Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тыныс алу жүйесі оның жасерекшелігі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тыныс алу мүшесі оның жасерекшелігі
Орындаған: Мендеш Айбарыс
Тексерген: Мендигалиева А.С
Орал – 2018ж
Мазмұны
Кіріспе
1. Тыныс алу мүшелерінің құрлысы мен қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері.
2. Тыныс алудың реттелуі және жасқа байланысты ерекшеліктері.
3. Бөлме ауасының гигиеналық маңызы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тыныс алу дегеніміз — мүшелер
қызметінің тіршілігін реттейтін, ағзаның негізгі тіршілік көзі
екені әлі де жеке адамның толық түсіне қоймаған мәселесі.
Біздің ағзамызда патологиялық және функциялық өзгерістер болған
кезде, тіпті көңіл-күйдің кенет өзгерген кезінде де, ең әуелі тыныс
алу жүйесі өзінің мінездік сипатын өзгертеді. Бірде қан қысымының
жоғарылауы, бірде төмендеуі, немесе кенеттен ентігу де пайда
болады. Осы кезде кез келген адам ауа кеңістігіне шыққысы келеді,
немесе басқа жерде отырып тыныс алғысы келеді. Мұның барлығы да
екінші бір сигнал (хабар беру) жүйелері арқылы ми қорытындысын
тітіркендіруден туған ағзаның әр түрлі өзгерістерінің нәтижесі.
Тыныс алу жаттығулары — ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс
алу мүшелерінің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған
созылмалы науқастардың (тыныс демікпесі, созылмалы бронхит,
демікпе, өкпенің қабынуы, т.б.) тыныс мүшелерінен басқа да көптеген
ас қорыту мүшелері мен қан айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс
істеу қызметтерінің бұзылуын орнына келтіретін негізгі емделу
құралы.
Тынысалу ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды. Сондықтан ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасын қабылдайды, оның иісін анықтайды. Ауыз қуысы дегеніміз — тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т.б.) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тыныс алу және ас қорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы — өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек). Мұның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры). Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды.
Өкпе жұптасқан мүше. Оң жақ өкпе үлкен және үш бөлікке, ал сол жак өкпе жүрек есебінен екі бөлікке бөлінеді. Өкпені сыртынан тегіс дөнекер түптек (ұлпа) - өкпесіріқауызы (ішкі) қаптайды. Ол өкпемем тұтасып кеткен, оларды ажыратып алу мүмкін емес. Кеуденің (қабырғалар, қабырға аралық бұлшықет және көкет) ішкі жағына сыртқы тарақ - сыртқы сіріқауыз тұтасып кетеді. Сіріқауыздың екіта-рақтарының аралығында мөлшері 1-2 мм шағын кеңістік бар. Бұл -сіріқауыздық куыс. Оған сіріқауыздық сұйықтық толы болады. Соның арқасында өкпе кеудеге берік жалғасатындықтан, біз тынысалу қимылдарын іске асырамыз. Егер қабырға аралық бұлшықеттер мен көк ет жиырылса, одан кеуденің көлемі және соғни сөйкес өкпенің көлемі арта түседі. Сөйтіп тынысалу жүзеге асады. Егер қабырға аралық бұлшықеттер мен көк ет босаңсыса, онда кеуде мен өкпенің көлемі кішірею есебінен тыныс шығарылады. Тынысалу жүйке гуморальды жолмен реттеледі. Тынысалу орталыгы сопақша мида орналасады. Ол тыныс алу және тыныс шығарудың рефлекторлық алмасуын реттейді. Тынысалу рефлексінің коздырғышы қандағы көмір қышқыл газының артуы болып табылады. Артериялардағы химиялық рецепторлар қозады да қимыл нейрондарының бойымен жұмыс мүшелеріне: қабырғааралық бұлшықеттерге және көк етке сигнал түседі. Олар жиырылып, кеуде және өкпе көлемін ұлғайту арқылы тыныс алып, оған жауап кайтарады. Симпатикалық жүйке жүйесі, адреналин және тироксин тыныс алуды тереңдетіп, жиілете түседі. Ал парасимпатикалық жуйке жуйесі тыныс алуды баяулатады. Жөтел және түшкіру тынысалудың қорғаныш рефлексі болып табылады. Оларды мұрын немесе көмейдің сілемейлі қабырғасына иіс немесе еріксіз әсер тітіркендіреді. Оған мұрын арқылы (түшкіру) немесе ауыз арқылы (жөтел) кенет тыныс шығару жолымен жауап қайтарылады.
Тыныс алу мүшелерінің құрлысы мен қызметі және жасқа байланысты ерекшеліктері.
Тыныс алу – организмнің өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі. Ол сыртқы орта мен организм арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Тыныс алу организмде бір мезгілде өтетін, бір-бірімен тығыз байланысқан үш процестен тұрады. Бұл сыртқы немесе өкпе тынысы, ішкі тыныс алу, газдардың қанға өту процесі. Сыртқы тыныс алу дегеніміз - өкпе түйіршіктерінде жүзеге асатын атмосферадағы ауа мен қанның газ алмасуы болып табылады. Ішкі тыныс алу – бұл ұлпалар мен қандағы газ алмасуы, нәтижесінде ұлпалар жаңа заттарды алып, қажет еместерінен айырылады. Оны ұлапалардағы тыныс алу деп атайды. Тыныс алу мүшелерімен иіс сезу, дауыс және сөз құрау қызметтері тығыз байланысты. Тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтары ауамен бірге енген бөгде заттардан қорғайды. Мұрын арқылы тыныстау тазалықтың кепілі, жұтылған ауа мұрын қуысында жылынады, бөгде заттарды ұстап қалады, ылғалданады.
Тыныс алу деп ауадн оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысқан көптеген процестерді атайды. Тыныс алу негізінен 5 кезеңнен тұрады:
-
Сыртқы тыныс алу – ауадағы газдарды өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру.
-
Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеола) газдар мен қан құрамындағы газдардыңғ алмасуы.
-
Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағысымен тасымалдануы.
-
Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы.
-
Ішкі тыныс алу – жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. (бұл биохимиялық процес).
Тыныс алу мүшелері: мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек (трахея), бронхылар, өкпе. Көмекей – 4-6 мойын омыртқаларының тұсында орналасқан, бір-бірімен буындар арқылы байланысқан шеміршектерден құралады. Көмекейдің ортаңғы бөлігінде екі түп қатпарлы бар жоғарғысы қарыншалық және төменгісі дауыстық. Дауыстық қатпарлар көмекейдің кеніресінен едәуір шығып тұрады. Олардың кілегейлі қабықшасының астында дауыс желбезектері мен дауыс бұлшықеттері орналасқан, ол бұл қарыншалық қатпарда болмайды, сол себепті оларды жалған желбезектер деп атайды. Екі дауыстық қатпардың арасында көмекейдің шіңішке бөлігі дауыс қуысы орналасқан. Дауыс қатпары 1 жасқа толғанша және мутация кезеңінде қарқынды өседі. Көмекей 3 қызмет атқарады: тыныс алу, қорғаныш, дауыс құрау. Тыныс алу кезінде ол ауа өткізгіш қызметін атқарады. тарамдала бөлініп, қан тамырларына және жүйкелермен өкпеге ұласады. Тыныс алу актісі өзара алмасып тұратын екі фазадан – тыныс алу (инспирация) және тыныс шығару (экспирация) тұрады. Жаңа туған нәрестенің алғашқы тыныс алуы бірқатар факторлардың нәтижесінде организмнің өзеріске ұшырауына байланысты: планцетарлы қан айналудың тоқтауы және жаңа туған нәрестенің қанында көмір қышқыл газының жинақталуы; ол тап болған ауа ортасының анағұрлым төмен болуы, ауа атмосферасы қысымының анағұрлым жоғарғы болуы. Тыныс тарту бұлшықеттері жиырылу арқылы кеуде қуысының көлемін кеңейтеді де, тыныс жолдары, ауа түйіршіктері ауаға толады, оның химиялық құрамы тыныс алу процесін ұдайы өзгертіп отырады. Тыныс алу актісі – бұл қабырға аралық бұлшық еттер жиырылуының белсенді процесі. Сыртқы бұлшықеттерінің жиырылуы тыныс алуды, ал ішкі бұлшықеттерінің жиырылуы тыныс шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқа қабырға аралық бұлшықеттері бөлек тыныс алу актісіне диафрагма, ал тыныс шығару актісіне кеуденің көлденең бұлшықеттері қатысады. Тыныс алу кезінде қабырғаның көтерілуі есебінен кеуде қуысының көлемі көлденең және алға, артқа қарай, желбіршектердің төмен түсуі нәтижесінде жоғарғы жаққа қарай ұғаяды. Бұл кезде көк ет қуысының қысымы төмендейді, өкпе көлемі ұлғаяды да атмосфералық ауа түйіршіктерге еркін енеді. Терең тыныс алу актісіне кеуде қуысы қоршап тұрған барлық бұлшық еттер: кеуденің үлкен, кіші, арқаның тіс тәрізді, аса жалпақ және ұзынша бұлшықеттер қатысады. Тынысалу тыныс шығаруға ұласады да, нәтижесінде қабырға аралық бұлшық еттер босаңсып, кеуде қуысы төмен түседі, өкпе ұлпасы қысылып, түйіршіктерден, кеңірдек тарамдарынан, түйіршік қуысынан ауаны шығарады. Бұл жағдайда өкпе ұлпа серпінділігі мен кеуде қуысының көлемінің кішіреюінің арасан зор маңызы бар. Тыныс алу кезіндегі кеуде қуысының көлемінің өзгеруіне қарай тыныс алудың 3 типі болады: кеуделік, қарындық, аралас немесе кеуделі-қарындық. Жаңа туған баланың тыныс алуы қарындық тыныс, 7 жасар баллада тыныс алудың кеуделік типі байқалады, 10 жастан бастап тыныс алудың жыныстық ерекшеліктері көрініс бере бастайды: қыз балаларда тыныс алудың кеуделік типі, ұл балаларда қарындық типі орныға бастайды. Тыныс алуды жиілігі кеуде қуысы немесе қарын бұлшықеттерінің бір минута жасаған қозғалысымен анықталады және ол организмнің оттегіне деген физиологиялық сұранысына тәуелді болады. Жаңа туған бала минутына 40-60 рет тыныстайды, төменгі сынып оқушылары 22-20, 12 жаста – 18, жоғарғы сынып оқушылары нормаға жақын – минутына 16 рет тыныстайды. Тыныс алудың тереңдігі организмнің сыртқы тыныс алу аппараты қызметінің көрнекі көрсеткіштерінің бірі. Ол бір тыныс алу кезеңінде өкпеге келіп түскен ауаның мөлшері арқылы анықталады. Өкпенің бір минуттағы ауа айналымы немесе бір минуттық көлемі деп бір рет тыныс алу көлемінің бір минута жасалған тыныстау жиілігіне қатынасын атайды. Мысалы, ол 5 жасар баллада – 6400 мл тең. Ересектерде 6000-8000 мл, әйелдерде 5000 мл.
Тыныс алудың реттелуі және
жасқа байланысты ерекшеліктері.
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшелігі. Тыныс мүшелері мұрыннан басталады. Тыныс жолдары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ә) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны – өкпе альвеолалары (лат. альвеолус — ойма қуыс, науа).
Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе.
Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, және бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерімен сақтау үшін жылытылады.Ауа танay арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұптанау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңдарды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіріп, сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытып, ылғалдайтын қан тамырларына бай. Мұрын қуысы арқылы дем алу ауызбен дем алғаннан гөрі организмге ауаны 25%-ға көбірек өткізетіп көрінеді. Бұл оның қабырғасындағы өкпенің жұмысын қоздыратын жүйке талшықтарының болуына байланысты. Қазіргі кезде ауру тудыратын микроорганизмдердің “қақпасы” – тыныс жолдары екені толық дәлелденген. Сондықтан тыныс жолдарының дұрыс қызмет етуі организмге қажетті қорғаныш қасиеттерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ – ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі – өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез алмасуын қамтамасыз етеді.
Өкпеің дәнекер ұлпасы өте серпімді және өкпенің жиырылу күшін қамтамасыз етеді. Ішкі күш деп аталатын өкпенің жиырылу күші дем алу мен дем шығаруда аса маңызды.
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.
Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде – 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3, дем алу көлемі жаңа туған сәбиде – 25 см3, 1 жаста – 80 см-ге дейіи артады, 2 жаста – 140 см3, ересек адамда – 400 см1. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде – 50 см3, 1 жаста – 210 см3, 13 жаста – 707 см3, 20-25 жаста – 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шмамамен 1788 см3.
Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде – 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада – 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3. Осы көрсеткіштерді пайдаланып ғалымдар өкпенің шар тәрізді альвеолаларының әрқайсының көлемі жаңа туған нәрестеде 4,10s тең болатынын есептеп шығарған. Олай болса, өкпе қуыстарының жалпы ауданы жаңа туған сәбиде – 6 м2, ересек адамда – 50 м2, яғни 8 есе артық.
Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда – 4 см, 10 жаста — 7 см, ересек адамда – 10-12 см.
Кеуде қуысының пішіні адамның жасына және жынысына байланысты өзгереді. Туған кезде баланың кеуде қуысы конус тәрізді болады, себебі ұрық кезінде өкпе нашар дамыған, ал бауыры қарқынды өсіп, дамиды. Баланың кеуде қуысы көтеріңкі болып, қабырға сүйектері ересек адамдардағыдай төмен түспейді. Сондықтан бала терең дем алып, дем шығара алмайды да, қажетті мөлшердегі ауа мен оттегін тынысының жиілігі арқылы қамтамасыз етеді. Қабырға сүйектерінің қиғашталуы күшейе бастағаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туғаннан соң дем алу жиілігі азаяды. Қартайғанда қабырға аралық еттердің әлсіздігіне байланысты қабырғалардың қиғашталуы артады. Әйел адамның кеуде қуысы ерлермен салыстырғанда қысқарақ келеді.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС). Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жай дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Қалыпты жағдайда жай ғана дем алғаннан соң, демін шығармай тұрып, тағы да 1,5-2 литрдей ауаны сіміруге болады. Мұны қ о с ы м ш а а у а деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1 -1,5 литрдей ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл – қ о р д а ғ ы ауа . Егер дем алу, қосымша және қордағы ауаны қосса, өкпенің тіршілік сыйымдылығы шығады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6-7 және 15-16 жастарда дереу және айтарлықтай көбейеді. 16-17 жаста өкпенің тіршілік сыйымдылығы ересек адамдармен бірдей болады. Балалардың өкпе алвеоласындағы газ бен дем шығарғандағы газдың құрамында айырмашылық бар. Балалардың альвеолалық газының құрамында оттегі көбірек болып, көмірқышқыл газы азырақ болады. Бала неғұрлым жас болса, соғұрлым бұл айырмашылық көп болады.
Бөлме ауасының гигиеналық маңызы.
Тұрмыс гигиенасының негізі — пәтерді күтіп, таза ұстау. Бөлмеге жиһазды толтырып жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады. Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп, еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезені кірлетпей уақтылы сүрткен абзал. Жұмсақ жиһаз бен кілемдерді шаңсорғыш пен тазалаған жөн. Бөлменің ауасы таза болуы үшін терезе желдеткішін күніне 3 мәрте: таңертең дене шынықтырған кезде, бөлмені жинастырғанда және ұйықтар алдында (пешпен жылытылатын үйлердерде пеш жағылатын уақытқа туралаған жөн) 30 минуттай ашып, желдетіп алу қажет. Жазда терезелерді ашып қойған дұрыс. Егер отбасыда балалар, жасы ұлғайған немесе аурушаң адамдар болса, оларға жел қарысып қалмас үшін бөлмені сақтықпен желдеткен жөн. Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштер де пайдаланылады. Ас үйде, ваннада, дәретханада желдетуге арналған ауа тартқыштар болады. Пәтерді жинастырған кезде торды жиналған шаңнан тазалаған жөн. Қабырға арқылы да аздап ауа алмасады, сондықтан тұрғын үй қабырғасын майлы бояумен сырлауға болмайды. Мүмкіндігінше, бөлме температурасы жылдың жылы мезгілінде 22˚С-тан 25˚С-қа дейін, қыста 20˚С-тан 22˚С-қа дейін (алайда 18˚С-тан төмен емес) бірқалыпты болғаны абзал. Есіктер мен терезе рамаларындағы саңылауларды тығындап бөлмені жылы ұстауға болады. Температураны жоғарылату үшін электр каминдерді т. б. жылыту аспаптарын пайдалану керек. Пеш жаққан кезде иіс тиіп қалуынан сақталған жөн. Пешке от жағуды кешкі 20 сағаттан кейін тоқтатқан дұрыс. Отын толық жанып болғаннан кейін ғана пештің жаппасын жабады.
Бөлмені салқындату үшін терезеге орнатылған кондиционерлерді пайдалануға болады. Кондиционер тұрақты температураны сақтай отырып, ауаны бір мезгілде шаң мен ылғалдан тазартады. Үйді күтіп ұстамаған жағдайларда (іргесі сыз тартқанда, төлені су басқанда, үйдің төбесінде, жабындысында ақау болғандағыдан басқа): пешті жүйелі түрде жақпағанда, бөлме үнемі желдетілмегенде, үй ішіне кір жуып, кептіргенде бөлмеде сыз пайда болып, ауа ылғал тартады. Сыз адамды науқасқа шалдықтырады, үй қабырғасы мен жиһаздарының бүлінуіне әкеп соқтырады. Сондықтан кірді ваннада жуып, балконда немесе аулада (оған арнайы бөлінген жерлерде) кептірген жөн. Адам көбірек бас қосатын бөлмелердің таза болуына ерекше мән берген дұрыс. Әсіресе, ас үйді таза ұстау қажет. Бөлмелерде шыбын, тарақан, кеміргіштер пайда болмау үшін тамақты ашық, ыдыс-аяқты жуылмаған күйінде қалдырмай, тағам қалдықтарын жабылатын шелекке салып, уақытында шығарып отырған жөн. Ваннаны пайдаланған сайын жуып, су ағатын тесікті, унитаздарды күн сайын арнайы щеткамен тазалау керек. Ванналарды, унитаздарды, қоқысқа арналған шелекті жуу және дезинфекциялау үшін сауда орындарында «Санита», «Сосенка», «Дезипон» т. б. арнайы препараттар сатылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, тыныс алу —
мүшелер қызметінің тіршілігін реттейтін, ағзаның негізгі тіршілік
көзі екені әлі де жеке адамның толық түсіне қоймаған мәселесі.
Біздің ағзамызда патологиялық және функциялық өзгерістер болған
кезде, тіпті көңіл-күйдің кенет өзгерген кезінде де, ең әуелі тыныс
алу жүйесі өзінің мінездік сипатын өзгертеді. Бірде қан қысымының
жоғарылауы, бірде төмендеуі, немесе кенеттен ентігу де пайда
болады. Осы кезде кез келген адам ауа кеңістігіне шыққысы келеді,
немесе басқа жерде отырып тыныс алғысы келеді. Мұның барлығы да
екінші бір сигнал (хабар беру) жүйелері арқылы ми қорытындысын
тітіркендіруден туған ағзаның әр түрлі өзгерістерінің нәтижесі.
Тыныс алу жаттығулары — ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс
алу мүшелерінің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған
созылмалы науқастардың (тыныс демікпесі, созылмалы бронхит,
демікпе, өкпенің қабынуы, т.б.) тыныс мүшелерінен басқа да көптеген
ас қорыту мүшелері мен қан айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс
істеу қызметтерінің бұзылуын орнына келтіретін негізгі емделу
құралы. Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі – өкпе. Бұл бронхылардың
ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді
дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе
қуыстары өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы
ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, көптеген қан
тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы
ауданы 200 м2. Мұндай құрылыс
альвеолалардағы ауаның және қанның құрамындағы газдардың тез
алмасуын қамтамасыз етеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
С.
Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. —
Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.
2. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.
3. Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. — Алматы: Мектеп, 1988.
4. Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі.
— Алматы: Ана тілі, 1994.
5. Бутин И.М. Лыжный спорт. — Москва: Академия, 2002.
6. Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан,
1991.
7. Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. — Алматы: Рауан, 1991.
,
8. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы:
Санат, 2000
9.
Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены.
М.,1978.
10. 10. Решетников Н.В., Кислицын Ю.А. Физическая культура. — Москва, 2000.