Материалдар / Үйкеліс күші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Үйкеліс күші

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйкеліс күші, оның түрлері мен техникада үйкелісті арттыру және азайту жолдары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2023
298
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Денелердің өзара әрекеттесуі мектеп: №229 орта мектебі

Күні: Пән мұғалімі Нұрғали Меруерт

Сынып:7 Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы: Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру


Оқу мақсаттары:

7.2.2.6 – тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;

7.2.2.7 – үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру


Сабақ мақсаттары:

1.Үйкеліс күшін ажыратады,түрлерін сипаттайды. Үйкеліс күшінің пайдасы мен

зиянына мысалдар келтіреді

2. Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерінің маңызын біледі.

3.Үйкелістің түрлерінің пайдасы мен зиянын өмірмен байланыстырады,

ағылшын, орыс тілдерінде терминдердің балама аудармаларын қолданады


Бағалау критерийі:

Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін ажыратады

Үйкеліс күшінің түрлерін сипаттайды және салыстырады мысалдар келтіреді


Тілдік мақсаттар:

Пәнге байланысты сөздік қор мен терминдер /ұғымдар/: Үйкеліс күші, сырғанау, домалау, үйкеліс коэффиценті, нормаль қысым күші.

Диалогтер

  1. Күш дегеніміз не? Қандай күш түрлерін білесіңдер?

  2. Тұрмыста, техникада кездесетін үйкеліске мысалдар келтірейік

  3. Неліктен қыста киілетін аяқ киімдер кедір – бұдыр, ал жаздық аяқ киімдер табаны тегіс болып келеді?

  4. Егер үйкеліс жоғалып кетсе не болар еді?


Құндылықтар мен дағдылар:

Өзгелердің мәдениетіне және көз қарасына құрметпен қарау, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау құндылықтары, мәдениет пен тілдің бір тұтастығы, 4К моделіне сәйкес тәрбиелеу


Пәнаралық байланыс:

Технология 5 сынып «Ағашты өңдеу және тегістеу», математика 7 сынып «Сандарды стандарт түрінде жазу»


Алдыңғы білім:

инерция, күш, серпімділік және ауырлық күші, салмақ


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақ басы




6 мин




1.Ұйымдастыру:Сәлемдесу. Кезекші мәлімдемесі

2.«Миды тазарту» тренингі арқылы зейінді жаңа сабаққа шоғырландыру.

3. Физикалық шамалар мен физикалық тұрақтылар деп 2 топқа бөлу. /парта астына стикерлерге тұрақты сандар мен физикалық шамаларды жазып жабыстыру. Оқушылар тұрақтыларды айту, шамаларды алған оқушылар ағылшын және орыс тілінде айту, ережесін немесе вектор – скаляр екенін ажыратып айтады/

Қ.Б : бірін-бірі бағалайды және дұрыс жауаппен түзету жасайды (смайликтер арқылы бағалау)


Стакан,түрлі стикерлер





Сабақ ортасы




25 минут

  1. Жаңа сабақ. Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

  2. «Ой туғызу»: «Тасты тауға сүйресеңде, күндердің күнінде ол төменге құлайды» даналық сөзінің мәні неде?

Оқулықпен жұмыс: мәтінді оқи отырып төмендегі тапсырмаларды орындайды.

  1. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! /Топтық жұмыс/

1 – топ: ПОПС формуласы

Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .

2 – топ: суреттер тізбегі /берілген суреттерді жаңа сабақпен байланыстылығын табу, мәлімет беру/

Қ.Б: Әр топтың үйкеліс күшін түрлеріне сәйкес ажыратқанын бағалау. /Жапон бағалауы, Достық тілек/

Пәндік терминдер бойынша сөздік:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Үйкеліс күші

Сила трения

Friction force







сырғанау үйкелісі

Трение cкольжение

sliding friction

домалау үйкелісі

Трение качения

rolling friction

тыныштық үйкелісі

Трение покоя

static friction


4. «Адасқан сөздер» /берілген сөздерден сөйлем құрастыру/

  • Жанасатын, кедір – бұдыр, үйкелістің, болу, пайда,

біріне, беттердің, себептерінің, жатады

  • Бір, екінші, дене, бетімен, кезде, болатын, пайда,

дененің, үйкеліс, аталады, күші, деп, қозғалған, күш.

  • Өзі, жанасып, түсіретін, дененің, деп, күші, атайдытұрған, нормаль, бетке, күшін, қысым.

  1. Бейне талдау. Үйкеліс күші жоғалып кетсе не болар еді?

/бейнекөріністе тілші оқушылардан егер үйкеліс күші жоғалып кетсе не боладыдеп сұрақ тастайды, сол кезде стоп-кадрмен тоқтатып, оқушылардың пікірін тыңдаймын. Оқушылар өз жауаптарының қаншалықты дұрыстығын қайта кадрды жалғастыру сәтінде тексереді/

  1. Формулалар әлемінде / формулалар түрлендіру/

6. Есептер шығару. Жұптық жұмыс

1. Дененің нормаль қысым күші 600 Н сол дене  240 Н үйкеліс күш әсерінен  бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициентін тап.

2. Массасы  50кг денені орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті 0,3

3. Шананы қар үстімен сүйрегенде жұмсалатын ең үлкен күш 0,5 кН болады. Үйкеліс коэффициенті 0,1. Осы күштің әрекетінен бірқалыпты қозғалатын жүк тиелген шананың массасын тап. Қ.б: өзара бағалау /Көршіңді бағала/

7. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары


Слайдтар, интер.тақта, электронды оқулық, бейнекөрініс, оқулық, фотосуреттер есептер жинағы, таратпа материалдары

Сөздік






1мин

Сергіту сәті:«Үйкеліс күші»тақырыбынан термин сөздерді үш тілде айту дене қимылдарын жасау






Сабақтың соңы

7 минут

  1. Қорытынды

I мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау

D проблеманы сипаттау

E – проблеманы шешу жолдары

A – проблеманы шешу үшін жасалатын әрекет

L - қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау

  1. Үйге тапсырма: «Үйкеліс күші» бойынша мысалдар ойлау және 3.6- тапсырманы орындап келу.






Саралау

-Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

- Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





-Оқушылардың өз ойларын жасқанбай, күштің формулаларын түрлендіруде қателесуден қорықпай, еркін жеткізулеріне көңіл бөлемін.

-Тақырыпқа байланысты өзіндік пікір айтуға және үйкелістің түрлерін күнделікті өмірде қолдануына жағдай жасаймын

Бағалау критерийіне сәйкес, дескриптор қадамдары бойынша материалды меңгеру деңгейін анықтаймын.

Оқушы денсаулығын сақтау мақсатында «Миды тазарту» тренингі ұйымдастырылды. Физикалық эксперименттер жасауда қауіпсіздік ережелерін сақталды.






Сабақ рефлексиясы






-Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? -Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Стандарт бойынша оқу мақсаттары дұрыс таңдалынып, сабақ мақсат-тары оқу мақсатына сәйкес жүйе- ленген. Сабақ мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері қойылды.

Дескриптор қадамдары бойынша үш оқушы оқу мақсатына сәйкес нәти-жеге жете алған жоқ. Топтық және жұптық жұмыстарда белсенділік танытқанымен, жеке жұмыс бары-сында үйкеліс түрлерін салыстыруда қателікке барған. Үйкеліс күшінің түрлерін білгенімен үйкелісті азайту және арттыру кезеңдерін салыстыруда қателіктер жіберген. Үйкелістің пайдасы үйкеліс коэффиценті арасындағы тәуелділікті әлі де тиянақтылау керек. Есептер шығаруда тиімді формулаларды тауып, түрлендіру тәсілдерін жолға қоюды жоспарға енгізу қажет. Тапсырманы орындау барысында берілген дескриптор қадамдарын назарда ұстап, басшылыққа алуға төселдіру керек.

Бейнеталдау кезінде бейнероликте берілген сұрақтарға жауаптар беріп, оны қайта тексеру барысындағы оқушылардың тапқырлығы көңілден шықты.

Алдағы уақытта осы стратегияны жиі пайдалансам, оқушылардың ой-өрісін, қызығушылығын дамытуға ықпал етеді.

Сабақта саралау жұмыстарына байланысты айрықша тапсырмадан басқа жекелеген тапсырмалар алынған жоқ. Өйткені жеке жұмысқа берілген тапсырма бо-йынша оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергендігін анық- тау мүмкіндігі болды. Ал айрықша тапсырма сыныпқа ортақ тапсырма ретінде берілгенімен, орындау деңгейіне қарай сараланып, үздік жұмыстарды үш тілде орындауға тапсырма берілді. Алайда қоржын-дағы қосымша тапсырмаға уақыт жетпеді.

Сабақтың уақыттық кезеңдерінде жоспарланған уақыттан ауытқу-шылықтар болды. Себебі жұптық жұмысты өзара бағалау барысын-да уақыттан ұтылдым да, жеке жұмысты орындау барысында уақытты үнемдеуге тура келді. Сондықтан алдағы жоспарлау жұмыстарында сабақтың уақыт-тық кезеңдерін дұрыс бөлуді ескеру керек.

Жоспарланған жұмыстар толық қамтылды. Жоспардан ауытқушы-лық болған жоқ.

Қоржындағы (қосымша) тапсырмаларға уақыт жетпей қалды.



Жалпы баға




Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі


1.Сабаққа ену мақсатында берілген «Тасты тауға сүйресеңде, төменге құлайды» сөзінің мәні неде деген сұрақ негізінде пікірталас туындап және бейне талдау кезеңінде журналист сұрағына жауап беріп, қайта экраннан жауап естігенде өз жауаптарына өздері бағалаулар жүргізіп оқушылар

қызығушылығы байқалды.

2. Суреттер тізбесі топтық жұмыс барысында топтар берілген суреттер бойынша түрлі пікірлер туындап, ортақ пікірге келу қызықты өтті. Сол сияқты бағалау жүргізу барысында Достық тілек, ниет айту оқушылар көңілін көтеріп,

сабақтың жақсы көңіл-күймен қорытындылануына үлкен әсер етті.



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады

1. Сабақ мәнін ашатын видеокөрсетілімдерді пайдалану оқушылар қызығушылығын оятып, жақсы психологиялық ахуал тудыра алады.

2. Сабаққа қатысты тосын сұрақтар арқылы әңгіме-дебат ұйымдастыру.



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақта Бейне талдау оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабақ көтеріңкі көңіл-күймен аяқталды. Барлық оқушылар мүмкіндігінше өз ойларын айтуға тырысты. Топтық жұмыс барысында кейбір балалардың ғаламтор желісінде тіпті, жұмыс жасап көрмегендігі байқалса, жұптық жұмыс формулаларды түрлендіруде, табуда қиналып жатты.

Топтық, жұптық жұмыстар барысында ортақ пікірге барлық оқушының атсалысуына , белсенділік танытуына қосымша жұмыстар жасау керек.
















Физика 7- сынып

Бөлім: Денелердің өзара әрекеттесуі

Тақырып: Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру

Оқу мақсаты: 7.2.2.6 – тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;

7.2.2.7 – үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру

Ойлау дағдысының деңгейлері: білу, түсіну

Бағалау критерийлері: Домалау, тыныштық және сырғанау үйкелістерін сипаттайды;

Үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіреді


  1. Суретте көрсетілген үйкеліс түрін анықтаңыз



Үйкеліс түрі

Қорытынды пікір







Дескрипторы Білім алушы

  1. Тыныштық үйкелісін анықтайды

  2. Сырғанау үйкелісін анықтайды

  3. Домалау үйкелісін анықтайды

  1. Төмендегі жағдайларда пайда болатын үйкеліс түрін анықтаңыз. Қай жағдайда үйкелісті арттыру не азайту керектігін түсіндіріңіз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!