Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҰБТ-ға дайындық кезеңінде оқушылармен психологиялық жұмыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларда кездесетін қиындықтарды жеңу, мазасыздықтан арылу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҰБТға дайындық кезеңінде оқушылармен психологиялық жұмыс»

Мақсаты:ҰБТға дaйындық кезеңіндегі (үрей мен өзінің қабілетіне сенбеушілік сезімін жеңебілуге, өзін-өзі сараптау жұмысы және психологиялық кедергілерді жеңуге)оқушыларды өзін-өзі басқарып, білімдерін сараптауға үйрету

Семинар-тренингің жоспары

  • Тренинг тапсырмалары

  • Психологиялық денсаулық туралы

  • Топпен жұмыс

  • Жеке жұмыс

  • Рефлексия

- Ал енді тренингті бастаймыз. Шеңбер құрып отырайық.

- Біздің тренингтің міндеті: бір-бірімізбен танысу, өзіңді түсіну және басқа адамды да түсіну, эмоционалдық жеңілдеу.

2. Жаттығу “Есім. Өзім туралы не айта аламын”.

Мақсаты: топтық бірлесуді күшейту, жеке ақпаратпен бөлісу және сыйластық сезіммен бір-біріне қолдау жасау арқылы қысылған сезімді шешу.

3. Жаттығу “Тек жақсы туралы: Қатысушыларға бүгін таңертең өздерімен қандай жақсы оқиға болғанын еске түсіру ұсынылады.

4. Сөйлемді аяқтаңыз - 11 сынып - бұл…( ҰБТ- бұл... )жағымды және есте қалған сәттерден тұратын сөздер арқылы сипаттама беру немесе дайындық кезеңдері мен өздеріңнің еңбектерің туралы өлең жазуға болады.

5. Жаттығу “Кинобайқау-таңдау” (өзіндік маңыздылықты сезінуді дамыту).

1. Өз өміріңіздегі мақтаныш тұтатын 5 жағдай.

2. Жетістіктердің ішіндегі ең мақтаныш тұтатынын таңдаңыз.

3. Орныңыздан тұрып барлығына дауыстап: “Мен мақтанғым келмейді, бірақ...”өзіңіздің жетістігіңізді айтыңыз.

Талдау сұрақтары:

  • Өз жетістіктеріңіз туралы айтқанда қандай сезімде болдыңыз?

  • Сіз сөйлеген уақытта басқалар да сіздей сезімде болды ма?Неге?

6. Жаттығу “Мен кіммін”.

  • Параққа “Мен кіммін?” деген сұраққа жауап жазыңыздар. Дұрыс немесе бұрыс жауап болмайды. Жауапты толық және ашық жазыңыздар.

  • Жазған сипаттамаларыңызды қарастырамыз: “Мен оқушымын” немесе “Мен баламын”. Бұл рөлдік, формалды биографиялық мінездеме. Егер осындай сипаттау көп болса, Сіз әлеуметтік рөлдер жиынтығы болдыңыз.

Сіздің сонда жеке ерекшеліктеріңіз неде? Рөлдік сипаттамаларды сызып тастаңыз, 

қалғаны Сіздің өзіңізді қалай сезінетіндігіңіз. Қаншалықты біз өзімізге оқушының, баланың бетпердесін киеміз?Бірақ біз ең бастысы адамбыз, өзімізді жақсы көретін, сол арқылы қоршаған ортаны, әлемді де жақсы көретін Адамбыз. Біздің әр қайсымыз қайталанбайтын жеке, дара тұлғамыз және әр адамның бойында өзіне ұнайтын, өзі жақсы көретін қасиеті болады.

Қазір әр қайсыңыз дауыстап өзі туралы айтады. (шеңбер бойымен айту)

Дені саудың жаны сау демекші қазір денсаулық туралы сұхбатымызды жалғастырамыз.

Саламатты өмір салтын қалыптастырушы – ол дені сау болуға деген ішкі қажеттілік.

  • Балалық шақта денсаулық сезілмейді, ол күн,

ауа сияқты, оны ойлау қажеттілігі туындамайды.

  • Ересек адам денсаулықты өзінің кәсіптік мақсаттары, міндеттері мен жетістіктерге жеткізетін құрал ретінде қарайды.

  • Денсаулық қариялар үшін өмірлері бағынатын мақсат болып табылады.

Денсаулық – бұл… ауру болмау немесе физикалық кемістіктің болмауы емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік жақсы жағдайдың қалпы

Бұл аспекте денсаулықтың үш құрамдас бөлігі бар

  1. Физикалық денсаулық

  2. Әлеуметтік денсаулық

  3. Психологиялық денсаулық

Психологиялық денсаулық туралы слайдтар:

7. “Дыбыс гимнастикасы”
Мақсаты: дыбыс гимнастикасымен таныстыру, рух пен денені дамыту.

  • Дыбыс гимнастикасын бастамас бұрын дайындаламыз : бойымызды тіктеп, жай дем алып тұрамыз. Бірінші терең дем алып, содан дем шығарғанда дыбысты дауыстап жігерлі түрде айтамыз.

Мына дыбыстарды айтамыз:

  • А — барлық ағзаға жақсы әсер етеді;
    Е —щитовидный железаға әсер етеді;
    И — миға,көзге,мұрынға,құлаққа әсер етеді;
    О — жүрекке, өкпеге әсер етеді;


8.Жаттығу “10 сөз”.

  • Мақсаты : ҰБТ-ға позитивті

  • көзқарас қалыптастыру (оқушылар кез келген 9 сөз айтады, оны тақтаға жазамыз, 10-шы сөз ҰБТ, топтардың міндеті жазылған сөздерді пайдалана отырып, кезектерін ауыстырмай мазмұнды өлең жазып шығару).

  • 8. Қабылдау үшін суреттер.

  • 9. Рефлексия .



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.10.2018
852
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12