Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Туризм түрлері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Үйірме атауы: «Жас экскурсавод»
Тобы:_________________________
Күні:__________________________
Жетекшісі Э. А. Касымкулова
Сабақтың тақырыбы: Туризм туралы түсінік, түрлері (жаяу жүру туризмі, тау туризмі су туризмі ). Туристік жорық бағыттарын дайындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушылардың алған білімдері бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым қорытынды шығара білуге қабілетін арттыру.
Дамытушылық:Туристік дағдыларын қалыптастыру , туристік - спорттық дайындықтарын икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына , қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу
Көрнекіліктер:Түсіндіру, бейне ролик
Сабақтың әдісі:Ой толғау, сұрақ-жауап түсіндіру.
I. Ұйымдастыру кезеңі :сабаққа қатысып отырған білім алушыларды ұйымдастыру.
Жаңа сабақ
Қазіргі кезде жер шарының түрлі аймақтарында экологиялық дағдарыс шиеленіскен жағдайда экологиялық білім мен тәрбие беруге басты назар аударылуда. Осыған байланысты ең маңызды орын туризм мен өлкетануға беріліп отыр. Туризм жастарды жағымсыз қылықтарға қарсы тұруға( темекі тарту, арақ ішу), мықты денсаулық негізін қалыптастыруға , пайдалы , қызық істерге , салауатты өмір салтына тәрбиелейді. Ғалым Ян Амос Каменский табиғатты қорғау қажеттілігі тәрбиелеудің біртұтас жиынтығын құрайтындығын дәлелдеген болатын. .
Бір сөзбен айтсақ туризм дегеніміз жастар үшін - саяхат жасау, ол арқылы жетістікке жету, жаңа дүниені танып білу.
Туризмнің түрлері әр түрлі кретерий бойынша бөліп қарастырылады. Олар І. Туристердің мақсаттары бойынша:
- діни туризм дегеніміз – адамдардың қажылық мақсатта түрлі дін бойынша қасиетті жерлер мен орындарға бару.
- конгрестік туризм іскер адамдардың келісім шарттар жасауы үшін, т.б. мақсаттарын жасайтын сапарларымен, осы мақсаттағы немесе ғылыми конференциялар;
- курортық туризм - туристердің демалысын, емделуін белгілі бір дәрежеде қамтамасыз ету жұмыстар жиынтығы;
- өз бетінше ұйымдастырылған туризм - бұл қоғамдық топтардың, жеке адамдардың өз бетінше, бірігіп өткізген жорықтары;
- экскурсиялық немесе танымдық туризм – туристердің белгілі біржердің табиғи ерекшеліктерінен, табиғи мәдени орындарымен, ұлттық этнографиялық салт – дәстүрімен танылу.
Пайдаланылатын көлік түрлеріне және өткізілетін туристік жорық аумағына байланысты - ат туризмі кейінгі кезде кең тараған. Туризмнің бұл түрінің ерекшелігі жорықтар кезінде арнайы дайындықты, ерекше құрал – жабдықтарды және аттарға әбден күтім жасауын талап етеді.
Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады. Халықаралық туризмі мынадай түрге бөлінеді:
- келу туризмі, Қазақстан республикасының аумағына тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы жеріндегі саяхатын айтады.
- шығу туризмі Қазақстан Республикасына тұрақты тұратын адамның басқа елге саяхатын айтады.
- ішкі туризм Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағындағы тұрақты тұратын адамның Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхаты. Ішкі туризімінің мынадай түрлері бар: Әлеуметтік, экологиялық, шытырман оқиғалы, спорттық, әскерлік, конгрестік, емдеу – сауықтыру, мәдени - танымдық, діни және т.б.
Жаяу туризм – күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар. Халықтық топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді, кез- келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады. Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) отпуск және демалыс күндерінде өткізілуі мүмкін. Жаяу туризм - спорттық туризмнің бір түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты ретінде маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту болып табылады.
Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет.Әсіресе маршруттың қиын әр түрлі бөліктерін (асулар,тасты және тасқын қаупі бар,өзендер арқылы асулар,үлкен биіктіктегі орындар, азимутты,қоныстанылмаған,қиын бағыт алынатын) бөліп көрсету және оларды жеңіп өтудің толық жоспарын құру керек. Күндізгі жүру километражын есептеу орташа бүкіл маршрутқа есептелетіп жүргізіледі,ол маршруттың жеке бөліктерінің техникалық күрделіліктерін,азық-түліктерді жұмсауға байланысты жеке кезеңдерде рюкзактардың салмағын есепке алына жүргізіледі. Жаяу саяхатта магниттік жіктеуді есепке ала отырып,алдын ала барлық азимуттарды есептеу қажет.Азимуттар карта нақты көрсетілген және жергілікті жерде оңай табылатын орындардан басталуы және жергілікті жер линиясына (өзен арнасы,көл,теңіз жағалауы,теміржол жолы,тау массиві) негізделген болуы тиіс.
Жергілікті жер нүктесіне азимут бойынша шығуды жоспарлау ұсынылмайды,себебі кішігірім қателіктің өзі апатты жағдайға әкелуі мүмкін.
Жаяу туризм артықшылықтары:
- Жаяу туризм - бұл әдемілікке, тазалыққа және бастапқы күйдегі табиғатқа бой алдыру болып табылады.
- Жаяу туризм - бұл жеке адами қасиеттердің өсу мүмкіншілігі.
- Жаяу туризм - ұмытылмастай көңіл-күй мен жақсы достар.
Тау туризмі - биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар болып бөлінеді. Тау рельефінің элементтері тау жорықтарында қозғалысқа едәуір кедергілер келтіріп отыратын сәттері кездеседі. Бұны тау жорығының табиғи кедергілері деп атайды.Тау туризмімен айналысу үшін таулардың физика-географиялық ерекшеліктерін жақын біліу керек.Тау рельефінің элементтерінен қалыптасатын табиғи кедергілерден өту және қорғану тәсілі тау жорықтарының техникасы және тактикасы деп аталады.
Тау туризмінің бағыттары. Таулы туризмде екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады: альпинизм мен спелеотуризм. Екі бағытта қазіргі таңда өз адамдарын табуда. Таулы туризм өзіне еліктіреді, өйткені альпинистер мен тәжірибелі туристердің айтулары бойынша, тауға бір рет шықсаң, қайта-қайта оралғың келіп тұрады.
Шаңғы туризмі. Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі – шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтғы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т.б.) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді. Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады .Шаңғы туризмі қыс кезінде,белгілі бір қар жамылғысының қалыңдығына байланысты өткізілетін,өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары ( примус,пеш,шаңғы т.б.) және қонақ жайлары (бивуак,қар үйшіктері,тұрғын мекен жайлар т.б.) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы.Климаттың,ауа-райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіледі.Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған.
Шаңғы жорығын ұйымдастыру
Шаңғы жорығының ерекшeлігі ,біріншіден, қозғалыс құралы ретінде қолданылады,екіншіден,дене шынықтыру,спорттық құрал түріне жатады.
-
Шаңғы жорықтарын ұйымдастырғанда топты екіге бөледі.
1. Енді үйренушілер тобы;
2. Шаңғыны толық меңгерген адамдар;
Бірінші топ үшін шаңғы түрлері ерекшелік қолдану тәсілдері керергілерден өту таулы аймаққа арналған түрі болады. Шаңғышылардың аяқты бекіту орындары әр түрлі болып келеді:арнайы ботинкалармен шығатын шаңғылар,тек бекіту орны бар шаңғылар бар.Шаңғы жорықтарының танымдық ерекшелігі сол,ол кез-келген жастағы адамдарға ұйымдастырылуы мүмкін.
-
Шаңғы трассаларын 3-ке бөліп қарастыруға болады:
Су туризмі жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың жүзе білетін қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті. Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды байланыстырып, жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар су саяхатының дамуын біршама шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді, дене жүгін азайтады, саяхатшы дүниетанымын тарылтып, өзен жағалауларымен тұйықтайды.Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.
ІV. Қорытынды.
Жалпы туризмнің қандай түрлері
бар? (жаяу жүру туризмі ,тау туризмі су
туризмі(сұрақ-жауап).