Материалдар / Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы. Білім саласы: Шығармашылық.Қатынас Білім бөлімі:Сурет салу.Көркем әде
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы. Білім саласы: Шығармашылық.Қатынас Білім бөлімі:Сурет салу.Көркем әде

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы:«Балапан» Мақсаты: Балалар дайын балапанның суретін бояп,дәстүрден тыс су бояқпен балапанның суретін бейнелей алады. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Кітаптар мен көрнекі иллюстрациялық жабдықтардан балапан бейнесін көріп тамашалау. Үй құстарының сыртқы ерекшеліктері жайлы әңгіме, ертегі. шығармалардан таныстыру.. «Балапан» Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру көрсету. Сұрақ - жауап, тосын сәт «Балапандарын іздеген тауық»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2022
279
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ды.

Кір жуушы – біздің

сүлгілерімізді жуып береді.

Тәрбиеші апайлар – сендер

жақсы адам болып өсулерің үшін

бәрін үйретеді.

Сөздік жұмыс:балабақша.

Бекітемін:

Әдіскер: А.К.Газизова

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім саласы: Шығармашылық.Қатынас
Білім бөлімі:Сурет салу.Көркем әдебиет.
Тәрбиеші:А.К.Жумашева
Тақырыбы:«Балапан»
Мақсаты: Балалар дайын балапанның суретін бояп,дәстүрден тыс су бояқпен балапанның суретін бейнелей алады.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Кітаптар мен көрнекі иллюстрациялық жабдықтардан балапан бейнесін көріп тамашалау. Үй құстарының сыртқы ерекшеліктері жайлы әңгіме, ертегі. шығармалардан таныстыру.. «Балапан»
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру көрсету. Сұрақ - жауап, тосын сәт «Балапандарын іздеген тауық»



Іс-әрекет бөлімдері




Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңбері:

Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Балалар қимылмен орындайды.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Балаларға «Кішкентай балапан» ертегісін теледидардан көрсету.

Ертегі туралы сұрақ-жауап алу

Ал сендер балапан туралы өлең тыңдағыларың келе ме?
«Шеп, шеп, шөжелерім»
Көк шалғында жайылым бар,
Тез келіңдер жайылыңдар,
Әлі - ақ, өсіп толарсыңдар,
Ақ тауықтай боларсыңдар
Өлең оқып бола бергенде, кіре беріс бөлмеден жылаған дауыс бәрінің назарын бөліп жібереді

Тосын сәт: ««Балапандарын іздеген тауық»
Кіре беріс бөлмеде тауық жылап тұрады. Тауық топқа кіреді
Педагог:
- Тауық сен неге жылап тұрсың?
Тауық: - Мен неге жыламайын, мен балапандарымды таба алмай отырмын.. Мен үйдемін, балапандарым жоқ. Балалар сендер сурет салуды білесіңдер ғой, менің балапандарымның суретін салып беріңдерші.
Жұмыс бастамас бұрын педагог балалардан балапанның қандай дене мүшелері бар екенін еске түсіргізеді. Педагог слайдтан балапанның дене мүшелерін көрсетіп, талдатқызады.
- Балапанның басы мен денесі домалақ шар тәрізді
- Басында көзі мен тұмсығы, ал денесінде қанаттары мен құйрық және аяқтары бар.
Тауық одан сайын жылайды.
Педагогтың іс әрекеттің орындалу барысын түсіндіріп көрсетуі:
Балапанның суретін салмас бұрын дәстүрден тыс сурет салу техникасын түсіндіреді.

Орталыққа бөлу:

1.Балапанның суреті бейнеленген дайын суретті бояу

2.Дәстүрден тыс субояқпен бастыру әдісі

Картопты су бояққа басып параққа түсіреді.Бұл балапанның басы Содан кейін екінші картопты бояуға малып басын бейнелеп басқан жерден төмен тағы бастырады.
Бұл балапан денесі. Ұсақ бөліктерін қылқаламның екінші ұшымен салып толықтырады. Әр балаға тауық суреті бейнеленген суреттер таратылып, беріледі.

Саусақ қол жаттығулары
«Балапан»
Сары түсті балапан
Өзін сондай ұнатам
Қанаттарын қағады.
Қауырсынын тарады.
Шашсам болды бидайды
Жылдам жинап алады..
Балалардың жеке жұмысы.
педагог әр балаға жекелей көмек көрсетеді, сұрақ қойып балаларға көмек береді. Тауық балалар жұмысын қадағалап, мадақтап жұмыстарына ол да, көмек береді.
Балалар салған суреттерін тақтаға қойылып, балалар назарына ұсынылады. Жақсы орындаған суреттерді мадақтап, марапаттайды.
Тауық рахмет айтып балалармен
Тілдік қимылды ойын ойнатады.
«Көңіді балапандар»

Балапандар басады,
Аяқтарын топ топ
Топ топ. Топ топ.
Аяқтары шаршаса,
Қанаттарын қағады:
Шарт!, Шарт! Шарт! Шарт!
Содан кейін отырып,
Әсем биді билейді.
Шиқ! Шиқ! Шиқ! Шиқ!
Олар қашса, егер де,
Ұстай алмас, ешкім де.
Қаш! деген сөзге балалар, бытырап қашады, тауық ұстап алғысы келеді.
Тауық рахметін айтып, салған суреттерді себетке салып алып кетеді.


Балалар ертегіні мұқият қарайды.



Ертегіні баяндап береді
























































- Басы денесі домалақ шар тәрізді.

























Педагогтың көрсетіп жатқан әдісі мен тәсілдеріне назар аударып, отырады.

































Екі қолдың бас және сұқ саусақтарын бірге жымдастырып ұстайды.
Қол басын айқастырып қанат қаққан қимыл көрсетеді
Жем шашу қимылын көрсетеді.

Үстелді саусақ ұшымен соғу



















Тауық балаларды шеңберге тұрғызып,
Аяқтарын топылдатады.
Қолдарын шапалақтайды.
Жүрелеп отырып,
Оңға, солға қимыл жасайды.
Тым тырақай қашады.



Қорытындылау.

- Балалар біз қандай іс - әрекетпен айналыстық?
Бізге не келді?
- Ненің суретін салдық?
- Түсі, пішіні қандай?

Сурет іс әрекетімен
Тауық келді
- Балапандарды.
- Түсі сары
Басы домалақ, денесі домалақ

Күтілетін нәтиже:

Қостілділік компонент:балабақ-

ша -садик,тәрбиеші-воспитатель.

Қайталай алады: Балапанның дене мүшелерін

Түсінеді: Балапан басты ерекшеліктерін бейнелеу жайлы түсінік қалыптастыру
Қолданады: Сурет салудың дәстүрден тыс тәсілдерін саусақпен сурет салу жетілдірілді, дағдыланды

Тәрбиешімен бірге өлең

айтады.

Біздің екінші-үйіміз.

Ән айтамыз,тақпақ айта-

мыз,ойнаймыз.


Тазалықшы, аспазшы,

дәрігер, кір жуушы,

тәрбиеші апайлар.

Мұқият тыңдайды.

Сөздің мағынасын түсі-

ніп алады.

Сөздерді бірнеше рет

қайталайды.

Рефлексиялық -

түзетушілік

Тәрбиеші: Балалар, сабақта

үйренген өнегелі сөздерді

қайталап айтыңдаршы.

Балалар бүгінгі сабақта не

жайында әңгімелестік?

Қайырлы таң! Сәлеметсіз

бе! Қайырлы күн! Кеш

жарық! Рахмет!

Балабақша біздің екінші

үйіміз. Біз балабақша

мүшесіміз. Балабақшаны,

достарымызды, апайла-

рымызды өте жақсы

көреміз.

Күтілген нәтиже:

Біледі:ізгі сөздерді.

Игереді:үлкендердің еңбектерін бағалау керек екендігін.

Меңгереді:балабақша екінші үйлері екені



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!