлекеттің аса маңызды стратегиялық орны болып саналады.

Зайсан - Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік аудандарының бірі, облыстың оңтүстік – шығысындағы – Сауыр мен Тарбағатай тауларының солтүстік сілемдерімен, Зайсан қазан шұңқырының оңтүстік жағы мен Қара Ертіс өзенінің солтүстігіне дейін созылған алқапта орналасқан өңір. Әкімшілік бірлік ретінде 1928 жылы Семей облысының құрамында құрылған. Ол кезде ауданға 70-тен астам елді пункттер қарады. Бұл - қазіргі 6 ауданға қарасты ірі елді – мекендер



Зайсан ауданың таңымал тұмарлары - Полковник В.Е.Головченко Кеңес Одағының Батыры атағын алса, сержант Манап Әубәкіров Даңқ орденінің толық иегері болды. Ғ.Сәрсекеев, К.Қызымбаев,Е.Бексейітов, С.Жырымбаев, А.Дүйсежанов, Ә. Дәніков, А.Ыдырышев, Қ.Боқажанов және тағы басқалар жауынгерлік ерліктері үшін жоғары үкімет наградаларына ие болды. 

Зайсан жері дарындылардан ешқашан кенде болмаған. Бізде ел басқарған Халит, Бұтабай, Зейнолла, Ақбай тәрізді болыстар, Шұлғаубайдай шешен, Бұланбайдай палуан, Қоңыр, Ақыштай қажылар, елді аузына қаратқан билер шыққан. Жыр алыбы Жамбылдың өзі Шөжемен қатар қойған Ноғайбай ақынды Мәскеу университетінің профессоры Ивановский бүкіл Ресейге әйгілеп, талантына тәнті еткен. Ал, бүгіндер Зайсан тумалары Есет, Әубәкір, Тоқтарбек, Ұлықбек, Асқар, Нұрлан, Марат, Кәдірбек, Гүлнәр, Советхандар қазақ әдебиетінің алғы легінде тұр. Сондай-ақ, Зайсан тумасы Леонид Хохлов Парижде дүние жүзіне әйгілі ғалым Пастердің лабороториясында қызмет істеген, ақын Павел Васильевтің есімі орыс әдебиетінің алыптары Сергей Есенин, Владимир Маяковскиймен қатар аталады. Жарсу ауылында туып өскен Гүлнәр, Эльвира Сахатовалар дүние жүзіне танылған шахматшылар. Салтанат Камалиева дүние жүзі сұлуларының байқауында жеңімпаз атанған. Зайсан тумасы генерал ұшқыш Қамза Ерзінұлы Зайсанов Моңғол мемлекетінің әуе күштеріне қолбасшылық жасаған. 

Ауданымыздың ардагері Байғанбек Құдабаев пен Майшекер Қорабаева Қазақстанның «Құрмет» орденімен награтталған. Мыңнан астам күрделі операция жасаған марқұм Халел Қалимолдин Еңбек Қызыл Ту орденімен ардақталған. 

Ауданның рухани өмірінде өзіндік орны бар - айтыс өнерінің таланттарының ішінде: Абаш Кәкенов, Серікхан Жақиянов, Меделхан Хасенова, бүгінде Павлодардың бас ақыны болып жүрген жерлесіміз Серік Қосанбаев. Ауданда орталық мәдениет үйі, кітапхана қалыпты жұмыс істеуде. Зайсан халық театры, «Айнакөл» ансамблі, «Ақ әже» топтары, Дайыр, Қаратал, Сарытерек, Қарабұлақ, Кеңсай өнерпаздары жұртшылықты өнерлерімен сусындатуда. Зайсан өңірінде дене – шынықтыру мен спорт салалары өте қарқынды дамуда. Мәселен, жерлестеріміздің ішінде: қол тірестен Азия чемпионы Ермат Ермекбаев, Европа чемпионы Қасымжанов Нұрлан сияқтылар ауданымыздың мақтанышы.


Өз ауылдары, туған жерлері жайлы 6-8 жолды өлең шығару.

Өз өлкеміздің тұлғалары жайлы кластер құру.


1-оқушы.

            Қара Ертіс,
саған қайранмын

қайрылып артқа қарамай,

қақтығып келіп қарадай,

'қаймығу білмес баладай,

қойып бір кеттің Зайсанға

қоңырқай тартқан қоладай.

Қойып бір кетіп жайландың,

қоғаға келіп байландың,

қобалжып барып ойландың,

қаһарың қашып, қайғы алдың,

Қара Ертіс, саған қайранмын!

Қарғын боп кейде тасасың,

қабақтан қарғып асасың,

қанаңа сыймай қашасың,

қан менен суды қосасың,

қутырып кеткен бақсыдай

құдайдың
ұстап асасын!

Қара Ертіс, менің қақпамсың,

құтпан боп құйып
жатқансың,

көз жасы боп та аққансың,

қайғы боп қыста қатқансың,

қамкөңіл, қамсау қазақты

қапысыз қалай тапқансың?

Қара Ертіс, маған ай-күнсің,

қарқара толқын айбынсың



О, нұр Зайсан киелі,
Алтыннан бар сүйегі,
Сауыр-Сайқан мəртебе,
Шаттықтың ізгі тиегі.
Майқапшағай жерінде,
Кеденің бар жүйелі.
Алыбай мен Көктекше,
Сұлулықты сүйеді.
Кендірлігім керілген,
Көгедайым көрікті,
Батыр баба мекені.
Қараталым құлпырған,
Жүзімнен шашын түйеді.
Шалқар,Айнакөл,Сарытерек,
Бұрындада гүл еді.
Мұнайменен жаңарған,
Қарабұлақ шүмегі.
Дайыр,Біржан,Ақарал,
Еңбекпен өмір сүреді.
Айнабұлак,Кеңсайым,
Жазыла берер жыр еді.
Сұңкар бұлак Жамбылым,
Құлпырған бар реңі.
Қасиетті Шілікті,
Алтын адам түбегі.
Жер жанаты Қызылқия,
Мөлдіреген шиесі,
Берекелі үлесі.
Жіңішкесу,Ақсуда,
Қара Ертіс мінезі.
Аққолқа мен Аққоян,
Көмірге күміс күрегі,
Күмбірлегені шын еді.
Жайнап тұрган Жадыра,
Сапаршының тілегі.
Қабырғатал,Ақсиыр,
Бақыттың бар білегі.
Жаңатұрмыс,Шүршітсу,
Үйдененің үлегі.
Жеменейім жебедей,
Хас мəрттіктің түмені.
Сарыжыра мен Көкжыра,
Жарсу,Үлкен Қаратал,
Тектіліктің жүрегі
Ооу Зайсаным киелі,
Бар бірліктің тірегі
Бар үміттің тілегі
Шапағын шашқан Нұр Зайсан
Шығыстан атқан күн өңі,
Шығыстан атқан арайлы
ЗАЙСАНЫМ МЕНІҢ КИЕЛІ.
Ұлықбек Есдәулетов



ІV.Қорытындылау
Өз өлкең туралы не білдің?
1.Ұйғыр ауданы қай жылдары құрылған?3. Ауданымызда табиғи тарихи ескерткіштер бар ма?4.Ауданымыздың қандай көрнекті жерлерін білесіңдер?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!