Материалдар / Үй мәдениетінде жұмыс жасауда әріптестерді қолдауда бес асыл іс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үй мәдениетінде жұмыс жасауда әріптестерді қолдауда бес асыл іс

Материал туралы қысқаша түсінік
«Үй мәдениетінде жұмыс жасауда әріптестерді қолдауда бес асыл іс» аясында ұсынған идеялық тақырыбында тәжірибемде қолданған жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
386
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Ұйымның атауы: М. Әуезов атындағы жалпы орта мектеп КММ

Ұйымның мекен- жайы:Кентау қаласы, Оранғай ауылы,

Мектеп көшесі №4

Телефоны : 45-3-85

Аты- жөні: Нуржанбаева Алия Келесбековна

Мекен жайы: Түркістан қаласы, Тараз көшесі №78

Телефоны:87712483081

e-mail: aliya112520@ gmail.com

Қызметі: бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасар

Педагогикалық идея атауы: Үй мәдениетінде жұмыс жасауда әріптестерді қолдауда бес асыл іс

































Аннотация

Нуржанбаева Алияның «Үй мәдениетінде жұмыс жасауда әріптестерді қолдауда бес асыл іс» аясында ұсынған идеялық тақырыбы өзіннің тәжірибесінде қолданған жұмыс. Тақырыптың өзектілігі бүгінгі таңдағы қашықтықтан оқытуда қолдануға тиімділігі көрсетілген. Жұмыстың ерекшелігі әріптестерін қолдау білдіру арқылы шығармашыл жұмыстың дамытуға негізделген. Автор ұсынған негізгі қолдау тәсілдері білім саласында қолдану маңызды деп санаймын.



































Тақырыбы :

Үй мәдениетінде жұмыс жасауда әріптестерді қолдауда бес асыл іс

Мақсаты: 1. Үй мәдениетінде жұмыс жасап отырған әріптестердің кәсіби жұмысын жандандыру.

Міндеттері:

1.Бүгінгі мүмкіндіктерді ескеріп, заман талабына сай білім берудегі әріптестерді қолдау.

2.Түрлі әдістерді падайлану арқылы табысты жұмыс жасауға ынталандыру.

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», – деген екен. Ұлт болашағына жаны ашитын әрбір мектеп мұғаліміне оқыту үрдісін жетілдіріп, оны ұйымдастыруға аса жауапты міндет жүктеледі. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Мұғалім уақытты өткізу үшін әдістер қолданбайды, сабақ мақсатына жету үшін, әр жүрекке бір сәуле жағу үшін әдістер пайдаланады.

Кәсіби шеберлікке қол жеткізбес бұрын, ең алдымен үй жағдайында жұмыс жасап отырған әріптестердің жұмысына қолдау қажет. Үй жағдайында жұмыс жасайтын әріптестерге әліде ұзақ уақыт тәжірибені қажет етеді. Әлемдегі болған өзгеріс күнделікті жұмыс жасап отырған жұмысшылар күшін бұзды. Миллиондаған қызметкерлер бірінші рет онлайн – жұмыс кеңістігіне ауысуға мәжбүр болды. Солардың ішінде бізде, педагогтар алдынғы қатарда ешбір тәжірибесіз, дайындықсыз осы бір оқу түріне ауыстық. Техниканың дамыған заманында осы бір жұмыс жолына тез бейімделуге болатындығын көрсетті. Бізбен қатар жасөспірімдер мен үйдегі ешбір қам көңіл отырған ата-аналарда оқу процесіне араласуға тура келді. Күнделікті бетпе- бет жұмыс жасауға бейімделген баламен, ешбір қамсыз отырған ата-ана және мұғалім арасындағы байланыс белгілі бір шекара арқылы жүргізіліп жатыр. Осы тұста түсінікпен қарайтын жандар мен ешбір аласыз ата-ана мен ұқыпсыз балаларды сабаққа тарту педагогтарға қиындық тудырғаны сөзсіз. Дегенмен кез-келген іс әрекетке дайын бола білетін педагогтар оныңда түрлі жақтарымен әдістерін пайдаланып жатыр. Күнделікті кішігірім әдістер мен идеяларды бетпе- бет бөлісуге үйренген әріптестердің арасында бірінші ынтымақтастық ортадан айырылып қалмай, жұмыс барысымен, кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында барлық жұмыстарды қашықтықтан жүргізу кезеңі тұрды. Алғашқы сабақтар өткізуге педагогтардың барлығы тек қана уатсап желісінде ғана қол жетімді жұмыс жасай алатындығына көз жеткіздім.

Төмендегі зерттеу нәтижесінде мұғалімдердің әлеуметтік желілермен жұмыс жасау пайызы

Зерттеу

WhatsApp

Facebook

Telegram

WhatsApp

бөлмесі

Skype

ZOOM


бастапқы

100%

45%

33%

12%

5%

15%


кейінгі

100%

61%

52%

45%

12%

100%

Қашықытытан жұмыс жасау кәсіби шеберлікке қол жеткізу барысында әліде ұзақ жол жатқандығын байқадым. Алғаш ZOOM қосымшасы арқылы өткізген алғашқы семинарымда төмендегі нәтиже қол жеткіздім.



Барлығы

Қатысқаны

Камера алдында отыру

Микрафон ұқыпты ұстау

Кездейсоқ қатысқаны

25

52%

45%

40%

25%

25

100%

85%

90%

-



Жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесінде кездескен кедергілерді де анықтап, зерттеу жүргіздім. Үй мәдениетінде жұмыс жасауға кедергі келтіретін негізгі дүниелерді зерттеу барысында анықталғаны:

Отбасы мүшелеріне алаңдаушылық

Теледидар, телефондағы қоңыраулар

Экран алдында ұзақ отыру

Интернет

сет ұстамауы

Тәжірибе алмасудың тежелуі

40%

55%

75%

35%

50%






Қашықтықтан оқыту біздің кәсіби өміріміздің жаңа нормасына айналды. Дегенмен әріптестердің бейнесеминарларға қатысу жолындағы этикеті ақсап тұрды. Осындай олқылықтарды жою, кәсіби шығармашылығын шыңдау мақсатында WatsApp желісінде, WatsApp желісіндегі бөлмеде, ZOOM қосымшасында жыл басында «Күнделік кз» жұмыс жасау», «130 бұйрық негізде ҚМЖ жжасау жолдары», «Қашықтықтан оқытуда тиімді тәсілдері қолдану» семинарлары, Тұңғыш ұстаз, Ы. Алтынсаринның 180 жылдық мерей тойына орай «Кел, балалар, оқылық!» атты іс шараларды ZOOM және WatsApp желісінде өткізіп, оқу жылдамдығын тексеру, оқушы сауаттылығын арттыру жолдарындағы жұмыстарды нәтижесінмен бөлісіп, ZOOM қосымшасында қорытындысы бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп отырдым. Себебі әріптестерімнің әлеуметтік желі, қосымшаларын дұрыс пайдалануға бағыттау, жұмыс нәтижелерін көру, қолдау жасап, әдістемелік көмек беру. Сонымен қатар Адами Әлеуетті Дамыту Бөлімінің қашықтықтан өткізген іс шара, семинар, байқауларына қатысып олқылықтардың орын толтырып, қашықтықтан жұмыс жасау жолын тәжірибе жинақтап жатыр.

Үйде жұмыс жасайтын әрбір әріптестің жұмысының сапасы бақылау оңай болмайды. Жұмыс сапасын бақылау, жұмыс сапасын арттыру, жылдамдату мақсатында қолдау қажет. Сонымен қатар қашықтықтан жұмыс жасау жоғары сапамен нәтиже беретіндігі дәлелденді. Олар оқушылар мен әріптестерімнің түрлі байқаулар, олимпиадалар мен педагогикалық оқуларға, кәсіби курстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуы және сертификатталғандығы. Осы жұмыстардың бақылау мен жүргізудегі кедергілер мен нәтижелерді анықтауда сауалнама алдым.

Сауалнама

  1. Жұмысыңызды жақсы сезінуге не көмектеседі?

Қуаныш жетістік күнделікті байланыс

  1. Ұйқыға қанша уақыт жұмсайсыз?

8 сағат аз уақыт ұзақ уақыт

  1. Ойлануға күнде неше уақыт жұмсайсыз?

Білмеймін кейде уақытқа қарамаймын.

  1. Сіз үшін не нашар болу мүмкін деп ойлайсыз?

Бала әлеуметтік жағдай ата-ана

Өз ойыңызды жазыңыз .................................

  1. Сіз қатты қорқасыз ба?

Мүлде кейде үнемі

  1. Жеткен табысты ұстап тұруға не жетіспейді деп ойлайсыз?

Сәтсіздік жетістік шығармашылық жұмыс













Сауалнама қорытындысы



1

2

3

4

5

6

Қуаныш 40%

8сағат 88%

Уақытқа қараймын 92%

Әлеуметтік жағдай 88%

Кейде 96%

Шығармашылық 96%

Жетістік 60 %

Аз уақыт 8%

Білмеймін 8%

Ата-ана 8%

Мүлде 4%

Сәтсіздік 4%


Ұзақ уақыт 4%


Жақсы 4%



Сауалнама қорытындысы арқылы шығармашылық жұмысты шыңдауды және оны шыңдау үшін қолдауды қажеттілігін анықтадым. Күнделікті көгілдір экранның ар жағынан өзінің әдісі- тәсілі арқылы білім беру мен қатар кәсіби шығармашылығын шыңдау оңай дүние емес. Жақсы жағы мен қатар зиянды тұстары аз емес. Сондықтан осындайда әріптестердің тоқтап қалмай, табысқа жетелеген әрекеттерін сәтсіздікке ұшырамау үшін қолдау және осы қолдауды әрібір әріптесіме қашықтықтан WatsApp желісінде, WatsApp желісіндегі бөлмеде, ZOOM қосымшасы арқылы қолданып, шығармашылық жұмыстарын шыңдауға, кәсіби қолдауға тиімді тұстарын көріп, өз әріптестерімді қолдаудың бес асыл ісін қолдандым. Осы бес тәсілмен бөліскім келді. Бұл сіздер үшін қажет пе?

Қолдаудың бірінші тәсілі. Көңілді әңгіме айтыңыз. Бұл әріптестеріңіздің шаршап, қажып жүргенін басады, тыңдаушының назары сізге ауысады. Көңілді жүрген жанның жұмысқа деген ынтасы артатын байқайсыз.

Қолдаудың екінші тәсіл. Бір айда бірнеше жаңа әдістерді пайдалынып, өзгеріс ендіруге қолдау жасаңыз. Өзгеріс ендірген әріптестің бір айының мағыналы, нәтижелі өткеніне көз жеткізеді. Жасап жатқан жұмысын бақылауға негіз болады. Рахмет айтып, әруақытта шыңдап отыру сырын ұғынады.

Қолдаудың үшінші тәсіл. Әрбір шулы өткен күннің 10 минутын тыныш жерде отырып ойлануға жұмсау қажет екеніне кеңес беріңіз. Бұл ақыл ойды толықтыруға, жаңа идеялардың туындауына негіз болады.

Қолдаудың төртінші тәсіл. Қарапайым, тақырыпқа сәйкес жақсы сұрақтар қойыңыз. Бұл әріптесіңізді өзіңізге тарту үшін және жұмыс жасауға, ойын ашық білдіруге, сіз тереңірек талқылау үшін оларға сене аласыз.

Қолдаудың бесінші тәсілі. Әруақытта әріптестерініңзбен сұхбаттасып тұрыңыз. Жақсы сөз- жан азығы. Сұхбаттасу барысында әріптесіңіздің қолдау барысында 5 қанатты сөздерді міндетті қолданыңыз. Бұл сөздік қорын толықтыруға, оқшаланған жанның тәжірибесін жетілдіруге, сабырлық пен шыдамдылық танытуға негіз болады. Және сонымен бірге өзгелердің жанына азық сыйлай отырып өз сөздік қорыңызды дамытуға, ізденіс пен шығармашылық шабыт аласыз.

Осы ретте «Егер сіздерде өз ісін сүйетін, әрі жетілдіруге талпынатын мұғалім болмаса, білім алғысы келетін әрі дамуға талпынатын оқушы қайдан келсін?» деген сөздерді әрдайым есте ұстап, өз әріптестеріміздің шыңдалған шығармашыл маман болу үшін әрдайым қолдау білдіру біз үшін асыл іс деп ойлаймын. Өз тәжірибелеріңізде қолданып әріптестеріңізбен сәттілік пен табысқа жетуге негіз болады деп сенемін.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!