Материалдар / Ұйым шығындары және олардың топтастырылуы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұйым шығындары және олардың топтастырылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
колледждің 2- курс студенттеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2019
1959
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Оқытушы: Еркебаева А.Ж.

Пәннің аты: «Ұйым экономикасы»

Оқу тобы: 3 УиА 17-1 « » 2019 жылы.

Сабақтың тақырыбы: Ұйым шығындары және олардың топтастырылуы.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

  • Оқу:Ұйымның шығындарын, өнімді өндіруге кеткен шығындарды анықтау және өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындарды, олардың топтастырылуы жайлы білімді қалыптастыру және алынған білімдер мен дағдыларды бекіту


  • Дамытушылық: Білімгерлердің сын тұрғысынан ойлау, модульдік технологиялардың элементтерін пайдалана отырып, танымдық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау, сөздік қорын, сұрақ қоя білуге үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.



  • Тәрбиелік: Меңгерілетін материалға деген қызығушылықты, пәнге деген сүйіспеншілікті, ісіне жауап бере алатын тұлғаны тәрбиелеу.


Пән аралық байланыс: Экономикалық талдау және қаржы есебін талдау , Қаржылық есеп.


САБАҚТЫҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ


Көрнекі құралдар: (Power Point) бағдарламасы бойынша слайдтар, сызбалар, қима қағаздар.

Техникалық оқыту құралдары:

(Power Point) бағдарламасы бойынша слайдтар

Оқыту әдістері:

Интерактивті технологиялық әдістерді, лекция сабағында қолдану.

Қолданылған әдебиеттер: Р.Қ.Ниязбекова «Кәсіпорын экономикасы ». Ө.Шеденов «Жалпы экономикалық теория». Г.Теңізбаева «Кәсіпорын экономикасы».

Сабақты жүргізу кезеңдері

(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)

Қолданылатын оқу құралы, технологиялық оқу құралдары және оқыту әдістері.

Бөлінген уақыт (мин)

1.Ұйымдастыру кезеңі:

- Аудитория дайындығын тексеру.

- Білімгерлерді түгендеу.

- Білімгерлерді сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Интерактивті тақта бағдарламасы Power Point бағдарламасы


3 мин.

2.Өткен тақырыпты жалпылама қайталау


1. Сұрақ-жауап

2. Өткен тақырыптар бойынша Термин сөздіктер

Интерактивтсұрақтар


Фронтальды сұрау ауызша.

15 мин.

3.Жаңа тақырыпты баяндау.


Тақырып: Ұйым шығындары және олардың топтастырылуы.

  1. Шығындардың мәні және түрлері

  2. Өнімдерді өндіру және оны сату шығындары

  3. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары

ПК, проектор интерактивті тақта


50 мин.

4.Тақырыпты бекіту (жаңа тақырыпты түсіндіру барысында бөлімдерден кейін немесе тақырып толық түсіндірілгеннен кейін).


1. Рефлекция жасау ( нені білем, нені білдім, нені білгім келеді).

2. Тест сұрақтармен жұмыс.

Фронтальды сұрау интерактивті тақта.



15 мин.

5.Сабақты қорытындылау және бағалау


1.Тақырыптар бойынша орындаған жұмысқа түсінік беру.

2.Бағаларды қою.




5 мин.

6.Үй тапсырмасы:

Конспект бойынша қайталау.




2 мин.




ІІ. Өткен тақырыпты қайталау

2.1. Сұрақ-жауап

1. Қаржыресурстары – бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақрезервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.

2. Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тартуының ішкі және сыртқы көздері болады.

3. Ішкі қаржыландыру көздері дегеніміз – бұл кәсіпорын қызметі барысында қалыптасатын меншікті қаражаттардан қалыптасады. Бұлардың қатарына кәсіпкерліктен алынған табыс, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның активтерін сатудан немесе қажетсіз мүлікті, қосалқы бөлшектерді сатудан түскен қаражаттарды жатқызуға болады.

4. Сыртқы қаржыландыру көздері дегеніміз-өндіріске қажетті қаржы ресурстарының сыртқы инвесторлар мен кредиторлар салымдары есебінен қалыптасуын білдіреді. Сыртқы қаражат көздерін тартудың негізгі нысандары – құнды қағаздар эмиссиясы, банктік несиелер тарту, коммерциялық несиелер тарту, лизингтік және факторингтік операциялар, қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу және басқалар болып табылады.

5. Қаржы ресурстарының көздеріне:

1.  Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі;

2.  Сыртқыэкономикалыққызметтентүскентабыстар;

3.  Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі;

4.  Қарызқаражаттарыжатады.



2.2. Термин сөздіктер:

Акция – бұл оның иегеріне (акционерге) дивиденд түрінде кәсіпорын табысына және жойылар кезінде кәсіпорын мүлкіне құқық беретін құнды қағаз. Акцияларкәсіпорынқұрыларкездешығарылады, сондай-ақменшіктікапиталдыұлғайтутуралышешімқабылданғанжағдайдақосымшаакцияларшығарылуымүмкін.

Облигация – бұлқарыздыққұндықағазболыптабылады. Қосымшақаражаттарқажетболғанжағдайдакәсіпорындароблигацияларшығаруарқылыбелгілібірмерзімгежәнепайыздықтөлемдертөлеунегізінденесиеберушітұлғалардыңқаражаттарынтартаалады.

Лизинг– бұл мүлікті сатып алумен және оны белгілі бір мерзімге ақылы негізде жалға берумен және лизинг алушы тұлғаның мүлікті толық өтеу мүмкіндігімен байланысты инвестициялық қызмет түрі болып табылады.

Факторинг – тауарды сату және сатып алу барысында кәсіпорындар арасында пайда болған, алайда әлі өтелмеген дебиторлық қарызды талап ету құқығын факторингтік компанияға немесе банктің факторингтік бөлімшесіне ұсынумен байланысты қатынастар болып табылады.



ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау.


Тақырып: Ұйым шығындары және олардың топтастырылуы.

  1. Шығындардың мәні және түрлері

  2. Өнімдерді өндіру және оны сату шығындары

  3. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары


1.Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын  шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның  өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Жоғарыда келтірілген сызбаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.   

Экономикалық шығындар  ресурстардың сиректігіне және оларды балама  пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.

Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

 

 

Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз.  Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін     бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді.

 

Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде көруге болады.

 

 

Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

Өзгермелі шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен  өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

1.     Пропорционалды өзгермелі шығындар -  егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.

2.     Дегерессивтік өзгермелі шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады.

3.     Прогрессивтік өзгермелі шығындар - өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.

 

 

Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің бір бөлігін өндіруге жұмсалған шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады.


Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

Өнім өндірісінде бір  данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа  шығындар есептеледі:

-         орташа  тұрақты шығындар;

-         орташа  өзгермелі шығындар;

-         орташа  жалпы шығындар.

Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

1.     Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС)  кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.

2.     Егер тауардың  бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.

3.     Егер баға орташа  шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да  қалмайды.



Өнім өндірудің ең жоғары  деңгейін анықтау үшін  шекті шығындар (МС) есептеледі.

Шекті шығындар  – бұл қосымша  өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс  көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың  көмегімен  өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті  шығындар орташа  шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар  өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне  байланысты шығындар тұрақты және  өзгермелі түрде болады.

Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім  өндірмеген жағдайда да  төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын  шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)      

Фирма  тұрақты  шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады.  Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.

Егер өнімнің қосымша бірлігін өндіру шығыны сату бағасынан арзан болса, онда шекті шығындар фирманың өнімінің бағасымен теңескенше, фирма өндірісті кеңейте береді.



  1. Өнімдерді өндіру және оны сату шығындары

Ұйым шығындары – өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар мына төмендегі элементтерге топталады:

  • материалдық шығындар;

  • жалақы шығындары;

  • әлеуметтік қажеттіліктерді өтеу аударымдары;

  • негізгіқордың амортизациясы;

  • басқада шығындар.



Материалдық шығындарға жататындар:

  • ұйым иелігіндегі өнімдерді дайындау құрамына кіретін немесе технологиялық процесті қамтамасыз ететін және буып− түю үшін дайындалатын шикізаттар мен материалдар;

  • сатып алған, қосымша өңдеуге жәнемонтажға ұшыраған комплекті бұйымдар мен жартылай фабрикаттар;

  • соның иелігіндегі барлық отынның түрлері;

  • сатып алынған энергияның барлықтүрлері (электрлік, жылу, сығылған ауа, суықтық және т.б.)

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!