Материалдар / Үйдін перспективасын архитектуралық әдіспен табиғи жарықта көленке жарығымен тұнық судағы шағылысумен салу

Үйдін перспективасын архитектуралық әдіспен табиғи жарықта көленке жарығымен тұнық судағы шағылысумен салу

Материал туралы қысқаша түсінік
Перспективаның білім негіздерін үйрену мен оны бейнелеу ережелерін меңгеру нәтижесінде оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілеті дамиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
474
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Құрманғазы атындағы саз колледжі» МКҚК«Бекітемін»«СҚӨ және дизайн» ПЦК жетекшісі_____________М.М.Тулепова«____»__________2018 ж.

Пәні: ПерспективаОқытушы: Батыргалиева С.Г.Тобы: 2 курс,қазақ,бюд. тобыАудитория 505Күні: Уақыты: 8.00-9.30

Сабақтың тақырыбы: Үйдін перспективасын архитектуралық әдіспен табиғи жарықта көленке жарығымен тұнық судағы шағылысумен салуСабақтың мақсаты:Білімділік: Перспективаның білім негіздерін үйрену мен оны бейнелеу ережелерін меңгеру нәтижесінде оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілеті дамиды.Тәрбиелік: эстетикалық қабілеттерін дамытуСабақ түрі: практикалықӘдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, талдау, сызуСабақтың көрнекіліктері: Макарова М.Н. практикалық перспектива, суретшілердің жұмыстарыПәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері тарихы,сызу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу, аудиторияның дайындығын тексеру, барлық оқушыларда құрал-жабдықтарын болуын қадағалау.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Геометр фигуралардың перспективалық шешімдерін көрсету.ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Перспектива құбылысы табиғатта біздің көзімізге қалай көрінсе, қағаз бетінде де соған сәйкес бейнеленеді. Біз кәсіпқой суретшілердің картиналарын көру барысында кеңістіктің терендігін айқын сезінеміз. Мысалы, кейбір заттар бізге жақын, ал кейбірі алыс болып көрінеді. Суретші арнайы салу тәсілдері арқылы жазықтық бетіне белгілі жазықтықты, кеңістікті иллюзиялық түрде көрсетеді. Перспектива көрінетін нүктелердің өлшемдерінің бізден ұзақтаған сайын қысқарып, түстердің өзгеріп көріну құбылысы. Перспектива заңдылықтарын білу арқылы картинадағы көріністің тереңдігін айқын бейнелеуге болады. Перспективаның түрлері: сызықтық перспектива, ауа және жарық пен көлеңке перспективасы болып бірнеше түрге бөлінеді.Сызықтық перспектива – көрушіден алыстаған сайын заттардың бөлшектерінің және сызықтардың ара қашықтықтарының кішірейіп көріну құбылысы. Сызықтық перспектива фронталдық және бұрыштық болып екіге бөлінеді. Фронталь перспектива бойынша суретшіге заттың бір жақ беті толық көрінеді де, қалған беттері көрінбейді. Мысалы, заттың тура алдынан қарағандағы көрінісі. Бұрыштық перспектива бойынша көрушіге заттың бір бүрышы менен екі немесе үш қабырғасы айқын көрінеді.Ауа перспективасы – кеңістіктегі заттар түстерінің көрушіден алыстаған сайын бұлыңғыр немесе солғын болып эзгеру құбылысы.Жарық пен көлеңкенің перспективасы заттардың жарық көзінен ұзақтаған сайын заттардың беттеріндегі жарық деңгейлерінің көмескі тартып өзгеру сипаты, көлеңкелердің солғын тарту көрінісі. 1. Белгілі бір бұрышпен горизонт сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады.

2. Параллель сызықтардың қосылу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады.

3. Көкжиек сызығына жақындаған сайын параллель сызықтардың арақашықтығы бір-біріне жақындай түседі. Мысалы, темір жолдың рельстері мен шпалдарының көрінісі.

4. Көрушіден алыстаған сайын вертикаль бағыттағы сызықтардың арақашықтық өлшемдері кішірейе түседі.

5. Көкжиек сызығы дегеніміз – біздің көз деңгейімізді білдіретін сызық.Көкжиек сызығынан төмен орналасқан сызықтар, төменнен жоғары қарай бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар жоғарыдан төмен қарай бағьпталады. Мысалы, қала көшесіндегі қатар орналасқан көп қабатты үйлердің жоғарғы және төменгі контур зықтарының жиынтығы.1. Көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айкын, ал алыстағылардың түстері солғын және жиынтық түстер түрінде қабылданады.2. Суретшіге жақын орналасқан заттар түрі айқын, ал алыстағылар бүлыңғыр, көмескі болып қабылданады.3. Жақындағы барлық заттардың түстері қандай болса сол күйінде қабылданса, алыстағы әр түрлі түстердің ішіндегі біреуі басым больш көрініп, қалғандары соған жақындау түстерге айналады.4. Қашықта тұрған жарық заттардың түстері өз түсінен қараңғылау, ал алыстағы қараңғы түстер жақындағы қараңғы түстерге қарағанда жарықтау болып көрінеді,Жарық пен көлеңке перспективасының; заңдылықтарына кіретін мына қағидалар оқушылардың кеңістік түсініктерін арттыруға ықпал етіп, оларды дұрыс бейнелеуге жөрдемдеседі.ІV. Бекіту . жеке тапсырмалар арқылы, үйдін перспективасын архитектуралық әдіспен табиғи жарықта көленке жарығымен тұнық судағы шағылысумен салуV. Сабақты қорытындылау1. Суреттегі кеңістікті білдіру үшін жақында тұрған заттардың бейнесін анық етіп, ал алыстағыларын солғын етіп бояу қажет.2. Жақындағы заттардың формаларындағы сыртқы сызықтарын айқын, ал алыстағыларын бұлыңғыр етіп бейнелейді.3. Алыстағы түрған жарық түсті заттарды бейнелегенде сол заттың өз түсінен сәл қараңғылау етіп, ал қараңғы заттардың түсін сәл жарықтау етіп бейнелеу қажет.4. Жақындағы заттарды көлемді форма етіп бейнелесек, өте ұзақтағы заттар тегіс жазықтық етіп бейнеленеді.5. Жақындағы заттар айқын түстермен, ал алыстағылар солғын бұлыңғыр түстермен жазылады.VІ. Бағалау.Үйге тапсырма: жұмыстарды аяқтау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ