Материалдар / Туған өлкемнің киелі жануары – ақбөкен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған өлкемнің киелі жануары – ақбөкен

Материал туралы қысқаша түсінік
география, тарих, өлкетану сабағында қолдануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Сәуір 2019
2599
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





«Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ








Жоба тақырыбы: «Туған өлкемнің киелі жануары – ақбөкен»


Бағыты: Өлкетану




Орындаған:

10 «В» сынып оқушысы Сидиков Отабек

Жетекшісі: Аяганина Г.А

География пәні мұғалімі










Теміртау қаласы

2018-2019 оқу жылы











Мазмұны

Аннатоция

Пікір

І.Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ақбөкенге сипаттама

2. Ақбөкенді қорғау

3. Қорытынды

4. Ұсыныс

Пайдаланылған әдебиеттер







































Аннотация



Ақбөкендердің басқа жануарлардан ерекшелігі, көбеюі, жүйріктігі, қоршаған ортаға, медицина саласында қандай пайдасы бар екенін және де қазіргі уақытта не себептен олардың санының азайып бара жатқанын зерттеп, бақылауды алдыға мақсат ету.

Ата-бабамыз табиғатпен тығыз байланыста өмір сүре отырып, табиғат сұлулығын, оның заңдылығын бұзбай бір қалыпта ұстап, бізге жерімізді аманат етіп қалдырды. Осы өлкеміздегі ең сұлу да нәзік жануарды, яғни ақбөкенді қалай қорғағаны жайлы деректерді қарастыра отырып, зерттеу жұмысының өзектілігіне баса назар аударып, қазіргі қоршаған орта проблемасын талдап, жобада көрсету қарастырылған.





































«Ақбөкен - киелі жануар» тақырыбына жазған ғылыми жобасына

Пікір

Жас зерттеуші Сидиков Отабек зерттеу жұмысына өз тарапынан қызығушылық танытып,өзінің қалауы бойынша туған өлкеміздің киелі жануары - ақбөкенді зерттеу жұмысының тақырыбы ретінде таңдап алып, ізденіс жұмыстарын жүргізді.

Сидиков Отабек ақбөкендердің басқа жануарлардан ерекшелігі, көбеюі, жүйріктігі, қоршаған ортаға, медицина саласында қандай пайдасы бар екенін және де қазіргі уақытта не себептен олардың санының азайып бара жатқанын зерттеп, бақылауды алдыға мақсат етіп алғандығын көрсетті.

Мен оқушыға зерттеу жұмысын жүргізу барысындағы тапқан мәліметтері бойынша кеңестер беріп, бағыттап отырдым.

Отабек ақбөкен жайлы мәліметтерді іздеу барысында тақырып аясына қажетті көптеген кітаптардағы, баспалардағы мәліметтер мен теледидардағы жаңалықтар бойынша жәнеде интернет желісіндегі деректерді жинақтап, ой-өрісін кеңейтті.

Ата-бабамыз табиғатпен тығыз байланыста өмір сүре отырып, табиғат сұлулығын, оның заңдылығын бұзбай бір қалыпта ұстап, бізге жерімізді аманат етіп қалдырды. Осы өлкеміздегі ең сұлу да нәзік жануарды, яғни ақбөкенді қалай қорғағаны жайлы деректерді қарастыра отырып, жас зерттеуші Отабек зерттеу жұмысының өзектілігіне баса назар аударып, қазіргі қоршаған орта проблемасын талдап, жобада көрсетті.

Қорыта келгенде, жас зерттеуші Отабектің бұл еңбегі өзі іспетті жолдастарына өз өлкесіндегі ақбөкеннің пайдалы жануар екенін дәлелдей отырып, медицинадағы пайдасын анықтап, ақбөкеннің мекен ортасын сақтап қалу және оны қорғау болып көзделді. Міне, осы мақсатты жүзеге асыру барысында оқушы өзінің шағын зерттеу жобасымен болашақта қоғамға үлкен үлес қосады деген үміттемін.













Кіріспе

Бұл тақырыпты таңдау себебім: Қарағанды қаласындағы хайуанаттар бағына барғанымда жануарлардың көп түрлерін көрдім. Бірақ соның ішінде дене бітімінің ерекшелігімен ақбөкендер көзіме түсті. Маған олардың өмірлерін бақылау қызығушылығымды тудырды. Ақбөкеннің тұмсығының оғаштығы, олардың немен қоректенетіндігі, жүйріктігі, қоршаған ортаға қандай пайдасы бар екенін және де не себептен олардың санының азайып бара жатқанын зерттеп, бақылау жүргізіп келдім.

Тақырыпты өз қалауым бойынша таңдадым.

Жұмыстың мақсаты: Ақбөкеннің мекен ететін ортасын, көбею деңгейін, жағдайының қандай болатынын, медицина саласындағы пайдасын зерттеу.

Жұмыстың міндеттері:

Ақбөкендердің тіршілік ету ортасы жайындағы тарихи кезеңдер туралы мәліметтерді жинақтай отырып, өткен және қазіргі уақыттағы экологиялық фактордың ақбөкендердің тіршілігіне жағымды және жағымсыз әсерін көрсету;

1.Ақбөкендердің тіршілік ету ортасының ерекшеліктеріне орай не себептен азайып бара жатқандығын зерттеп, тану;

2.Әр адам ақбөкеннің тірі жануар екенін сезіне отырып, оның түрлерінің жер бетінен жойылып кетпеуін жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарай білуіне насихат жүргізу;

3.Сыныптан тыс жұмыстарға көмекші көрнекі құрал жасау (фотосуреттер кітапшасы)

Жұмыстың өзектілігі: Бұл жұмыс қазіргі уақытта өте өзекті мәселе, себебі ауа-райының жаһандық өзгеруінен және ауылшаруашылық саласы төмендеп, қоршаған ортаның нашарлауы жануарларға, соның ішінде ақбөкендердің көбейіп-өсуіне әсерін тигізді. Осы өзгерістердің ықпалы зерттеу жұмысымның басты өзектілігі болды.

Проблемасы: елімізде саны азайып бара жатқан ақбөкенді қорғау, оның көбеюіне жағдай жасап, экологияның ақбөкенге тигізген әсерінен сабақ алу.

Нәтижесі: ақбөкеннің пайдалы жануар екенін дәлелдей отырып, қорғауға үндеу тастау арқылы қоршаған ортаны қорғай білетін жеке тұлға тәрбиелеу.







Негізгі бөлім

Қазақстан жерінің жартысынан көбін, яғни 58% алып жатқан, үлкен құрғақшылық аймақ әр түрлі ландшафты шөл мен шөлейттер. Шөл аймағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 500-700 км-ге, ал батысында Каспий теңізі жағалауынан шығыстағы Тарбағатай таулары мен Зайсан шұңқырына дейін 2800 км созылып жатыр. Қазақстандағы шөл ландшафтысы алуан түрлі. Мұнда құмды шөлдер Қызылқұм, Мойынқұм, Арал маңы, Қарақұм, Тауқұм, балшықты кең жазықтар, сор жусанды шөл өсімдіктерімен жабылған үстірт Бетбақдала, сортаңды шөлдер Каспий маңы, Арал маңы тастақты шөлдер. Іле өзенінің оң жағалауы және басқа да көп түрлері кездеседі. Бұлардың әрқайсысының өз өсімдіктері, мекендейтін жануарлары бар,олардың арасында осы жердің қиын жағалауларына үйренген, тек шөлге тән түрлері кездеседі. Табиғатты қорғауға тікелей жауапты адамдар. Бүгінде Қазақстанда ақбөкеннің саны екі мыңға жетер-жетпес дейді. Жабайы жануарлардың есебін алумен айналысатын ғылыми орталықтардың және басқа да бірқатар мекемелердің жылына 2 рет жүргізілетін санағы бойынша даланың сұлу ботакөзі аталатын киіктер барған сайын азайып жатқан көрінеді. Кейбір ғалым мамандар бұл аша тұяқты түз тағысының тұқымы айналасы бірер жылда еліміздің кең байтақ даласынан мүлде жойылып кету қаупі бар екенін де тұжырымдап отыр. Сондықтан ақбөкен айрықша мемлекеттік қорғауға алынды. Сахараның антилопы саналған, өлке-өңірлердің сәнін келтіріп, үйірімен желіп жүрген ақбөкен де міне «Қызыл кітапқа» енгеніне де едәуір уақыт болды. Бұдан 10-15жыл бұрындары республикамыздың ұлан-асыр жазықтарын айтпағанда, өзіміздің Бетпақдаланың ұшы қиыры жоқ, атырабында алыстан қарағанда теңіздей толқып жайыла жылжыған жезқанат күміс бауыр киіктер қайда қазір? Аулауға қатаң тыйым салынған. 1990 жылы, ақбөкеннің саны республикада милионнан асып жығылатын еді.

















Ақбөкенге сипаттама

Ақбөкен, киік (лат.Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына байланысты, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Ақбөкенді қазақтар «киік» деп атайды. Киелі аң деп қастерлейтін осы сұлу жаратылыстың шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік ететіні белгілі. Олар ауа райына, жайылымының жағдайына байланысты қоныстарын ауыстырып отырады. Киіктердің арнайы түрде лақтайтын, өрістейтін тұрақты жері, сол өңірге жыл сайын жылы жақтан келіп, кері қайтатын арнайы жолы да болады. Бір ғажабы, ақбөкендер табиғат тамыршысы секілді, қыстың қарлы боранды болатынын, көктемнің кеш туатынын алдын ала болжап біледі. Өздері де соған сәйкес тіршілік етеді.
10-12 жыл жасайтын киіктер жұп тұяқтылардың ең өсімталы болып саналады. Олар жылына бір рет лақтап, өсіп-өнеді. Лақтарын «Құралай» деп атайды. Әр жыл сайын мамыр айының 19-21 жұлдызы аралығында «Құралайдың салқыны» деп аталатын ауа райының құбылмалы кезеңі өтіп тұрады. Бұл күндері жаңбыр, кейде қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы күрт суытып, салқын жел







соғады. Өйткені, мамыр айының алғашқы жартысында киіктер 2-3 күнде лақтап олады. Балалары жерде жатады. Күн суытысымен-ақ олар ызғарлы жерден тұрып, тәлтіректеп аяқ басып, енелерінің соңынан ерген күйі жүруді үйренеді. «Құралайдың салқыны» – Табиғат-ананың киіктердің лағын ширатып, тіршілік етуге қадам бастырып, тәрбиелейді. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының түбінен, Нұра өзенінің бойынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында да қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы көп айтылады.Қазақстанда киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суын іше береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табыны суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына оқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары «белгі» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңында келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді. 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды. Бетбақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Көктем айларында киіктер ақселеу мен құрақты қорек етеді. Қыс кезінде киіктер қарын жел үрлеп кепкен жоталардың жонынан азық тауып жейді. Ауыл маңындағы маялап үйілген құрғақ шөпті олар жей алмайды. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.





Ақбөкенді қорғау

Қазақ даласына табиғат тарту еткен керемет сый киік саны кеміп барады. Осылайша дабыл қаққанымызбен, біткен істің реті көрінер емес.  Бір кездері байтақ даламызда миллиондап  жүрген жануар  ашкөз жандардың құрығына қауқарсыздығынан ілінді. Қымбат мүйізіне қызыққандар қорғансыз киіктерді нысанаға алуын әлі де жалғастыруда. Соңғы жиырма жылда еліміздегі киіктер саны 24,7  мыңға азайып кеткен. 2000  жылы  елімізді бір миллион киік мекендесе,  2009 жылы қазақ даласын жайлаған ақбөкендердің жалпы жиынтығы 81 мың басты әрең құраған. Бұл цифрлар киіктерге жасалған шабуылдың қаншалықты жиі екенін айтпай-ақ ұқтырып тұр. Кейінгі  кезде киіктерді қорғау үшін жасалған кейбір игі шаралар ерекше жануарлар санының сәл көбеюіне себепкер болуда. Ресми дерек көздері қазақстандағы  ақбөкендер 21,1 мыңға көбейгенін айтады.  Киіктерді қорғауға министрлік 125 миллион теңге көлемінде қаражат бөліп, олардың тұқымын арттыру жұмыстарын қарқынды түрде атқаруды да мойнына алып отыр. Алайда, айрықша бақылаудың өзі киіктерді атуға  кедергі бола алмауы мүмкін. Оған  2009-2010  жылдары 312 киіктің атылғаны туралы 31 істің тіркелгені толығымен дәлел.













Батыс Қазақстанда қырылған киіктер саны 12 мыңға жетті. Оның себебін анықтау үшін құрылған арнайы комиссия киіктердің қырылуына пастереллез жұқпалы ауруы болған деген тұжырым жасап отыр. Әйткенмен мамандар бұл қортындыға күмән келтіреді. Себебі, біріншіден, киіктердің жаппай қырылған аймағында мамырдың 17-і күні тұман болып, одан кейін сұр бұлт пайда болған. Оған жергілікті тұрғындар куә. Екіншіден, қырылған киіктер - Ресейдің Капустин Яр әскери полигонына жақын жерді мекендеген оралдық популяциясы. Үшіншіден, мамырдың 15-16-сы күндері Атырау зауытында апат болған-мыс. Нәтижесінде ауаға улы заттар тараған деген ақпарат бар. Осындай жайттарды назарға ала отырып, киіктердің бұлай қырылуына пастереллез себеп болған деген ресми комиссияның қортындысына сенбеймін, – дейді биология ғылымдарының докторы, профессор Аманқұл Бекенов. Одан өзге, сол аймақтағы үй малдарының да қырылғаны жайлы ақпарат бар. 90-шы жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында киік саны күрт азайып, жойылып кету шегіне жеткен. Зооинститут мәліметтеріне сүйенсек, 2003 жылы Бетпақдала таралымындағы киіктердің 1,8 мың дарағы ғана қалған. ҚР Үкіметі кеш те болса оң шешім қабылдап, киіктерді аулауға тыйым салды және ол шешімді 2020 жылға дейін ұзартты. 2007 жылы Ақтөбе облысынан Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватын құрып, 763549 га жерді ерекше қорғалатын табиғи аумаққа бөлді. Мына қызықты қараңыз: 1972 жылы Қазақстанда екеудің бірі болып Ырғызда киік етін өндіретін мемлекеттік аңшылық өндірістік шаруашылығы құрылып, киік соятын алып мұздатқышы







бар комбинат салынса, қазір керісінше сол Ырғызда киіктерді қорғайтын ғылыми мәртебесі бар мемлекеттік табиғи резерват ашылып, алып әкімшілік ғимараты кешені салынды. Сол кезде бірнеше ондаған аңшы бригадалары киік атып даламызды қанға бөктірсе, қазір қорықшылар күн-түн қатып, мұз жастанып, аптап ыстықта дала кезіп, сол киіктерді қорғауда. Резерват ашылғаннан бергі 5 жылда Бетпақдала таралымындағы киіктер саны 5 есе өсіп, 2007 жылғы 22,8 мыңнан 2012 жылы 110 мыңға жетті. Әлем бойынша киіктердің 5 таралымы болса, Қазақстандағы ақбөкендердің 80 %-ы, дүниежүзіндегі ақбөкендердің 70 %-дан астамы осы Бетпақдала таралымының еншісінде.

  Ақиық ақын С.Сейфуллиннің «Ақбөкен сахараның ботакөзі, атты екен қандай адам көзі қиып» деген өлең жолы кеудесінде бір нәзік сәулесі бар адамға көп ой салары анық. Алайда ақбөкенді аулау тыйылмай келеді.

Сен білесің бе? Киікті қазақ  киелі   жануар  деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киік- өте ақылды және қандай табиғи ортаға болмасын, тез бейімделіп кететін  жануар   Ақбөкен  1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды. Киік — даланың киесі, символы. Жалпы біз Ақбөкен жайлы не білеміз? Даланың сұлулық символына айналған бұл жануарды соншама қырып жоятындай не көрінді деп ойға қаласың. Қазақтың ұшы-қиырсыз даласын ақбөкенсіз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Өйткені ол жануар қазақ даласына кең тараған, түздің киелі ерке жануары.Жалпы ақпараттардың дерек көзіне сүйенсек, бұның бұлай азайып кетуінің бірден-бір басты себебі: қытай медицинасының киік мүйізін молдап сатып алу ықпалының әсерінен көрінеді. Қолдағы бар алтынның қадірін білмеуден бе, әлде ақшаға құныққаннан ба, болмаса өзіміз ұқсата алмағасын бәрібір болғаны ма? Қытайда ақбөкеннің мүйізінің өзінен 16 түрлі дәрі-дәрмек жасалады екен. Қытайлықтар ауырады да, қазақ ауырмай ма? Олар денсаулығын алдын-ала ойлағанда, біз неге ойламаймыз? Оларға керек зат бізге қажет емес пе? Біздің де өндірісіміз қалыптасқан, технологиясы дамыған іргелі елміз. Фармацеп жасайтын заманауи







үлгідегі фабрикамыз бар. Ақбөкеннің мекеніне айналып отырып, басқалар рахатын көрмек. Ойланатын жағдай. Жасыратыны жоқ, әлі күнге дейін киіктің мүйізін сатып алу науқаны біздің жерімізде ашық түрде жүргізіліп келеді. Жайғана бір мысал, біздің қаламыздың кез келген көшесінде, аялдамасында «киік мүйізін сатып аламын» деген жарнама ілулі тұрғанын барша жұрт жақсы біледі. Бірақ оның кімдер сатып алып жатқанын ешкімде білмейді. Ол жай халық үшін бизнес көзі болса, бұл қытай медицинасы үшін таптырмас дәрі жасайтын арзан өнім. Киіктің мүйізінің бір келісі қара базарда 1000/мың/ доллар. Ал қытайдың дәрі жасауына бір жылда 8 мың тонна киіктің мүйізі керек екен. Бір келі мүйіз дайындауға 5 бас мүйізді ақбөкеннің көзін жоюды қажет етеді. Осыдан елу жыл бұрын киіктің мүйізі ешқандай үлкен сұраныс тудырмаған көрінеді. Керісінше оның еті мен терісіне жоғары дәрежеде сұраныс болған. Оны Франция біздің елден арнайы дайындатып алдырып отырған. Ол енді өткен күннің еншісінде кетті. Ал бүгінгі уақытта Қытай біздің ақбөкеннің мүйізіне қызыға қарайтын болды. Талай қазақ азаматтары киелі киікті қуамын деп көліктен аударылып өлсе де, аш қасқырдай жайпап салуларын қоймай келеді. Қазақ атамыз: «ашыққаннан-құныққан жаман» деген. Ал қазақтың аңшылары туралы айту бір бөлек әңгіме. Ондай кәсіби аңшылар аң-құсты атқанда жайпап салуды көздемеген. Тек қажетті азығын аулайтын болған. Олар табиғатқа орынсыз зиянын тигізбеген. Байырғы аңшының көбісі тұзақ, қақпан арқылы, немесе қыран құс салып аулаған. Қоғам дамығаннан кейін барып мылтықпен аулауды кәсіпке айналдырған. Қақпанмен ауланған терінің сапалы болады екен. Атып өлтірген аңның терісінің сапасыз болатын себебі, тері майы тітіркеніп қорыққаннан ыдырап кетеді де, тері тез көнге айналып, қанша илегенмен иіне келмейді. Өйткені аң да жанның иесі. Ол да қорқу мен жауынан құтылуды ойлайды. Терісі сезімтал келетіні сондықтан. Одан тігілген ішіктің терісі тез қаудырап, ұзақ жыл киюге жарамайды. Бір жағынан мылтықтың оғы теріні шұрқ-тесік етеді. Ал тұзақпен ұсталған аңның терісі өз күйін толық сақтайды. Өйткені оның ісі қолмен атқарылады. Сондықтан қашан аң пышақ тигенше ешнәрсе сезбейді». Бұны көп адамның біле бермейтіні рас. Міне, нағыз аңшының өзіндік сыры мен құпиясы. Ал біздің қазіргі аңшы дегендеріміз тек аңдарды қырып жоюды ғана ойлайтындары белгілі. Содан болар ақбөкендерді аяусыз қырулары. Ертеде ақбөкеннің терісі, мүйізі, еті, тұяғын кәдеге жаратқан анық. Байырғы аңшылар ақбөкеннің кәрі текелерін ғана аулаған.Қолға түссе тұяқ серiппейтiн ақбөкеннiң киелi аң екенi ел аузында айтылып жүр. Табиғаттың сәнi мен ажары болған ақбөкен,









қарақұйрық аңдарын аулаушылар көбейiп кеттi.
Сағымды далада еркiн жайылып жүрген оларды кейбiр азаматтар заңсыз аулап, денесiн тастап, мүйiздерiн алып кетiп жатыр. Мүйiз сатып пайда тауып құныққан олар киелi аңды атып, обалына қалып жатқандарын түсiнер емес. Соның кесiрiнен Қазақстан көлемiнде қалған ақбөкен саны 2003 жылы 20 мыңға азайып кетсе, 2013 жылы 187 мыңға жеттi. Бұл әрине қуанышты жағдай. Дегенмен де қызыл кiтапқа тiзiмге енгiзiлген ақбөкендердi қорғау өзектi мәселе болып тұр.

 








































Қорытынды

Шынын айтқанда аймақта ақбөкен атымен жоқ. Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді. Сондықтан ақбөкенді Алланаң берген сыйы ретінде қабылдай отырып, біріншіден еліміздің экологиялық жағдайынан, екіншіден адамдардың ашкөзділігінен қорғай білуіміз керек. Ақбөкен жүретін аймақтарды және жалпы жер-суды улы қалдықтардан сақтау басты мәселе екенін естен шығармау керек. Жалпы 2020 жылдың желтоқсан айына дейін біздің елімізде киік аулауға тыйым салынғанын көптеген ауыл тұрғындары біле бермейді екен. Бәлки білсе де, білмейміз деуді әдетке айналдырып алған ба? Өкінішке орай ақбөкенді ату азаймай отырғаны көңілге қаяу түсіреді. Әсіресе ол бүгінгі күні қытай медицинасы үшін таптырмайтын шикізат болып отыр. Біз өзімізге емес, пайда табам деп өзгеге байлығымызды арзан қол тауарға айналдырып отырғанымыз өкінішті-ақ
Кей адам әдет қылған киік атып, Мүйізін пайда қылып шетке сатып...-дейді Сәкен ақын. Қорыта келгенде табиғат пен аңдарға аш көздене қарамай, оны аялауды барша қауым болып қолға алса, табиғат тозып, жер азбас еді. Қалай болғанда да жан ашырлық керек-ақ. 

























Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. /омыртқалы жануарлар/

Алматы 2004 жыл.

2.Қазақстандағы жануарлар әлемі. Алматы 2004 жыл.

3. « Орал өңірі» газеті 2010ж.

4. Балалар энциклопедиясы, 2 том.

5. SAIGA NEWS баспасы 2009\10ж.









































Ғылыми жобаның Ж У Р Н

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!