Материалдар / ҰБТ-ға қалай дайындалу қажет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰБТ-ға қалай дайындалу қажет

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ-ға баратын түлектерге арналған кеңестер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2018
877
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарашатау орта мектебі



















«ҰБТ-ға қалай дайындалу қажет»

(мектеп бітіруші түлектерге кеңес беру)













Дайындаған: Б.Айтмырзақызы

















Құмқұдық селосы

Мектеп бітіруші түлектерге кеңес беру

Ең алдымен дайындық жасайтын қолайлы жер даярла: үстелден керексіз заттарды алып таста, кітаптарыңды, дәптер, қағаз, қарандаштарыңды, т.б. өзіңе қолайлы етіп орналастыр.

Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді көптеп енгізуге болады, себебі бұл түстер инттеллектуалдық белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі қандай да суретті іліп қою жеткілікті.

Өзіңнің ең нашар білетін қиын тақырыбыңнан баста. Ал егер олай саған қиын болса, өзіңе қызықты әрі түсініктісінен баста. Мүмкін осылайша сен жұмыс ритміне тез еніп кетерсің.

Дайындық пен дем алуды кезектестіріп тұр, айтарлық 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Үзіліс уақытында ыдыс жуып, гүл суаруға немесе душқа түсіп не сергіту жаттығуларын жасауға болады. Қітаптың ішіндегінің барлығын жаттап алуға тырысудың керегі жоқ. Оқылған материалды қорыту үшін қағазға схема, сызбалар жасап қоюға болады. Бұндай жоспарлар оқылған материалды тез қайталап, еске түсіруге пайдалы.

ҰБТ қарсаңында көбісі ҰБТ – ға толық дайындалу үшін ҰБТ алдындағы соңғы бір күннің жетпей қалатындығын айтады. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді одан әрі басынды қатырудың керегі емес. Керісінше демал, душқа түс, қыдыр. « Күресуге » дайын болатындай, өзіңді дені сау, сергек сезінетіндей ұйқыңды қандырып алғаның дұрыс. Себебі ҰБТ –ол да бір өзіңнің қабілетіңді, мүмкіндігіңді көрсететін өзінше күрес емес пе.
ҰБТ болатын орталыққа жарты сағатқа ертерек келуге тырыс. Өзіңмен бірге төлқұжатыңды, бірнеше қаламыңды алуды ұмытпа.

Психологиялық жағынан қалай дайындалу керек

  • Емтиханға алдын ала асықпай тыныштық сақтай отырып дайындалуды баста.

  • Егер де саған өз ойыңды жинақтау қиын болса, ең оңай деген сұрақтарды есіңе түсір, содан соң ақырындап қиын сұрақтарға өтуге болады.

  • Күн сайын шаршағанда, ішкі қобалжу сезімін басатын жаттығу жаса.


Егер көзің ауырса не істеу керек?

Емтиханға дайындық кезінде көзімізге салмақ түседі. Көздің шаршағаны, бұл ағзаның шаршағаны: оған емтихан тапсырмаларын орындауға күш жетпеуі мүмкін. Көзімізді демалғандай жаттығу жасауымыз керек:

  • Ауыспалы түрде жоғары, төмен (25 секунд), оңға – солға (15 секунд);

  • Көзіңмен өз атыңды, тегіңді жаз;

  • Алыстағы затқа ауыспалы түрде қара (25 секунд), содан соң алдындағы қағазға қара (20 секунд);

  • Сағат тілінің бағытымен төртбұрыш, үшбұрыш сал, сосын керісінше жаса.


Бір күндік кесте.

  • Бір күнді 3 – ке бөл;

  • Емтиханға бір күнде 8 сағат дайындал;

  • Спортпен айналыс, таза ауада серуенде, дискотекаға барып биле – 8 сағат;

  • 8 сағаттан аз ұйықтама, егер қажет болса түстен кейін ұйықтап ал.


Тамақтану.

Тамақтану 3 – 4 түрлі болуы тиіс, витаминдерге бай және каллориялы жаңғақ, сүт тағамдарын, балық, ет, жемістерді жеп, шоколадпен қоректен. Емтихан алдында тойып тамақ ішуге болмайды.

Дайындалатын орын.

Өзің жұмыс жасайтын орныңды жақсылап ұйымдастыр. Үстеліңнің үстіне сары, күлгін түсті суреттерді, заттарды қой. Өйткені, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады.

Кең ауқымды материалды қалай есте сақтауға болады?

Материалды сұрақ бойынша қайтала. Бірінші есіңе түсір және өзің не білесің соны қысқаша жазып ал. Содан кейін басты деректердің дұрыстығын тексер. Кітап оқу барысында, сүйенетін негізгі ойларды белгілеп отыр. Қағазға жеке – жеке әр сұрақ бойынша жауаптар жоспарын жаса. Емтихан алдында жауап жоспары жазылған қағаздарды қарап шық.


Ойлау қабілетін қалай дамытуға болады?

  1. Ақылды болғың келсе, сұрақты ойланып қоюды, зейін қойып тыңдауды, асықпай жауап беруді және айтатын еш нәрсе болмаса үндемей отыруды үйрену керек.

  2. Білімді ойланбай алуға болмайды, бірақ ойланудың өзі білімсіз болмайды.

  3. Ойлау қабілетінің дамуы – өз ақылыңды біліммен толықтыру. Білім көзі әртүрлі болады – мектеп, кітаптар, теледидар және адам туралы ақпарат береді.

  4. Ойлану сұрақтан басталады, барлық ашылулар «Неліктен?», «Неге?» деген сұрақ арқылы жасалады. Сұрақ қойып және сұраққа жауап беруді үйрену керек.

  5. Дәстүрлі дайын шешімдер күткен нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде, ойлау қабілеті белсенді жұмыс жасайды. Сондықтан заттар мен құбылыстарды жан – жақты қарастыру немесе үйреншіктіде жаңалықты байқау, ойлау қабілетінің дамуының негізін қалыптастырады.


Жадыда сақтау қабілетінің бірнеше заңдылықтары.

  1. Есте сақтаудың қиындылығы көлемі жағынан пропорционалды емес дамиды. Қысқа дәйек сөздерді жаттағанша, үлкен бөлікті оқу тиімді.

  2. Жұмыс барысында бірдей есте сақталғанның саны көбірек болса, түсінгеннің дәрежесі ауқымды болады.

  3. Реттеліп жаттаған құрамадан тиімді. Үзіліс жасап оқу қатарынан оқығаннан жақсы, ал бірден оқығаннан аздап оқыған жақсы.

  4. Көбірек қайталап оқығаннан жадыңда қалдырғанды еске түсіруге көп уақыт жұмсаған тиімді.

  5. Егер екі материалмен жұмыс жасасаңыз – үлкен және кіші, үлкенінен бастаңыз.

  6. Адам түсінде есте сақтамайды – бірақ ұмытпайды.


Жұмыс істеу қабілетін жақсартуға жағдай жасау.

  1. Ақыл – ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыру.

  2. Гимнастикалық жаттығу жасағанда баспен тұру, секіріп айналу жаттығуларына көп көңіл бөлу керек. Өйткені осы жаттығулар негізінде ми клеткаларына көп қан келеді.

  3. Көзді қорғау керек, 20 – 30 минут сайын үзіліс жасап отыру керек.

  4. Теледидар хабарларын көруді қысқарту қажет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!