1.Либералды-демократиялық бағытты
ұстанған қазақ зиялысын табыңыз:
A) Ж.Ақбаев +
B) К.Тоғысов
C) С.Сейфуллин
D) С.Меңдешев
2. Тарихи оқиғаларды хронологиялық
реттілікпен орналастырыңыз:
1. Арықбалық шайқасы
2. Маңғыстаудағы көтеріліс
3. Шаңды жорық
4. Қарақұм құрылтайы
5. Тастөбе шайқасы
A) 4, 3, 5, 1, 2+
B) 1, 2, 3, 4, 5
C) 3, 1, 2, 4, 5
D) 4, 3, 4, 2, 1
3. Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып
өтілді:
A) 2014 жылы
B) 2015 жылы +
C) 2004 жылы
D) 2010 жылы
4. Ф.И.Голощекин ұсынған идея:
A) «Индустрияландыру».
B) «Азық-түлік салғырты».
C) «Әскери коммунизм».
D) «Кіші Қазан».
5.1985 жылғы Қайта құру кезіндегі
жүргізілген реформа:
A) Ауылшаруашылығын ұжымдастыру
B) Шетел инвестицияларын тарту
C) Репрессияға ұшырағандарды ақтау
D) Ауыр өнеркәсіп орындарын көбейту
6. Қазақстанның Ресей құрамынан шығуын
көздеген бірінші қазақ Конституциясы жобасының авторы:
A) Мұстафа Шоқай
B) Барлыбек Сыртанов +
C) Исмаил Гаспринский
D) Әлихан Бөкейханов
7. " 1905 жылдың шілдесіндегі Қарқаралы
петициясында қойылған талап:
A) Халықтың ана тілінде білім алуын
ұйымдастыру
B) Қоныстандыру саясатын күшейту
C) Тартып алған жерлерді сырттан қоныс
аударғандарға беру
D) Орыс халқының құқығы мен абыройын аяқ
асты етуге жол бермеу
8. Ақан сері туралы диологиясын жазған
жазушы:
A) С.Мұқанов
B) С.Жүнісов
C) Ә.Нұрпейісов
D) Ғ.Мүсірепов
9.Моғолстан билеушілері әулетінің негізін
қалады:
A) Шағатай
B) Әмір Темір
C) Тоғылық Темір +
D) Әмір Поладшы
10. Моңғол хандарының жаулап алынған
елдердегі сенімді өкілі, салық жинаумен де айналысты:
A) Бұйрық
B) Басқақ
C) Атабек
D) Беклербек
11. Басқарудың
округтік жүйесі енгізілетін болды. Сөйтіп, жаңа округтер
құрылды. Округтер болыстарға бөлінді, ал болыстар ауыл
әкімшіліктерінен тұрды. Әр округте 15-20 болыс, әр болыста 10-12
ауыл, ал әр ауылды 50-70 үй болатын болды. Сыртқы округтегілер
Сібір қырғыздары облысына біріктірілді. Жаңа әкімшілік бірлігі
орасан зор аумақты алып жатқан Омбы облысының құрамына кірді. Томск
және Тобыл губерниялары мен Омбы облысы Батыс Сібір
генерал-губернаторына бағындырылды. Оның орталығы Тобыл қаласында
орналасты. Округтерді сайланып қойылатын аға сұлтандар, болыстарды
болыстар, ал ауылдарды – ауыл старшындары басқарды. Болыс
сұлтандары мен ауыл старшындары әкімшілік, шаруашылық және
полицейлік қызметтерді қоса атқарды. Әр округте аға сұлтан
басқаратын Округтік приказ құрылды. Оның құрамына Омбы облыстық
басқарма бастығы тағайындайтын ресейлік екі заседатель және
сайланып қойылатын екі “құрметті қазақ” қатысуға тиісті болды. Ішкі
күзет Сібір казактарынан іріктелді.
Мәтінде сипатталған кезең:
A) XIX ғасырдың 20 жылдары +
B) XIX ғасырдың 60 жылдары
C) XVIII ғасырдың 90 жылдары
D) XIX ғасырдың 80 жылдары
12. Мәтінде сипатталған ереженің
атауы:
A) “Дала облыстарын басқару туралы
уақытша Ереже”
B) “Орынбор қырғыздары жөніндегі
Жарғы”
C) “Сібір қырғыздары туралы
Жарғы”+
D) “Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын
басқару туралы уақытша Ереже”
13. Мәтінде сипатталған басқару жүйесіндегі
өзгерістер осы ауданға қатысты:
A) Ұлы жүз
B) Үш жүздің аумағы
C) Орта жүз +
D) Кіші жүз
14. Мәтін бойынша Батыс Сібір
генерал-губернаторлығының орталығы:
A) Омбы
B) Орынбор
C) Тобыл
D) Томск
15. Мәтін бойынша хандық басқарудың
орнына құрылды:
A) Округтік жүйе +
B) Шегаралық жүйе
C) Сұлтандық жүйе
D) Императорлық жүйе
16. Қазіргі қазақтардың арғы ата-бабалары
пайдаланған жазудың ежелгі үлгілері көне түркі руна жазуы деп
аталады. Ежелгі түркілердің ділі мен тілі, даналығы Орхон-Енисей
жазба ескерткіштерінде көрініс тапқан. Йолығ-тегін мен «Тоныкөк»
жазбалары ауыз әдебиеттің алғашқы үлгілері саналады.
VII
ғасырдың бірінші жартысында пайда болған түркі әліпбиі ағаш пен
тасқа ойып жазуға қолайлылығымен ерекшеленеді. Көне түрік жазуын
алғаш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында неміс ғалымы Д.Мессершмидт
пен шведтің тұтқын офицері И.Страленберг Енисей аңғарынан тапты.
Скандинавияның руналық жазуымен ұқсастығына байланысты түркі жазуын
«руналық» деп атады. Осыдан кейін басқа да жаңалықтар ашылып, руна
жазуларын оқудың кілтін 1893 жылы дат ғалымы В.Томсен тапты.
Түркілердің руналық жазуларының ең әйгілілері түрік қағаны мен
қолбасшыларының құрметіне тұрғызылған ескерткіштер. Ертедегі
түркілердің руна жазуы ХІ – ХІІ ғасырлардан кейін қолданыстан шығып
қалды. Кейін бұл жазу ислам дінінің ықпалымен ығыстырылды.
Руна
жазуын ислам дінінің ықпалымен ығыстырып шығарды:
A) Грек әліпбиі
B) Араб әліпбиі +
C) Латын әліпбиі
D) Соғды жазуы
17. Ежелгі түркі тайпаларының жоғары тіл
мәдениеті мен дүниетанымын көрсететін ауыз әдебиеттің алғашқы
үлгілері:
A) Йолығ-тегін жазбалары +
B) Білге қаған құлпытасы
C) Бумын ескерткіші
D) «Күлтегін» жазбалары
18. XVIII ғасырдың 20-жылдары көне түркі
жазуын алғаш рет тапты:
A) Қытай зерттеушілері
B) Үнді саяхатшылары
C) Еуропалық ғалымдар+
D) Араб ғалымдары
19. Дат ғалымы В.Томсен руна жазуларын оқудың
кілтін тапты:
A) XVII ғасырда
B) XVI ғасырда
C) XVIII ғасырда
D) ХІХ ғасырда+
20. Жоғарыдағы суретте көрсетілген тарихи
ескерткіш:
A) Сыма Цянның күнделігі
B) Шыңғысхан заңдары
C) Көне түрік әліпбиі +
D) Хан әулетінің әліпбиі
21. Қазақтың демократиялық-радикалды топтарының
мүдделерін қорғай отырып, олар “Алаш” партиясына қарсы
идеялық-саяси күрес жүргізді. “Үш жүз” партиясы большевиктерді
қолдап, оларға өлкеде кеңестік билікті орнатуға көмектесті. Қазақ
халқының ұлттық мүдделерін басшылыққа алғанмен “Үш жүздіктер”
әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерде большевиктердің
ықпалында болды. Мәтін бойынша Үш жүз партиясының мүддесіне сай
жауапты белгілеңіз:
A) Жергілікті жерлерде кеңес өкіметін
құру
B) Алаштықтарды большевиктерге қарсы
қою
C) Социал-демократиялық бағыттағы мақсаттарды
жүзеге асыру
D) Эсерлердің экономикалық бағдарын
қабылдау
22. “Алаш” және “Үш жүз” партияларының
арасындағы айырмашылық:
А)Үш жүздіктер ұлттық мәселенің шешілуін
мұсылман халықтарын түркілік идея негізінде біріктіруден көрді
+
B) Алаштықтар Ресейдің түркітілдес халықтарының
бірыңғай автономиясын құруды ұсынды
С)Алаштықтар түркі-татар федерациясын құру
арқылы қазақтардың ұлттық мүддесін қорғауды көздеді D)Үш жүздіктер
қазақтардың бытыраңқы қалпын сақтай отырып, идеологиялық
бірізділікті қалыптастыруды көздеді
23. Үш жүз партиясының саяси бағыты:
A) коммунистік
B) капиталистік
C) демократиялық
D) социалистік+
24. Большевиктердің саяси бағытындағы
көзқарастарын қабылдаған партия:
A) “Шура-ислами”
B) “Үш жүз” +
C) “Эсер”
D) “Алаш”
25. Мәтінде сипатталған кезең:
A) Жылымық кезең
B) Ақпан революциясынан кейінгі кезең
+
C) Индустрияландыру саясаты жүргізілген
кезең
D) Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезең