Материалдар / ҰБТ-ге сеніммен барайық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰБТ-ге сеніммен барайық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сенімділік қалыптастыру .ҰБТ қорқынышсыз тапсыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
511
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады














Тақырыбы: ҰБТ-ға сеніммен барайық!

(Тренинг сабағы)



















Мектеп психологы: Аманжол Т








2020 жыл




ҰБТ-ға сеніммен барайық

Мақсаты: Бітіруші түлектерді ҰБТ-ға психологиялық дайындау, өзіне деген сенімділіктерін арттыру және түрлі жағдайларға қарсы тұра алу арқылы өзін-өзі басқара білу қабілетін дамыту.Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.

Міндеті:

  • Өзіндік сенімін болуға баулу.

  • Зейінді шоғырландыруды, белсенді есте сақтауды жетілдіру.

  • Стресті жеңуге жол көрсету

  • Оқушыларға ҰБТ-ні сенімді тапсыруға дайындау.

Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ

Құралдар: слайд, шарлар, ақ қағаз, қалам, тест парақшасы.

Тренингтің барысы:

І. ”Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем”.

ІІ.”Мен қалаған есім”.

ІІІ. Сауалнама “Саған мектеп не берді?”.

ІV.”Мен кіммін” әдістемесі.

V.«Есте сақта» жаттығуы.

VІ.”Стресті қалай жеңуге болады?”.

VІІ. “Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?”.

VІІІ.”Эксперимент» жаттығуы”.

ІХ. “Шынымды айтсам” жаттығуы.

Х.”Саусақтар арқылы мінезді анықтау” тест.

ХІ. “ҰБТ-да жетістікке жетейік!” әнін орындау.

Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болшақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айытпақшы «Талаптыға нұр жауар! » деген емес пе? Бақтарың жансын.

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу салты: өзін-өзі жағымды қабылдау, көңіл-күйін көтеру. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, біз бүгін бір-бірімізбен дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік.

  • Бір-біріңе күлімсірей қарап, алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.

  • Оң жақ, сол жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.

  • Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.

  • Маңдайларын бір-біріне тигізіп амандасу.

Сәлемдесу рәсімі аяқталғаннан кейін қойылатын сұрақтар:

1.Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыз?

2.Сізге қандай әдіс ұнады?

3.Осы әдістердің қайсысын өмірде пайдаланып көрдіңіз?

ІІ. «Мен қалаған есім». Оқушылардың өзін жайлы сезінуін қалыптасытыру, ойынға соңына дейін белсенді қатысу мақсатында жүргізіледі.

Тренинг ережесі: Ортаға барлық оқушылар шығып шеңбер құрып тұрады. Оқушылар өзінің жақындарының, өзін қалай шақырғанын ұнататыны туралы айту керек.

  1. Ата-анаңның қалай атағаны ұнайды?

  2. Сыныптастарыңның қалай атағаны ұнайды?

  3. Мұғалімнің қалай атағаны ұнайды?

  4. Достарыңның қалай атағаны ұнайды?

Релаксация: Өзіңді солай атағанда қалай сезіндіңдер? Бұдан кейін сыныптастарыңның өзіңді солай атауын қалайсың ба? Мұғалімдерден өзіңді солай атауын сұрағың келмей ма? Оқушылар орнына отырады.

ІІІ. Сауалнама «Саған мектеп не берді?».

Мақсаты: оқушының ҰБТ-ға психологиялық дайындығын зерттей отырып, психололгиялық көмек беру, стреске қарсы тұру, өзіне-өзі сенімділігін арттыру.

Құрметті оқушы! Сенің көңіліңнен шығатын жауапты белгілеулеріңді сұраймын.

1. ҰБТ тапсыруға дайындығыңыз қалай?

а) жақсы; ә) орташа; б) төмен.

2. ҰБТ тапсыруға қатты қобалжып жүрсің бе?

а) иә, «2» алып қалам ба деп; ә) иә, пән бойынша тоқсандық бағамды ұстай аламын ба, жоқ па деп; б) жоқ, мұғалімдер жауабын беріп, көмек жасайды.

3. ҰБТ-дан жақсы ұпай алатыныңа сенімдісің бе?

а) иә; б) жоқ.

4. ХІ сыныптағы білім деңгейің қандай?

а)үздік; ә) озат; б) орташа.

5. ҰБТ-ға барлық ынта-жігеріңмен дайындаласың ба?

а) иә; б) жоқ.

6. Сенің таңдаған мамандығың қандай?

а)...; ә) таңдаған жоқпын.

7. ҰБТ-дан қанша ұпай жинауды мақсат етіп қойдың?

а)...; ә) құлап қалмасам болды.

8. ХІ сыныптан кейін білім жалғастыру жоспарың қандай?

а)жоғары оқу орны; ә) арнайы орта оқу орны; б) шешілген жоқ.

9. Қалаған мамандығыңа қол жеткізе алмаған жағдайда қосымша баламаң бар ма?

а) ...; ә) жоқ; б) әлі ойлаған жоқпын.

10. Саған мектеп не берді?

а) білім; ә) ЖОО-ға дайындық; б) болашақ өмірге дайындық.

..........................................................................................................................Аты-жөні

ІV. «Мен кіммін» әдістемесі

Мақсаты: Оқушылардың «Кеше кім»?, «Бүгін кім?», «Ертең кім?» болатынын түсіндіре отырып, өзінің кімге сәйкестендіретіндігін анықтау.

Алдыға 12 оқушы шығып шеңбер құрады, бір шетінен бастап өзінің кім екендігін айтады. Психолог жеткізе алмаған оқушаларға жетелейді, бәрі айтып біткен соң олардың айытқан сөздеріне қортынды жасайды.

V. «Есте сақта» жаттығуы.

Нұсқау: мен сіздерге 5 сан айтамын. Сіздер сол сандарды жақсылап есте сақтаңыздар. Содан соң, 1-ші санды 2-ші санға қосып қосындысын жазыңыздар. 2-ші санды 3-ші санға қосып қосындысын жазыңыздар. 3-ші санды 4-ші санға қосып қосындысын жазыңдар. 4-ші санды 5-ші санға қосып қосындысын жазыңдар. Сөйтіп сіздерге 4 қосынды жазылуға тиіс. Есептеуге 15 секунд уақыт беріледі. Одан келесі сандар оқылады.

А) 52714 Кілті: А) 7985

Ә)35425 Ә)8967

Б)71432 Б)8575

В)26253 В)8878

Г)44617 Г)81078


VІ. «Стрессті қалай жеңуге болады?».

Ойын барысы: Ортаға 12 оқушы шығады.1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушалр сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айытқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата-анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата-анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушалар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды.

Релаксация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады.

VІІ. «Стресті қалай жеңуге болады?» атты мини лекция.

Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл кінәні сезіну, құндылықтарды жоғалту, оқуды жек көру және т.б. Көбісі стресс факторы болып табылатын мектепті ұнатпайды. Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз! Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз немесе ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Шығыс даналығы осылай дейді. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Стрестің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы. Стрестің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты өтеді. Стресті болдырмау үшін не істеу қажет?

Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры, әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.

Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, далада серуеңдеңіз.

Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка тыңдаңыз, түнгі аспанға, бұлтқа қараңыз және армандаңыз.

Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Жанұя

салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата-аналарыңызға,ата-әжелеріңізге, бауырларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені, олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?

Р Мінеки оқушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ-ға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін.

VІІІ. «Эксперимент» жаттығуы.

Мақсаты: стресс жағдайында өзіңді меңгеруге жаттықтыру.

Жаттықтырушыға нұсқау: әр қатысушыға бір қарағанда жүйесіз жазылған мәтін ұсынылады. Осы мәтінді оқу тапсырылады.

Нұсқау: 30 секунд ішінде үзіндіні оқу керек.

АҚШАҚАРЖАПҚАНАППАҚҚАПТАЛҒАҚАЙҚАҢҚАҒЫПАЙМҮЙІЗДІМАРАЛШЫҒАКЕЛДІ

ЖайКЕЛмедіСЕКІРіпбИлепОРҒыпОйнапШЫҒАкеЛДІ

басЫНәстЕЖерГЕсалМаЙтынӘМӘндАасҚақТАтәкАППарұстАЙТынКЕРбезаҢБҰЛжолЫдаМАҢғазҚАСқайЫПтұРақАЛған

ЖаЗҒыдЕМалЫсқакЕлгенәСЕМӘйгерІМАқбОТадАРхАнЖәнеЖАРқынкЕШтІңҚАлаЙбАТқаныңДаБАЙқаМаДЫ.

Талқылау: төмендегі сұрақтар аясында талқылау жүргізу:

  1. Тапсырманы бірден орындай алдыңыз ба?

  2. Тез орындауға не қажет болды?

ІХ.“Шынымды айтсам” жаттығуы .

Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан,, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау.

Нұсқау: алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аласыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыз.

  • Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойлағансам ...

  • Шынымды айтсам, тест, емтиханға дайындалып жатқанда ...

  • Шынымды айтсам, мен алдағы тест, емтиханда болатын стресті ұмытқанда ...

  • Шынымды айтсам, мен үйге келгенде ...

  • Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның қобалжуын ойлағанда ...

  • Шынымды айтсам, мен қобалжығанда ...

  • Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда ...

  • Шынымды айтсам, осы тест туралы естігенде ...

  • Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде ...

  • Шынымды айтсам, мен тренингке қатысқанда ...

Х. «Саусақтар арқылы мінезді анықтау» тест.

  1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз. Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа “2” деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса – “1”.

  2. Бір көзіңізді жұмып, кез-келген нысанаға дәлдеп көздеңіз. Егер сол көзіңіз ашық қалса, “1” санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса – “2”.

  3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстінде жатыр? Егер сол қолыңыздың саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, “1” санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстінде жатса – “2”.

  4. Көлденең шапалақтаңыз. Егер сол қолыңыз үстінде болса – “1”, егер оң қолыңыз болса, онда “2”.

Қорытындысын анықталған сандардың орналасу тәртібі бойынша айту.

Қорытынды.

Психолог. Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. Бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, бір келкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.

«ҰБТ-да жетістікке жетейік!» әнін орындау.

1. Арман, мақсат бір болған соң тілегіміз,

ҰБТ деп бірге соққан жүрегіміз.

Білім болған бастау алар тірегіміз,

Әннен шашу шашайық.

Қайырмасы:

Болашаққа қанат қаққан түлегіміз,

Орындалсын үміт толы тілегіміз.

Бәріміз де дайым

Көрмей қайғы-уайым,

ҰБТ-дан жетістікке жетейік.

2. Жанымызға сенімділік серік болсын,

Бірлігіміз әрқашанда берік болсын.

Басымызға бақыт құсы келіп қонсын,

Асулардан асайық.

Қайырмасы:

Бір-біріне тілек айтып тренингті аяқтау.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!