Материалдар / «Үйірме жұмыстары арқылы оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу» мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Үйірме жұмыстары арқылы оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу» мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала, баяндама
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы, Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі Ахметкереева Акжаркын Сахиповнаның «Үйірме жұмыстары арқылы оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу» атты мақаласына



Аннотация

Мақалада үйірме жұмыстарының өзектілігі және жылдар бойы жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылардың қол жеткізген жетістіктері туралы баяндалады. Үйірменің мақсаты - қазақ халқының ұмыт бола бастаған, бүгінгі күні қайта түлеген төл тума өнерінің бірі - киіз басу өнері және оның заман талабына сай жаңғыру технологиялары қарастырылған.

Үй интерьеріне арналған бұйымдар, сөмке, баскиім, аяқкиім, ойыншықтар, әшекей бұйымдарын киізден жасау арқылы киіз өнерінің өзіндік сыры, қайталанбас айшықтары, ой түйіні, мән-мағынасы оқушылар үшін ерекше тәрбиелік құрал көзі болып табылады.







































Үйірме жұмыстары арқылы оқушыларды ұлттық қолөнерге баулу



Ахметкереева Акжаркын Сахиповна

Ақтөбе қаласы, Әл-Фараби атындағы

21 мамандандырылған гимназиясы

көркем еңбек пәні мұғалімі


Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып болашақ ұрпақтың бойына сіңіру арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру біздің міндетіміз деп ойлаймын.

Енбекке баулу – мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік дағдысын беретін, оку мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технология мен таныстырып, олардың перспективалық қөзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Көркем еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді. Игеру ісі мұғалім тарапынан техникалық - технологиялық мағлұмат беру белгілі бір техникалық операциялардың орындалу әдістерін көрсету кезінде жүзеге асады.

Білім мекемелерінде оқушылардың көркем еңбек пәнінен кәсіптік бағыт бере отырып өндірісте іске асыру ең негізгі жұмыс. Еңбекке кәсіпке үйрету және оның еңбегін, өнімді, жемісті ету азамат қоғамының бізге жасап келе жатқан тәрбие негізі. Бүгінгі адамзат ие болып, мақтаныш етіп жүрген заттардың негізін ғасырдан ғасырға жалғастырған ұрпағына үлгі етіп қалдырған бабалар кәсібі. Оларды бірін-бірі ауыстырып келген ұрпақтар жасап, жетілдірген. Сондықтан еңбекке жарамды әрбір адам өзінің өмірі мен қызметіне, қоғамның әл-ауқатын арттыруға қажетті нәрселерді жасауға қатысуы тиіс. Бұл орайда қоғам дамуының әр кезеңіндегі тиімді тәжірибелерден үйреніп, оны дамыта беру керек. Оқушыға еңбек сүйгіштік тәрбиені жан жақты жүргізе отырып, мектепке келген әрбір баланы өз деңгейінде еңбек етуге баулыған жөн.

Сәндік-қолданбалы өнер оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетінің дамуында және еңбектегі рухани дамуында ерекше рөл атқарады. Қолданбалы өнермен айналысу халықтың өнер туындыларымен таныстырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, оларға қажетті техникалық білім беріп, еңбек, білік дағдыларын жетілдіреді, мамандық таңдауда психологиялық және сарамандық таңдау жасайды.

Осы міндеттерге дәлірек тоқталсақ:

- Оқушының политехникалық ой-өрісін дамытып, ынта-ықыласын нығайту және мамандықты саналы түрде таңдауға даярлау;

- қоғам өміріндегі еңбектің , өнердің рөлін түсіндіру, өнер адамдарына деген құрмет;

- өнерге деген сүйіспеншілік, еңбек етуге қабілеттілік пен шеберлік, қоғам пайдасына шын ниетпен, шығармашылықпен жұмыс істеу тілегі, қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке даярлау;

- еңбек мәдениеті мен оны ғылыми ұйымдастыру негізіне үйрету, қауіпсіздік ережелерін білу, сақтау дағдыларын жетілдіру;

- қолданбалы өнер мамандықтары бойынша оқушы білімі мен қабілеттеріне сәйкес және қоғамдық қажеттіліктерді ескере отырып, мамандық таңдау.

Оқушыларды оқуға саналы қарауға тәрбиелеу, танымдық белсенділік пен ой еңбегі және эстетикалық мәдениетін дамытудағы міндеттерді негізінен бұйымдар жасау барысында жүзеге асырылады.

Әр халыққа өз елінің басынан кешкен тарихы қадірлі, ғасырлар бойы қастерлеп ұстаған ұлттық дәстүрлері, ата кәсібі қымбат. Туған елін, жерін сүю, отбасын қастерлеу, ата-ананы ардақтау, жасы үлкенді сыйлау, әрқашанда ізетті, әділетті болу - біздің халқымыздың ежелден берік тұтқан асыл салты. Сол ата-бабаларымыздың ұлттық ізгілікті, елдік мейірімін көтеруге рухани мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Біздің міндетіміз бабаларымыздың асыл қасиеттерін болашақ ұрпаққа жалғастыру, ғасырлар бойы жасап келе жатқан ата-баба мұрасын салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың өнерін, шешендігін, имандылық қасиеттерін оқушылар бойына дарыту.

Көп жылдық еңбегімнің нәтижесінде, өзіме жүктелген сабақтармен қатар «Сәндік қолданбалы өнер» үйірмесінде дарынды балалармен жұмыс жасаймын.

Үйірменің мақсаты: Сәндік-қолданбалы өнердің бірі – киіз басу технологиясын үйрету, қолөнерге баулу, салт - дәстүрді насихаттау.

Міндеттері: Сәндік-қолданбалы өнер бағдарламасында жоспарланған теорияны толық меңгерту.

Практикалық жұмыста эскиз түсіру, киіз басу технологиясын үйрету.

Орындаған жұмысты зерттей келе жауапкершілікпен аяқтауға ынталандыру. – Жұмыстың сапалылығына назар аудару, бір-бірінің еңбегін салыстыру және әділ бағалай білуге қалыптастыру.

Аяқталған жұмысты қорғай білуге үйрету. Тақырыптың өзектілігі: Киіз керемет материал, мықты, жеңіл, жылу сақтағыш, әрі емдік қасиетімен ерекшеленеді. Киіз басу өнерінің сәнге айналуы заман талабы болғандықтан, кез келген адам өз қолымен ойыншықтар, әшекей бұйымдар, аяқ киім, бас киім, интерьер бұйымдарын жүннен басып алуы әбден мүмкін. Үйірмеде ата-бабамыздан келе жатқан киіз басу технологиясын негізге ала отырып, жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданамыз, яғни киізді сулап және құрғақтай басу әдісі. Сулап басу ыстық су және 72% кір сабынмен жасалады. Құрғақ күйінде басу арнайы ине (фелтинг) арқылы жасалады. Киіз басу өнеріне оқушылардың қызығушылығы жоғары. Көптеген байқауларға, шығармашылық жобаларға қатысып,өз қолымен жасаған жұмыстарын қорғап, жүлделі орындарға ие болып жүр. Шығармашылық жоба оқушылардың танымдық – ғылыми ойлау деңгейін жетілдіреді, әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оның кәсіпке, еңбекке деген қызығушылығын арттырады. Оқушылардың іске машықтануы арқылы икем мен бейімділігі қалыптасып, даму үрдісінде шығармашылық қабілеті және эстетикалық талғамы артады. Өз қиялы, идеясы пайда болады, шығармашылық ізденісі жетіледі, іскерлік дағдылары қалыптасады.

Көркем еңбек сабағында өткен тақырыптарды жетілдіріп, теория мен практиканы ұштастыра отырып ұлттық қолөнерді үйретуде үйірме сабақтарының алар орны ерекше. Жылдар бойы жүргізген үйірме жұмысының нәтижесінде өнерлі оқушыларым көптеген жетістіктерге қол жеткізді.











Республикалық жетістіктер


Шакирбекова Аружан «Ұлттық қолөнер – бабалар мұрасы» I орын 2018 ж.

Утепбергенова Гүлмира «Көктемнің алғашқы мерекесі» Бас жүлде 2018 ж.

Нұрланова Гүлмерей «Біз бейбітшілікті қолдаймыз» II орын 2018 ж.

Қамысбаева Сауле «Әкеме жүректен шыққан сыйлық» II орын 2018 ж.

Қарабаева Дильназ «Менің таңғажайып әлемім» III орын 2020 ж.


Халықаралық жетістіктер


Даниялова Инабат «Қолөнер-ұлттық мұра» I орын 2017 ж.

Джунусова Дильназ «Эксклюзивная бижутерия» II орын 2018 ж.

Муханбедиярова Гүлнұр «Эксклюзивная бижутерия» I орын 2018 ж.

Нұрсұлтан Ақбота Әділхан Набира «Шығармашылық жоба қорғау» I орын 2019 ж.





Облыстық жетістік


Нұрсұлтан Ақбота Әділхан Набира «Туған ел» I орын 2018 ж.






Көрме жұмыстары











Халық педагогикасы – тәрбие жөніндегі халықтың ой - тәжірибесінің жиынтығы. Бала санасына аса бай халықтық өнер бірте-бірте сіңеді. Оқушыларды өнерге баулу, өз елін, жерін, халқын сүю, салт – дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қолөнерді жасап, байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл - ойы, ой - қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, байқағыштығы артып, дамып отырады. Сондықтан ғасыр бойы тарих жолымен дамып, оның ұлттық қадір-қасиеттерін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қазақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылып келеді. Қазақтың әрбір өнері өзінің сипатымен емес, сұлулық сырымен, сәнімен ерекше көзге түседі, өз мағынасын жоймай сан ғасырлық тарихтың үлгісін сақтап келеді. Қазақ халқы өзінің ұлттық өнерін эстетикалық талғамның көрсеткіші ретінде бағалап, ауыз әдебиеті үлгілерінде де әсемдікке баулу, сұлулығын сүйсіне білуге тәрбиелеу мақсатында айшықты сөз өрнегімен суреттеп те отырады.

«... Әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан біздің әлеуметтік жаңғырту саясатының негізінде шынайы өндірістік еңбекті қоюға тиіспіз».

Қолөнер шеберлерінің шығармаларын технология сабақтарында оқып зерттеп, жасалу жолдарымен танысып, білгендерін көңілдеріне тоқып өскен оқушылар бірте-бірте өнердің қыр-сырын меңгеріп, өмір жолы бастағанға дейін айтарлықтай тәжірибе жинақтайды. Жалпы адамдық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани ағартушылық қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың меншігіне айналдыру.

«Өнер - таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері ерекше қасиеті мен көркемдік мән-мағынасымен халқымыздың ғасырлар бойы жинаған асыл қазынасы.

«Бүгінде еңбек – XXI ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында алдыңғы кезекте ілгерілеуі тиіс». Бала – шыбық, қалай исең, солай иіледі. Яғни, оған күн бола біліп, сәулені қай жағынан молырақ түсірсең, солай қарай гүлдене түседі, иіледі. Қолөнердің қай саласынан болсын басқа халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне заманнан келе жатқан тамаша тарихымен, бір өзіне ғана тән қайталанбас ерекшелігімен көзге түседі. Қазіргі кезде ұлттық қолөнерді жас ұрпақ бойына дарытатын – көркем еңбек пәні мен үйірменің орны бөлек.

Қорытындылай келе қолөнердің оқушыларға кәсіптік бағыт беріп, табыс көзіне айналары сөзсіз дей келе. «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан елінің болашағы да сол деңгейде болады.» Бүгінгі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыру көкейтесті мәселелердің бірі. Әсіресе жаһандануға бет бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап беру жағдайында бұл мәселенің өзектілігі өте зор. Сол себепті қазіргі кезде мұғалімге қойылып отырған басты талап мұғалімнің өзінің жеке шығармашылықпен айналысып,өзінің бойындағы өнерін оқушыларына сіңіріп, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу деп білемін.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!