Материалдар / Үй жануарлары .
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Үй жануарлары .

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру.Үй жануарларының адамға тигізетін пайдасы туралы айту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
398
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТАҚЫРЫБЫ:

Төлдер айтысы (ертегі)

Мектеп:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1. Шағын мәтіндер, ертегілер және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.)

0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)

0.2.3.1. Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:

Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды.

Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіреді.

Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:

Тыңдалған материалды иллюстарция бойынша оқиға ретін сақтап баяндайды.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады (ұнайды, неліктен ұнамайды).

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: талқылау барысында не үшін? не істеді? не деді? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.

Ертегіні айтып береді.

Көптілділік: үй жануарлары – домашние животные – domestic animals Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: төрт түлік, төл, үй жануарлары.

Пікір алмасу сұрақтары:

Үй жануарлары қатысқан қандай ертегілерді білесіңдер?

Үй жануарларын қалай шақырамыз?

Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

Өткен ҰОҚ-де алған білім

Үй жануарларын ажыратып айта алады.


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0–2 мин.

(Ұ) Педагог тәрбиеленушілерді шеңбер бойына тұрғызып, үйде аналары қандай сөздермен еркелететінін айтуды ұсынады.

Мысалы:

  • Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» дейді.

  • Менің атым Әмина, мені анам «ботам, ботақаным» дейді т.б.

  • Балалар, үй жануарларына не жатады?


II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Т) Д/ойын «Қателесіп қалма»

Педагог түрлі жануарларды атайды, балалар ішінен тек қана үй жануарларын теріп айтады.

Көптілділік: үй жануарлары – домашние животные – domestic animals


III. Тақырып бойынша жұмыс

6–27 мин.

Педагог балаларға «Төлдер айтысы» ертегісін ұсынады. Педагог ертегіні айтып береді.

Талқылау:

  • Ертегі ұнады ма?

  • Ертегі не туралы?

  • Ертегідегі жануарлардың саған қайсысы ұнады?

  • Төлдер бір­бірімен не үшін айтысты?

  • Лақ не деп мақтанды?

  • Бұзау, бота, құлын лаққа қандай жауап айтты?

Сергіту сәті:

Жаңа туған бұзауқан,

Қорқып алыс ұзаудан,

Қалтаң­қалтаң етеді, Енесіне жетеді.

Кейіпкерлерді естеріне ала отырып ертегіні қайталап оқиды.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Ертегінің мазмұнын сурет бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау. (5­6 бала айтады.)

Бір бала ертегінің басын бастайды. Екінші бала ертегіні педагогтің сұрақтар қоюы арқылы жалғастырады.

(Ж) 1. Балаларға лақ пен құлын диалогін ойнауды ұсынады.

  1. Төлдер туралы жұмбақ шешу: «Мәә­мәә» деген әні бар, Жібек тоны сәні бар.

Өзі сондай момақан,

Сүйкімді қай жануар? (Қозы) «Бее­бее» деген әні бар, Енесін тез сағынар.

Жібек жүнді, сүйкімді,

Мөлдір көзді қай жануар? (Ботақан)

Төлдердің енесі қалай атаймыз, оларды сызық арқылы қос.

Әліппе­дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы.

Рефлексия.

28–30 мин.

Педагог қорытынды жасайды.

  • Үй жануарларының пайдасы қандай?

  • Сабақ ұнады ма? Ертегіні өзіңнің отбасыңа айтып бер.

(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.

Тәрбиеленушілер ҰОҚ­дегі өзінің жұмысына баға береді.

Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.

Әліппе­дәптер, түрлі түсті қарындаштар















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!