«Үйде жалғыз
қалғандағы және телефон арқылы сөйлесу
кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулығы»
Мақсаты:балаларға
үйдегі қауіпсіздік шаралары
туралы түсіндіру, қауіпті заттармен,
қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге
үйрету. Жинақылыққа, тәртіптілікке, достық көмек көрсете білуге,
жеке бас қауіпсіздігін сақтап жүруге
тәрбиелеу.
Көрнекілік: тақырып бойынша слайд,
жұмбақтар.
-Балалар, бүгін бейсенбі,
сондықтан сендермен тағы бір қауіпсіздік ережесі жайлы айтамыз.
Слайдқа назар аударыңдар:
Мынау – балкон мен терезе.
Балконға асылуға, терезеден басыңды сыртқа шығаруға немесе терезе
алдына шығып отыруға болмайды.
Су қолмен электр
құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.Мынау –
үтік. Оның шнурынан тартпа. Тоққа қосылғанда ол өте ыстық
болады.
Плитаның үстінде шәйнек,
таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не
шүберек керек.
Мынау – дәрі салатын
қобдиша. Оған тиіспе және үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріні
ішпе!
-Балалар, бұл нәрселер қайда
болады? - Иә, дұрыс айтасыңдар, үйде, яғни үйдегі қауіпсіздік жайлы
сөз қозғаймыз. «Қауіпсіздік» дегеніміз балалар, өзіңді қорғау және
сақтау дегенді білдіреді. Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік
ережелерін сақтауды ұмытпа!
Сен үйде жалғыз қалғанда не
істейсің?
Тағы қандай қауіпсіздік
ережелерін білесің?
-Кәнеки,мына бір жағдаятты
тыңдайық.
«Мен үйдемін»
жағдаяты - Таңертең ертесімен анасы
дәріханаға кетіп бара жатып, кішкентай
қызына: «Сен үйде жалғыз қала
тұр, есікті ешкімге ашпа, тентек
болма»- деп тапсырады. Үйде жалғыз
қалған қыз шәй ішкісі келеді. Ол ас бөлмесіне барып, газ плитаға
келіп, сіреңкені қолына алып, оны жағуға тырысады.Осы кезде
анасының айтқаны қауіпсіздік ережесі есіне
түсіде.
-Балалар, бұл қандай ереже
деп ойлайсыңдар, анасы не деуі мүмкін?
-Қолыңа сіріңке алма,
өрт шығуы мүмкін! -Газдан абай бол! Ол тез тұтанып,
жарылады.
-Кішкентай қыз сіренкені орнына қойып, шәйдің
орнына сүт ішеді. -Осы кезде біреу келіп есік
қағады, кішкентай қыз есікті ашуға бара жатып,есіне анасының айтқан
сөзі түседі.
- Бұл қандай сөз болуы
мүмкін?
-Үйде жалғыз қалғанда
есікті ешкімге ашпа!
-Кішкентай қыз анасы келгенде
қуантпақ оймен, өзінің көйлегін үтіктемекші болдып, үтікті тоққа
қосайын деп жатқанда, тағы да анасының айтқаны есіне
түседі.
-Анасы не айтуы
мүмкін?
-Үтікке жақындама, киім
күйіп, жануы мүмкін. -Өрт шығуы
мүмкін.
- Бір кезде кішкентай қыз
телефон қоңырауын естіді. Жүгіріп барып көтерді, бірақ есіне
анасының айтқан кеңестері естеріне түсті.
- Ол қандай кеңестер болуы
мүмкін?
Телефонмен сөйлесу
ережелері:
1. Үйдің мекен-жайын және
пәтердің номерін айтпа.
2. Телефонның номерін айтпа
(тек «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруіне
болады)
3. Үйде жалғыз екеніңді
ешқашан айтпа, әкеңді немесе анаңды шақыруын сұраса, олардың
қолдары бос емес, Сіз номеріңізді немесе атыңызды айтсаңыз, олар
өздері сізге хабарласады деп жауап бер!
4. Таныс емес адаммен әңгіме
айтпа.
Анасы үйіне келген кезде
қуанышпен қарсы алған кішкентай қыз үйіне бөтен адамның келгенін,
бірақ өзінің есік ашпағанын, телефонмен сөйлескенін, ол кезде де
анасының айтқан кеңесі бойынша сөйлескенін айтады. Анасы оны
мақтап, «Жарайсың, қызым»дейді.
Көріністі
талдау.
Кәнеки,енді жұмбақтар
шешейік:
Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық. Киімдердің қыртысын, Береді тез
жазып.
(үтік)
Жүрген жерін жалмайды, Тастан
басқа қалмайды. (от)
Қоңырауын ұрады, Дабыл қағып,
безектеп. (телефон)
Өзі темір, өзі
жеңіл,
Есіктерді ашар,
небір (кілт)
Шешесі үйде
қалады,
Баласы кісіге
ереді. (Құлып,
кілт)
Сонымен,балалар мына телефон
номерлерін әрқашан да бейсенбі сайын есімізге түсіріп жүреміз, ең
бастысы есте сақтап алуымыз қажет:
101-өрт сөндіру
қызметі
102-полиция
қызметі
103- жедел
жәрдем
104- газ
қызметі
112- құтқару
қызметі
Қорытынды: Сонымен, балалар өз
қауіпсіздігіміз үшін үйде де қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз
керек. Үлкендердің айтқанын тыңдауымыз, әрдайым есте ұстауымыз
қажет!