Материалдар / "Үйде құт болса қазына керек емес" тәрбие сағаты жоспары + анықтамасымен
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Үйде құт болса қазына керек емес" тәрбие сағаты жоспары + анықтамасымен

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы берекесі туралы тәрбие сағаты жоспары + анықтамасымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2024
41
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар


Тәрбие сағаты

Күні

"«Үйде құт болса қазына керек емес»"

Мақсаты

Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, студенттердің бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Үйде құт болса қазына керек емес»

Сабақтың мақсаты:



Құндылықтарды дарыту

Ұлттық мүдде

Ресімдеу

Слайд,презентация,видео

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

Таратпа қағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация, плакаттар

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Барысы:
1. «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя»
2. Шаттық шеңбері (тренинг)
3. Сұрақ - жауап
4. «Адамгершілік» видеоролигі
5. «Жеті ата» (шығармашылық жұмыс)
6. М.Әлімбаев «Ата-ананың үміті» (қорытынды)


Сабақтың кезеңі/ уақыт


Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)


І. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. 
Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Толық отбасында толыққанды тәрбие алған баланың келешегі кемел, болашағы жарқын болары айдан анық.

IІ. Оқушылар біздер қазіргі таңда өз сыныбымызда кішігірім отбасымыз, осы отбасының бақытты екендігін білдіру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізді жылы лебізбен таныстырып өтейік

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Оқушылар қолындағы жүректі бір – біріне атының бас әрпінен басталатын жылы сөздермен атап жалғастырады.
Мысалы: мейірімді Мөлдірмін, ізетті Інжумін, ақылды Ақжарқынмын т. б.

Таратпа қағаздар






Сабақ басы (20 мин)














ІІІ. Отбасының қоғам мен мемлекет тіпті, күллі адамзат алдындағы орны тым бөлек. «Отан –от басынан басталады», «Отбасы– шағын мемлекет» деген сөздер де бекер айтылмаса керек. Сонымен сіздерге сұрақ : Сіздің үйде отбасы мүшелерінің орны қандай, соларға лайықты көңіл аударып жүрміз бе? 

(Сұрақ –жауап).

ІV. «Адамгершілік» (Видеоролик)
Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды.

VІ. «Сызат» (Видеоролик)
Бала тәрбиелеуде асқан тәлімгер ата-бабаларымыз «Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет» деп талап қояды. Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі жол-жөнекей айтылған ақыл бала көңіліне керекті із қалдыра алмайды. 5 саусақ бірдей емес, ол баланың жаратылысы «көршінің баласынан» мүлдем өзгеше. «Көршінің баласында» жоқ жақсы қасиеттер мүмкін сіздің балаңызда бар болар. «Дәл сондай бол !»,- деген шектен шыққан талап. «Балаңыз қандай, сол қалпында қабылдаған оңайырақ»,- деп кеңес береді психолог ғалымдар.


Оқушыларға қойылатын сұрақтар: (ата – ана рөлінде)

Қазір сіздерге сұрақтар қойылады. Сіздер жауаптарыңызды алдарыңыздағы «келісемін», « келіспеймін» деген карточкалар арқылы берулеріңізге болады.

1. Бала сағат 10-нан кейін ұйқыға жатуы керек.
2. Бала қандай жағдайда болса да ата-ана тапсырмасын мүлтіксіз орындауға міндетті.
3. Таңертең тамақ ішіп үлгермесе де, сабақтан кешікпеуі керек.
4. Балаға өз жағдайыңды, жұмысыңдағы қиыншылықтарды айтып, шағыну артық нәрсе.
5. Баланы қатарынан қалдырмау үшін қалағанын сатып әперу керек.
6. Бала кіммен дос болып, кіммен бірге жүретінін өзі шешеді.
7. Отбасында өз ойын толық айтуға құқылы.
8. Өтпелі кезеңде баламен мүлде сөйлеспеген жөн.
9. Үйде сабағын қадағалаған дұрыс.
10. Сынып жетекшісіне жиі хабарласып тұрған дұрыс.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.









Оқушылар видеоролик тамашалайды. Өз ойларымен бөліседі.

Презентация

 видеоролик

Соңы










Сынып жетекшісі: Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады.
Жүргізуші: Мен бүгінгі тәрбиелік іс-шарамызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен аяқтағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен!
Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.
Аман-сау болыңыздар!



презентация





«Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 9 сынып жетекшісі А.Е.Асқарованың «Үйде құт болса қазына керек емес» тақырыбында қашықтықтан өткізілген сынып сағатының



Анықтамасы

14.09.2023 жылы 9-сыныпқа   «Үйде құт болса қазына керек емес» тақырыбында қашықтықтан сынып сағаты өткізілді.

Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, студенттердің бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Жоспарға сәйкес оқушылар мына сұрақтар төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салды:

1. «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя»
2. Шаттық шеңбері (тренинг)
3. Сұрақ - жауап
4. «Адамгершілік» видеоролигі
5. «Жеті ата» (шығармашылық жұмыс)
6. М.Әлімбаев «Ата-ананың үміті» (қорытынды)

Сынып жетекшісі: А.Е.Асқарова




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!