Материалдар / Туған тілім-тірлігімнің айғағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған тілім-тірлігімнің айғағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2020
675
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Туған тілім –тірлігімнің айғағы

Мақсаты: Оқушыларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.  

Мұғалім:. Армысыздар! Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын!  Балалар, бүгін ерекше күн екен. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасып алайық.

Арайлап күн шықты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы күн, ағайлар!

Қайырлы күн, апайлар!

Балалар, біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз. Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы. Балалар: Күніміз жарық болсын.

Аспанымыз ашық болсын.

Деніміз сау болсын.

Еліміз тыныш болсын.

Досымыз көп болсын.

Мектебіміз жайнап тұрсын.

Мұғалім: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Мұғалім: Жарайсыңдар,балалар. Олай болса, «Ана тілі –жүрек үні» атты ашық тәрбие сағатымызды бастайық.

1-бала: Осы тіл не үшін керек?

2-бала: Досым –ау, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсіндіру, үшін қажет қой. Мұғалім «Тіл –қарым-қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?

3-оқушы: Ой-ой, айтқышбегім –ай!Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?

4-оқушы: Ана тілі дегеніміз –ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген бәрінен қастерлі, аяулы жан.

5-оқушы - Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы  мына өлеңін оқып берейін: Ана тілім – бала шағым өркенім,

                            Ана тілім – болашағым, ертеңім,

                            Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,

                            Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.

 

                            Ана тілді білмесем,

                            Шат-шадыман күлмес ем,

                            Жер бетінде сайраңдап,

                            Қазақ болып жүрмес ем.

6-бала: - Керемет екен.

Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.


Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.

Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.

Мұғалім: Ал мен сендерге тіл туралы түсінік бере кетейін.

Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатын жан саны 50 миллионнан асады, Егер тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Дүниежүзінде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі.

Жалпы 2 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң  қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің  қатарына кіргеніне қуаныштымыз. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді,

7-оқушы Қуан, далам!

Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста,

Мұңды жүрек түңдігін.

Тіл туралы

Заңым енді күшіне

Паш еткендей

Кескен жаңа кіндігін.

«Қазақ тілі туралы» видео көрсетілім


2-оқушы: Ана тілім - тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,

Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.

3-оқушы: Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,

Туған тілім - анам тілім - өз тілім,

Туған тілім - далам тілім - өз тілім,

Туған тілім - адам тілім - өз тілім.

4-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

5-оқушы: Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім, 
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
6-оқушы . Ақыл – ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.

Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
7-оқушы: Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
8-оқушы: Жүзімнің нәрлі нәзік сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақта көзіңнің жанарыңдай,
Ән: «Ананың тілі –аяулы үні» 
Мұғалім: Халқымыз қашанда тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер,ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған.Сөз кезегін билерімізге берейік.

Төле би: Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қазыбек би: Жетер енді әркімге бір ермейік,

Қазақ болсаң құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген ана тілін халқым – ау,

Шұбарлауға ешқандай жол бермейік.

Әйтеке би: Қазақ, қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің,

Мүмкін емес өлмегі.  

Мұғалім: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Атақты ақын-жазушыларымыздың тіл туралы пікірлерін тыңдап көрейік.

«Қазақ ойшылдары тіл туралы» видео қойылым

1.Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар! 2. Жақсы сөз бейне шамшырақ,
Орнаған мықтап көңілге. /Ж. Жабаев/
3. Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады 
Сөз – ойдың айнасы. /Ғ. Мұстафин/
4. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. Құлаққа жағымды, ойға қонымды келеді. /Б.Момышұлы/
Мұғалім: Әр елдің президенті өз тілінің дамуына, өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жатады. Олай болса, еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ тілі туралы айтқан сөздерін тыңдап көрейік.

«Елбасы –Қазақ тілі туралы» видео қойылым

Мұғалім:- Ал, балалар, енді "Жалғасын тап” ойынын ойнайық.

Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің жалғасын табу керек.

1.Ананың сүті—бал, … … - … .

2.Тіл адамның ойының …. .

  1. Бал тамған тілден, … тамар.

  2. Көп сөз – кұміс, аз сөз - … .

  3. Піл көтермегенді, … көтереді.

  4. Өнер алды – … ….. .

  5. Өз тілің – бірлік үшін, … … – тірлік үшін.

  6. Тіл – тас жарады, тас жармаса да … ….

Мұғалім:  Адамзат тарихындағы көп тілді меңгерген полиглот ғалымдар мен басқа да тіл туралы қызықты деректерімізді еске салайық.

6-оқушы: Шығыс ғұламасы Әл-Фараби  70-ке жуық тілді меңгерген.Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.

7-оқушы: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.

Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.

8-оқушы: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана тілімізді үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген.

Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.

9-оқушы: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.

10-оқушы: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады.

Мұғалім:Барлық мемлекеттің президенттері негізі 7 тілде бір-бірімен қарым –қатынас жүргізеді: орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, япон, испан тілдері.

Жаһандану заманында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілде пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы керек» деп Н.Назарбаев айтқандай елімізде үш тілдік білім беруге ерекше көңіл бөлуде.1 сыныптан бастап, мемлекеттік тілмен қатар ағылшын, орыс тілдері оқытылуда. Менің оқушыларым да заман көшінен қалмай үш тілді білім алуға өз үлестерін қосуда.Тамашалап көрейік.

1-оқушы: Сүйемін туған тілді, анам тілін,

Бесікте жатқанымда –ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

2-оқушы: Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

3-оқушы: Учи родной язык,

В нем сила и свобода.

Учи родной язык

В нем государства гордость.

Родной язык в нем честь

И совесть человека.

Учи чужую речь

Свою цени навеки.

Ән «Finger+ Familу»

Мұғалім:  Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,-деп Қадір Мырза Әли атамыз жырлағандай ана тілі туралы өз ойларын шығармаларымен жеткізген оқушыларға сөз берейік.

Оқушылардың шығармаларын оқыту

Асылжан: Ана тілім-ғажап тілім,

Күрес көрген –азат тілім.

Ана тілім –дана тілім,

Жасай бер, жаса мәңгі, қазақ тілім!

  • Ойын «Әрқашан күн сөнбесін!»
    Тіл не үшін керек?

  • Тілдер мерекесі қашан?

  • Қазақ тілі қандай тіл?

  • Үштұғырлы тілдерді ата.

  • Қазақ тілінде балаларға арналған қандай басылымдарды білесіңдер?

Ән «Қазақ тілі-ғажап тіл»
Мұғалім:
Қазақ тілі қазақ халқының тілі ретінде таным,дәстүр, рухани құнды-лықтарды сақтаушы, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қызметін де атқарып келе-ді. Біздің мақсатымыз-ата баба аманат еткен тілді қадірлей білу көркемдігі мен байлығын сақтап келесі ұрпаққа жеткізу.

Қалың елім қазағыңа қорған бол!

Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Осымен біздің тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!