Материалдар / "Үй жағдайында әтір дайындай аласың ба?"

"Үй жағдайында әтір дайындай аласың ба?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба: "Үй жағдайында әтір дайындай аласың ба?" Әр адам өзіне ұнаған әтірді, иіс суларды асқан талғампаздықпен таңдайды. Әркім өзіне тән иістерді іздейді. Кейде менің анам сияқты көңіл күйіне байланысты әр түрлі әтір сепкісі келіп, бірнеше әтірді сатып алуы мүмкін. Бірақ кейде өзіне ұнайтын иісті таба алмауың да әбден мүмкін ғой. Неге осы мәселе сонша маңызды деп ойлайтынмын. Осы жұмысты зерттегеннен кейін, әр иіс адамның жеке ерекшеліктерін айтып, ол адамның әдемілігін, әсемдігін көрсете түседі деген тұжырымға келдім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2021
734
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Кез келген 21 ғасыр адамы әтірді пайдаланатыны сөзсіз. Тарихқа үңілсек, әтірдің қашан, қайда пайда болғаны туралы нақты деректер жоқ. Алайда ежелгі Грецияда, Египтте, Кытайда және Римде әтір су иістерін эстетика үшін ғана емес медицина да пайдаланған екен. Эфир майлары және хош иістер жеке гигиенаны сақтау үшін, сонымен қатар үй жайларындағы жаман иістері кетіру мақсатында қолданылған екен. Қазыргі кезде парфюм өнімдерін әр адам өзінен жақсы иіс шығу үшін сонымен қатар басқа адамдарға жайлы болу үшін қолданады.

Хош иістерді қандай заттардан жасаған? Уақыт өткен сайын хош иістер қалай өзгерген? Парфюм сататын дүкендерге барған сайын осы сұрақтар мені қатты мазалап, әдемі қораптарды көрген сайын қызығушылығым арта түсті.

Жұмыстың мақсаты:  үй жағдайында әтір дайындау.

Міндеттері:

  1. Парфюмерлік заттардың және әтірдің тарихын зерттеу.

  2. Үй жағдайында әтір дайындауды үйрену.

  3. Үй жағдайында әтір дайындау мүмкіндігіне қорытынды жасау және өз әтір түрлерін ұсыну.

Зерттеу нысанасы: Хош иісті иіс сулар және әтірлер.

Қолданылатын әдістер:

  1. Әдебиеттермен жұмыс.

  2. Эксперимент.

  3. Сараптама.

Ғылыми жаңалығы: Әр түрлі әдебиеттер, мерзімдік басылымдарды пайдаланып, әтірдің және жалпы парфюм өнімдері жайлы мәліметтер бір жерде жинақталып, бір жүйеге келтірілді.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Болашақ ұрпақтың әсемдікке , әдеміллікке, эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына әсер ететіні сөзсіз.

1. Әтірдің пайда болу тарихы.

Тіршіліктің ең алғашқы күндерінен бастап, адамдар әтір сулар мен иіс суларды пайдалана бастады. «Парфюмерия» сөзі латын тілінен аударғанда «фумус» , «түтін» деген сөзді білдіреді. Олай болатын болса бұл ұғымды ежелгі адамдарда білген, хош иістерді алу үшін иісі жақсы ағаштарды, смола мен жапырақтарды өртеген екен.

Хош иісті суларды Ежелгі Египетте, алдымен құдайға құлшылық етуге қолданса, кейін денені хош иістендіру үшін пайдаланған. Олардың пайымдауынша адам қайтыс болған кезде оның денесіне осы хош иістерді жақса, келесі өмірінде ол бақытты да жақсы өмір сүреді, қалағанының бәрін алады деп есептеген. Сонымен қатар Египет тұрғындары күнделікті өмірде де хош иісті суларды пайдаланған. Ең бірінші болып Римдіктер хош иісті суларды, әтірлерді пайдалана бастаған. Олар әртүрлі хош иісті майлардың түрлерін жеке гигиена талаптарын сақтау макқсатында денелерінің барлық жеріне, шаштарына жаққан .[2]

Ең алғашқы 1300 жыл бұрын раушан гүлдердің жапырақтарынан хош иісті су жасаған арабтар болған екен. Арабтар хош иісті суларды тек парфюм ретінде ғана емес, дәрілік ем ретінде пайдаланған. Жарты гектар раушан гүлдерінен 1 тонна жапырақ алған. Ал 1 тонна жапырақтан жарты килограмм май алған екен. [1] Шынымен сол кездегі әтірлер өте қымбатқа түскенін көріп отырмыз.

1.1 Атақты парфюмерлер.

Ең алғашқы орыс парфюмері Анри Брокар (1836-1900), ал Ресейде ол Генриха Афанасьевич деген атпен белгілі болған. 1861 өмір сүрген Брокар Ресейде тұрып Гиктің парфюмерлік фабрикасында жұмыс істеген. 1863 жылы конценттатталған жаңа әтірдің түрін ойлап шығарады және ол әтірдің денедегі тұрақтылығы бірнеше рет өсіп, сапасы жоғарылады.

1864 жылы Брокар Москвада әртүрлі парфюмерия заттарын шыаратын фабрика ашады. Оның бір шығарған өнімі ер адамдарға арналған гүлдерден жасалған иіс су болды. Брокар оның құрамына Ресейде өсетін: жасмин, фиалка, роза гүлдерін пайдаланды. Ең алдымен Брокар әтірлерден композиция жасады. Оның ең бір керемет жасаған әтірі- «Москва», деп аталды, бұл бүгінгі таңға дейін 100 жыл көлемінде әлі де шығарылымда. [5]  

1918 жылы Брокар фабрикасында быраз өзгерістер болды, бірақ өз жұмысын тоқтатқан емес. Бүгінгі күні ол фабрика «Новая заря» деп аталады, сонымен қатар француз пафюмерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бұл фабрикада 100 түрлі әтірлер шығарылады.

1.2 Әтірлер неден жасаған?

Раушан гүлдері, фиалка, жасмин, нарцис, апельсин гүлдері бүгінде әтір жасауға пайдаланылады. Сонымен қатар кедр, сандал ағаштарын, лаванда жапырақтарын, жалбыз, герань жапырақтарын фиалка және имбирь тамырларын пайдаланады.

Ежелгі адамдар әтір және хош иістерді тек гүлдерден жасаған болатын. Ол гүлдердің сығындысына су қосу арқылы хош иісті суларды алған екен. Бұл әрекетті «анфлераж» деп атаған екен, бұл гүлдерден хош иістерді алу дегенді білдіреді. Ағаш рамаларға шыны әйнектерді сақтап салып, үстінен тазаланған шошқаның майын салған екен. Оның үстінен гүл жапырақтырын әбден май қабатына хош иіс сіңгенше бірнеше қабат жапырақтар салған екен. Қазыргі кезде гүл сығындыларын алу үшін мұнайдан алынған таза еріткіш пайдаланылады. Гүл жапырақтарын май әбден сіңгенше салады. Артынан еріткішті құйып алып, әтірді спирт көмегімен тазалайды.

Бүгінгі күні ғылым табиғатпен бірге жаңа иістер ойлап табуда. Химиктер скипидар, көмір смоласынан жасанды иістер алуда. Парфюмер- мамандар қайталанбайтын жаңа хош иістерді алады, оларды кейде гүдердің иісінен ажырата алмауымыз да мүмкін. [4]

1. 3. Қазіргі кездегі парфюмерлік өнімдердің құрамы.

Парфюмерлік өнімдердің көбі иісі бар концентарттардан құралады және оның құрамында бірдей мөлшерде су және спирт болады. Кей кезде сонымен қатар өте аз мөлшерде бояғыш заттар мен антиокислителдер қосады. Өкінішке орай, бұл сала бизнеске айналғандықтан, өндіруші әр фирма құрамын өз қалауы бойынша қарастырады.

Әтір – ол бір ароматқа біріктірілген әртүрлі эфир майларының қосындысы. Басқа сөзбен айтқанда арнайы спирт+ жануар майларынан жасалған бекіткіштер. Әтір 15 тен 22% пайызға дейін парфюмерлік қосындыларды құрайды. Оны 90% спиртпен араластырады. Бұл негізгі концентрант французша Parfum, ағылшынша Perfume деп аталады.

Әтір- хош иіс суларының ішіндегі ең қымбаты болып саналады. Хош иісті майлардың құрамында ең жоғарғы пайызы гүлдердің сығындысы . Әтірдің негізі ол майлар, сондықтан олардың иістері ең тұрақты болып табылады. Көбінесе әтірлер кешкі мерекелік шығуларға арналады.

Хош иіс сулар – әтірге құрамы жағынан ең жақын болып табылады. Эфир майларының құрамына қарайтын болсақ хош иіс сулар әтір туалет суларының арасында тұрады. Хош иіс сулардың ішінде 12-13% хош иіс су болып келеді де, 90% спиртке тұндырылады. Негізгі хош иіс басқа хош иістермен қосылғанда пайыздық мөлшері азаяды. Парфюмерлік хош иіс суларды күндізгі әтір деп атаса да болады.

Хош иісті сулар (Eau de Toilette) –хош иістердің концентрация хош иістер 8-10% құрап, 85%-тік спиртке тұндырылады. [2]

Хош иісті сулар парфюмнің ең жеңіл түрі, оны күніне бірнеше рет пайдалануға болады. Бұл хош иісті суларды жаз айларында ыстық кезеңдерінде және күнделікті жұмыс істейтін адамдар пайдалануға ыңғайлы болады. Eau de Cologne деген белгі бүгінгі күні құмыра құтыларды жиі кездеседі. Қазіргі кезде дезодаранттардың тазалық сақтау үшін маңызы өте зор. Жағымсыз иістер адамның жеке және мамандықтары бойынша жететін жетістіктеріне көп әсер етеді. Дезодоранттар - негізі функциональды, мақсатты түрде қолданылады, бірақ кейде жағымсыз иісті болдырмау үшін де қолданып жатады. Франция мемлекетінде шығарылатын Deo Partum өнімі бірден хош иісті және гигиеналық талаптарды бірден орындайды.

2 бөлім. Үй жағдайында әтір дайындау.

Үй жағдайында әтір жасаудың бір артықшылығы ол табиғи сығындылар, ұнтақталған заттар бізге қолжетімді. Химикаттар мен консерванттар бар деп алаңдаудың қажеті жоқ.

2.1. Дайындық кезеңі:

1. Барлық заттарды араластыру үшін ыңғайлы ыдыс таңдап алдым.

2. Әтір, спирт, компоненттерінің жиынтығы, жолақ қағаз, сынамалар мен бірнеше ыдыстар қажет.

3. Қақпағы қатты жабылатын, ауа кірмейтіндей ыдыстар қажет. Себебі егер аузы берік емес ыдыс алатын болсақ, хош иіс тұрақты, әлсіз болуы мүмкін.

4.Спирт немесе жожоба майын дайындау. Парфюмерлік иістер 14 күннің ішінде дайын болады. 4 аптаның ішінде толыққанды дайын болады.

5.Сынамалар үшін қағаздарды дайындадым.

2.2.Парфюмерлік композицияның құрамы

Әр композиция үш негізгі ароматтардан тұрады. Эфир майларына қосатын заттар 1:2:3 қатынаста болуы керек. Хош иісте болатын негізгі заттың(мысалы:раушан гүл жапырақтарын) құрамын көбірек алу қажет. [6]

2.2. Әтір дайындау

Мен барлық әдебиеттерді зерттеп болғаннан кейін зерттеуге қатысты материалдарды жинай бастадым. Анамның ас үйдегі сөрелерінде : қалампыр, корица, кептірілген жалбыз жапырақтары, апельсин қабықтары, мұздатылған жемістер таңқурай, құлпынай, қаражидек, апельсин, лимон, қызылжидек табылды. Жемістер мен жидектердің түсі әр түрлі болғандықтан мен барлық заттардан әр түрлі композиция жасауды қолға алдым.

Зерттеу жұмысы №1 Шыны ыдысқа:

  • Раушан гүлінің жапырақтарын - 15г

  • Лимон қабықтарын -

  • Итмұрын - 1 дана

  • Жалбыз жапырақтары - 1 жапырақ

Зерттеу жұмысы №2 Шыны ыдысқа

  • Корица – 10 мг.

  • Қалампыр – 2 дана.

  • Апельсин – 1/8 қабықтары

Зерттеу жұмысы №3 Шыны ыдысқа

  • Лимон – 1/8 қабықтары

  • Жалбыз – 10 мг.

  • Қызылжидек – 3 гр.

Зерттеу жұмысы№4 Шыны ыдысқа

  • Құлпынай – 1/2 жемістер

  • Қаражидек – 3 дана.

  • Таңқурай – 2дана.

  • Апельсин - 1/8 қабықтары

Барлық заттарды (әр зерттеу жұмысын жеке түтікке) шыны түтікке салып оған спирт құйдым. Менің көз алдымда ол алқызыл түске бояла басталды. Шыны түтігімді жылы жерге қойып қойдым. Келесі күні қарасам спирт ұшып кетіпті.

Екінші күні барлық заттарды салып, бірақ бетін қатты жауып, салқын жерге қойдым. 1 аптадан кейін алып көргенімде спирт орнында хош иіс аңқып тұрды.

Сонымен бұл эксперименттен шығатын қорытынды:

Хош иісті алуға тікелей байланысты заттар:

1. Күн көзі емес - қараңғы,

2. Жылу емес – суық.

3. Әтірге салынған заттар құрамы.

4. Уақыт./4 апта /

5.Ыдыстың мықты жабылуы.

6. Үй жағдайында жасалған әтірлерді қараңғы жерде әдемі ыдыстарда бөлме температурасында сақтау қажет.



Қорытынды:

Әр адам өзіне ұнаған әтірді, иіс суларды асқан талғампаздықпен таңдайды. Әркім өзіне тән иістерді іздейді. Кейде менің анам сияқты көңіл күйіне байланысты әр түрлі әтір сепкісі келіп, бірнеше әтірді сатып алуы мүмкін. Бірақ кейде өзіне ұнайтын иісті таба алмауың да әбден мүмкін ғой. Неге осы мәселе сонша маңызды деп ойлайтынмын. Осы жұмысты зерттегеннен кейін, әр иіс адамның жеке ерекшеліктерін айтып, ол адамның әдемілігін, әсемдігін көрсете түседі деген тұжырымға келдім.

Сонымен мен өз зерттеулерімнен мынандай қорытындыларға келдім:

  • күн көзінде тұрған ерітінділер жылдам өзінің түсін жоғалтып, ішіндегі спирт ұшып кетті, ал қараңғы жерде тұрған тұнбалар өте хош иісті болды;

  • алғашқы екі ай ішінде жасалған хош иісті тұнбалардан иістердің тұрақсыздығын байқадық, яғни қолдан жасалған хош иіс тұнбаларын ұзақ уақыт пайдалана алмаймыз;

  • хош иістерді жемістерден, қылқанды ағаштардан, цитрустардан, гүлдерден алуға болады;

  • хош иістердің түстері бірден емес біртіндеп қаныға түседі;

  • хош иістер әр адамда әр түрлі эмоция туғызуы мүмкін.(қуаныш, бас ауруы, жүрек айнуы т.б)

Үй жағдайында әтір дайындауға болады. Бұл хош иістер сатып алғаннан қарағанда арзанға түседі. Үйге арналған хош иістендіргіштерді өзімізге жасауға болатынына көз жеткіздім. Эфир майлары да адам денсаулығына пайдалы. Бірақ оларды пайдаланар алдына нұсқаулығын оқып алу керек. Бірнеше хош иістндіргішті ашық қалдыратын болсақ, кейбір адамдардың қан қысымы көтеріліп кетуі де мүмкін. Әр жеке тұлға басқа адамдарға ұқсағысы келмейді және ұқсамайды да. Олай болса әркім өзіне ұнайтын иісті үй жайында да жасап көруге болашақта қандай иісті таңдау керек екенін түсінуге болады екен. Бұл өте оңай! Тек қиялдарыңызға ерік берсеңіздер болғаны!

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Балуева Г.А., Осокина Д.Н. Все мы дома химики. М.: «Химия»,1980.
2. Бражников В.П. История запахов. М.: Наука, 1998.
3.Гроссе Э., Вайсмантель Х. Химия для любознательных. Основы химии и занимательные опыты. Л.: Химия, 1985. – 336с.
4. Стикс В., Вайгерштофер У. В царстве запахов. Эфирные масла и их действие. М.: НАВЕУС, 1999. – 127с.
5.История возникновения духов -[ Электронный ресурс] . Режим доступа :
http://www.portal-woman.com/krasota/item/152-istoriya_vozniknoveniya_dukhov,
свободный.
6.Духи своими руками. -  [Электронный ресурс] . Режим доступа:
http://zolyshkam.ru/post346808243/ , свободный.

















Тіркеме №1 Әтірге қосатын заттар.


Shape1 Shape2



Тіркеме№2 Композиция нәтижелері


Shape3 Shape4



Shape5



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ