Материалдар / Үй жануарлары

Үй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға үй жануарлары туралы түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2021
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 11.02.2020 ж.

Сынып: 5 «А»

Сағат: 1500

Өтілетін орны: Демалыс бөлмесі


Тақырыбы: Үй жануарлары.


Білімділік мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру.

Тәрбиелік мақсаты: Үй жануарларына қамқорлық танытып, бағалай білуге, оларды қорғауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау. Сұрақ-жауап арқылы баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын жетілдіру.

Түзету мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалау.


Көрнекілігі: Үй жануарларының суреттері, қима қағаздар,

плакатқа жазылған сұрақтар, жұмбақтар.


Жаңа сөздер: Үй жануары, төрт түлік төл, үйшік, күзетеді.


Барысы:


Тәрбиеші: - Балалар, амандасамыз.

Тәрбиеші: - Балалар, ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын бірге оқимыз.

Оқушылар: - Үй жануарлары (бірге оқимыз).


Тәрбиеші: - Балалар, үй жануарларының ішіндегі төрт түлік – халқымыздың

байлығы да, берекесі осы малдар.


Тәрбиеші: - Балалар, үй жануарларына нелер жатады?

Оқушы: - Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі, ит, мысық.


Тәрбиеші: - Ит пен мысық қайда тұрады?

Оқушы: - Ит үйдің сыртында үйшікте тұрады.

Ол үйді күзетеді.


Тәрбиеші: - Мысық қайда тұрады?

Оқушы: - Мысық адамдармен бірге үйде тұрады.


Тәрбиеші: - Балалар, осы жануарлардың аттарын атаңдар. (сурет)

Оқушы: - Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі.


Тәрбиеші: - Балалар, төрт түліктің адамдарға қандай пайдасы бар?

Оқушы: - Етін жесе – тамақ, сүтін ішсе – сусын, жүні – кисе киім,

мінсе – көлік болған.


Тәрбиеші: - Дұрыс, балалар!


Тәрбиеші: - Балалар, енді төрт түлік туралы жұмбақтар шешеміз.


Тәрбиеші: Кезекті бір жануар

Үстінде екі тауы бар. (Түйе)


Тәрбиеші: Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Бірақ тағы сақалы бар. (Ешкі)


Тәрбиеші: Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыпыртқысы бар. (Сиыр)


Тәрбиеші: Еекуі елеңдеп келеді

Төртеуі төбелесіп келеді. (Жылқы)


Тәрбиеші: - Балалар, сендерді ата-әжелерің қандай сөзбен еркелетеді?

Оқушы: - Ботақаным, құлыным, қошақаным, қозым, кішкентай лағым.


Тәрбиеші: - Балалар, сендерді сүйкімді жануарлармен еркелетеді екен.


Тәрбиеші: - Балалар! Енді төрт түліктің өз төлдеріне арнаған тақпақтарын

айтыңдар.

Сиыр: Ақ бұзауым ұнайды,

«Мө-мө» деп сүт сұрайды.

Тұмсығын созып қарайды,

Тілімен мұрнын жалайды.


Қой: Кіп-кішкене момақан,

Қошақанды ұнатады.

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзім деп.


Жылқы: Құлыншағым, құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.


Түйе: Айналайын, ботам,

Қандай күлте, жотаң.

Табандарың жалпақ,

Теріп жейсің жантақ.


Ешкі: Шөре-шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.


Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар!


Тәрбиеші: - Балалар! Енді кестемен жұмыс жасаймыз.



Мал

Төл

Дыбыс шығаруы

1

Түйе

* Бота


2

Сиыр

* Бұзау


3

Қой

* Қозы


4

Жылқы

* Құлын


5

Ешкі

* Лақ



Тәрбиеші: - Балалар! Өз үйлеріңде малдарға қалай қарайсыңдар?

Оқушы: - Малдарға шөп береміз, жем береміз, астын тазалаймыз,

су береміз.


Тәрбиеші: - Малды ұруға, тебуге болады ма?

Оқушы: - Төрт түлікті ұруға, тебуге болмайды.

Оларды бағалай білу керек. Қорғау керек.


Тәрбиеші: - Дұрыс, балалар!


Тәрбиеші: - Балалар! Енді сөйлемді жалғастырып жазамыз.

Оқушы: - Бие сүтінен жасалатын сусын - ... .

Түйе сүтінен жасалатын сусын - ... .

Ұйытылған сүт - ... .

Май, қаймақ алынады - ... .


Тәрбиеші: - Қане, балалар! Енді орнымыздан тұрып жылулық шеңберін

құрайық. Жылқы жылына арналған тілектерімізді айтайық.


Оқушы: Еліміз аман болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Деніміз сау болсын!

Ата-анамыз қасымызда болсын!

Жылқы жылы бақыт әкелсін!

Төрт түлігіміз түгел болсын!

Ақ мол болсын!

Бәріміз дос болайық!

Бәріміз аман болайық!

Тәрбиеші: - Балалар, тілектеріміз қабыл болсын!

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар!


Қорытынды: - Бүгін ашық тәрбие сағатымызда қандай тақырып өттік?

Біз не істедік?

Не білдік?


Балалар: - Біз сөйледік, сұрақтарға жауап бердік, кестемен жұмыс

жасадық, жұмбақтар шештік, малдың төлдерін білдік.

білдік.


Тәрбиеші: - Дұрыс, жарайсыңдар!

Сендер бүгін жақсы сөйледіңдер.

Сендерге көп рахмет!

Балалар қоштасамыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ