Материалдар / Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Алма ертегісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Алма ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. ....
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2021
249
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: "Қызыл алма"

Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық
Бөлімі: Көркем әдебиет, Сөйлеуді дамыту, Жапсырма, Құрастыру.
Мақсаты. Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. ....

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, жұмбақтар шешу, интерактивті тақта, интеллектум ойындары,сергіту сәті.

Білімділік: Қыс көріністерімен таныстыру, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Балалардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру оларды іздене білуге үйрету.
Тәрбиелік: Табиғатты аялай білуге үйрету, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Әдіс –тәсілдер: Топтастыру,

Формасы: Топпен жұмыс
Қажетті:Үлестірмелі үстел үсті интеллектум ойындары: Көрнекіліктер: Сиқырлы сандық, Интерактивті тақта,

Оқу қызметінің түрі: Кіріктірілген ашық оқу қызметі

Қостілді компонент: ертегі – сказка – fairy-tale, көңілді – веселый – merry, қыс-зима-winter,

Оқу қызметінің барысы: Балалар қонақтарға амандасады. 

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Үлкендерге құрметпен,

Бәріңізге ізетпен

Біздер салем береміз.

Всем, всем добрый день!

Гуд монинг

Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңберді:

(интерактивті тақтаны қолдана отыра орындау )

интеллектум ойындары, суреттер, ертегі кейіпкерлері
Тәрбиеші: 

2. Сұрақ – жауап:/интерактивті тақтаны қолдана отыражыл мезгілдері арқылы сурет терді көрсету./
1. Бір жылда неше мезгіл бар?
– Бір жылда 4 жыл мезгілі бар.
2. Кім атап береді?
– Олар қыс, көктем, жаз, күз.

3. Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қазір Қыс мезгілі.
4.Қыс айларын атап беріңдерші
Қыс айлары:
желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Жарайсындар, балалар, міне біз ойлау қабылетімізді шыңдап алдық.

Тәрбиеші: Балалар ерте ерте ертеде деп не басталатын еді?

Балалар: Ертегі

Тәрбиеші: Дұрыс айтасындар! Балалар мен казір сендермен "Бұл қандай ертегі?”ойын ойнағым кеп тұр, ойнаймыз ба?

Балалар: Иә

Шарты: Балаларға интерактивті тақта арқылы әр – түрлі ертегілерден үзінділер айтылады, балалар ертегілерді тауып, суретін тақтаға қыстырады.
-Балалар, осы ертегілердің ішінен қайсысына тоқталатынымызды жұмбақ арқылы шешейік.

Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.

Тәрбиеші: ал енді балалар ертегілер еліне бару үшін ертегідегі бақыт құсына айналып, қанатымызды жайып ұшып көрейік. Музыка қосылып, балалар әуенмен қимыл жасайды.

Тәрбиеші: Міне, балалар ертегілер еліне келдік. 

Ғажайып сәт.

-Б-р, сендердің қандай орынға барып отыратындарыңды мына төсбелгілер арқылы шешейік, балалар өз еріктерімен қоян, түлкі, аю андарын таңдап алып, 3 топка бөлініп отырады)

1.топ Қояндар

2.топ Кірпілер

3. топ Аюлар
Кіріспе бөлім. Балалар, сендер білесіңдер ме? Мен бүгін бақшаға келе жатып мынандай әдемі, жалт –жұлт еткен сандықты тауып алдым. Бірақ, ішінде не бар екенін білмеймін. Сендердің білгілерің келе ме? Қалай ойлайсыңдар бұл жейтін зат па, әлде жемейтін бе? Сандық ауыр ма, әлде жеңіл ме? Мен жұмбақ жасырам , егер жұмбақтың жауабын дұрыс тапсандар сандық ашылып ішінде не бар екенің білеміз

Жұмбақ:

Қалбалақтап ұшады

  • Жарайсындар
    -Б-р, бұлар жай қаршықтар емес, қаршықтардың сендерге қояр сұрақтары бар екен.
    1 топқа сұрақ
    1. Бір жылда неше мезгіл бар?
    – Бір жылда 4 жыл мезгілі бар.
    2. Кім атап береді?
    – Олар қыс, көктем, жаз, күз.

2 .Топқа сұрақ
2. Қазір қандай жыл мезгілі?
- Қазір Қыс мезгілі.
Қыс айларын атап беріңдерші.
–Қыс айлары:желтоқсан, қаңтар, ақпан.
3 топқа сұрақ
1.Қысз мезгілін сурет бойынша әңгімелеп беріңдерші.
Осы қыс мезгіліне байланысты қандай тақпақтар білеміз?.
1.Қар келді жеріме,
Төрлет қысым еліме.
Қыс өте тамаша,
Ойнайды балалар күніне.


2.Міне аппақ қар
Аяз боран бар
Төрлет қысым еліме
Ойнаймыз біз далада.


3.Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Жон аппақ түске енді
Аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды.

-Ал енді балалар, кезекті ойынға берейік.
Д.ойын: "Бұл қандай ертегі?”
Шарты: Балаларға әртүрлі ертегілерден үзінділер айтылады, балалар ертегілерді тауып, суретін тақтаға қыстырады.
-Б-р, осы ертегілердің ішінен қайсысына тоқталатынымызды жұмбақ арқылы шешейік.
Жұмбақ жасыру.
Қалқиып ұзын құлағы,

Елендеп қорқып тұрады

/Қоян/
Қыста ұйықтайды,

Жазда қыдырады

/Аю/
Түрі көмірге ұқсайды,

Қалбақтап ұшады /

Қарға/
Мұрны бейне түйме

Үсті толы ине

/Кірпі/.
-Б-р, осы кейіпкерлердің бәрі бізге қандай ертегіде кездеседі?
-Дұрыс, "Қызыл алма” ертегісінде. Ендеше осы ертегі мәтінін есімізге түсірейік.
"Ой –толғаныс” cтратегиясы
1.Ертегіде нелер туралы айтылған?
2.Оқиға қандай жыл мезгілінде болған?
3.Сендер осы ертегіде неге ұқсағыларың келеді?
Ендеше осы ертегіні кейіпкерлендіріп көрейік.
Тәрбиеші: -Қалың орманға қыстын ызғары да келіп жетті. Айналадағы ағаштардың жапырақтары желмен ұшып, жерге түскен енді.
Ұйқысынан ерте оянған қоян осы көріністерге қызыға қарап келе жатып, ағаш басынан бір қызыл алманы байқады. Жүрегі жарылардай қуанған ол:
-Алақай, алақай! Бұл –менің алмам! Оны мен таптым! – деп айқай салды. Қоянның айқайын естіген қарға сол сәт ұшып келіп:
-Ау, қоян! Таң атпай не болды? Дауысың қатты шықты ғой. –деді.
-Әне, анау менің алмам, көрдің бе, мен таптым! –деді қоян шыдамсызданып.
-Қарға –ау! –деді сосын. –Көршіміз ғой, сол алмамды маған үзіп берші!
Қарға: егер менің жұмбағымды шешсен алып берейін

Тәрбиеші:Балалар қоянға көмектесеміз бе?

Балалар: - Иә,

Тәрбиеші:

Денесі буылтық,
Сырты жасыл түк.

ұлдызқұрт)
-Балалар бүгін біз жұлдызқұрттың бейнесін интелектум ойыны арқылы жинаймыз

(Ойын шартын түсіндіру.)

Тәрбиеші:Қарға ұшып кеп тұмсығымен сабағын қиып жіберіп еді, алма төмен қарай құлдай жөнелді. Сол кезде қайдан тап болғаны белгісіз, кірпі жетіп келіп алманы қағып алып, қаша жөнелді.

Қоян: Кірпі , кірпі бер алмамды деп артынан қуа жөнелді

Үшеуі таласа кетті. Сол сәт жерден шыққандай күркіреп аю келді.
-Ау, бұл не шу, орманның тынышын кетіріп? Кәне, айтыңдар! –деді ақырып.
Алысып жатқан үшеуі жым болды.Қоян тілден айырылып, сөйлей алмай қалды.Қарға пыр етіп ұшып, ағаштың басына қонды. Тек кірпі ғана шашалып барып:
-А-а-аю аға! Біз алмаға таласып қалдық, деді екі сөздің басын әрең қосып.
-Алманы кім тапты әуелі? –деді аю.
-Мен таптым, -деді қоян тақ етіп. –Ол бұтақта ілініп тұр екен.
-Ал алманы кім үзді?
-Мен үздім, -деді қарға саңқ етіп.
-Кім оны жерге түсірмей қағып алды?
-Мен қағып алдым, мына инелеріммен, -деді кірпі арқасындағы инелерін көрсетіп.
-Алма біреу, ал сендер үшеусіңдер... –деді Аю ойланып

жақын жерде алма бағы бар сол алма бағындағы алманы жинасуға көмектесендер, бәрімізге де алма жеткілікті болар еді деді

Тәрбиеші:Аңдар ойланып барып, Аюдың айтқаны жөн деп, алма бағына жол алды

Тәрбиеші:балар бізде аңдарға қысқы азықтарын жинасуға көмектесейік, ендеше іске сәт, казір біз «Помелло» интеллектуалды ойыны арқылы өзіміздің жылдамдығымызды, тапқырлығымызды сынап көреміз

(ойын шартын түсіндіру)

Сұрақ – жауап:

  • Балалар мынау кандай ағаш?

  • Алма ағашы

  • Дұрыс, аманын пішіні кандай?

  • Домалақ,

  • Жақсы балалар

  • Түсі қандай?

  • қызыл

  • Балалар құм сағатындағы құм сусып аяқталды, енді санап көрейік кім ептіде, жылдам қимылдап көп алма жинаған екен санайық.

Тәрбиеші: Міне алма бағындағы алмаларды жинадық , енді алма барине жеткілікті болды деді Аю.

Кірпі:Аюға бір себет Алманы беріп, рақмет сізге Аю бәрімізді татуластырып, достастырдыңыз.

-Бұл кімге? –деді таңырқап.Бұл –сенің өтеуің, деді кірпі.
-А –а, солай ма? –деді аю қуанғаннан арсалаңдап.

Аю: –Онда елеп, ескергендеріңе рақмет! Әр кез бойымызды ашуға жеңдірмей, осылай ақылмен, сыбырмен шешейік. Ашу –дұшпан, ақыл –дос, ақылыңа ақыл қос демей ме бұрынғылар. Рахмет!
Тәрбиеші:
-Б-р, осы ертегі бізді неге үйретеді?
-Достастыққа, бірлікке, ынтымақтыққа.
-Ендеше осы тақырыпқа б-ты мақал мәтелдер айтайықшы.
Сертігу сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Орманға бірге барайық
Аңдармен жақын танысып
Олармен дос болайық.
Кірпідей ақырын жүрейік,
Аюдай қорбаңдап,
Апанға қарай барайық
Қоянмен бірге секіріп,
Қуанып топқа қайтайық.
-Б-р, біздің келесі ойынымыз "Не жетіспейді?”
Д.ойын: "Не жетіспейді?”
Шарты:
Балалар алдарында төңкеріліп жатқан ертегіге мұқият қарап, алдарында жатқан ертегінің бөліктерін толықтырады.
Қорытындылау.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнап күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне, біздер қандаймыз.
Өзен көлге, шыңға біз,
Серуенге шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз.
Бағалау.
Өзін-өзі бағалауы;
Бірін-бірі бағалауы;
Тәрбиешінің бағалауы.
























«Алма» ертегісі

Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек жабайы алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте — се- кіріп жете алмайсың! Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырды. — Қарқ-қарқ! Оны көрген қоян: — Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! — дейді. Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы тұм-сығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады. Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек болды. Ал жерге түскен алма жаны бардай, дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре жөнелді. — Бұл қалай? Қорқып кеткен Қоян ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің тікеніне құлағанын түсініп: — Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! — деп айғайлады. — Менің алмамды қайда алып бара жатырсың? Кірпі кідірместен: ~ Бұл — менің алмам! Ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым. Қоян да қояр емес! — Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен! Таласып жатқан Қоян мен Кірпіге Қарға қосылады. — Босқа таласасыңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын! -деді ол өтірік-шынын араластыра. Олар бір-бірімен түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып, орман .~: айғайдан у-шу болып кетеді. Сол кезде қорбаңбай Аю келіп қалады. — Бұл не деген айғай-шу! Мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған жақындап: — Сен, Аю, біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондыңтан бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? — деп аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрайды. Аю сәл ойланып, сұрады: — Алманы кім тапты? — Мен! — деді Қоян. — Ал, алманы кім үзіп алды? — Мен! — деп қарқ етті Қарға. — Жақсы. Кім оны ұстап алды? — Мен ұстап алдым! — деді Кірпі. — Мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер! Алма бәріңдікі! — Мұнда бір алма ғой! — деді Кірпі, Қоян,Қарға түк түсінбей. — Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар! — деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып кетті: — Бағанадан бері біз бостан-босқа таласқан екенбіз ғой! Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп: — Бұл саған, Қоян — сен алманы бірінші көрдің! Екінші бөлігін Қарғаға беріп: — Бұл саған, Қарға — сен алманы үзіп алдың! Үшінші бөлігін Кірпі аузына салып: — Бұл маған, өйткені алманы ұстап алған — мен! Кірпі Аюға төртінші бөлігін беріп: — Бұл саған, Аю! — Маған, не үшін? — деп таңқалды Аю. — Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың! — деді ол, риза кейіппен. Әрқайсы өзіне берілген алманың бөлігін жеп риза болды, өйткені Аю ешкімді ренжітпей дұрыс, әділ шешім шығарған еді. « Береке басы — бірлікте» деген осыдан қалған көрінеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!