Түсініктеме
хат
8- класс оқушыларына
арналған «Туризм
географиясы»– атты факультатив курстың
сабақтың алдына қойған мақсаты – туризм әлемдік экономиканың ең
қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады.
Аймақтық білімнің маңыздылығы артып келеді. Ол туризмнің теориялық
аспектілерін, туристік қызметтің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін
жағдайлар мен ресурстарды, туристік институттарды
зерттейді.Бағдарламаның ерекшелігі – мазмұны бейіндік сәйкес
таңдалған пәндердің терең мазмұнын жүзеге асыруға ықпал ете алады
және маңыздылығы кем емес, жалпы маңызды мәдени бағытты алып
жүруге, жан-жақты қалыптастыруға ықпал ететін білімді тұлғаны
қалыптастыру. Жер шарындағы елдердің
табиғаты, байлығы, туристік жерлерін жете білу, салт-дәстүрлері мен
құндылықтарын оқып түсіну, оларды салыстыра отырып әртүрлі
тақырыптар құрылған. Еуропаның дамыған елдеріндегі туризм
орталықтарының дамуы, халықты қабылдауы жөнінде
қарастырылған.
Туризмді дамыту
үшін, еліміздің шетелдермен қазіргі кездегі жақсы қарым-қатынасын,
ол елдерден үйреніп жатқан іс-әрекеттердің пайдасын көру керектігі
жайында және қалалардың дамуына ықпал ететін маңызды білім мен
еңбек ету керектігі туралы тақырыптар бар.
Халықаралық туристік қызмет
жеке тұлғаның толық және үйлесімді дамуына негізделген қажетті
қайта құрулардың құрамдас бөлігі болып
табылады. Бағдарламаны оқушылардың
қызығушылығын таныта отырып, басқа елдердің табиғат құпияларын
білуге, саясатты түрде бағыттай отырып құрастырған.Оқушыны мамандық
таңдауға тәрбиелеу.
Міндеттері:
-
Әлемдік деңгейдегі Қазақстандағы туризмнің
жағдайымен және ерекшеліктерімен таныстыру;
-
Туризм
географиясының негізгі ұғымдарын, түрлері мен даму кезеңдерін
қарастыру;
-
Туризм
географиясының негізгі ұғымдары, туризм
түрлері;
-
Қазақстанның шетелдермен
байланысын кең көлемде
меңгеру;
Қысқаша
мазмұны:
Бұл бағдарламада
барлық сағат саны – 34. Аптасына – 1сағ.
1 - тоқсанда –
жалпы туризмнің негізгі
ұғымдары туралы тақырыптар
қамтылып, туризм
географиясының мәселесі,олардың демографиямен және экономикамен
байланысы және емдік, сауықтыру орындары,
Қазақстандағы туризмнің дамуы мен туризмнің функциялары туралы
қамтылған. 2-тоқсанда
– Қазақстанның туристік
аймақтары, Азия елдеріндегі
туризмнің жақсы жолға қойылып, дамуы туралы тақырыптар қамтылған.
3-тоқсанда – халық және
оның туристік сұраныс, Еуропа елдеріндегі
туризмнің дамуы қарастырылған. 4-тоқсан бойынша
– туризмді дамытудың саяси
шарттары,
туристердің құқықтары мен
мүдделерін қорғау және экономика және инфрақұрылым туралы
тақырыптар қарастырылған.
Мақсаты:
-
Еліміздегі туристік
нысандарды дамытуға атсалысу;
-
Туризм географиясының негізгі ұғымдарын, түрлері
мен даму кезеңдерін үйрену;
-
Оқушылардың
ой-өрісін кеңейту;
-
Оқушыны мамандық таңдауға тәрбиелеу,
Күтілетін
нәтиже:
Бұл бағдарламаның
соңында айтылатын негізгі мәселелер – әр тақырыпты оқып, түсініп
қана қоймай, сонымен бірге қосымша ақпараттарды интернет
желілерінен қарастырып, одан әрі өз білімдерін толықтырып отыруға
жол ашу. Еуропа мен Азия бөліктерінің бір-бірінен айырмашылығын ескере отырып,
олардың экономикадағы алатын үлестерінің жан-жақты даму
жолдары, туристік аймақтардың елге әкелетін пайдасы, адам денсаулығы
мен оның рухани дамуына ықпалын түсіну. Қосымша материалдарды пайдаланып, тақырыптың мәнін аша
түсуге үйрету.
«Туризм географиясы» атты факультатттиввв
курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары /8-сынып/
Барлығы: 34
сағат. Аптасына: 1 сағат
№
|
Тақырыбы
|
сағат
саны
|
күні, айы
|
1
|
Туризмнің негізгі ұғымдары
|
1
|
|
2
|
Туризм
географиясының мәселесі,олардың демографиямен және экономикамен
байланысы
|
1
|
|
3
|
Туризм географиясының нысандары
|
1
|
|
4
|
Туризм түрлері: емдік, сауықтыру орындары
|
1
|
|
5
|
Ұйымдастыру сипаты бойынша туризмнің жіктелуі
|
1
|
|
6
|
Қазақстандағы туризмнің дамуы
|
1
|
|
7
|
Қазақстанның жеті кереметі
|
1
|
|
8
|
Туризмнің функциялары
|
1
|
|
9
|
Халықаралық туризм
|
1
|
|
10
|
Азия елдерінде туризмнің дамуы
|
1
|
|
11
|
Тест жұмысы
|
1
|
|
12
|
Қазақстанның туристік аймақтары
|
1
|
|
13
|
Түркия елі.Туристік қалалары, маңызы
|
1
|
|
14
|
Туризмнің тарихы
|
1
|
|
15
|
Сауд Арабиясындағы туризмнің дамуы (діни құлшылық ету
орындары)
|
1
|
|
16
|
Иран елі.Тарихи-мәдени ескерткіштері
|
1
|
|
17
|
Грузия елі, туристік аймақтары
|
1
|
|
18
|
Қытай елінің туристік орталықтары
|
1
|
|
19
|
Жапония елі, туризм орталықтары
|
1
|
|
20
|
Халық және оның туристік сұранысы
|
1
|
|
21
|
Туристік ресурстардың түрлері
|
1
|
|
22
|
Туристік ұйымдардың түрлері
|
1
|
|
23
|
Еуропа елдерінде туризмнің дамуы
|
1
|
|
24
|
Франция елі, туризм орталықтары
|
1
|
|
25
|
Италия еліндегі туризмнің дамуы
|
1
|
|
26
|
Греция еліндегі туризмнің дамуы
|
1
|
|
27
|
Туристік нарықтың ерекшеліктері
|
1
|
|
28
|
Әлемдік туристік нарықтың дамуы
|
1
|
|
29
|
Туризмдегі жарнама
|
1
|
|
30
|
Әлем елдерінің туристік ерекшеліктері
|
1
|
|
31
|
Туризмді дамытудың саяси шарттары
|
1
|
|
32
|
Туристердің құқықтары мен мүдделерін қорғау
|
1
|
|
33
|
Экономика және инфрақұрылым
|
1
|
|
34
|
Қорытынды сабақ
|
1
|
|
Мұғалім үшін пайдаланған
әдебиеттер:
1.География және
табиғат. Педагогикалық журнал. С.Әбішқызы.
2015жыл.
2. «Әлем елдеріне
саяхат». Географиялық журнал. А.Каймулдинова. Алматы. «Қайнар» 2006
жыл
3. Реклама в туризме А.П. Дурович, М.,
2005г.
4. Туризм В.А.
Квартальнов М., 2008г
5. Еуразия.
Энциклопедия. К. Марков, А. Веренков. Москва.
1996жыл
Оқушылар үшін пайдаланған
әдебиеттер:
-
Жер шарына саяхат.
Балаларға арналған журнал. С. Кенжекеева. Алматы. «Өркен»
2010жыл
-
Бәрін білгім
келеді. Энциклопедия кітап. Ж.Жиенбаева, С.Отарбаева. Алматы
«Қайнар» 2011жыл
-
«Азия елдері».
Оқушыларға арналған оқулық. С. Әбілмәжінова. Алматы. «Мектеп»
2012жыл
-
«Еуропа елдері».
Оқулық. Алматы. «Қайнар» 2018жыл