Материалдар / Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Сиқырлы тұз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Сиқырлы тұз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға тұздың пайдалы қазбаларға жататыны туралы мағұлматтар беру. Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, білуге құштарлықтарын дамыту. Тәжірибе өткізу, ойлау, талқылау, дәлеледеу дағдыларын дамыту. Табиғат байлықтарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Балалардың пайдалы қазбалар туралы білімдерін бекіту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2021
355
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балапан» ортаңғы тобымен ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы «Бөбек» балабақшасы.

Кенжебаева Нуржамал Маханбетовна

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Тақырыбы: Сиқырлы тұз
Бөлімдері: Қоршаған ортамен танысу
Мақсаты: Балаларға тұздың пайдалы қазбаларға жататыны туралы мағұлматтар беру. Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, білуге құштарлықтарын дамыту. Тәжірибе өткізу, ойлау, талқылау, дәлеледеу дағдыларын дамыту. Табиғат байлықтарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Балалардың   пайдалы қазбалар туралы білімдерін бекіту.
Алдын-ала жұмыс: «Біздің жер асты байлықтарымыз» тақырыбында әңгіме жүргізу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу,ойын.
Көрнекі құралдар: Суреттер, тұз сауыты, су құйылған 2 стақан, қағаз майлықтар, ұлғайтқыш әйнек, тұз, әр балаға 2 жұмыртқадан, банкалар, Жер асты патшалығынан хат, «Тұздың пайда болуы» тақырыбында слайд.
Үштілді компонент: тұз-соль-
salt

Іс-әрекет кезеңдер

Тәрбиеші іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Себепті қозғаушы күш

Жер асты патшалығының сиқыршы ханшайымы балалармен үш тілде амандасады. Жер асты патшалығынан көгершін хат әкеліп береді. Оны балаларға сиқырлы ханшайым оқып береді. Хаттың ішінде жұмбақ жасырылған.

Жұмбақ:

Асқа қолданамыз, бірақ қант емес,

Түсі ақ, бірақ қар емес.

Өзі қатты, бірақ тас емес,

Дастарханға қояды, бірақ нан емес.

Бұл не балалар?

Үш тілде амандасты







Жұмбақтың шешуін тапты

Ұйымдас

тыру-іздестіру

Тәрбиеші: Тұздың қалай пайда болғанын білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Ол үшін тұздың пайда болуы туралы слайдты тамашалайық.  (Слайдты тамашалайды)
Тәрбиеші: Балалар, біздер түрлі сутоғайларда тұздардың қалай пайда болатынын көрдік. Енді, мен сендерге тұздың қандай болатынын білу үшін тәжірибе жүргізуге ұсыныс білдіремін. Келісесіңдер ме?
Тәрбиеші: Тәжірибеге кіріспес бұрын, тұзбен жұмыс істеуде сақтауға тиіс қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп өтелік.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендерде қауіпсіздік ережелерін біледі екенсіңдер. Тәжірибеге кірісейік!
№1 Тәжірибе: « Тұзды зерттейміз»
Тәрбиеші: Тұздың түсі қандай?
Қолдарыңа ұлғайтқыш әйнекті алып, тұзға жақыннан қараңдаршы. Тұз неге ұқсайды? Тұздың дәмін анықтап көрейікші. Ол үшін қасықтың ұшымен тұзды алып, тілмен жалап көріңдер. Тұздың дәмі қандай? Тұзға не болды? Қане,тұздың қатты немесе жұмсақ екендігін анықтап көрелік.Қолдарыңа қасық алып, тұзды езіп көріңдер.
( Балалар тұзды қасықпен итеріп көреді) Балалар, қалай ойлайсыңдар, тұздың исі бар ма? Қане, тексеріп көрелік. Ыдыстағы тұзды иіскеп көріңдер. Балалар, қорытынды шығарайық: 1.Тұз кристаллға


Жоқ, білмейміз.


Ия, біздер келісім береміз.



Көзді қолмен ұстамау керек. Егерде денеде жара болса, тұзды жараға тигізбеу керек.

Тұздың түсі-ақ.
Тұз қант, ұн, қарға ұқсайды.
(Балалар тұздың дәмін татып көреді)
Тұз-ащы. Тұз шытырлайды және езілмейді, өйткені ол қатты. Иісі шықпайды. Тұздың иісі жоқ.





Тәрбиеші: Балалар, шаршаған боларсыңдар . Қане, музыкалық үзіліс жасайық.
( Балалар тәрбиешімен бірге әуен ырғағымен қимылдар жасайды)
Тәрбиеші: Біздер қазір тұздың неге судан қорқатынын білетін боламыз. Екінші тәжірибе жұмысын жасауды ұсынамын.
« Тұзды суда ерітеміз»
Тәрбиеші: Тәжірибеге 2 стақан су қажет: салқын және жылы. Қай стақанда қандай су барын анықтау үшін екі саусақпен стақанды ұстап көріңдер. ( Қай стақанда қандай су барын анықтайды)
Тәрбиеші: Балалар, көк сызығы бар стақандағы су қандай? Ал, қызыл сызығы бар стақандағы су қандай?Әр стақандағы суға бір қасық тұз салып араластырыңдар.
( Тұзды салып араластырады, қай стақандағы тұздың тез еріп кеткенін бақылайды)
Қорытынды шығарайық.Салқын суда тұз жай ериді, ал жылы суда тұз тез ериді. Сендер қалай ойлайсыңдар, тұзды суда жұмыртқа батып кетеді ме екен? Қане, біздер оны бақылап көрелік.
«Батады-батпайды»
Тәрбиеші:  Үстел үстінде екі стақан бар. Көк сызығы бар стақандағы суға 3 қасық тұз салып араластырып, тұзды су дайындайық. ( Балалар 3 қасық тұз салып араластырады)
Ал, қызыл сызығы бар стақандағы су тұщы су. Қолымызға жұмыртқаны алып, тұзды суға салайық.
Тәрбиеші:  Қай стақанда тұзды су бар? Балалар, жұмыртқаға не болды? Қане, балалар жұмыртқаны тұщы суы бар стақанға салып көрелік. Нені байқадыңдар?
Балалар, біздер тұщы суға тұзды суды құйып араластырып көрелік. Нені байқауға болады екен. Ол үшін суды аздап және жаймен құйыңдар. Жұмыртқаға не болды? Сонымен, қорытынды: тұщы суда жұмыртқа батып кетеді, ал тұзды суда батпайды.











Көк сызығы бар стақандағы су- салқын, ал қызыл  сызығы бар стақандағы су-жылы су.


Жылы судағы тұз тез еріп кетті.







Жұмыртқа судың бетінде жүзіп жүр. Жұмыртқа суға батып кетті.Жұмыртқа суға батпады, ол стақанның ортасында жүзіп жүр және үлкен, дөңгелек болып көрінеді.





Рефлексивті-түзетушілік

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге « Тұздар туралы біздер не білдік?» ойынын ойнауды ұсынамын.
( Балалар тұз салынған банканы береді және тұздар туралы алған білімдерімен ой бөліседі.)
Олай болса, Жер асты патшасына тез барып көргеніңді жеткіз және біздің балалардың жасаған кәдесыйын сыйға берерсің. Балалар, сиқырлы ханшайымдармен  және біздің қонақтарымызбен қоштасайық.

Балалар сиқырлы ханшайымдармен  және қонақтармен қоштасады



Бала белгілі бір қимыл мен біліктерді жаңғырта алады: тұздың адам өміріндегі рөлі туралы түсініктің болуы.

Бала не істеп жатқанын түсінеді: құралдармен мұқият жұмыс істеуді, тұздан кәдесый дайындаудың жолдарын  игеру.

Бала білімін өз бетінше қолдана алады: сұрақтарға толық жауап беру, өз ойларын жеткізе білу, тәжірибеге белсенді қатысуы.

«Бөбек» балабақшасының шығармашылық педагогі

Н.М.Кенжебаеваның «Балапан» ІІ кіші тобында

өткізген «Сиқырлы тұз» тақырыбындағы

ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің



АНЫҚТАМАСЫ


16 қараша күні «Балапан» ІІ кіші тобында «Сиқырлы тұз» тақырыбындағы ұйымдастырылған ашық оқу қызметін өткіздім. Оқу қызметіне «Балапан» ІІ кіші тобының тәрбиеленушілері мен балабақша тәрбиешілері және қосымша мамандар қатысты.

Мақсаты: Балаларға тұздың пайдалы қазбаларға жататыны туралы мағұлматтар беру. Қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, білуге құштарлықтарын дамыту. Тәжірибе өткізу, ойлау, талқылау, дәлеледеу дағдыларын дамыту. Табиғат байлықтарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Балалардың   пайдалы қазбалар туралы білімдерін бекіту.
Мазмұны: балалар әсем әуенмен бөлмеге кірді. Осы кезде проектор тақтасынан сиқырлы ханшайым


шығып балалармен үш тілде амандасып, жақсы көңіл-күймен оқу қызметін бастайтынын және оларға көмек беретәндігін айтты. Осы кезде ақ көгершін балаларға жер асты патшалығынан хат әкеліп берді. Хат сиқырлы болғандықтан, хатты сиқырлы ханшайым балаларға оқып берді. Хатта жұмбақ жасырылған екен.

Жұмбақ: Асқа қолданамыз, бірақ қант емес,

Түсі ақ, бірақ қар емес.

Өзі қатты, бірақ тас емес,

Дастарханда тұрады, бірақ тұз емес.

Бұл не балалар? (тұз)

Балалар жұмбақтың шешуін тапқаннан кейін, олардан алтын балық тұз қайдан пайда болады?,- деп сұрақ қояды. Балаларға тұздың қайдан алатындығы жөнінде слайд көрсетемін.

Жер асты патшалығында өмір сүретін ержегейлілер тұзды қайда қолданатынын білесіздер ме? ,- деп сұрайды. Оғанда слайд көрсетемін.


Сиқырлы ханшайымдармен бірге балалар тұзға тәжірибе жұмыстарын жүргізді және сергіту сәтін жасады.



Зертхана алаңына барып балалар тұзға тәжірибе жасады. №1 «Сиқырлы тұз»

Бірінші тұздың сапасы мен қасиетін зерттейміз. Ыдыстағы тұзды искеп, аузымызға аздап салып тұздың дәмін қараймыз. Түсін ажыратамыз. Тұзды қолымызбен ұстап көреміз.

Қорытынды: Тұздың дәмі-ащы, ақ түсті, иіссіз,үгілгіш.



Балалар тұзды сумен қатты картон үстіне қылқаламмен сурет салды. «Терезедегі аяз» тақырыбына.

Салған суреттерін фенмен кептірді. Суретті қағаз бетіне түсіргенде, балалардың не салып жатқандары көрінбейді. Суретті фенмен кептіргенде қағаз бетінне шимайланған түрлі оюлар көрінеді.

Сонымен қатар балалар екі ыдысқа су құйып. Бірінші ыдыстағы су,а тұз салып араластырды да, ал екінші ыдыстағы суға тек қана су құйды. Тұзды суға жұмыртқа салғанда , жұмыртқа суға батпады. Ал тұзсыз суға жұмыртқа салғанда ол батып кетті. Қорытынды: тұзды суға заттар батпайды. Себебі судың сыйымдылығы тығыз болады.




Сонымен қатар балалар өздерінің тұз туралы жаттап келген мақалдарын жатқа айтып берді. Балалар тұз туралы білімдерін бекіткен де, «Тұзды неге саламыз?» дидактикалық ойынын ойнады. Экраннан суреттер көрсетілді, балалар суреттегі тағамдар мен азық-түліктердің қайсысына тұзды қосуға болады, қайсысына болмайтындығын айтты. Оқу қызметінің соңында балаларды мадақтадым.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!