Туған өлкем.Менің Қазақстаным

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған өлкем.Менің Қазақстаным

Материал туралы қысқаша түсінік
• Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздерін біледі және оларды атай алады; • Мемлекеттік рәміздердің авторларын атайды, рәміздердің мән-мағынасын аша алады; • Мемлекеттік рәміздердің қолданылу саласын анықтайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

4-бөлім: Туған өлкем

Мектеп:

Мұғалімніңаты-жөні


Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Күні:


Сынып: 2



Сабақ

тақырыбы

Мен қазақстандықпын


Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.3.5.2 бақылаулар негізінде ҚР мемлекеттік рәміздерінің қолданылу саласын анықтау

Сабақ

мақсаттары

  • Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздерін біледі және оларды атай алады;

  • Мемлекеттік рәміздердің авторларын атайды, рәміздердің мән-мағынасын аша алады;

  • Мемлекеттік рәміздердің қолданылу саласын анықтайды.


Бағалау

критерилері

Мемлекеттік рәміздерді атайды, қолдану аясын атайды


Тілдік

мақсаттар


  • ежелден;

  • Ел;

  • бірлік;

  • даңқ;

  • тәуелсіз.

Құндылықтар

дыдарыту


Сыйластық

Жауапкершілік.

Пәнаралық

байланыстар

Қазақ тілі, математика

Алдыңғы меңгерілген білім


Неліктен атамекен бәрінен қымбат?



Сабақ барысы


Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  1. Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық:
    Оқушылар топта тұрып бір-біріне сәттілік тілейді.

Қоңырау үні естілді

Сабағымыз басталды.

Оқушылар тынышталып,

Қатар, қатар тік тұрды.




Слайд


Сабақтың ортасы

3 минут



















3 минут



2 минут















2 минут





10 минут










3 минут













3 минут















6 минут

























3 минут



(Ұ)(Ж)қызығушылығын ояту:

Мұғалім оқушыларды көздерін жұмып, олардың нағыз Қазақстандық екенін сезінуге немесе ұғынуға көмектесетін екі зат туралы ойлауын сұрайды.

Олар көздерін ашқан кезде оқушылардың жауаптары тыңдалады.

-Балалар, көз алдарыңызға не елестеді?

(Ту, Астана қаласы, Бәйтерек, Елтаңба, Президент, т.б.)

- Неліктен?

(Себебі, ...........................)

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

-Балалар, қалай ойлайсыздар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ?

(оқушылар жауабы тыңдалады)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

(Ұ) Интерактивті тақтадан «Тәуелсіз Қазақстан» бейне жазбасы көрсетіледі.

(Ұ)(Ж) «Сен маған мен саған»

- Қазақстан қандай ел?

- Қазақстанның мелекеттік нышандары қандай?

- Қазақстанның астанасы қай қала?

- Ел президенті кім?

- Мемлекеттік нышан деген не?

(Оқушылар бір-біріне бейнежазба бойынша сұрақтар қоя отырып, жауа алады. Үшінші оқушы қойылған сұраққа толықтырулар енгізуге болады).

(Т) Оқушыларға өздерімен қатарлас шетелдік туристердің мектептерін тамашалауға келгенін көз алдарына елестетуді сұралады.

Мақсатымыз: туристерге мемлекеттік рәміздердың мән-мағынасын ашу арқылы өз елімізді таныстыру.

Тапсырманы орындамас бұрын «Мемлекеттік рәміздер» бейнежазбасы көрсетіледі.

Тапсырманы орындау үшін оқушылар үш топқа бөлінеді.

1-топ: Елтаңба

2-топ: Ту

3-топ: Әнұран

/әрбір топ өзіне берілген мемлекеттік рәміздердің мағынасына сай постер құрастыру керек/

Тапсырма орындалып болған соң, топтар бір өз постерлерін қорғайды, бірін-бірі бағалайды.

Бағалау критерийлері:

  • Постерлері арқылы Қазақстан мәртебесінің биік екенін көрсете алуы.

  • Постерлердің эстетикалық талғамға сай болуы;

  • Тақырып мәні толық қамтылуы;

  • Топ оқушыларының барлығы қатысуы;

  • Постермен жұмыс жасау барысында және қорғау кезінде бірін-бірі тыңдауы.

Әрбір критерийдің дұрыс орындалуына 1 баллдан қойылады. Жоғарғы балл-5 балл.

/Оқушылар бірін-бірі бағалайды/.



(Т) Оқушыларға суреттер таратылып беріледі.

-Балалар, мына суреттерде не бейнеленген?

/әрбір топ оқушылары «тізбектеле» отырып сұрақтарға жауап береді/.

-суреттерде мемлекеттік нышандар қай жерде орналасқан?

(оқушылар сурет бойынша жауап береді?)

-неліктен деп ойлайсыздар?

(оқушылардың жауаптары тыңдалады, толықтырулар енгізіледі).

(Т) –Балалар, біз мемлекеттік рәміздердің алатын орны туралы білдік. Бұл Қазақстанның тәуелсіз, егемен, бейбіт ел екендігінің белгісі.

Қазақстанның тұрғылықты халқы –қазақ халқы, яғни Біз бен Сіз.

Ал қазақ халқы қандай халық?

(Қазақ халқы - қонақжай халық. Қазақ халқы еңбекқор халық, өнерлі, шешен халық, т.б.)

-дұрыс айтасыздар! Қазақ халқы батырлығымен, қонақжайлығымен қатар суырыпсалма өнерлі, шешен халық.

Қазір сіздер сол өнерлі жалғастырушы ретінде өздеріңізді көрсететін боласыздар.

Тапсырма: «Мәңгілік ел!» өлең құрастыру.

Оқушыларға А4 форматында ақ қағаз таратылып беріледі. (3 топ)

Топ басшысы өлеңнің бірінші жолын жазады да, қағазға жазған бөлігін бүктейді. Әрі қарай өлеңнің екінші жолын жанында отырған оқушы жазады, жазған бөлігін бүктейді. Осылай өлең жолдарын құрастыру тізбектеу әдісі арқылы жалғасады.

Тапсырма орындалып болған соң топ басшысы өлеңді толығымен оқиды.

Негізгі сөздерді атайды.

/Қазақстан-тәуелсіз ел. Бай ел. Туымыз желбіресін, т.б./

Оқушылар бірін-бірі «Шапалақтау» арқылы бағалайды.

(|Ұ) Сабақтың қорытындысы ретінде

«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.



слайд





















Бейнежазба



















«Мемлекеттік рәміздер» бейнежазба



Постер құрастыру













Слайд









Суреттер























А4 форматындағы ақ қағаздар



«Көк тудың желбірегені» бейнежазба

Сабақтың

Соңы

3 минут

Рефлексия «Бес саусақ» әдісі
1.Мен бүгін ..... білдім.
2.Мен бүгін ..... істедім.
3.Маған ...... жеңіл болды.

4.Маған .... қиын болды.

5.Мен өзімді ...... бағалаймын.


Бағалау:

Оқушылар өздерін пайыздық көрсеткіш арқылы бағалайды.Өз орындарын анықтайды.






Пайыздық көрсеткіштер

Дифференциация –қабілеті жоғары оқушыларға топтық жұмыс жасауда деңгейлік тапсырмалар беру

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



Қалыптастырушы бағалау.

«Пайыздық көрсеткіш » әдісі бойынша бағалау.










Денсаулық

сақтау

технология

лары.

Қауіпсіздік

Техникасы

ның

ережелері




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі