Үй жағдайындағы
артикуляциялық гимнастика
(Ата –аналармен
жұмыс)
Логопед-дефектолог:
А.Нукожаева
Қызылорда, 2014-2015
ж
Мақсаты: Балалардың үй жағдайындағы
артикуляциялық моторикасын жетілдірудің негізгі тәсілдерін
меңгеруге ата-аналарға көмек көрсету.
Міндеттері:
-
Артикуляциялық моториканы
дамытудың маңыздылығы туралы ата-аналардың білімдерін
жетілдіру;
-
Артикуляциялық жаттығуларды
дұрыс орындау туралы түсініктерін
қалыптастыру;
-
Үй жағдайындағы артикуляциялық
гимнастиканы ұйымдастырудың ережелерімен
таныстыру;
-
Балалармен жұмыстың жеке
түзетушілік бағдарламалардың орындалуына ата-аналардың қатысу
деңгейін кеңейту;
-
Дәстүрлі емес әдіс-тәсілдердің
көмегімен артикуляция мүшелерінің қозғалғыштығын және
координациясын дамытудың ойын тәсілдерін
үйрету.
Сөйлеу тіл дыбыстары
артикуляция мүшелерінің қимыл-қозғалысының күрделі жиынтығының
нәтижесінде пайда болады. Артикуляциялық аппарат мүшелерінің күшіне
,жақсы қимыл –қозғалысына ажыратылмалы жұмыстарының көмегімен біз
әртүрлі дыбыстарды оңаша да сөйлеу тіл кезінде де дұрыс
дыбыстаймыз. Сол себепті, сөйлеу тіл дыбыстарын айту қиын
қимыл-қозғалыс дағдылары болып табылады.
Бала кішкентай күндерінен
бастап –ерінмен,тілмен,жақпен көптеген әртүрлі артикуляциялық
,мимикалық қимыл –қозғалыстар жасайды,осы қимыл –қозғалыстарды
сәйкестендіріп диффузды дыбыстарды шығарады (гуілдеу,былдырлау).
Осындай қимылдар баланың сөйлеу тіл дамуының алғашқы сатылары болып
табылады және өмірдің шынайы жағдайларында сөйлеу тіл мүшелеріне
гимнастиканың рөлін ойнайды. Мұндай қимыл –қозғалыстардың
нақтылығы,күші және ажыратылымдылығы балаларда өз кезектілігімен
дамиды. Нақты артикуляция үшін мықты,майысқақ және қозғалмалы
сөйлеу тіл мүшелері керек –тіл,ерін, таңдай. Артикуляция көптеген
бұлшық еттердің жұмысымен байланысты,әсіресе шайнау,жұту,
мимикалық. Дауыс шығару үрдісі тыныс алу мүшелерінің қатысуымен
іске асады (жұтқыншақ,трахея,бронхтар,өкпе,диафрагма). Осыған
байланысты арнайы логоедиялық гимнастиканы айтқан кезде көптеген
мүшелердің және бұлшықеттердің,беттің,ауыз қуысының жаттығуларын
ескерген жөн. Артикуляциялық гимнастика сөйлеу тіл дыбыстарының
қалыптасуының және дыбыс айтудың кез-келген бұзылыстарын түзетудің
негізі болып табылады: бұған артикуляциялық аппаратмүшелерінің
қимыл-қозғалысын жаттықтыруға арналған жаттығулар,барлық
дыбыстардың және де әртүрлі топтардағы әр дыбыстың дұрыс айтылуына
қажет еріннің,тілдің,жұмсақ таңдайдың белгілі бір қалыпта тұруын
нақтылау кіреді.
Артикуляциялық гимнастиканың
мақсаты –дыбыстардың дұрыс айтылуына қажет артикуляциялық аппарат
мүшелерінің белгілі бір қалпын және толыққанды қимыл –қозғалысын
іріктеу.
Артикуляциялық гимнастика
жаттығуларын орындау бойынша
ұсыныстар:
-
Баладағы қалыптасқан
дағдыларды бекіту үшін артикуляциялық гимнастиканы күнделікті
орындау қажет. Жаттығуларды 3-5 минуттан күніне 2 рет орындау
керек, таңертең және кешке. Бір жасағанда балаға 2-3 жаттығудан көп
жаттығулар жасатудың қажеті жоқ.
-
Әрбір жаттығу 5-7 рет
орындалады.
-
Артикуляциялық гимнастика
отырған қалыпта орындайды, себебі мұндай қалыпта баланың денесі тік
болады, денесін бос ұстайды, аяқ –қолдары босансу қалпында
болады.
-
Жаттығудың орындалуының
дұрыстығын өзіндік бақылау үшін бала үлкен кісінің бетін жақсы көру
керек және де өзінің бетін көру керек. Сол себепті артикуляциялық
гимнастиканы орындау уақытында бала мен үлкен кісі қабырға
айнасының алдында отыруы мүмкін, сонымен қатар бала шағын қол
айнасын (шамамен 9*12 см) қолдануына болады, бірақ ол кезде үлкен
кісі баланың бетіне қарама-қарсы отыру
керек.
Үй жағдайындағы
артикуляциялық гимнастиканың орындалуын
ұйымдастыру
-
Артикуляциялық жаттығуды
орындауды бастамас бұрын бала кеңістікте бағдарлай алады ма, сіз
соны анықтап алуыңыз қажет: бала оң жағында,сол
жағында,алдында,артында,жоғарыда,төменде не тұрғандығын көрсете
алады ма, оң қолын және сол қолын ажырата аладыма. Мұнсыз
артикуляциялық гимнастиканы орындау мүмкін емес немесе балаға
барынша қиындық туғызады.
-
Ойын тәсілдерін
қолданып,жасалатын жаттығу туралы айтып
беріңіз.
-
Жаттығудың дұрыс орындалуын
көрсетіңіз.
-
Баланың жаттығуды орындауын
бақылай отырып, жаттығуды қайталауын
сұраңыз.
-
Баламен орындалып жатқан қимыл
–қозғалыстардың сапалығына назар аударыңыз: қимыл-қозғалыстың
нақтылығы,біркейкілігі,орындаудың темпі,бір орында ұстауы,бір
жаттығудан екіншісіне ауысуы.
Дәстүрлі емес әдіс
–тәсілдермен жаттығуларды орындау
«Тәтті
жаттығу» (чупа –чупспен
жаттығу)
Сіз мүмкін таңқаларсыз,бірақ
тәтті чупа-чупс тамаша логопедиялық
тренажер.
Еріндеріңізбен чупа –чупсты
қысыңыз,оны 10-15 секунд ұстауға тырысыңыз. Еріндеріңізбен чупа
–чупсты ұстап тұрып,таяқшасын алдымен жоғарыдан-төменге, содан
кейін бір жақтан екінші жаққа қозғалтып
көріңіз.
«Футбол»
- еріндеріңізді «түтікше»
секілді алға қарай шығарып екі кубиктердің арасына шарды ұзақ
үрлеу.
«Шам»
- түрлі түсті шамдарды сатып
алып, олармен ойнату. Шамды жағып қойып, баладан көк түсті шамға,
одан кейін жасыл түсті шамға үрлеуін өтініңіз. Жай үрлеу қажет, дем
алу шулы болмауы керек. бастапқыда шамды жақын қойып,кейінен
алыстата беруге болады.
Артикуляциялық гимнастиканы
орындау барысында балалардың жаттығуды алғаш жасаған кездегі
артикуляциялық аппарат мүшелерінің қимыл-қозғалысының қиындықтары
байқалады. Біртіндеп қиындықтар жойылып, қимыл –қозғалыстар
мәжбүрлі емес, сонымен бірге координарлы болады. Балаға жаттығуды
дұрыс орындаған жоқсын деп айтуға болмайды, ол баланың жаттығуды
жасауға қарсылық білдіруіне әкеліп соқтырады. Жаттығуды орындау
үрдісінде балаға жағымды эмоциональді көңіл-күй тудыру керектігін
есте сақтаған жөн.
1.«Жымию»-Тістерді көрсетпей
жымию. 2.«Шарбақ»-Тістерді көрсетіп
жымию.
3.«Күрекше»
-
Жалпақ тілді астыңғы 4.«Түтікше»
-Ауызды ашпай,ерінді
ерінге қою керек. алға
шығару.
5.«Тіс
тазалайық»-Ауызды ашып,
6.«Сағат» -Ауызды ашып,тілдің
тіліміздің ұшымен тістерімізді
ұшын сағат тілімен айналдыру.
тазалаймыз.
7.«Жылан»
-Ауызды ашып,тілді
8.«Жаңғақ»-Ауызды
ашпай,тілімізді алға шығарып,тартып алу. екі жақ бетке кезек-кезек
шығару.