Материалдар / Үйірме оқушыларына жасанды киізден (фетра материалынан) ойыншық тігуді үйрету .
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үйірме оқушыларына жасанды киізден (фетра материалынан) ойыншық тігуді үйрету .

Материал туралы қысқаша түсінік
Фетр матасынан ойыншықтар тігу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2020
416
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы

«Созақ» жалпы орта мектеп –гимназиясы







Тақырыбы: Үйірме оқушыларына жасанды киізден (фетра материалынан) ойыншық тігуді үйрету

.



Технология пәні мұғалімі:

Исаева Нагира Мухитқызы

Секциясы: Технология









2017-2018 оқу жылы



Жоспар:

І Кіріспе

1.Эстетикалық тәрбиені арқау ете отырып, қолөнерді жас ұрпақтың бойына тәрбиелеуге ықпал жасау.



ІІ Негізгі бөлім

1. Жұмсақ ойыншық тігу арқылы үйірме оқушыларының шығармашылығын дамыту

ІІІ Қорытынды



































Кіріспе

Білім саласындағы кез келген пән-қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Көркем еңбек пәнінің басты мақсаты-оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады.

Бұл мақсаттарға бір қатар міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі. Негізгі міндеттер мыналар:

  • заттар әлемін құрастырудың ережелері мен заңдары туралы білімді тереңдету және оның табиғат әлемімен байланысы;

  • әр түрлі материалды өңдеу дағдыларын дамыту;

  • құрал-саймандарды пайдалану;

  • көркем- графикалық сауаттылықты кеңейте түсу;

  • технологиялық біліктілікті қалыптастыру арқылы қол икемділігін, көзбен мөлшерлеуді дамыту;

  • ұйымшылдылыққа тәрбиелеу;

  • оқулықпен жұмыс істеуді жетілдіру;

  • оқуға ынталықты қалыптастыру.

Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндеттеріне өте жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Оқушыларға білім, білік және кәсіптік бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәнінде жауапты екендігін сезіну қажет. Осы үлкен міндетті атқару үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі білімді, мәдениетті, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын. Әрине, көптеген мектептерде бұрынғы ізбен «еңбек сабағы» деп көңіл бөлмеуі де мүмкін, бірақ өз пәнін жоғары бағалайтын мұғалім парызын ұмытпауы керек. Эстетикалық тәрбие мәселесі ерте заманнан бастау алады. Эстетикалық тәрбие туралы ойлар, оның міндеттері мен мақсаттары Платон мен Аристотель заманнан күні бүгінге дейін адам баласын толғандырып келеді. Қазіргі заманда эстетикалық тәрбие мәселесі жеке тұлғаның дамуында, оның эстетикалық мәдениетінің қалыптасуында тәрбие алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. «Эстетикалық тәрбие»  ұғымына әр-түрлі анықтама берілген, соның бірнешеуін алып қарасақ, атының өзінен –ақ  мәнін аңғартатын негізгі қағидаларды бөліп айтуға болатынын аңғаруға болады. Біріншіден, бұл-тікелей әсер етуге бағытталған үрдіс. Екіншіден, бұл-өмір мен  өнердегі әдемілікті сезіну мен көре білуді, бағалай білу қабілеттерін  қалыптастыру. Үшіншіден, эстетикалық тәрбиенің міндеті: жеке тұлғаның эстетикалық талғамы мен арман мұраттарын қалыптастыру. Төртіншіден, әдемілікті жасауға және жеке дара шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды дәстүрлі халықтық көркемөнерге тартуда үйірме жұмысы  маңызды рөл атқарады. Осы үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктерін дамытуға жағдай жасалып, оқушылардың бейімділігі мен қабілеттерінің қалыптасуының кепілі бола алады. Мектептегі үйірме жұмысының нәтижелерін өткізілетін көрмелерден байқауға болады. Мектепте балаларды өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде "Шебер қолдар" үйірмесжұмыс жасайды. Үйірмелерде оқушылар өз шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Осы үйірмелер арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізілуде. Осы  мақсаттарды жүзеге асыруда «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі ретінде оқушылардың білімі мен шеберлігін жетілдіру негізінде жұмыс жүргізіп келемін. Менің ізденістерім – жаңа технологиялар. Соның ішінде фетр материалынан жұмсақ ойыншық тігуді үйрету. Үйірме жұмысындағы әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып,оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек.Оқушының сол уақытта ғана пәнге деген қызығушылығы артып, тіпті нашар оқитын оқушының бойында да бір қозғалыс болатынын байқадым. Өз әдістерімде қосымша әдебиеттерді, жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын, интернет ақпараттарын кең пайдаланамын. «Еңбектен аянбасаң, еңбегің жанады» деп ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін жерге тастамай, бағалауға оқушылардың сезіміне сіңіру, оқушыны табысқа жеткізу мұғалімнің еңбегі.



 

 

















Негізгі бөлім

Осы мақсатта күнтізбелік жоспар бойынша үйірме оқушыларымен "Шебер қолдар" үйірмесінің " Жұмсақ бейне ойыншықтар" тарауы бойынша "Фетр материалынан жұмсақ ойыншықтар тігу" тақырыбы бойынша жұмыс жүргіздім.


" Фетр материалынан жұмсақ ойыншықтар тігу " технологиясының тақырыптық жоспары .


Қ/с

Сабақтың тақырыбы

Сағаты

Теория

Сарамандық

1

Кіріспе.Жұмасақ ойыншықтар туралы мағлұмат беру, қажетті жабдықтар.


2


2

Сурет таңдау, эскиз дайындау. Материал дайындау.



1

3

Сызба бойынша пішу, тор тігісін тігуге машықтау.



2

4

Құрастырып тігу.


4

5.

Өңдеу жұмыстары. Синтепон салып тігу


3

6.

Әсемдеу жұмыстары


3















" Фетр материалынан жұмсақ ойыншықтар тігу " технологиясы тақырыбындағы сабақтың мақсаты:

Білімділік. Жұмсақ ойыншықтар тігу туралы түсінік беру, білімдерін дамыту;


Дамытушылық. Жұмыс барысында оқушының шеберлігін, ой-өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, көрсету үлгісі бойынша жұмыс жасай білуге баулу.


Тәрбиелік. Халқымыздың қолөнерін сүйе білуге,құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушыларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа баулып, жұмсақ ойыншық тігу арқылы әсемдікке тәрбиелеу


Міндеттері:

-заманауй материалдардан бұйымдар жасаудың жаңа технологиясын үйрету.

-қазіргі заманғы сұранысқа сай қолөнер бұйымдарын жасап үйрену.

-шеберлікті, ұқыптылықты , белсенділікті арттыру.

-техника қауіпсіздігі мен еңбек мәдениетін меңгертуге бағыттау.

-материалды ұқыпты, үнемді пайдалану, композиция негізін жасап үйрету.

-өз қалауынша бұйымдарды заман талабына сай түрлендіру.

- талдау, талқылау арқылы еңбекке деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.


Көрнекілігі: интерактивті тақта(көрсетілім арқылы)

панно,картиналар,жұмсақ ойыншықтар жиынтығы

Cабақтың кіріспе бөлімінде: Кіріспе.Фетр материалынан ойыншық тігу жайлы мағлұмат бердім.

cлайд.

Фетр материалынан жасалатын жұмсақ ойыншықтар балалардың ойнауына арналады. «Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында»- деген, ойыншық пішу үшін, фетр материалын қолдануға болады.
XIX - XX ғасыр ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең. Әр халықтың ойыншықтарының өзіндік өрнектері, яғни әр ұлтқа тән нақыштары болған.
Ойыншық дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген балалар ойнау үшін жасалған зат» деп жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қол өнердің бір түрі. Белгілі суретші Н. Д. Бартрам «Ойыншық – өмір айнасы» деген.
.

Жүн дегеніміз жануарлардың мата, киіз-шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк. Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады. Қойдан немесе тері шикізаты өңдеуге жіберілетін қой терісінен қырқып алынған жүн табиғи жүн деп аталады.

Фетр матаны өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келеді. Фетраға көбіне синтетикалық маталар көп араластырады. Бұл материалды көбіне әйел адамның аксессуарларларына, түйреуіш, қалпақ , сөмке, ойыншықтар, сырмақ, паннолар, картиналар жасауға қолданады. Фетр әр түрлі болады: таза жүні, жартылай жүнді, эко фетр, акрилді ферт, жасанды фетр, синтетикалық фетр және пішінді жақсы ұстайды.


Фетр материалынан жұмсақ ойыншық тігу мына кезеңдерден тұрады.


1.Сурет таңдау, эскизін салу.

2. Материал дайындау.

3. Сызбасын сызу, пішіп алу.

4. Тігістер жайлы мағлұмат беру. 5. Пішім бойынша ойыншықты тігу. 6. Синтепон материалмен ішін толтырып тігу. 7. Әсемдеу жұмыстары.













"Фетра материалынан жұмсақ ойыншық тігу" нұсқау карта



Жұмыстың мазмұны

Дайындалуы

Қажетті жабдықтар

1

Суретті таңдау,эскиз жасау



А 4 форматтағы қағаз,

қарындаш,

өшіргіш, қайшы

2

Материалдарды дайындау


Түрлі түсті фетра материалы, қайшы, ине, жіп, синтепон.

3

Сызбасын сызу, пішу





Дайын сызба, қайшы

4

Тігістер жайлы мағлұмат беру




5

Пішім бойынша жұмсақ ойыншықты тігу



Түрлі түсті фетра, жіп, ине, қайшы

6

Дайын жұмысты синтепонмен немесе мақтамен толтыру

Дайын ойыншық.



Синтепон

Қажет материалдар

-фетр материалы (синтетикалық фетр);

-ине, жіп, қайшы;

-синтепон.

Сарамандық жұмыс.

1. Техника қауіпсіздік ережелерін естеріне салу.

2.Эскиз бойынша қажетті сызбаны пішу.

3. Сарамандық жұмыс барысында суреттердің дұрыс салынуын, қателіктерді болдырмау жолдарын қадағалау.

4. Жеке оқушылармен жұмыс.

Инемен, қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
• Қайшы өткір болу керек.
• Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партамыздың оң жағына қоямыз.
• Қайшыны ұсынар кезде сабымен ұсын.
• Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені инені жоғалудан сақтайды, егерде инені жоғатып алсаң мұғалімге ескертіп тауып ал.
• Инемен тіккенде аузыңа салма, киімге қадама.
• Сынған инені жерге тастама, ешкімді зақымдамайтын жерге таста.
• мата, былғары, тағы басқа жұмсақ материал қалдықтары, фурнитура - түймелер, ілгектер, ойыншықтың көзін, мұрнын салу үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар, инелер (ойыншықтың көлеміне байланысты), қайшылар, біз, түймелер, картон (фурнитураны монтаждауға).
• тігінге арналған бор, сызғыш, үшбұрыш, метр, жіп, мақта, синтепон, паралон.





Сабақтың тақырыбы: «Фетр материалынан жұмсақ ойыншық тігу » қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ойыншық тігудің жаңаша әдіс-тәсілі жайлы алған білімдерін қорытындылап,өнерге деген қызығушылығын ояту.


Дамытушылығы: Оқушылардың ізденушілігін, шығармашылық

қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін

қалыптастыру.


Тәрбиелігі: Қолөнер туындыларын қастерлеуге,

ұжымшылдыққа, әсемдікке, біткен бұйымға

талдау жасауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ


Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, шығармашылық жұмысты

қорғау,топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта (көрсетілім арқылы )

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!